Ашық сабақ Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады?" 3-сабақ Кәсібінен нәсіп тапқан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады?" 3-сабақ Кәсібінен нәсіп тапқан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар.Ұстаздарға арналған,тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән:Әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тәрбиенің қайнар бұлағы


Сынып: 5 «Ә»


Мектеп:ЖББМ №6

Мұғалімнің аты-жөні: Үсенбай Гүлнұр Ерболқызы

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады" (Кәсібінен нәсіп тапқан)


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады, әдеби эссе жазады.

Басым бөлігі орындай алады:

Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын аша отырып, сипаттайды, кейіпкерлерін өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды, көзқарасын білдіреді .

Кейбіреуі орындай алады:

Шығарма кейіпкерін бүгінгі күнмен салыстыра отырып, шығармашылық жұмыс жасайды.


Бағалау критерийі


Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын анықтайды.


Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады








Тілдік мақсаттар


Сөздіктер: Версаль, тіленші, франк, приказчик

Диалект сөздер: әйдік, реуішті

Көнерген сөздер: купец

Диолог құруға,шығарма жазуға арналған пайдалы тірек сөздер: фабрика, сауда, еріншектік, мал табу, дүкеннің иесі

Диолог құруға,шығарма жазуға арналған пайдалы тірек сөздер:

«Менің ойымша,...»(Антон- ақылды бала)

«Себебі мен оны былай түсіндіремін...» (Себебі, Антон ақыл айтқан кісінің ақылын тыңдады,талаптанды,еңбектенді,ақша тапты, бай болды.

«Оны мен мына фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын» (Бай болғың келсе,мен саған ақыл айтайын:менде сендей кедей едім,бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ:елден қыдырып жүріп ескі-құсқыны жиып жүрдім.Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып,ақша болған соң, бір есек,бір арба алдым.Сол арбамен сауда еттім. Ісім-нық,жинақтымынМашақаттанудан қашпасаң сен де бай боласың,-деді

«Соңғы сөйлем»Осыған байланысты мен мынандай қорытындыға келдім...(Еңбекке бейім болсаң,қатарыңнан кейін болмайсың деп қорытындылаймын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?


Құндылықтарды дарыту



Мәңгілік Ел:3

Шығарма кейіпкелері арқылы адамгершілік, еңбекқорлық, адалдық қасиеттерге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, география,өзін -өзі тану

Алдыңғы оқу


Ы.Алтынсарин "Дүние қалай етсең табылады""Адал еңбекпен дүние табудың үлгісі". "Сиқырлы доп"әдісі арқылы сұрақ-жауап алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут

І Ұйымдастыру кезеңі :

Ынтымақтастық ахуал орнату


«Менің досым» жаттығуы


-Сәлем,досым!-қол алысу.

-Хал қалай?-иықтан қағу

-Мен сені сағындым!-құлақтан ұстау

-Барлығы жақсы-құшақтасу


Оқушыларды «Пазл» әдісі бойынша үш топқа бөлу

Ітоп "Франция"


ІІ топ "Брюссель»


ІІІ топ "Версаль"







Топқа бөлуге арналған пазлдар



1 тапсырма «Кейіпкерге мінездеме» әдісі.Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, оқушылар өз қабілеттеріне қарай тапсырманы орындап, өзара талқылап кестені толтырады.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың зейіні шоғырланады, сын тұрғысынан ойланады,өзіндік ой-пікірлері,тыңдалым,айтылым дағдылары қалыптасады


Кейіпкер

Портреті

Іс- әрекеті

Ой -тұжырым

Антон

Әп-әдемі,жұмыс істеуге қуаты бар,орта бойлы арықтау бала

Тіленші болып қайыр сұрайтын,кейін тіленшілікті тастап,жұмысқа кірісуі,зор дүниенің иесі болуы.

Ақыл айтқан кісінің ақылын тыңдады.т

алаптанды,күнін босқа өткізбеді,ақша тапты, бай болды.



Дескриптор:

  1. Әңгімеден кейіпкер портретін табады

  2. Кейіпкерлер іс- әрекеті арқылы образын ашады

  3. Өзіндік ойын тұжырымдайды

Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

Бағалау парақшалары






Объект 1

Объект 2

Объект 3





Сабақтың ортасы 10минут




2 тапсырма «Салыстырмалы карта» әдісі .Жұптық жұмыс.Оқушылар қолдану қадамының тапсырмаларын орындайды.

Тапсырманы орындау барысында оқушылар биік адамгершілік қасиеттерді бүгінгі күнмен байланыстырып айтады. Жазылым , айтылым дағдылары қалыптасады


Шығармадағы кейіпкер

Бүгінгі кейіпкер

Антон-ақылды, мейірімді,талапшыл, еңбекқор

Бүгінгі кәсіпкерлер

Дескриптор:


1.Шығармада орын алған адами қасиеттерді анықтайды

2.Шығармадағы кейіпкерді бүгінгі күнмен салыстырады


Қалыптастырушы бағалау «Эмоция символдары» әдісі

Бағалау парақшалары

Сергіту сәті « Мен Қазақпын» биі


Оқушылар экрандағы қимылдарды қайталап би билейді






Сабақтың соңы

15 минут

3тапсырма «РАФТ» әдісі 3 топ орындайды.Тапсырма сараланып беріледі.Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың кейірбеулері-өлең шығарады,сауатты хат жазады,зерттеу жұмысын жүргізеді.

Р – оқушы,ақын, ғалым

А -сынып оқушылары ,халық, білімгерлер

Ф -хат, өлең, жоба

Т -«Антон -еңбекқор адам», «Бақыт көзі -еңбекте», «Байлық – қанағат пен еңбекте»


1-ші топ Сынып оқушылары -«Антон -еңбекқор адам» тақырыбында хат жазады

2-ші топ Ақындар -«Бақыт көзі -еңбекте» тақырыбында өлең шығарады

3-ші топ Ғалымдар,білімгерлер «Байлық – қанағат пен еңбекте» тақырыбында жоба жасайды.


5Дескриптор:


1.Өз ой- пікірлерін айтады,кейіпкерлер бейнесін ашады

2. Еңбек туралы өлең шығарады

3.Ізденіс,зерттеу жұмысын жасайды


Қалыптастырушы бағалау : «Қарым-қатынас шырағы

Бағалау парақшалары

Тапсырма соңында оқушылар әр түрлі түстегі гүлдерді өздері бергісі келген оқушыларға сыйға тартады.

Жасыл-Сабақтағы ең ақылды оқушыға

Қызғылт-ең ұтымды жауап берген оқушыға

Сарғылт-ең мықты кеңесшіге



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс/ Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барынша қолдау көрсету:тақырыпқа қатысты «Кейіпкерге мінездеме»әдісі бойынша ауызша сұрақтарға жауап береді.Мұғалім жетекшілігін қажет ететін оқушыларға жұппен жұмыс жүргіземін..

Орташа қолдау көрсету:

Жұптық жұмыс

жүргізгенде «Салыстырмалы карта» әдісін пайдаланамын.Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін ажыратуға,кестеге орналастыруға қолдау көрсетемін.



Аз қолдау көрсету:РАФТ әдісі бойынша өз бетінше ізденіп,маңызды ақпараттарды жинақтау,өлең шығару,жоба жасау,хат жазу секілді күрделірек тапсырмалар беріледі.



Дескриптор нәтижесінде оқушыларға қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.Топтық бағалау . «Екі жұлдыз,бір тілек», «Қарым-қатынас шырағы»

Жұптық бағалау. «Эмоция символдары»

«Бағдаршам »



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Кері байланыс

5 минут

«Ертегі ағашы»


Ағашқа көбелек,жемістерді, гүлдерді жабыстырады.

Жемістер-Маған бәрі де түсінікті.

Гүлдер-Сұрақтар пайда болды

Көбелектер-Түсінбедім



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
1803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі