Материалдар / Ашық сабақ.Жеке және топтық ойындар. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды тусіну және көрсету. 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ.Жеке және топтық ойындар. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды тусіну және көрсету. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Жеке және топтық ойындар.Әр-түрлі тактика мен стратегияларды тусіну және көрсету. 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
347
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ОЙЫНДАР



Сабақтың тақырыбы:

7.2.3.1. Әр-түрлі тактика мен стратегияларды тусіну және көрсету.

Сабақтың мақсаты:

Әр-түрлі жағдайларда өз құрамындағы оқушыларға көмек беруді үйрету.

Бағалау

критерийі

Оқушылар ҚЕ сақтау.

Түрлі ойын жағдайында техникамен стратегияны қолдана отырып командалық ойын көрсете алады.

Тілдік мақсат:

Барлық оқушылар үйренеді: қазақ ұлттық ойныдарындағы өздерінің қозғалыс дағдыларын және стратегиялық ойлауын талқылай, салыстыра және талдай алады.

Пәндік лексика және терминология: ұлттық, тактика,ойыншы,шабуылдау, қорғаныс, ережелер, бағалау, адал ойын.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері: Сендер осы ойында артықшылық алу үшін қандай стратегиялық шабуылдарды қолдана аласыңдар?

Қазақ ойындарының тарихын еске түсіре және салыстыра отырып, бұл ойындарды қазіргі заманда ойнауға бола ма?

Құндылықтарды

арттыру:




Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу. Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

Пән аралық байланыс:

Биология (ойындарды ойнау барысында аяқ-қолдың икемділігін, ағзада болатын өзгерістерді анықтайды)

АКТ қолдану дағдылар

Тақырып бойынша қазақтың ұлттық ойындарын орындау кезіндегі әдісін көрсету.

Алдыңғы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сабақ, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте оқыған ұлттық ойындар туралы білімдері мен түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар


Ресурстар


Сабақтық басталуы- шақыру




10 минут








Ұйымдастыру кезі.

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критерилерін таныстыру.

Кең алаң, проектор, ноутбук. Олар алдағы

Таңдалған қызметтің қауіпсіздік ережесі

Оқушылар сабақта қауіпсіздік ережесін қайталайды сақтайды.Олар алдағы жаттығулардың алдында қызудың маңыздылығын талқылайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қандай бұлшық ет топтары қызу керек….?

- Дененің қызуына дайындық белгілері…

Денешынықтыру сабағындағы қауіпсідік ережесі.


Оқушылар ҚЕ сақтай отырып тапсырманы орындайды. Жаттығулар дененің бірте-бірте дамуына ықпал етеді.

Жүру.

1.Жаттығулар дұрыс тұрақтылықтың дамуына ықпал етеді. Оқушылар арқаны түзу ұстап жүруіне көз жеткізу

- қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

- қолды белге қойып өкшемен жүру.

- табанның ішкі жағымен жүру;

- табанның сыртқы жағымен жүру;

- жартылай отырып жүру.


Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушыларды сапқа тұрғызып ЖДЖ орындайды.

2. Арнайы жаттығулар.




Мұғалімнің көрсетуімен қайталайды.

Сабақтың ортасы - ойлану



30 минут








Оқушылар қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын пайдаланып, ұсынылған материалдар бойынша қозғалыс ойындары туралы әңгімелеседі

Тапсырма

«Көкпар» ойынының ережесіне сай, топқа бөлініп, балама ойын құрастырып ойнаңыздар. Екеуден жұптасып, ажырамай жүгіріп, ойын ережесімен ойнаңыз. «Салым» ретінде допты, «қазандық» ретінде жұмсақ төсенішті пайдаланыңыз.


Дескриптор Білім алушы

- Тактикамен стратегия құру кезінде командаластарымен бірге ат салысады.

- Өздеріне берілген ойын міндетін орындайды, қиын жағдайда командасына көмек көрсетеді.

- Өзінің командасы жеңісі үшін жеке-дара шабуылға шешім қабылдайды.

- Қарсыластың қазандығына жүгіріп жетеді, салым салады.

- Өзінің алаңында жүріп-ақ командасының жеңіске жетуіне мүмкіндік жасайды.



Қазақ ойындарына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

Әрбір қызмет түрі үшін Үлкен бос кеңістік.





Сабақ соңы –рефлексия


5 мин


Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім?, нені үйрендім?.

- нені толық түсінбедім?.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!