Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ: Ы. Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: Қазақ тілі |
Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы " Щербаков орта мектебі"КММ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалім: Ауезбаева Сандугаш
Акзамиденовна |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқаны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Дәрумен -денсаулық кепілі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.2.4.1 шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау. 5.3.1.1 мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: шағын көлемді мәтіндердің мазмұнын айтады, мәтіндегі негізгі ақпараттарды қолдана алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрып, негізгі ақпаратты анықтай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрып, соған сүйеніп негізгі ақпаратты өз сөзімен баяндай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмұнына сүйеніп негізгі ақпаратты анықтап, жоспар құра алады, |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Шырын, дәрумен, тазалық сақтау, күн тәртібі, пайдалы, шынығу, таңдап жеу, естен шығарма, қорғаныс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: дәрумен –денсаулық кепілі, А дәрумені, денсаулық зор байлық.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Дәрумен дегеніміз не? Дәруменнің адам ағзасына қандай пайдасы бар? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Не себепті …. деп ойлайсыз? Дәруменді адам не себепті қабылдайды? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Оқушылар денсаулық зор байлық екенін біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы (7 минут) |
Ұйымдастыру кезеңі «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады. (2 минут) Мен саған денсаулық тілеймін. Мен саған сәттілік тілеймін. Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін. Мен саған бақыт тілеймін. Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Ортаға бірнеше оқушыны шығарып сұрақ-жауап бойынша тексеру.(Сұрақтарды өзім қоямын) (2 минут) Қызығушылықты ояту. Сыныппен жұмыс. Оқушылар назарына «Денсаулық» туралы бейнебаян ұсынылмас бұрын, тыңдалым материалында кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысады. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан дәрумендерге байланысты дайындалған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: -Балалар, дәрумендер дегініміз не? Сендер дәрумендер туралы не білесіңдер? Айтыңдаршы. Бөліскен ойлары, пікірлері арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, сабаққа мақсат қояды. (3 минут) |
Жүрек қималары Интербелсенді тақта |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы (24 минут) |
Жаңа сабақ Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын «Дәрумендер» ойыны арқылы А Б С Д деген дәрумен атауларымен топқа бөлінеді. Оқушылар қалаған дәрумен түрлерін алып төрт топқа бөлінеді. (2 минут) 1 топ- А –дәрумен 2 топ- Б –дәрумен 3 топ- С-дәрумен 4 топ- Д -дәрумен Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады 1 тапсырма: Жұптық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. «Бірлескен оқылым» әдісі. Топтарға мәтін беріледі. (2-қосымша) Әр жұп мәтіндегі ақпаратты басқа жұптарға жеткізе алатындай түсініп оқып, мазмұнын ашып, жоспар құрады. (10 минут) Мақсаты: оқушылардың мәтіннің мазмұнын меңгергенің, жоспар құра алатынын тексеру. 1-топ. Көгөніс қазір жылдың қай мезгілінде болса да, дүкендерде тұрады. Себебі олар денсаулыққа өте пайдалы. Біз күн сайын таңертең, түскі, кешкі аста көгөністерді жейміз. Әсіресе, менің інім қиярды өте жақсы көреді. Көгөніс түрлері: сәбіз, орамжапырақ, бұрыш, саңырауқұлақ, қызанақ, қияр және т.б. Көгөніс адам ағзасына өте пайдалы. Көгөністі көп пайдаланатын адамның денсаулығы жақсы болады. Ұзақ өмір сүреді. Көгөністің калориясы аз. Олар дәрумендерге бай. Жеңіл қорытылады. 2-топ. Дәрумендер – бұл майда немесе суда еритін, ағзаның қалыпты өсіп, қызмет етуі үшін қажетті, сондай-ақ өсімдік және жануарлар тегінің тамақ өнімдерінен табиғи жолмен алынатын органикалық заттар. Дәрумендер жаңалығы медицинада үлкен рөл ойнады.. Дұрысы тамақ өнімдерінде кездесетін дәрумендерді қабылдаған жөн. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынғандай, күніне жеміс-жидектер мен көкөністердің кем дегенде 5 порциясын қабылдған дұрыс. Мұндай мөлшерде ағза қажетті дәрумендер мен минералды заттарды ала алады. Түрлі түсті жеміс-жидектер мен көкөністер болса, тіпті жақсы болады. 3-топ. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денісау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. 4-топ. Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.
Бағалау. «Баспаладақ» әдісі. Жұптар бір-бірін дескрипторларға сүйене отырып, әр жұп мәтінді меңгерген деңгейіне байланысты баспалдақ сатысымен бағалайды.
Білемін
Түінемін
Айта аламын
2-тапсырма. «Блум түймедағы» бойынша мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, постер жасап өз сөзімен баяндау (топтық жұмыс) Мәтіндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып постер жасау арқылы баяндайды. Тапсырма орындалғаннан кейін, әр топтан қорғайтын оқушы басқа топқа барып, сол топқа постерді қорғайды. Бұл тапсырманы орындауға топтардың барлық мүшелері қатысады. Жұмысты орындау нәтежесінде оқушылардың ауызекі сөйлеуі, сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды. (12 минут)
Мақсаты: Оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырып, мәтін идеясын анықтап, постер жасау арқылы баяндау
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар бір-бірін дескрипторларға сүйене отырып бағалайды.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы (9 минут) |
Қорытындылау: Ең бірінші жаңа сабаққа байланысты жаңа сөздерді меңгергенін тексеру мақсатында «Білім қоржыны» әдісі бойынша жаңа сөздерді тексеру. Бағалау: «Бас бармақ» мұғалім оқушыларды бағалайды.
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.
|