Ашық сабақ"Нан қайдан шығады?" ересек топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ"Нан қайдан шығады?" ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Нан туралы түсінік беру. Нанды қадірлей білуге және оны құрметтеуге үйрету. Дамыту: Көркем сөздерді қолдана отырып тіл байлықтарын дамыту. Тәрбиелеу: Үлкендердің еңбегін құрметтеуге, олардың еңбегінің нәтижесін қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Әдіс – тәсіл: Әңгіме, сұрақ – жауап, сиқырлы экран, нан туралы суреттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

7 "Ертөстік" бөбекжай балабақшасы

Тәрбиешісі:Айтуарова Меруерт Булекбаевна

5 "Қонжық" ересек тобы


Білім саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Нан қайдан шығады?

Мақсаты: Нан туралы түсінік беру. Нанды қадірлей білуге және оны

құрметтеуге үйрету.

Дамыту: Көркем сөздерді қолдана отырып тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелеу: Үлкендердің еңбегін құрметтеуге, олардың еңбегінің нәтижесін

қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Әңгіме, сұрақ – жауап, сиқырлы экран, нан туралы суреттер.

Керекті құрал: Суреттер, ертегі кітап, атрибуттар.

Сабақ барысы:Балалар бізде бүгін ерекше оқу іс - әрекеті болады. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр.

- Сәлеметсіздерме!

- Ал енді шаттық шеңбер құрайық.

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты таңымыз,

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар!


- Қане, балалар орнымызға жайғасайық.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Айдың аттарын атап беріңдерші?

- Кім күз мезгілі туралы тақпақ біледі?

Бердаулет:

Көк майсалы көрікті

Алқабтағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін


Асел: Күзім-ау,күзім -ау

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың себелеп

Келгенің қызық ау.

Міне, балалар біз көктем туралы тақпақтар біледі екенбіз. Енді біз апта күндеріне тоқталайық.

- Бір аптада неше күн бар?

- Апта күндерін кім атап береді?

Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырып бастаймын.

«Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас» (Таба нан)

- Дұрыс айтасыңдар балалар.

Балалар бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Нан қайдан шығады?» - деп аталады.

- Балалар көктем мезгілінде үлкен ағаларымыз, апаларымыз егіс алқабында қауырт жұмыс жасайды. Көктем мезгілінде біз көптеген егін егеміз. Көктемде жерді жыртып егінге дайындаймыз. Бидайды себіп егеміз. Мен сендерге тағыда жұмбақ жасырамын.

«Сары теңіз маңайым,

Дәнді теріп алайын» (Егіс алқабы)

Міне, жұмбақта егіс алқабын айтып кеттік. Ендеше сиқырлы экраннан сап – сары болып пісіп жатқан бидай алқабы бейнеленген.

- Комбайынмен орып аламыз? (слайд суретін әңгімелеу)

- Бидайдан не аламыз?

- Ұн.

- Ұннан не жасаймыз?

- Нан.

- Балалар кім нан туралы тақпақ біледі?


Гүлназ: Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар?


Руслан:Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар сірә нанға зар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.


Нұрлыбек: Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.


Ал балалар мен сендерге «Нан қайдан шығады?»- деген ертегіні оқып беремін.

Ертегіні 2-3 рет оқу. Ертегі кейіпкерлерінің айтқандарын қайта балалардан сұрау.

Балалар шаршаған болсақ, сергіту сәтін жасайық.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Балалар сергіп алған болсақ орнымызға отырамыз.

Осы кезде желдетіп қаңбақ келеді.

- Балалар мынау желдің дауысы ғой.

Қаңбақ:

- Ой, сәлеметсізбе!

- Мында не болып жатыр?

- Мен бидайдың даусын естіп келе жатырмын

«Бидай мен Қаңбақ»

- Балалар бүгін бізде қандай оқу іс – әрекеті болды?

- Біз не жайында әңгіме жүргіздік?

- Қандай ертегі оқыдық?

- Бізге қай ертегіден кейіпкер қонаққа келді?

- Жарайсыңдар балалар, олай болса бүгінгі іс-әрекет аяқталды.

Апайлармен қоштасамыз,сау болыңыз!








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2020
1921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі