Материалдар / Ашық сабақ: Ұйқас.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ұйқас.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйқас және оның түрлері жайлы мәліметтер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
3050
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ұйқас

Сабақ мақсаты: ұйқас туралы мағлұмат беріп, өлең құрылысы, шумақ, тармақ, бунақ, буын саны жайлы түсінік қалыптастыру, оқушы бойындағы қабілеттерін ашып көрсетуге жағдай туғызып, олардың қиялын ұштап, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру; оқушы бойына  қазақ ақындарының өлеңдерінен мысалдар келтіру арқылы адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, туған жерді аялау, отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Тапсырмалы, ойын түрінде

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, бекіту.

Сабақ көрнекілігі: 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Сәлемдесу, оқушы санын түгендеу, кезекшіні бекіту

ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару;

ІІ. Жаңа сабақ

«Кемпірқосақ» әдісі бойынша жаңа сабаққа 7 сұрақ қоя арқылы дайындық.

  1. Әдеби жанрлар қаншаға бөлінеді? (поэзия, проза және драма)

  2. Поэзияға нелер жатады? (өлең, баллада, поэма, хисса – дастандар)

  3. Өлең дегеніміз не?  (белгілі бір тақырыпқа арналған, 10 - 15 шумақтан аспайтын, ырғағы мен ұйқасы бар шағын поэтикалық шығарма).

  4. Өлең қандай компоненттерден құралады? (шумақ, тармақ, ұйқас)

  5. Шумақ (кемінде төрт жолдан (кей жағдайда екі немесе алты) құралып, аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін өлең бөлшегі)

  6. Тармақ  (өлеңнің әрбір жолын айтады. Тармақ бунаққа, бөлінеді)

  7. Бунақ .................................................. (бунақ буынға)

Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек. Мысалы:
Ана тілің – арың бұл, - а

Ұятың боп тұр бетте. – б

Өзге тілдің бәрін біл,- а

Өз тіліңді құрметте! – б

Ұйқас түрлері

Өлең шумағының тағы бір бөлшегі – тармақ. .

Бунақ өлеңдегі ырғаққа байланысты болады. Ал ырғақ буын санына тікелей бағынышты болады. Мысалы,

О, туған жер,/ кеңпейіл,/ құшағың кең, - 3 бунақ, 11 буын.

Саған көңіл/ бұлқынар/ күш - ағынмен. – 3 бунақ, 11 буын.

Сағ(ы) нышымды/ қанат қып/ саған қарай, - 3 бунақ, 11 буын.

Балапандай/ талпынып/ ұшамын мен. – 3 бунақ, 11 буын.

(«Туған жер». Ф. Оңғарсынова)

Бұл өлең бір шумақтан, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған.


Қара өлең ұйқасы Шұбыртпалы ұйқас Кезекті ұйқас
----------------------- а ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
----------------------- б ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б

Шалыс ұйқас                  Егіз ұйқас

---------------------- а ----------------------- а
---------------------- б ----------------------- а
---------------------- в ----------------------- б
---------------------- б ----------------------- б
Жаңа сабақты «»


III.  «Жалғасын тап!» ойыны.

Бұл ойында студенттер  берілген екі тармақ өлеңге өз жандарынан тағы екі тармақ жалғап жазып, автор нұсқасымен салыстыру арқылы ойды аяқтау тәсілдерін меңгереді.

  1. Бұл қара жер болған бізге кең мекен,- а

  2. Кең мекенге қанша қауіп төнді екен! – а

  3. --------------------------------------------------, - б

  4. --------------------------------------------------. – а (Қ. Мырза Әли. «Жер»)


2. Ерке өзендер жатпайды тасып ағып, - а

Таулар да тұр жамылып басына бұлт. – а

--------------------------------------------------, - б

--------------------------------------------------. – а (Ф. Оңғарсынова. «Күз»)

IV. «Тармақты толтыр!» ойыны.

Тұрсаң болды, Туған жер, көктеп кілең, - 11 буын

Арманымды....... ерттеп мінем. – 11 буын

Бағышталған өзіңе бір ауыр сөз – - 11 буын

Маған қарап....... оқ деп білем! – 11 буын (Қ. Мырза Әли. «Туған жер»)
Арғ(ы) мақтары қайд(а) екен бұл даланың, - 11 буын

Бәйг(е) алаңын.......... шыдамадым. – 11 буын

Аңсап келген ауылда сәйгүлікке - 11 буын

Тақым салмай мен....... тұр(а) аламын?! - 11 буын

V Лең құрастыру. Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы. Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы. Бұл жұмысты оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі.

1 Са-са са буындарын пайдалану арқылы ұйқас сөздер құрастыру.   Са-са-са сары маса 

  Са-са-са мектебіміз жаса т.б          1

2 Ла-ла-ла буындарын пайдалану Ла-ла-ла жалқау бала

Ла-ла-ла оның ісі шала т.б          1

3 Ға-ға-ға буындарын пайдалана отырып,сөздер құрастыру Ға-ға-ға  қара қарға

ға-ға-ға  қоңыр қоға т.б          1

4 Рай-рай-рай буындары арқылы өлең құрастыру Рай-рай-рай үлкен сарай

Рай-рай-рай  әдемі Арай т.б          1

5 Лақ-лақ-лақ буындарын пайдалану. Лақ-лақ-лақ  шұбар ала лақ

Лақ-лақ-лақ сатып алдым қалақ т.б          1

6 Ыз-ыз-ыз буындарын пайдалана отырып,шумақ құрастыру. Ыз-ыз-ыз ызылдайды  қоңыз

Ыз-ыз-ыз қорсылдайды доңыз т.б  

VІ. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» ойыны.

Оқушыларды сыйқырлы қапшық ішіндегі ұйқас тұрлерін таңдатып топпен еркін тақырыпта өлең шығарту.

VIІ. Үйге тапсырма.

Әр ұйқас түрлеріне буын санын сақтай отырып, бір шумақтан өлең шығарып

келу. Тақырып таңдауға шек қойылмайды.

VIIІ. Қорытынды бөлім.

Өлең – поэзияның бір тармағы. Өлең белгілі бір тақырыпқа арналып шығарылады. Өлең формасы, стилі, көлемі автор қалауына сай әр алуан болады.Мысалы, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Қадыр Мырза Әли мен Фариза Оңғарсынованың өлеңдері бір - біріне мүлдем ұқсамайды.

Өйткені, олардың пәлсафалық көзқарастары, сөз қолданыстары, жазу стильдері, өзіндік қолтаңбалары өзгеше қалыптасқан. Бірақ, қос ақынның ұқсас жері – олардың тақырып таңдау барысында ойларының сабақтастығы. Ал, ой сабақтастығы толығу мен жаңаруға, күшею мен кемелденуге апаратын ең басты алғышарт болып табылады.
Жалпы алғанда, қара өлең - қазақтың киелі қасиеті.

Осы киені болашаққа қастерлеп жеткізу – сіз бен біздің еншімізге жазылған қасиетті борыш екендігін ұмытпауымыз керек.

Сабақ соңында өздеріңіздің сүйікті өлеңдеріңізді жатқа немесе мәнерлеп оқып берулеріңізді сұраймыз.

VIII. Бағалау.

Ашық сабақ барысында тапсырмаларға белсенді қатысқан және мәнерлеп өлең оқыған оқушылар, сұрақ-жауапқа дұрыс жауап берген қатысушылар бағаланады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!