Ашық сабақ Ы дыбысы1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ы дыбысы1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар білуге тиіс: «Ы» дыбысы дауысты дыбыс екендігін ажыратады, сөз ойластырады. Сөздерді буынға бөліп , буын санын анықтай алады. Оқушылар өздерін қалыптастырушы бағалау түрлетімен бағалай алады.Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбір оқушылар білуге тиіс: Алған білімді өмірде қолдана алады. Буындардан сөз құрай біледі. Дыбыстық талдау жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ № 59

САБАҚ: сауат ашу


Күні: 16.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Сәріпова Р.Қ.

СЫНЫП: 1«А » сынып

Қатысқандар: 31

Қатыспағандар: 0

Тақырыбы :

«Менің отбасым және достарым»

Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

        1. дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуге тиіс:

«Ы» дыбысы дауысты дыбыс екендігін ажыратады, сөз ойластырады.

Сөздерді буынға бөліп , буын санын анықтай алады.

Оқушылар өздерін қалыптастырушы бағалау түрлетімен бағалай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.


Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Буындардан сөз құрай біледі.

Дыбыстық талдау жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, математика сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , үнтаспа, слайдтар

Тілдік құзыреттілік

Ы дыбысы мен әрпі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


-Балалар бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр сәлемдесейік.

Шырылдайды қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз,

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Сабаққа зейін қойдым мен.

-Сыныптас достарымызға тек жақсылық тілейміз.

Психологиялық ахуал

1-слайд

2-слайд

Сабақтың ортасы

Өткенді қайталау.

Білу









Түсіну




























Сергіту сәті

1 минут

-Ал, енді біз сендермен «Әріптер әлеміне саяхатқа» шығып өткенді еске түсірейік. Әріпті көрсету. /Әріпті атайды, қандай дыбыс екенін атайды.Сол әріпке байланысты сөз айтады./

1-топ Лл, Дд –Дыбыс дегеніміз не?

2-топ-Тт, Сс -Әріп дегенім не?

3-топ Оо, Шш

4-топ Нн, Рр

5-топ Уу, Аа У дыбысы қандай жағдайда дауысты , қандай жағдайда дауыссыз болады?

/Әр топтың жауабын шапалақ арқылы бағалау.

-Неге шапалақ ұрып бағаладың./


-Жарайсыңдар, енді мына жұмбаққа назар салыңдар:
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз, 
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)


- Ой сергіту. Жарайсыңдар, енді «Кім байқағыш?» ойынын ойнайық. Суретте нелер бейнелеленген?. /Домбыра, сиыр, мысық, пойыз, құрастырғыш, ойыншық, сары, қызыл./

-Өте тамаша.Бұл сөздердің барлығында қандай дыбыс кездеседі?

-Олай болса, біз сендермен кеше танысқан «Ыы дыбысы мен әрпі» туралы білімімізді одан әрі жетілдіреміз.


1. –Енді, мәтінді назар салып тыңдайық.

Сұрақтарға жауап алу.
-Мәтін не туралы?

-Ыдыстар бізге не үшін керек?

-Ыдыстарды қалай ұстау қажет?

-Мәтінде аталған ыдыстарды атайықшы. /Кесе, шәйнек, табақ, қасық, шанышқы.Әр сөзді буынға бөлуы дыбысының орнын анықтау. Буын санын айту, «қасық, шанышқы» сөздеріне ауызша дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрастыру.

- Дауысты дыбыс пен буын туралы қандай ереже білеміз?

-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

- Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен?

-Сөздің барлық буынында кездеседі.

/ «Басбармақ» тәсілін қолдану.

-Барлығын өте жақсы деп бағаладыңдар неге?/


«Шырша биі»


3-слайд












«Жұмбақтар»

жинағы

4-слайд



5-слайд








Оқулықпен жұмыс

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Үнтаспа тыңдау.

6-слайд











Видеоролик


Қолдану


2. .«Адасқан буындардан сөз құрау» Әр топқа буындарды беру, буындардан сөздер құрастыру.

1-топ ы дыс Ы рыс ты

2-топ ы рыс ы дыс тар

3-топ дос тар та ры

4-топ са ры са ту сы нып

5-топ са ту шы сыр ды

/Топпен жұмыс қалай орындалды. «Смайликтер » арқылы бағалайық. –Неге күліп тұрған смайлик көтердің?


1, 2, 3,

Біздің сынып тып-тыныш,

Қолға қалам аламыз,

Көркем етіп жазамыз.


Дәптермен жұмыс жасау.

Ыы

ыы

ыс /Ыс-түтіннің иісі./

ыдыс

Айтылым, жазылым

Оқулықпен жұмыс

Смайликтер

7-слайд







Дәптермен жұмыс

8-слайд

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 минут.

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың сол баланы белгіле, түсіндір...

Маған қызықты Сенімді емеспін Түсінбедім




Балалар эмоциясы арқылы бағалау.

9-слайд

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушығамейлінше

қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Еңбек, дүниетану

Рефлексия

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар не үйренді?




Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?


Жоспарланған саралау жақсы

іске асты ма?


Уақытты қалай

пайдаландым?


Жоспарыма қандай өзгерістер

енгіздім жəне

неге?

Сабақты жоспарлауды. Қысқа мерзімді жоспар құрмас бұрын орта мерзімді жоспарға сүйене отырып жаздым.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамын.

Оқушының жеке тұлға ретінде өзіне деген сенімділігінің күшеюіне ықпал етуді жоспарладым.

Өзімнің көшбасшылық қабілетімді көп іздену арқылы дамытамын.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға байланысты)

1.



2.

Қандай жақсы екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.


2


1.


2.


Барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде





















Қорытынды бөлім


1.Сабақта не білдім?

2.Не үйрендім?

/ Ы дыбысы бар сөздер айттық. Жұмбақ шештім. Сөздерді буынға бөлдім. Дыбыстық талдау жасадым. Сөйлем құрадым. Мәтін тыңдадым. Сұрақтарға жауап бердім. Буындардан сөз құрастырдым. Көркем етіп жаздым.Жаттығу жасадым/

-Менің оқушыларым қандай керемет, бәрі шетінен ақылды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2018
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі