Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ"Бұлшықеттердің құрылысы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қасиеттері туралы білімдерін тереңдету; адамның қаңқа бұлшық еттерінің құрлысымен қызметіндегі ерекшеліктерді анықтау. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сайыс арқылы ой - өрістерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту.
Тәрбиелілік: Ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, бір - бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Бұлшық ет жүйесі», «Адам қаңқасы» кестелері, бұлшық ет ұлпаларының муляждары, тестік диктанттар.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сауалнама, сұхбат - дәріс, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Күлкі көңіл айнасы» тренинг
«Күні бойы бір күле алмасаң,
Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»
Виктор Мари Гюго (француз жазушысы)
Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
♦ Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасайды;
♦ Иммунитетті күшейтеді;
♦ Жиі күлген адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады;
♦ Қан айналым жүйесін жақсартады;
♦ Күлкі адам ағзасын тазартады;
♦ Сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз!
Жұлдызшалар бойынша оқушыларды топқа бөлінеді
II. Үй тапсырмасын сұрау. А) Сұрақ жауап.
- Байламдардың созылуын қандай белгілері бойынша анықтауға болады?
- Сүйек шығу белгілері қандай?
- Омыртқа жотасы, бас сүйегі, кеуде қуысы сүйектері сынған кезде қандай сақтық шараларын сақтау керек.
- Сіңір созылғанда қысатын таңғышты қалай салады?
- Білек, иық, тізе, санға шина салу әрекетін түсіндір?
В) Биологиялық диктант.
Барлық омыртқалар бір - бірімен …, бұлшықеттер … арқылы байланысады. Қол сүйектеріне жататындар тоқпан жілік, … пен шынтақ сүйегі, қол басы сүйектері жалғасады.
• Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?
(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды)
• Бұлшық ет туралы не білгіміз келеді? сұрағына жауап жазады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұлшық ет: Кеңістіктегі қозғалысын басқарып, тепе - теңдікті сақтайды, әр түрлі қозғалысты пайда етеді, ішкі мүшелердің барлық жұмыстарын, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, ішкі секреция бездерінің жұмыс істеуіне көмектеседі, жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, жоғарғы жақ қозғалысын басқарады, сүйектермен бірлесіп, денеге пішін беріп, тік ұстап тұрады, кеуде қуысын құрайтын қабырға аралық бұлшық еттер көк ет, тыныс алуды басқарады.
Бұлшық еттер. Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы. жүктеу
Кері қайту
Материал рейтингісі:
ІІІ – бөлім Ситуациялық сұрақ
Ажар биология сабағы бітіп, физика сабағына баспалдақ арқылы 3 – ші қабаттан, 2 – ші қабатқа түсіп бара жатқанда аяғын қатты ауртып алды. Ауырсыну тобық тұсынба байқалады. Қандай көмек көрсетесін?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?
Бұлшық еттің маңызы:
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын, бұлшық еттердің маңызын түсіндіру.
2. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Өз ойларын жеткізе білу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін шыңдау.
3. Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: топпен жұмыс, СТО жобасының элементтері.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, адам қаңқасы.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, салауаттану, сурет.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау. «Білгенге маржан»
1. «Графикалық диктант»
2. «Сандық лабиринт»
3. «Миға шабуыл»(Топ бойынша тапсырма)
4. «Ойлан тап»
5. «Жұмбақ өлеңдер»
III. Білімді жинақтау.
1 - топ. Сіңірдің созылуы.
2 - топ. Сүйектің сынуы.
3 - топ. Буынның шығуы.
IV. Қызығушылығын ояту. Тест
V. Сергіту сәті.
VI. Жаңа сабақ «Мағынаны тану».
VII. Сабақты бекіту.
VIII. Қорытындылау. «Ой толғаныс»
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма.
Үй жұмысын тексеру:
Графикалық диктант.
1. Сүйек дәнекер ұлпадан құралған.
2. Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар
3. Бассүйек – мидан ғана тұрады
4. Омыртқа жотасы 35 - 36 омыртқадан құралған
5. Адамда доға тәрізді иілген 12 жұп қабырға болады
6. Иық белдеу екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады
7. Тоқпан жілік аяқ қаңқасына жатады
8. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне кәрі жілік жатады
9. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.
10. Омыртқа, білезік, қабырға қысқа сүйектер.
Жауаптар: 1+, 2+, 3 -, 4 -, 5+, 6+, 7 -, 8 -, 9+, 10 -
Сандық лабиринт.
«Миға шабуыл»
Адамда қанша сүйек бар? 200
Бел омыртқа саны қанша? 5
Қабырға саны қанша? 12
Құйымшақ неше омыртқадан тұрады? 4 - 5
Сегізкөз қанша омыртқаның бірігуінен құралған? 5
Арқа омыртқаларының саны қанша? 12
Омыртқа саны қанша? 33 - 34
Адам қаңқасы неше топқа бөлінеді? 3
Мойын омыртқа саны қанша? 7
Аяқ қанша майда сүйектерден құралған? 26
1 - Топ. «Алғырлар»
1. Лордоз деген не? Омыртқаның алға иілуі.
2. Бейорганикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? Беріктік, мықтылық.
3. Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек? Шыбық немесе садақ сүйек.
4. Бас сүйек қандай бөлімдерден тұрады? Ми сауыты және бет сүйек.
2 - топ. «Тапқырлар»
1. Білезікте неше сүйек бар? 8 - сүйек.
2. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? Иілгіш, созылғыш.
3. Аяқ жіліктерін атаңыз. Ортан жілік, асықты жілік.
4. Сүйектің құрамын ата. Органикалық зат 30%, бейорганикалық зат 70%
3 - топ. «Білгірлер»
1. Толарсақта неше сүйек бар? 7 сүйек.
2. 14 сүйектен тұратын қолбасы сүйегі қалай аталады? Саусақ сүйектері.
3. Кифоз деген не? Омыртқаның артқа иілуі.
4. Жамбас пен сегізкөз тұтасып қандай белдеу құрайды? Жамбас белдеуін.
«Ойлан тап» Топбасшылар сайысы.
1 - топ. Бас қаңқасын қаңқадан көрсетіп сипатта.
2 - топ. Иық белдеуін қаңқадан көрсетіп сипатта.
3 - топ. Жамбас белдеуін қаңқадан көрсетіп сипатта.
Жұмбақ өлең.
1. Қақпақтай екен деп те сипаттайды,
Ауа райын кейде ол да болжайды.
Пішіні үшбұрышты, өзі жалпақ
Жауабын кім бар екен мұның таппақ?
Жауырын.
2. Қазақша күресте бар бір әдісі,
Халқымның қадірлі ол мүше асы.
Атқа отыруда да кездеседі, есімі
Аташы осы сүйекті...
Жамбас.
3. Дәнекер ұлпадан тұратын орманы бар,
Қозғалмайтын сүйектен жасалған қорғаны бар.
Ақыл - ойыңның қорғаны
Бұл қай сүйек болғаны?
Бас сүйек.
4. Бірінің үстінде бірі тұрады,
Дәл ортасы жұлынның ол тұрағы.
Төрт жерден иілім жасайды,
Айтшы мұның жауабын
Кім біледі?
Омыртқа.
Білімді жинақтау.
1 - топқа: Сіңірдің соқылуы.
2 - топқа: Сүйектің сынуы.
3 - топқа: Буынның шығуы.
І Қызығушылығын ояту.
Омыртқа саулығын анықтап көріңіз.
Тест.
1. Түнде ұйықтағанда арқаны қисайтып жатасыз ба? а) Ия, б) Жоқ
2. Мойынды қимылдатқанда мойын омыртқалары кітірлейді ме? а) Ия, б) Жоқ
3. Сізде артық салмақ бар ма? а) Ия, б) Жоқ
4. Ұзақ уақыт тікесінен тұру қиынға соғады ма? а) Ия, б) Жоқ
5. Сен кешке қарағанда таңертең денеңді тік ұстайсың ба? а) Ия, б) Жоқ
6. Жамбас жүйкесі талаурап немесе белді жиі шаншу мазалайды ма? а) Ия, б) Жоқ
7. Жазу немесе асхана үстелінде бүкірейіп отырасыз ба? а) Ия, б) Жоқ
8. Өте жұмсақ төсекте ұйықтайсыз ба? а) Ия, б) Жоқ
9. Дененің әрбір бөліктерінде қабыну жағдай жиі болып тұра ма? а) Ия, б) Жоқ
10. Орныңыздан тұрған кезде бірден қозғала алмай қалған кездер болды ма?
а) Ия, б) Жоқ
Тест жауабы:
Егер 10 сауалдың екеуіне ғана «ия» деп жауап берген болсаңыз: арқа мен омыртқаларыңызда ешқандай дерттің белгісі жоқ деген сөз
Егер 3 - 5 рет «ия» болса, бұлшықеттердегі ішкі жасушалардың зат алмасу қызметінде бұзылыс орын алған. Бұл көбінесе бұлшықет ткандарына қажетті амин қышқылдардың жеткіліксіздігінен орын алады. Омыртқалардағы дерттің дені В6, В5, В2дәрумендерін толық алмағандықтан пайда болады
Егер «ия» жауабы 6 немесе оданда көп болса, жүйкеде кінәрат бар немесе омыртқа зақым келген. Бұл тұста да дәрумендер қорының аздығы әсер еткен дегіміз келеді. Е, С дәрумені арқылы қабынудың алдын алуға болады.
VI. Жаңа сабақ. «Мағынаны тану»
БҰЛШЫҚ ЕТТЕР, БҰЛШЫҚ ЕТ ТИПТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?
(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды)
Бұлшық еттердің маңызы.
Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т. б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 – ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.
Бұлшық еттің құрылысы
Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.
Біріңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады. Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.
Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.
Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.
Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.
Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.
Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады.
Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті - – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.
Жаңа сабақты бекіту. Фронтальды сұрақтар.
• Бұлшық еттердің маңызы қандай?
• Бұлшық еттердің құрылысы қандай?
• Бұлшық еттердің қандай түрлері бар?
• Бұлшық еттер сүйекке қалай бекиді?
• Денеде орналасуына қарай бұлшық еттер қалай бөлінеді?
• Ең ұзын бұлшық ет?
• Адам қаңқасында қанша бұлшық ет бар?
• Бұлшық ет қандай ұлпадан түзіледі?
• Бұлшық еттің қажуы неге байланысты?
• «Шыныға білмеген, тыныға да білмейді" – деген неліктен айтылған?
• Екі оқушы шығып, 5 кг гантельді біреуі көтеріп, ал екіншісі – көтеріп, түсіріп тұрады. ( 35 сек ішінде қай оқушының қолы тез шаршайды? )
Суреттермен жұмыс.
Суретке қарап қайсысы бірыңғай салалы, қайсысы көлденең жолақты, қайсысы жүрек бұлшықеттері сипатта.
ТЕСТ тапсырмасы
1. Бұлшықетке тән қасиет
А) жиырылғыштық б) өткізгіштік в) мықтылық
2. Бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді
А) ымдау б) шайнау в) арқа
3. Кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықет
А) арқа б) мойын в) көкет (диафрагма)
4. Арқа бұлшықеттері
А) трапеция, ромб тәрізді б) диафрагма в) Бицепс
5. Адамның еркіне бағынады:
А) жүрек б/еті б) қаңқа б/еті в) бірыңғай салалы б/ет
Сен эмоцияларыңды басқара аласың ба?
Бүкіл әлемде эмоциялар адамның бетінен бірден көрінеді. Психологтар негізгі 6 эмоцияны бөліп қарайды және олардың әрқайсысы үшін өзіндік бет - әлпет тән, олар біздің тегімізде қалыптасқан.
Жалған күлкіні тап
*Табиғи күлкі кезінде еріндер біршама кең жазылады. Адам шын күлген кезде оның шықшыттары сәл жоғары көтеріліп, көздері сығырайып кетеді.
*Күлкі жалған болса, тек адамның еріндері ғана қозғалады, ал көздері суық әрі бейтарап қалпында қалады.
ІІІ. Қорытындылау. «Ой толғаныс»
Семантикалық карта
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға
арналған мамандандырылған № 30 мектеп - гимназиясы.
Химия - биология пәні мұғалімі: Уразалина Жанар Насировна
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, құрылысы мен маңызы, биологиядан сабақ жоспары
Жариялаған aiboll Оқылды: 12764 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару
Басқа жаңалықтарды оқу: Бір қадам жасағанның өзінде 200 бұлшық ет қимыл-қозғалыста болады. Ағзадағы ең төзімді бұлшық ет – жүрек. Ол үнемі жұмыс істеп тұрады. Бұлшық етті өсіруге, жаттықтыруға болады, ол туралы көптеген әдеби кітаптар бар. Ал біз ең қызықты деректер жайлы айтамыз.
1. Жалпы қанша бұлшық ет бар?
Адам ағзасында барлығы 640-тан бастап 850-ге дейін бұлшық ет бар. Адам жай жүргеннің өзінде 200 бұлшық ет қимылдайды. Бұлшық ет тіні майға қарағанда 15%-ға тығыз, сондықтан жаттыққан адамның салмағы одан да толық, бірақ жаттықпаған адамнан көбірек болады. Дененің орташа есеппен 40% салмағы бұлшық етке түседі.
2. Ең-ең бұлшық еттер
Адамның ең төзімді бұлшық еті – жүрек, ең қысқасы – үзеңгі (ол құлақтағы дабыл жарғағын қатайтады). Оның ұзындығы – 1,27 миллиметр. Адам денесіндегі ең ұзын бұлшық ет – тігін. Ең жылдам бұлшық ет – жыпылықтатқыш. Ағзадағы ең мықты бұлшық ет қайсы дегенге түрлі пікір естуге болады. Көбіне ең мықты бұлшық ет – тіл деп жатады, бірақ тіл бірнеше бұлшық еттен тұратындықтан бұл пікір қате. Шайнау бұлшық еттері өте мықты болып келеді (оның күш қысымы 100 килограммға дейін жететін кездер болады), сонымен қатар балтыр мен жамбас бұлшық еттері де мықты болады.
3. Сан түрлі бұлшық ет
Адамның бұлшық еттері бірдей болмайды. Сондықтан олардың әрқайсын түрліше жаттықтыру қажет, және де бұлшық ет топтарының әрқайсының қайта қалпына келуіне кететін уақыт та әртүрлі болады. Үшбасты бұлшық ет ең жылдам қайта қалпына келеді, ал арқа бұлшық еттері ең баяу. Жаттығу кезінде осыны есепке алу керек, жүктемемен қатар бұлшық етке демалыс та қажет, өйткені бұлшық ет талшықтарының өсуі орнын басу әсерінен болады. Қарқынды жүктемеден кейін бұлшық еттердің толықтай қайта қалпына келуі 48 сағаттан соң іске аса бастайды.
4. Бұлшық еттердің төзімділігі
Төзімділік – бұл бұлшық еттердің бірнеше сағат бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтап тұруы. Айтып өткеніміздей, адам ағзасының ең төзімді бұлшық еті – жүрек. Дәрігерлердің есептеуі бойынша, орта есептегі жүректің «төзімділік қоры» 100 жылдан кем емес. Бұлшық еттер олардың құрамындағы гликогеннің шектелуіне байланысты шаршай бастайды, сонымен қатар шаршауды бұлшық еттегі кальций мөлшерінің арта бастауымен түсіндіруге болады. Бұрындары шаршағандыққа сүт қышқылы кінәлі деп есептеген. Колумбия университетінде жасалған тәжірибеде тышқандар үш апта бойы жүзіп, ал шабандоздар үш күн бойы жаттығатын болған. Нәтижесінде, физикалық жаттығулардан кейін бұлшық еттердің жиырылуына жауап беретін рианодиндік рецептордың химиялық құрылымында айтулы өзгерістер орын алған – жасуша қабықшасында саңылау пайда болып, сол арқылы кальций бұлшық еттерге енген.
5. Бұлшық еттер және эмоциялар
Бет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы адамның эмоциясымен тікелей байланыста екені белгілі. Өткен ғасырдың басында-ақ орыс ғалымы Иван Сикорский бет бейнеге жіктеу жасаған: көз айналасындағы бұлшық еттер ақылдылыққа жауап берсе, ауыз айналасындағы бұлшық еттер – ерік әрекетін бейнелеуге жауап береді, ал сезімді беттің барлық бұлшық еттері бейнелейді. 2011 жылы ғалымдар адамның бет қимылы ол туылғанға дейін пайда болатынын дәлелдеген. Бала құрсақта жатқан кезде де бет бұлшық еттерін қимылдатып, жымиып, таңданған кейіп танытқандай қасын көтеріп немесе түйе алады. Бұлшық еттердің жалпы санының 25%-ын бет бұлшық еттері құрайды, күлген кезде бұлшық еттердің 17 тобы жұмыс істейді, ашуланған немесе жылаған кезде – 43. Бет терісі тегістігін сақтаудың бірден-бір амалы – сүйісу. Ол кезде 29-дан 34-ке дейін бұлшық ет тобы жұмыс істейді.
6. Бұлшық еттер және тұқым қуалау
Таңқаларлық жағдай, бірақ бұлшық еттерді жаттықтыру адамға ғана емес, оның тұқымына да әсер етеді. Оларда жаңа жүктеме үшін бұлшық ет талшықтарына көмектесетін модификация жүреді. Мұны дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін Орхус Университетінің ғалымдары 20 еріктіден құралған топты жинақтайды және оларға веложаттықтырғышта 20 минуттық аэробтық жүктеме жасау ұсынылады. Зерттеуден кейін зерттелушілердің тұқымындағы жасушалар қалай өзгергенін байқау үшін олардың төрт басты бұлшық еттерінен биопсия алынады. Нәтижесінде, физикалық жүктеме бұлшық етке қатысты гендерді белсенді ететіні анықталған. Бұл жасушалардың ДНҚ-ны метил топтарының көмегімен сақтап тұратынымен түсіндіріледі. Егер оларды алып тастаса, калорияларды кетіруге, бұлшық ет жинауға және оттегін тұтынуға қажетті тұқым ақпараты энзимдер мен протеиндерге айналады. Жасалған тәжірибеден кейін тәжірибеге қатысқан қатысушылардың барлығының метил топтарының саны кеміген – яғни бұлшық еттер метаболизмнің жоғарылауына дағдыланған.
7. Бұлшық еттер және телепатия
Қарапайым адам ағзадағы барлық бұлшық етті басқаруға қауқары жетпейді, сондықтан бұлшық еттердің бейсаналы жиырылуы білген адамға жасырын ой немесе ойланған әрекеттердің индикаторы бола алады. Жоғары деңгейлі психологтар мен «телепаттар» бұл процесстер жайлы білімді пайдалана алады. Танымал телепаттардың бірі Вольф Мессинг өзінің таңғаларлық қабілетін сиқыр деп емес, адамның бұлшық еттерінің жұмысын жақсы білгендігімен түсіндірген. Ол: «Бұл ойды оқу емес, былайша айтқанда «бұлшық етті оқу»... Адам бірдеңені қатты ойласа ми жасушалары ағзадағы барлық бұлшық еттерге импульс береді» дейді.
8. Алақанның ұзын бұлшық еті
Жер шарындағы алты адамның біреуінде ғана екі қолының алақанында ұзын бұлшық ет сақталған. Кейбіреуінің бір қолында ғана бар. Жан-жануарларда бұл бұлшық ет тіндері тырнақтың шығуына жауап береді. Адамға бұл атқарымның қажеті жоқ екені белгілі. Осылайша хирургтар бұлшық еттерді трансплантациялау қажет болған жағдайда алақанның ұзын бұлшық етін рудимент ретінде пайдаланады.
9. Бұлшық еттер және шоколад
Бір қызығы, жүрек пен жалпы бұлшық етке пайдалы өнім ащы шоколад екен. Детройттағы Уэйн Университетінде жасалған зерттеулер ащы шоколадтың құрамында болатын эпикатехин бұлшық ет жасушаларындағы митохондрийдің өсуіне әсер ететінін дәлелдеген. Аквиль университетінің ғалымдары да зерттеу жасап, қатысушыларға 15 күн бойы жүз грамм беріп отырған және қан қысымын өлшеген. Тәжірибе кезінде адамдардың қан қысымы тұрақтанып, қан айналымы жақсарған. Демек, ащы шоколадты орынды орташа тұтыну жүрек аурулары мен артеросклероздың алдын алу шарасы ретінде пайдалануға болады.
10. Бұлшық еттерден айрылу
Бұлшық еттер мәңгілік емес. 40 жастан кейін олар белсенді түрде кете бастайды, бір жылда адам 2-ден 3 пайызға дейін бұлшық ет тінінен айрылады, 60 жастан кейін – 5%-ға дейін. Сондықтан қартайған шақта да жаттығулардың маңызы өте зор.
.Адам ұзақ уақыт тұрғанда неліктен екі аяққа алма – кезек салмақ салып тұрады?
4. Қандай ұлттық ойындар тірек – қимыл жүйесін дамытуға ықпал етеді?
Сабаққа рефлексия «Бағдаршам» бойынша. Оқушыларға 3 түсті (қызыл, сары, жасыл) стикер таратылады.
Бағалау (ауызша):
-
Өзіңді бағала