Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ыңғайлас салалас" 8 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ыңғайлас салалас сөйлем, жасалуы, түрлері туралы түсінік беру.Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну қабілеттерін жетілдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу,шығармашылық ізденісін арттыру сөз өнерінің қадірін түсіне білуге баулу, поэзияны сүйе білуге, ұлы ақындарымыздың өлең-жырларынан тағылым ала білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Ыңғайлас салалас

Сабақ мақсаты: а)ыңғайлас салалас сөйлем, жасалуы, түрлері туралы

түсінік беру.

ә)оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну

қабілеттерін жетілдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға

жетелеу,шығармашылық ізденісін арттыру

б)сөз өнерінің қадірін түсіне білуге баулу, поэзияны сүйе

білуге, ұлы ақындарымыздың өлең-жырларынан тағылым

ала білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі:Жаңа материалды игерту

Сабақ типі:Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану

Көрнекілігі: электронды оқулық, мақал-мәтелдер жинағы,сызба-

кесте,компьютер,дауыс зорайтқыш

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын түгендеу,оқушылардың

сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабағымызды поэзияның пайғамбары- Абай атамыздың өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Хакім Абайдың поэзияға жоғары талап қоя білген, оған өнер,тәрбие,өнеге құралы деп қараған,қазақ өлеңінің құрылысына, тақырыбы мен мазмұнына, түріне көптеген сапалы өзгерістер, тың өрнектер қосқан жаңашыл суреткер екенін бәріміз де білеміз.Ендеше,Абай атамыздың ойын негізге ала отырып, жаңа тақырыпты меңгерту барысында жасалатын жұмыстарымызды, ойымызды өлең, поэзия атты құдіретті сөздермен байланыстырып отырамыз.

Мағынаны тану (мұғалімнің тақырып туралы түсіндірмесі)

Ыңғайлас салалас

Құрамында жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екішісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.

Мысалы: Көшті жайлауға жөнелтіп жіберді де, Есеней Ұлпан қыстау салатын жер көруге жүріп кетті. (Ғ.М.)

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді.

Жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап, ыңғайлас салаласты екіге бөлеміз:

1)Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас.

2)Жалғаулықты ыңғайлас салалас.

1. Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.

Мысалы: Құдай салды - біз көндік. (Ғ.М.)

Аттар еттеулі, сойылдар сүйеулі. (Ғ.М.)

2. Жалғаулық шылаулары: және, да/де, та/те, әрі.

Да/де жалғаулықтары ыңғайлас салаластың құрамында жай сөйлемдерінің әрқайсысымен қайталанып немесе қайталанбай, олардың арасында бір-ақ рет келіп те тұра береді. Ал және жалғаулығы ешқашан да қайталанбай, құрмаласқан жай сөйлемдерінің арасында бір-ақ рет келіп тұрады.

Мысалы: Салтанат салқындап, ақшыл тартқан жүзбен көзін төмен

салды да, Абайға тағзыммен бас иді. (М.Ә.)

Қол жетпес зәулім терек те бір күні қурайды да, құлайды, әуелеп ұшқан ақ сұңқар да бір күні төп етіп жерге түседі.

ІY.Сабақты бекіту

Бекіту тапсырмалары:

Оқулық бойынша жаттығу:

97-жаттығу (ауызша)

98-жаттығу (жазбаша)

99-жаттығу (жазбаша)

Жеке оқушымен жұмыс түрлері:

Интерактивті тапсырмалар:

Мақалдың жалғасын тауып, ыңғайлас салалас жаса. Бір мақалды сөйлем мүшелеріне талдап көрсет.

Өлең, сөз құдіреті туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

А) Аққу көлін аңсайды...

..........................................

Ә) Бірлігі жоқ ел тозады...

............................................

Б) Жүк ауырын нар көтереді...

..................................................

В) Ағаш тамырымен мықты...

..................................................

Абай “Әбдірахман өлгенде” өлеңі

Тұла бойың ұят-ар едің,

Ескеріп істеп, ойлаған.

Тәуекелге нар едің,

Талаппен терең бойлаған.

Ерлікке де бар едің,

Үйренуге тоймаған.

Жасқа жас, ойға кәрі едің,

Атаңның атын жоймаған.

Замана, неткен тар едің,

Сол қалқамды қоймаған?!

а) Өлеңді өз сезімдеріңді, көңіл-күйлеріңді білдіріп оқыңыз және неге олай оқығаныңызды түсіндіріңіз.

ә) Өлең құрылысына назар аударыңыз. Салаласа байланысқан өлең жолдары бар ма?

Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар:

Мұқағали Мақатаев өлеңін компьютер арқылы тыңдату.


Тапсырма: Ақын өлеңінен алған әсеріңізді, ақын туралы ойыңызды ыңғайлас салалас құрмаластың жасалу жолдарын ескеріп сөйлемдермен жеткізіңіз.


Ой толғаныс

«Туғанда дүние есігін ашады өлең» эссе жазу

Y .Үйге тапсырма: 1) оқулықтан жаттығулар;

2) Жергілікті ақындардың бір өлеңін жаттап келу.

YІ.Бағалау.

YІІ.Қорытындылау.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да олардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?-деп ақын жырлағандай, өлең өнерін құрметтей білейік, сөз қадірін түсіне білейік!Ойымызды жеткізуде құрмалас сөйлемдерді қолданайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2018
938
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі