Сабақтың тақырыбы:Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: «Толағай»әдеби
ертегісінің жазылуына назар аударту,Әдеби ертегінің мазмұны мен
идеясын ұғыну. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік
сезімдері туралы баяндау.
2. Дамытушылық: логикалық
ойларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру,
шығармашылыққа баулу.
Сөздік қорларын молайту.
3.
Тәрбиелік: Тәрбиелік туған жерді
қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне
тәрбиелеу.Толағай бейнесі арқылы Отанды сүюге, адал қызмет етуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
білімді меңгерту
Әдісі:әдеби ертегіні
талдау, мәнерлеп оқу,мәтінмен жұмыс,іздену,салыстыру,баяндау,
сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Ә.Тәжібаев
портреті, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) түгендеу;
б) зейіндерін пәнге
аудару.
Сыныпыты екі топқа
бөлу:
1 – топ 2 -
топ
Тапқырлар
Ойшылдар
Топтардың ұрандары:
«
Сұңқар»:
«Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз»
«Бірлік»:
«Бәріміз
біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін»
ІІ. Оқушы білімін
тексеру:
«Көпеске сарайға апаратын жолды көрсет»
ойыны
-
Ә.Тәжібаев қай жылдардың
аралығында өмір сүрген?
-
Ә.Тәжібаевтың қандай
шығармаларын білесің?
-
Әдеби ертегі деп нені
атаймыз?
-
Әдеби ертегілер бізді неге
тәрбиелейді екен?
-
Кұранда неше сүре бар?
-
Адам атаның шын есімі.
-
Кұранды жатка білетін есте сақтайтын Адам?
-
Алла тағала Адамды неден
жаратты?
-
Смайлдың шешесі?
10) Алла тағала әлемді неше
күнде жаратты?
ІІІ. Жаңа сабақтың
мақсатын қою.
IV. Жаңа сабақты
түсіндіру:
«Ой қозғау»
стратегиясы.
Әдебиет нешеге
бөлінеді?
1) ауызша
2) жазбаша
Ауыз әдебиетінің түрлерін
атаңдар!
1. Тұрмыс - салт
жырлары
2. Мақал - мәтелдер
3. Жұмбақтар
4. Жаңылтпаштар
5. Ертегілер
6. Батырлар жырлары
7. Ғашықтық жырлар
8. Айтыс өлеңдері
9. Аңыз әңгімелер
Балалар,
бүгін біз Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және әдеби ертегі түріне
жататын "Толағай" ертегісімен, ертегідегі Толағайдың елі, жері үшін
жасаған ерлігімен таныс боламыз.
Ертегілердің бір саласы- әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің
жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз.
Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме
аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз
түрінде айтыла береді.
Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр
бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы
халық аңызы арқау болған.
2. « Толағай» ертегі
дастанын мазмұндау.
1. Ерекше өскен Толағай
2. Толағайдың жолбарыспен
айқасы
3. Елі үшін құрбан болған
Толағай.
Толағай тауы Қазақстанның
аласа тауларына жатады.
"Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай
ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда,
үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар
жылжып, күндер өткенде оның әйелі өмірге ұл әкелгендігі, қуанған
әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы
айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай
санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып,
жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға
шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді.
Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі.
Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай
одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске
алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар
екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы
ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды
тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан
бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да
арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді.
Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе
жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын
селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады.
Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған
батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана
шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы
жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай
көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп
аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ
әдебиеті кафедрасының фольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен
жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен
Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде
сақтаулы.
V.
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:
«Аққала құрастыру» ойыны арқылы
Әр топ өзіне берілген
бөлімді мазмұндап болған соң, ерлік, батырлық, Отан туралы
мақал-мәтел айтқызу.
Мысалы: Отан үшін отқа түс
күймейсің. Ер ел үшін туады, елі үшін өледі.
Толағайдың өсу кезеңін
қалай түсінесің?
1)
Ертегіде Толғайдың батыр бейнесі қалай суреттелген?
2)
Толағайдың елден ерекшелігін қалай байқаймыз?
3)Толағай ел үшін қандай ерлік жасады?
4)
Толағайды неліктен ел мақтанышы деп атаймыз?
«Автор орындығы»
-
Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда
Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып
жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.
(Бір
оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
1. Толағай секілді ер болу
қолыңнан келе ме?
2. Алда-жалда жұрт күйзелсе
сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық,
елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
4.
Сіздердің ойларыңызша қазіргі кездің Толағайлары кімдер?
Шығармашылық
жұмыс:
«Егер мен Толағай
болсам»
VІ.
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:
«Топтастыру» әдісі.
Т олағай мен Кендебайды салыстырады.
1-топ
Толағай Ортақ қасиеттері
Кендебай
2-топ
Әдеби ертегілері Ортақ қасиеттері Халық
ертегілер
Сонымен
балалар, Толағай - халық арманынан туған кейіпкер екен. Ертегі
идеясы - ел үшін, отан үшін сондай ерлер туса екен деген тілек,
ниет. Толағайдың тауды көтеруі мүмкін бе? - жоқ, әрине,
- Сендерге бүгінгі ертегі
ұнады ма, балалар?
- иә.
Бағалау: Оқушыларды жинаған смайликтері арқылы
бағалау.
VІІ.
Үйге тапсырма: Ә. Тәжібаевтың өмір
жолы мен Толағай ертегісін оқып, мазмұндау.
Толағай ертегісінен ұнаған
үзіндісін жаттау.