Материалдар / Ашық сабақ.Тақырыбы: Экономика және жекеменшік. 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.Тақырыбы: Экономика және жекеменшік. 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам.Қоғам.Құқық пәні мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
1124
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:_________________
сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы:Экономика және меншік
Сабақ мақсат - міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға «экономика» ұғымының мәнін түсіндіру, меншік түрлерімен, меншіктің түрлі нысандарындағы кәсіпорындар қызметімен таныстыру, экономикалық жүйе түрлерін талдау
2. Дамытушылық-оқушыларға адамның материалдық өндірістің негізі екенін ұғындыра отырып, өз бетімен іздене білу қасиетін жетілдіру;
3. Тәрбиелік-экономикалық жүйелер мен нарықтық экономиканың талаптарын түсіндіре отырып, оқушыларды білімге, еңбекқорлыққа, нарықтық экономика талаптарына сай азамат етіп тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Блум таксономиясы бойынша талдау, баяндау, өз ойын айту, талдау,пікір алмасу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:слайд, сызба, суреттер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, экономика
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу:
1. «Меншік» тобы
2. «Нарық» тобы
3. «Кәсіпкер » тобы
4. «Өндіріс» тобы
«Білу» 
1 – кезең
Оқушылардың үй тапсырмасын пысықтап қорыту дағдысын қалыптастыру кезеңі
1.қажеттілік дегеніміз не?

2. қажеттіліктің неше түрі бар?

3.Америкалық ғалым Маслоудың ілімі бойынша қажеттіліктер нешеге бөлінеді?

4.экономика дегеніміз не?

5.өндіріс дегеніміз не?

6.Өндіріс факторларына нелер жатады?
«Түсіну»
(Жаңа материалды баяндау Оқушылардың қызығушылығын ояту. 
Меншік деген не?, меншіктің қандай түрлерін білесің?
«Меншік » ұғымы
Экономикалық жүйе қызметінде меншік қатынастары жоғары маңызға ие.Қазақстан Республикасында меншіктің 2 түрі танылады:
1. Мемлекеттік меншік
2. Жеке меншік
Жеке меншік – жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және т.б. алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы.
Нарықтық және нарықтық емес экономикалық жүйеде меншіктік қатынастардың бір-бірінен айырмашылығы бар. Нарықтық емес экономика мемлекеттік меншікке негізделеді. Ал нарықтық экономика ең алдымен жеке меншікке негізделеді.
«Кәсіпорын» ұғымы
Кәсіпорын дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект.
Кәсіпорындар жеке, мемлекеттік меншіктегі, қоғамдық меншікте болып құрылуы мүмкін. Экономикасы дамыған елдерде жеке азаматтардың меншігіне негізделген кәсіпорындар басым.
Жалгерлік кәсіпорындар мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арсындағы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар – мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылады
Аралас меншік нысанындағы кәсіпорынға акционерлік қоғамдарды жатқызуға болады. Акционерлік қоғамдардың мүлкі акционерлердің салымдарынан құрылады.
«Экономикалық жүйе » түрлері
Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығын экономикалық жүйе деп атаймыз.
Экономикалық жүйенің 4 түрі бар:
1. Дәстүрлі
2. Жоспарлы
3. Нарықтық
4. Аралас
Дәстүрлі жүйеде еңбек ресурстары қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптар жүйесі бойынша анықталады.
Жоспарлы экономикада экономиканың қызметі орталықтан жоспарлы жүргізіліп, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынады. Жоспарлы экономикада мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар қызметі дамытылады.
Нарықтық экономика – тауар-ақша қатынастарына негізделген, жеке меншік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі орнаған экономикалық жүйе. Мұнда негізгі шешімді мемлекет емес, өнім өндірушілер мен тұтынушылар қабылдайды.
Нарықтық экономиканың негізгі элементтері – сұраныс пен ұсыныс.
Аралас экономика – жекеменшікке және оның түрлі формаларына негізделген экономикалық жүйенің бір түрі
«Қолдану»
(Алған жаңа білімдерін сабақ барысында қолдану)
Оқулық мәтінімен таныса отырып постер қорғау
«Меншік» тобы, «Нарық» тобы - «Адам – экономиканы дамытушы, материалдық игілікті өндіруші, еңбек етуші тұлға»
«Кәсіпкер » тобы, «Өндіріс» тобы – «Егер мен кәсіпкер болсам...»
«Талдау»
1 – тапсырма «Дискуссиялық өрнек»

Сұрақтар

«иә»

«жоқ»

1

Экономика сөзі грек тілінен аударғанда «шаруашылықты жүргізу» деген мағынаны білдіреді

+


2

Экономикалық жүйе 2 ке бөлінеді:


+

3

Нарықтық экономикада жекеменшік қарқынды дамып, кәсіпкерлікке кең жол ашылады

+


4

Нарықтық экономикада экономиканың қызметі орталықтан жоспарлы жүргізіліп, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынады.



5

Тауар өндірушілердің қызметін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйе деп аталады.

+


6

Кәсіпорын дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект.

+


2-тапсырма «Экономикалық диктант»
«Меншік» тобына:
1. Экономикасы дамыған елдерде ----------------------негізделген кәсіпорындар басым.
2. -------------------------------мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арсындағы жалға беру туралы ------------негізінде құрылады.

«Нарық» тобына:
1. --------------------- жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, ---------------- және мұраға қалдыру құқығы
2.Мемлекеттік кәсіпорындар –------------------органдарының өкімімен құрылады

«Кәсіпкер » тобына:
1. Нарықтық экономика – тауар-ақша --------------негізделген, ------------пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі үстемдігі орнаған экономикалық жүйе
2. ------------ әрқашан да дамудың және------------ жетілдірудің басты факторы болған

«Өндіріс» тобына:
1. Орталықтандырылған , нарықтық емес экономика ---------------- немесе қоғамдық меншікке --------------, ал нарықтық бәсекеге құрылған экономика--------------------негізделеді.

2. Акционерлік қоғамдардың мүлкі қоғамның жарғылық қорына қосқан ---------------------------құрылады

«Жинақтау» Топтастыру
ЭКОНОМИКА
1. Қазіргі таңда Қазақстан қандай экономикалық жүйемен дамып келеді?
2. Қазақстанда экономиканың қандай саласы жақсы дамыған?
3. Қазақстан қандай мемлекеттермен экономикалық байланыс жасап келеді?
4. Қазақстанның қандай өнімдері халықаралық сұранысқа ие?
5. Елімізде әлі де болса бәсең дамып келе жатқан сала ретінде қандай саланы айтар едіңіздер?
6. Қазақстан азаматы ретінде еліміздің экономикалық дамуына қандай баға бересің?
7. Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
8. Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
9. Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?


«Бағалау» Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерім....
Көп жаңа мағлұмат алдым, білімім толықты
Білімім орташа жетілдіруім керек
Сабақтан ештеңе түсінбедім
Бағалау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, «Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикалық дамуы » тақырыбында қысқаша хабарлама дайындау
Қорытындылау
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Оң саясаттың әсерінен елімізде мұнай өндірісі, ауыр өнеркәсіп салалары халықаралық сұранысқа ие болып отыр. Еліміздің экономикалық әлеуетін одан әрі көтеру

– мына сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан жақсы білім алып, сол білімдеріңізді Қазақстанымызды көркейтуге жұмсаңыздар дегім келеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!