Материалдар / Ашық сабақ: Волейбол ойыны. 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Волейбол ойыны. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Волейбол ойыны 8-сынып орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
714
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОНЛАЙН КУРС (STEPIK)

1.2 Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлері

Құрметті ұстазбұл модульдің бірінші тақырыбы қашықтан оқытудың ерекшеліктерін айқындауға арналады.    

Материалды оқып шығып, бірінші тапсырманы орындауға дайындалыңыз.  

Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. 

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:  

  • ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);  

  • ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.  

Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту. 

   Қызықты факт

Қашықтан оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан анағұрлым ертерек пайда болған.  

1840 жылы Ұлыбританияда өзінің стенография жүйесін ойлап шығарған Исаак Питман (Isaac Pitman) болашақ стенографист мамандарды поштамен жіберілген материалдар арқылы оқытуды қолға алған. Бұл ең алғашқы қашықтан оқыту курсы болды. Питманның жедел жазу жүйесі ағылшын тілді жұртшылықтың арасында кеңінен таралды, бұған стенографияны үйренушілердің кең ауқымды желісі де ықпал еткен. 

! Курс материалдарымен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін  Глоссарийді  жүктеп алыңыз

  Қашықтан оқытуға тән сипаттамаларды белгілеңіз.

(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)

  • Оқытушының оқушылармен өзара әрекеттестігі жанама түрде іске асады

  • Әртүрлі қарым-қатынас технологиялары қолданылады

  • Оқу мақсатына қол жеткізу

  • Оқуды бағалау міндетті емес

  • Оқыту әдістері техникалық жағдайлардың қамтамасыз етілуіне байланысты

Синхронды және асинхронды оқытудың айырмашылығы неде? 

Қашықтан оқыту түрлерінің сипаттамаларымен танысыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 

Синхронды оқыту мысалдары: Сабақты ZOOM, Teams, Google Meet арқылы жүргізу.  

Асинхронды оқыту мысалдары: Тапсырмаларды электронды пошта, мессенджер, Kundelik.kz арқылы жіберу. Тапсырмаларды оқыту платформаларына (Google Classroom) орналастыру. Онлайн оқулықтар. 

МҮМКІНДІКТЕРІ 

СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ 

+ мұғалімнің жедел кері байланыс  беру мүмкіндігі – оқушыларда қиындық туғызған мәселелер бойынша бірден түсініктеме беруге болады;  

+ топтық өзара әрекеттестікте оқуды ұйымдастыру;  

+ өзара қарым-қатынаста және бірлесе оқу дағдыларын дамыту;  

+ оқушыларды өзара қарым-қатынас орнату арқылы оқуға ынталандыру.    

АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

+ оқу кестесі мен тәртібінің икемділігі (оқуды басқа сабақтармен қатар жүзеге асыру мүмкіндігі); 

+ оқу бағдарламасын өзіне ыңғайлы қарқынмен меңгеру мүмкіндігі;  

+ оқу материалдарының кез келген уақытта қолжетімді болуы;  

+ өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.  

ШЕКТЕУЛЕР МЕН КЕДЕРГІЛЕР 

СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

- оқу кестесі мен тәртібін, оқу қарқынын қадағалау қажеттігі; 

- бірқатар оқушыларға мұғалімнің жеке көңіл бөлуі қажет болған жағдайда басқа оқушылар күтуге мәжбүр болады; 

- оқытудың тиімді болуы мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты болады;  

- сабақ кезінде техникалық байланыстың сапасына жоғары талаптар қойылады. 

АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

- сабақ материалын түсінбеген жағдайда мұғалімнен жедел кері байланыс алудың мүмкін болмауы; 

- материалды меңгеру барысында мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста үйренуді қажет ететін дағдыларды (мысалы, музыкалық аспапта ойнау, шет тілін үйренуде дыбыстарды дұрыс айтуды үйрену және т.б.) дамытудағы кедергілер; 

- білім алушылардың өз бетінше оқу дағдыларына жоғары талаптар қойылады. 

  Оқыту түрлері мен сипаттамаларын еске түсіріңіз. Оқыту түрлері мен сипаттамаларын сәйкестендіріңіз. 

(Сәйкестікті орнатыңыз)


  Қашықтан оқытуға қатысушылардың рөлдері  

Ойлануға арналған сұрақ: Онлайн оқу кезінде мұғалімнің және оқушылардың қызметінде қандай өзгерістер болады?   

Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушылар бір-бірінен біршама қашықтықта орналасып, оқыту үдерісі пошта, теледидар, платформалардың  және АКТ құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Осыған орай білім беру үдерісіне қатысушылардың атқаратын қызметі де бірқатар өзгерістерге ұшырайды.   

 

Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушының өз рөлдеріне сәйкес қандай іс-әрекеттерді орындайтыны туралы қысқаша түсініктеме жазыңыз.

Құрметті ұстаз, біз «Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлері» атты бірінші тақырыпты аяқтадық.    

Тақырып аясында қарастырылған мәселелер:   

  • Қандай оқыту түрі қашықтан оқыту деп аталады?  

  • Синхронды оқытудың асинхронды оқытудан қандай айырмашылығы бар? 

  • Қашықтан оқыту барысында мұғалімнің қызметі қандай болады?  

  • Қашықтан оқыту барысында оқушының іс-әрекеті қандай?  


1.3 Оқу үдерісін жоспарлау

Құрметті ұстаз, "Оқу үдерісін жоспарлау" тақырыбы аясындағы материалдармен жұмыс істей отырып, қашықтан оқыту сабағының құрамдас бөліктерін айқындаймыз және жоспарын әзірлейміз.  

 Сіз "Оқыту әрдайым жоспарлаудан басталады" деген тұжырыммен келісесіз бе?  

Қашықтан оқытуды оқу күнін жоспарлаудан бастаймыз.  

Мұғалімнің оқу күнін жоспарлаудағы негізгі міндеті аудиториялық оқу барысында өзіне және оқушыларға түсінікті, қолайлы оқу тәртібін қамтамасыз ете білу болып табылады. Алдын ала әзірленген сабақ кестесінің болуы және тапсырмаларды орындау мерзімдерінің алдын ала белгіленуі білім беру үдерісіне қатысушылардың алаңдаушылығын азайтуға көмектеседі.  

1.   Оқу уақытын белгілеңіз. Балалар мен ата-аналарға оқудың уақытын хабарлаңыз (мүмкіндігінше, күннің алғашқы жартысын пайдаланыңыз). 

2. Қашықтан оқытуда оқу күнін үйреншікті 40 минуттық сабақтар түрінде емес, анағұрлым қысқа (синхронды оқытуда) сабақтар түрінде жоспарлаған орынды. Оқушылардың компьютер алдында үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығының жас ерекшеліктеріне сәйкес белгіленген нормаларын ескеріңіз. Оқыту барысында міндетті түрде үзіліс жасап, балалардың орнынан тұрып, монитордан алшақ тұрып, көзге арналған жаттығуларды, бірнеше қарапайым дене жаттығуларын орындауына, су ішуіне мүмкіндік беріңіз.   

3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне қандай уақыт қолайлы екендігін балалармен және ата-аналарымен кеңесіп алыңыз.  

4. Оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындау мерзімдерін нақты белгілеңіз. Тапсырмаларды орындауға берілетін уақыт оқу мақсатына байланысты әртүрлі болуы мүмкін, мысалы:   

  • бір сағаттың ішінде орындау — Сіз бір сағаттан кейін тапсырмаға қайта ораласыз; 

  • ертеңге дейін орындау – Сіз тапсырманы келесі сабақта тексересіз; 

  • бір аптаның ішінде немесе басқа мерзімде орындау – мысалы, жобалау тапсырмалары және т.б.  

Оқу күнінің жоспары шаблонын жүктеп алыңыз.

Курс аясында ұсынылып отырған жоспарлар үлгілерін қолдану міндетті емес. Мұғалім өзінің жұмысына анағұрлым ыңғайлы үлгіні таңдай алады немесе өзі құрастыруы мүмкін.  

  Қашықтан оқыту сабақтарын жоспарлау  

Табысты сабақ жоспарының критерийлерін жүктеп алыңыз

Қашықтан оқытудағы білім беру үдерісін жоспарлауда оның үш маңызды құрамдас бөліктері ескерілуі тиіс:   

Оқу біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан балаларды оқуға қызықтыру жолдарын қарастырғанда, білім беру мақсаттарын көздеумен қатар, оқушылардың тұлға ретіндегі қажеттіліктерін де ескеру қажет. 

Сіз оқушы білім беру үдерісіндегі басты тұлға болып табылатынымен келісетін шығарсыз? Сондықтан әрбір баланың жеке психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерін, оның оқып-үйрену деңгейін ескеру қажет.   

Өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз: 

  • Мен өз оқушыларымды жақсы білемін бе?

  • Олар қай кезде қызығушылықпен оқиды?

  • Олардың оқуына не көмектеседі?

  • Оқуға не кедергі келтіреді? 

  • Әрбір оқушының білім алуы үшін қандай жағдайлары бар?  

Егер Сіз бұл сұрақтарға жауап бере алатын болсаңыз, сабақты жоспарлау үдерісі тиімді оқу мақсаттарын анықтауға және анағұрлым тиімді тапсырмаларды, әдістер мен тәсілдерді, оқыту құралдарын қамтуға, саралап оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

Саралап оқыту туралы  

Қашықтан оқыту үшін оқушыларды өз бағыт-бағдарын айқындай отырып, оқуға ынталандырудың маңызы зор (бұл туралы келесі модульде қарастырылады). 

  • Сіздің пікіріңізше, оқушының өз бетінше әрекет ету дағдыларын  қалыптастыруға не ықпал етеді? 

  • "Бұған әртүрлі деңгейлі және түрлі форматтағы мұқият ойластырылып, нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілген тапсырмалар оң ықпал етеді" деген пікірді қолдайсыз ба?  

Оқытуды саралай отырып, келесі аспектілерді қамтамасыз ету маңызды:  

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. 

  2. Оқушыларды осы ерекшеліктеріне қарай топтастыру.  

  3. Топтағы оқу үдерісінің вариативтілігі .  

Саралау түрін айқындай отырып, оқушылардың әрқайсысына қолдау көрсетіп, оқудың барынша табысты болуын қамтамасыз ететін тәсілді таңдаймыз.  

Оқушыларыңыздың ерекшеліктерін ескеріңіз және онлайн сабақты жоспарлау барысында сабақ мақсаттары мен тапсырмаларды әзірлеп, бір немесе бірнеше саралау тәсілін таңдаңыз.  

Жоспарлау үдерісі  

  1. Мазмұны 

Қашықтан оқыту сабағын (оқу сыныбындағы сабақ сияқты) сабақ мақсаттарын тұжырымдаудан бастаймыз. Бұл үшін оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасап, оқушылар сабақта қол жеткізуі тиіс мақсаттарды таңдаймыз, сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ мақсаттарын әзірлейміз. Сараланған сабақ мақсаттарын белгілеуге болады, бұл әрбір оқушының оқу тиімділігін барынша арттыру үшін сабақта жұптық, топтық немесе жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Барлық оқушылар үшін ортақ бір мақсат ұсынуға болады, мұндай жағдайда бұл мақсатқа барлық оқушылар табысты жете ала ма, бұл үшін бір ресурсты немесе әртүрлі ресурстарды, оқу тәсілдерін пайдалана ала ма, әлде қосымша қолдау көрсету арқылы қол жеткізе ала ма - осы мәселелерді ойластыру аса маңызды. 

Мына мысалды қарастырайық. 

Сабақтың мақсаты барлық оқушылар үшін қажетті білім көлемін қамтамасыз ететінін және сабақ аясында белгіленген оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететінін назарда ұстаңыз. Әрбір оқушының осы оқу мақсатына жетуіне және өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен өзінің қол жеткен табыстарын көрсете білуіне көмектесу аса маңызды.  

Оқушылардың басым бөлігіне және (немесе) кейбір оқушыларға арналған сабақ мақсаттарын ұсына отырып, біз саралап оқытуды қолданамыз және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісіне қатыстырамыз. 

Сабақтың мақсатын тұжырымдау үшін қолданылатын етістіктер оқушының білім алу нәтижесінде жүзеге асыратын нақты іс-әрекеттерін баяндауы тиіс екендігін есте ұстау керек. Яғни мақсаттар нақты және өлшемді болуы тиіс. Сонымен қатар жүзеге асырылған оқыту дәлелдері қандай болатынын да ойластыру қажет, бұл оқушылардың жазбаша немесе ауызша жауаптары, құрастырылған модельдер, суреттер және т.б. болуы мүмкін. 

Практикалық жаттығу 

Сабақ жоспарының шаблондарын (1-шаблон2-шаблонжүктеп алыңыз. Өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдаңыз. Қандай сыныпқа (пәнге) арналған қашықтан оқыту сабағын дайындайтыныңызды ойластырыңыз. 

Өз пәніңіз бойынша Оқу жоспарындағы оқу мақсаттарына шолу жасаңыз. Сабақта оқушылардың қандай оқу мақсаттарына жетуі керек екендігін белгілеңіз. Таңдалған оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттарын тұжырымдаңыз. Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын шаблонға енгізіңіз. 

Сабақ мақсаттары мен қолайлы дәлелдер анықталғаннан кейін, Сіз белгіленген мақсаттарға жету үшін оқушыларға ұсынылатын оқу мазмұнын таңдауыңыз керек. Оқыту түрі қандай болатынын ойластырыңыз – синхронды және асинхронды немесе тек асинхронды бола ма? Сонымен қатар қашықтан оқытуда мұғалімнің жанында болмауы оқушыдан өз бетінше жұмыс істеу дербестігінің жоғары деңгейін қажет ететінін ескеру керек. Сондықтан оқушылардың күтілетін нәтижелерге (сабақ мақсаттарына) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін негізгі ақпаратты, мазмұнды материалдар мен ресурстарды таңдаймыз. 

Оқу мазмұнын таңдау барысында онлайн сабақтың құрылымына қатысты нұсқауларды ескеріңіз (егер синхронды оқытуды қолдана отырып сабақ өткізуді жоспарласаңыз). 

Сабақтың басталуы ұйымдастыру мәселелерін қамтиды (байланысты тексеру – дұрыс көрінуі және естілуі, ережелер туралы келісіп алу – микрофонды ажырату және қосу ережелері, экранды көрсету, сұрақ қою мүмкіндігі). 

Сабақтың ең көлемді бөлігі болып табылатын негізгі бөлімінде белгіленген оқу мақсаттарына жету қарастырылады. Осы мақсатта мұғалім материалдарды түсіндіреді және экраннан көрсетеді, оқушыларға тапсырмаларды орындатып, олардың өзара әрекеттестікте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді (мысалы, жұпқа және топтарға бірігіп жұмыс істеу, интерактивті тақтаны қолдану және т.б.). 

Сабақтың қорытынды бөлімі материалды бекітуді немесе жинақтап қорыту мен рефлексияны қамтиды. Сіз интербелсенді сауалнама немесе тест өткізе аласыз, орындалған тапсырмаларға түсініктеме бере аласыз. Оқушыларға алдын ала келісілген бағалау критерийлерін және/немесе дескрипторларды қолдана отырып, өзінің оқуына талдау жасауды және бағалауды, оқудағы келесі қадамдарын жоспарлауды немесе тақырыпқа қатысты өз бетінше орындайтын жұмысқа қатысты іс-әрекеттерді таңдауды ұсына аласыз.  

  Практикалық жаттығу  

Өзіңіздің сабақ жоспарыңызды қайта қараңыз. Белгіленген сабақ  мақсаттарына сәйкес оқулықты және басқа да ресурстарды пайдаланып, оқушының табысты оқуына ықпал ететін оқу материалын таңдаңыз. 

! Оқушының оқу қызметімен айналысуына шектеулі уақыт бөлінетінін есіңізде ұстаңыз

2. Ұйымдастыру 

Оқу материалдарын мұқият таңдағаннан кейін, оқушылардың оларды қалай меңгеретінін айқындау қажет. Оқушылардың таңдалған материалдардың қайсысын өз бетінше меңгере алатынын, ал қайсысын мұғаліммен бірге қарастыратынын анықтау қажет. Осыған сәйкес сабақты синхронды форматта өткізу барысында қандай әдіс-тәсі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!