Ашық сабақ Үй жануарлары ересек тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Үй жануарлары ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: балалардың уй жануарлары туралы білімдерін толықтыра отырып, олардың пайдасы туралы түсіндіру . Дамытушылық : Ойын ертегі .жұмбақ , тақпақтар арқылы ой өрісін ,есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп,сөздік қорын тіл байлықтарын жетілдіру. Тәрбиелік : Үй жануарларына деген қызығушылықтарын оятып,қамқорлық,жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Авторы: Сугурова Джаксыгуль Рамазановна

Маңғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы №7 "Ертөстік" өкпе ауруынан сауықтыру бөбекжай балабақшасы тәрбиеші

Ересек тобы. Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы : «Үй жануарлары»

Мақсаты :

Білімділік: балалардың уй жануарлары туралы білімдерін толықтыра отырып, олардың пайдасы туралы түсіндіру .

Дамытушылық : Ойын ертегі .жұмбақ , тақпақтар арқылы ой өрісін ,есте сақтау қабілеттерін жетілдіріп,сөздік қорын тіл байлықтарын жетілдіру.

Тәрбиелік : Үй жануарларына деген қызығушылықтарын

оятып,қамқорлық,жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер : Көрсету түсіндіру әңгімелеу , тақпақтар. ойындар жұмбақ жасыру, ертегі кейіпкерлендіру.сұрақ жауаптар мадақтау мақтау.

Алдын ала жұмыс : Көркем сөз жаттау ,көрме ұйымдастыру ертегіні кейіпкерлендіру.

Сөздік жұмыс : түбіт қымыз балқаймақ, төрт түлікті екі тілде айту

Тәрбиеші : -Балалар бүгін біздер үшін ерекше күн.Өйткені бізге көптеген қонақтар келді. Адамгершілік, кішіпейілділік амандасудан басталады. Қанеки балалар шаттық шеңберіне тұрып қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер : Мейірім төккен

Білім берген

Балаларға бәрін үйреткен .

Келді біздің бақшамызға,

Тәрбиеші апайлар

Салем беріп қонақтармен

Амандасайық балалар.

Сәлематсіздерме апайлар .

Тәрбиеші:- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз: Сөйлеуді дамыту .

Тақырыбы :- «Үй жануарлары»

Тәрбиеші :- Балалар бүгін біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.

-Балалар мен сендерге үй жануарлары туралы жұмбақ жасырайын, ойланып жауап беріңдер. Балалар мұқият тыңдап отырамыз.

Тәрбиеші:-Балалар жұмбақ жауабын қазақ ,орыс тілдерінде атап айтамыз.

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол не? ( түйе, верблюд, )

Мө- мө деген әні бар

Үй маңынан табылар.

Ол не? (сиыр, корова . )

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Ол не? ( қой, овца)

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар.

Ол не? (ешкі, коза )

Қайшылаған құлағы

Дүрсілдеген тұяғы

Елеңдеп өзі тұрады.

Ол не? (жылқы , лошадь.)

Жұмбақтың шешуі не туралы екен балалар?

-Үй жануарлары туралы.

-Балалар қараңдаршы мында үй жануарлары бар . (макеттен жасалынған үй жануарлары көрмесін қарау)

-Балалар үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

-Балалар:-үйде, ауылда.

Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар,үй жануарлары үйде бағылады. Оларға адамдар қамқорлық көрсетіп, жем, су беріп күтеді. Қора жасап қыс мезгілінде жылы жерде болуына жағдай жасайды.Үй жануарлары өріске де жайылады оны бақташы бағады. (экраннан үй жануарлары көрсетіледі.)

Тәрбиеші : -Міне балалар қараңдаршы Дияс атасының ауылына барып үй жануарларына қамқорлық көрсетіп жем,шөп беріп бағып күтуде. .Айбол, Назым сүп-сүйкімді қозы, лақты құшақтап сүйіспеншілікпен қызықтап тұр. Аянныңда балалар Жебе атты сүйкімді құлыны бар екен .Аян құлынына шөп беріп қамқорлық көрсетуде . (слайдтан балалардың өздерінің үй жануарларына қамқорлық жасап.көмектескенін көрсету)

Тәрбиеші :-Балалар осы үй жануарларының қандай пайдасы бар? Балалар :- Жүнінен киімдер тоқылады. Сүтінен құрт ірімшік айран қатық сүзбе тағамдарын жасайды. Сүтін ішеміз.(Слайдтан сүт тағамдары, жүнен тоқылған киімдер, киіз төсеніштер көрсетіледі )

Балалар жеке жеке өз түсінгендерін айтып сұрақтарға жауап береді .

Тәрбиеші :-балалар осы сүт тағамдары,( құрт ірімшік балқаймақ қымыз) өте пайдалы , дәрумендерге бай , үнемі ішіп жүрсек денсаулығымыз мықты

болып өсеміз.

Сонымен бірге жүнінен жылы ыңғайлы киімдер тоқылады.Киіз төсеніштер жасалады. Міне балалар үй жануарларының пайдасы өте зор.

Балалар мен өткенде Айжан әжеміздің ауылына барған едім .Әжеміздің төрт түлігі төлдеп мәре-сәре болып жатыр екен. Сол әжеміз балабақшадағы балаларың осы қасиетті төрт түлік туралы үйреніп біліп жүрсін деген болатын. Бізге бүгін әжеміз тосын сый жасамақшы.Балалар экранға назар аударайық. (экраннан әже көрінеді) Әже: -Амансыңдарма , немерелерім сіздер үй жануарлары туралы үйреніп ,біліп жатыр екенсіңдер ,өркендерің өссін! Білімдерің арта берсін. Мен сендерге тосын сый жасағалы отырмын .Немерем Қанат сізге арнаған тосын сыйымды алып барады , немеремді күтіңдер аман сау болыңдар .

Тосын сәт : ( Лақтың дауысы естіледі )

Тәрбиеші :- Балалар бұл ненің дауысы екен?

Әжейдің немересі Қанат лақты алып кіреді, балалармен амандасады . Әженің немересі :-Әжем сендерге керемет сый жасады.

Қараңдаршы балалар бұл не?

Балалар: -Лақ деп жауап береді.

Қанат: –Ия лақ , ненің төлі ?

Балалар .-Ешкінің төлі.

-Лақтың түсі қандай?

-Лақтың түсі ақ.

-Ол немен қоректенеді?

- Сүтпен шөппен қоректенеді.

Қанат: -Мынау менің сүйкімді лағым, оны мен өте жақсы көремін. Әжеме төлдерді бағып көмектесемін.Басқада үй жануарларының төлдері бар. Олардың бәрін мен сендерге әкеле алмадым.Қанат лақты айналып балаларға көрсетеді.Балалар Қанатқа өз ойларын айтып ,қызықтап сұрақтар қояды , лақты жақын келіп сипап көреді . Қанат :-Балалар келесі келгенде мен сендерге қойдың төлін алып келетін боламын. - Ал балалар сендер енді сүйкімді лақты ұмытпай біліп жүрерсіңдер .

-Тәрбиеші:-Балалар сендерге Қанаттың лағы ұнады ма? -Балалар:- ия бізте ұнады.

Қанат: -Менің лағымның қарыны ашып енесіне барғысы келіп тұр. Мен ауылыма әжеме барайын, балалар мен сендерге тағы келемін сау болыңдар.

Тәрбиеші: -Балалар біз ешкінің төлі лақты көріп қуанып қалдық ,біз қалған үй жануарларының төлдерінің атын атап, «Сөзді жалғастыр » ойынымен жалғастырайық.

Д/о «Сөзді жалғастыр»

Тәрбиеші:-Қойдың төлі?

Балалар:- Қойдың төлі қошақан.

Балалар жалғастырып төрт түліктің төлдерін атайды. Сергіту сәті: «Қуыр-қуыр қуырмаш»(экран видеороликпен қимыл-қозғалыс жасау)

Тәрбиеші:-Балалар үй жануарларының төлдерін атадық. енді осы төлдерге байланысты өзіміз білетін «Ақылды лақ » ертегісін кейіпкерлендіріп көрейікші.

Ертегі. «Ақылды лақ » (Балалар рольдерге бөліп ертегіні кейіпкерлендіріп сахналайды. )

Тәрбиеші:- Балалар жарайсыңдар ертегіні жақсы кейіпкерлендірдіңдер. енді осы үй жануарларынан алынатын өнімдер туралы ойын тапсырма орындайық.

Д\о «Өнімдерден не алынады ?» Балалар суреттерді қарап тапсырманы орындайды.

Тәрбиеші :- жарайсыңдар балалар, ақылды зерек екенсіңдер. тапсырманы жақсы орындадыңдар.Үй жануарларынан алынатын өнімдерді білдік . Балалалар жануарларға арналған тыйым сөздер мен мақалдар айтайық.

Мақал мәтелдер тыйым сөздер.

Бала : Малдың басына ұрма .

Малдың үстінен аттама.

Бала: Малды теппе, сүтті төкпе.

Бала : Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын.

Бала : Өріске мал жарасады .

Атқа жал жарасады.

Бала : Ел көркі мал.

Өзен көркі тал.

Ойын «Үй жануарының пайдасы қандай ?»

Түйенің пайдасы қандай?

Бала:Түйенің ішсең шұбатын . Әлсіздікті жоясың

Денсаулығың мықты боп.

Көбейер күш қуатың.

Бала: Сүті тәтті- ай.

Құрты балдай

Айраны дәмді –ай

Түйенің пайдасы

Міне осындай.

Сиырдың пайдасы қандай?

Бала : Сүті менен сарымайы

Денсаулыққа пайдалы.

Ішіп жүрсем күн сайын.

Мықты болам әрдайым.

Қойдың пайдасы қандай ?

Бала: Жұмсақ мамық жүнінен

Киім тоқып киесің.

Мал өсіресің, қой өсірер

Пайдасы оның көл-көсір.

Ешкі пайдасы қандай?

Бала: Түбітен ешкінің

Тоқиды әжем әдемі.

Шұлықпеннен шәлі

Киіп алсаң қыста

Жып-жылы бәрі.

Жылқының пайдасы қандай?

Атанған ер қанаты

Білесің бе? сен оны

Адамға өте пайдалы

Дәмді қышқыл қымызы,

Жылқының міне пайдасы.

Тыныс алу жаттығуы «Жасыл шөптер , тынысыңды тазартар »

Осымен балалар оқу қызметімізді аяқтаймыз ,балаларды мадақтау, мақтау.

Шеңберді біз құрамыз

Қол ұстасып тұрамыз

Көріскенше күн жақсы

Сау болыңыз айтамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2020
2409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі