Күні: 21.02.2018 ж
9 «А, Б, В»
Сабақтың
тақырыбы: § 45. Түртүзілу үдерісі. Эволюциялық процестің
негізгі бағыттары
Сабақтың
мақсаты: микроэволюция – жаңа түрлер мен түршелердің түзілу
үрдісі туралы түсініктер алу.
Міндеттері:
1.Оқушыларда микроэволюция туралы ұғымдар мен түсініктер
қалыптастыру.
2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыру, эволюцияның негізгі
бағыттарын
ажырата білуге үйрету.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін
нәтиже: Оқушыларда микроэволюция туралы ұғымдар мен
түсініктер қалыптасады;
эволюцияның негізгі бағыттарын ажырата білуге үйренеді; пәнге деген
қызығушылықтары артады.
Сабақтың
типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың
түрі: аралас
Сабақтың
әдісі: топтастыру, «сұрақты ұстап ал» ойыны, миға шабуыл,
тірек-сызба құру,
№9 зертханалық жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: сызба-нұсқалар
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіну.
ІV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма беру.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу.
Түгелдеу. Топтастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «сұрақты ұстап ал» ойыны
бойынша оқушылар сиқырлы қоржыннан ұстаған сұрақтарына жауап
береді.
Сұрақтар:
1. Бейімделу дегеніміз не?
2. Бейімделгіштіктің неше типі бар және олар қандай?
3. Қорек талғауға бейімделу деген не?
4. Климаттық бейімделу деген не?
5. Қорғаныш реңдердің қандай түрлері бар?
6. Еліктеу реңі деген не?
7. Көрнекілеу немесе сақтандырушы рең туралы айт.
8. Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы сипатта болуы неліктен?
9. Қазіргі кезде жерде нашар бейімделген түрлер бар ма?
10. Қоршаған ортаға мүлде бейімделе өмір сүруге бола ма?
11. Тіршілік ортасы өзгерген кезде ағзалар және олардың
бейімделуінде не болады?
12. Берілген сурет қай
реңге мысал бола алады?
13. Берілген сурет қай
реңге мысал болады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіну:
Миға
шабуыл. Проблемалық сұрақтар:
Бір түр дарақтары белгілі географиялық нүктеде жиналуы мүмкін
бе? Неге? Оқшаулау деген не? Ұрпақ жаңғыртудан басқа оқшаулаудың
қандай түрлері бар? Мысал келтіріңдер. Жаңа түрдің пайда болуы
эволюцияның нәтижесі бола ала ма?
Тақырыпты айтып, мақсатын оқушыларға қойғызу.
Сызбанұсқаны дәптерге толтыру
Идиоадаптация Ароморфоз
Дегенерация
Мазмұны:
Микроэволюция (жаңа түрлер мен түршелердің түзілу
үрдісі) географиялық немесе негізде жүреді. Эволюцияның негізгі
нәтижелерін былай бөлуге болады:
1. Мекен ету ортасына барлық тірі ағзалардың біршама
бейімделгіштігі. Нашар бейімделген ағзалар табиғи сұрыпталу
барысында өледі.
2. Жаңа түрлер мен түршелердің түзілуі.
3. Тіршілік ететін
формалардың сан алуандығы.
Қоршаған орта сақтамасын
толығырақ иеленуге ұмтылған тірі ағзалар өзіне тән ерекшелікте
бейімделеді. Бұл әрекет сан алуан жағдайлары бар барлық аумақтарға
толық қоныстануға мүмкіндік жасайды. Микроэволюциядан басқа жаңа
туыстар, тұқымдастар, кластар, типтер және өзге ірі түрлердің
жүйелеу санаттарын түзетін макроэволюция үдерісі өтеді. Микро және
макроэволюцияның себептері де бірдей. Алайда макроэволюция үдерісі
3 бағыт бойынша жүреді, олар: ароморфоз (кез келген жағдайда басым өзгеріс
береді немесе жаңа мекен ортада
қоныстандырады), ортаға бейімделгіштік немесе
идиоадаптация (ұсақ алға бастыратын өзгерістер
бейімделгіштіктерге апарады) және азғындау немесе
дегенерация (құрылыстың жеңілдетілуі, паразитизм немесе отырықшы
өмір сүруге байланысты мүшелердің немесе тұтас жүйенің
жоғалуы).
ІV. Бекіту: - Термин сөздермен жұмыс: микроэволюция,
макроэволюция, ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация,
эндемик.
- Кесте толтыру
Макроэволю
ция
бағыттары
|
Негізгі ерекшеліктері
|
Ароморфоз
|
Морфологиялық-физиологиялық үдеріс. Бұл орасан зор
бейімделгіштіктің пайда болуы, ол тіршілікке бейімділікті едәуір
көтеріп, жаңа тіршілік ортасына көшуге жәрдемдеседі. А. арқасында
кластар, бөлімдер, типтер, дүниелер тәрізді ірі таксондар пайда
болады.
|
Идиоадап
тация
|
Бұл
ағзалардың нақтылы орта жағдайына аз-аздап, жеке бейімделуі.
Олардың жаралым деңгейінде маңызды өзгерістер болмайды.ортаға
бейімделгіштіктің пайда болуы және жинақталуы арқасында түрлер,
туыстар, тұқымдастар, кейде отрядтар тәрізді ұсақ таксондар пайда
болады.
|
Дегенерация
|
Морфологиялық-физиологиялық кері кету. Бұл ағзалардың отырған күйде
өмір сүру немесе паразиттік тіршілікке көуіне байланысты жекелеген
мүшелері мен жүйелерінің жойылуы (редукция). Осы қайшылықтарға
қарамастан, дегенерация – бұл да биологиялық алға басу табыстарына
жету жолы.
|
№9. Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: өсімдіктер мен жануарлардың
ароморфоздарына және өзгеше көндігуіне салыстырмалы талдау
жасау.
Мақсаты: ароморфоздың және өзгеше көндігудің
құбылысын айқындау, олардың ерекшеліктері мен нәтижелерін
түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: мүктер, қырықжапырақтар, ашық
тұқымдылар, жабық тұқымдылар өкілдерінің кеппеөсімдік
материалдары.
Жұмыс барысы:
Жерүсті өсімдіктерінің бөлімдерін жете қарап, олардың пайда болуына
қандай ароморфоздардың себепші болғанын айқындау. Оларды кесте
түрінде дайындау.
№
|
Белгі / ароморфоз
|
Мүктр
|
Қырықжапырақтар
|
Ашық
тұқымдылар
|
Жабық
тұқымдылар
|
1
|
Тамырдың болуы
|
|
|
|
|
2
|
Сабақтың болуы
|
|
|
|
|
3
|
Жапырақтың болуы
|
|
|
|
|
4
|
Споралардың болуы
|
|
|
|
|
5
|
Тұқымдардың болуы
|
|
|
|
|
6
|
Гүлдің
болуы
|
|
|
|
|
7
|
Жемістің болуы
|
|
|
|
|
V. Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқуып түсінік
айту.
VІ. Қорыту: үйге тапсырма беру, оқушыларды
бағалау.