Пән: Адам.Қоғам.
Құқық.
Тақырыбы: &31. Қылмыстық құқық негіздері
Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқықты – құқық саласының көпшілік құқығы ретінде
қарастыру.
Сабақтың
міндеті:
Білімділік: Қылмыстық құқық түсінігі, жүйесі, міндеттері жайлы мәлімет
беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау , тыңдау, сөйлеу мәдениетін
дамыту.
Тәрбиелік: Айналасына құрметпен қарауға баулу, адамгершілікке,
құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: : Блум таксономиясы бойынша
талдау, баяндау, өз ойын айту,
постер қорғау, сұрақ-жауап,
топтық жұмыс
Көрнекіліктер: тірек-сызбалар, Қ.Р.қылмыстық кодексі,
оқулықтар
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу;
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және
мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Оқушыларды топқа
бөлу:
1.
«Гипотеза»
тобы
2.«Санкция»
тобы
3.«Диспозиция»
тобы
«Білу»
1 –
кезең
Оқушылардың үй тапсырмасын пысықтап қорыту
дағдысын қалыптастыру кезеңі
1.Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына қанша сағат
болуы
қажет?
Жауабы:жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға
тиіс
2. Еңбек қатынастарының
субъектілері:
Жауабы:жұмыскер, жұмыс
беруші
3.Жұмыс беруші жұмыскердің
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін келесі тәртіптік жазаларды
қолдануға құқылы:
Жауабы:ескерту, сөгіс, қатаң
сөгіс, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзу
4. Түнгі уақыттағы жұмыс болып
есептеледі:
Жауабы:сағат 22-ден 6-ға дейінгі
уақыт
5.14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы аптасына қанша сағат болуы
қажет?
Жауабы:аптасына 24 сағаттан
аспайтын
6.
Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі бойынша еңбек шарты жасалатын жалпы жас
қандай?
Жауабы:он алты жасқа толған
азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол
беріледі
7.
Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі бойынша жұмыс уақытының түрлері
қандай?
Жауабы:
ұзақтығы қалыпты,
ұзақтығы қысқартылған, толық және толық емес жұмыс уақыты болуы
мүмкін
8. Еңбек құқығының негізгі бастауы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексі қабылданды
Жауабы:2007 жыл 15 мамыр
«Түсіну»
(Жаңа материалды баяндау Оқушылардың
қызығушылығын ояту.
Қылмыс дегеніміз не? Қылымыстың қандай түрлерін
білесіңдер?
-
Қылмыстық құқық.
Құқық жүйесiнiң құрамдас бөлiгi бола тұра қылмыстық құқық
жалпы құқыққа тəн барлық белгiлердi (нормативтiлiк, орындау
мiндеттiлiгi жəне т.б.) қамтитын құқық саласы болып
табылады. Қылмыстық
құқық- бұл қандай
əрекеттердiң қылмыс болып табылатынын жəне қандай жазалар мен басқа
да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға
тағайындалатынын, сонымен бiрге қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негiздерiн белгiлейтiн
құқық нормаларын бiрiктiрген құқықтың бiр ерекше
саласы.
-
Қ
Қылмыстық
құқық жүйесі
ылмыстың жүйесі
Жалпы
Ерекше
Жалпы бөлiмде
қылмыс пен жаза туралы ұғым,
қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың
негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi,
қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау
сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның
мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан
босатудың басты мəселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде
нақты қылмыс құрамдары жəне
оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы
жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң
жиынтығы қылмысты құқықты құрайды
-
Қылмыс–қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік.
Қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi бойынша қылмыстарды
мұндай санаттарға бөлу кiнəнiң нысаны мен бас бостандығынан
айырудың жоғарғы мерзiмi түрiндегi
санкция арқылы нақтыланады.
Қ оғамға қауiптiлiк сипатына
қарай:
Ауырлығы онша емес
қылмыстар
Ауырлығы орташа қылмыстар
Ауыр қылмыстар
Аса ауыр қылмыстар
«Қолдану»
(Алған жаңа білімдерін
сабақ барысында қолдану)
Оқулық мәтінімен таныса отырып, топ атауларын
эссе жазу арқылы қорғау;
«Гипотеза» тобы-
Гипотеза ұғымы туралы
«Санкция» тобы – санкция ұғымы
туралы
«Диспозиция» тобы- диспозиция ұғымы туралы
шағын эссе жазу
«Талдау»
1 – тапсырма
«Дискуссиялық өрнек»
№
|
Сұрақтар
|
«иә»
|
«жоқ»
|
1
|
Қылмыс
дегеніміз-
жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік
|
+
|
|
2
|
Кәмелеттік жасқа
толмағандар деп 15 жасқа жетпеген адамдарды
айтамыз
|
|
+
|
3
|
Заңды жауапкершілік
дегеніміз: құқық бұзушылық субъектісінің құқық нормаларымен
көрсетілген жағымсыз салдарына төзу
міндеттері
|
+
|
|
4
|
Қылмыстық құқық жүйесі үшке
бөлінеді
|
|
+
|
5
|
Қылмыстық құқық
бұзушылықтың белгілері: кінәлілік, қоғамға қауіптілік, қылмыстық
заңға қайшылық,
жазаланушылық
|
+
|
|
6
|
Қазақстан Республикасында сот
төрелігін Конституциялық
кеңес
жүзеге
асырады
|
|
+
|
2-тапсырма «Қылмыстық
диктант»
«Гипотеза»
тобына-
1. Қылмыстық Кодекстің
құрылымы ------------ және ----------------- болып
бөлінеді.
2.Қылмыстық жаза дегеніміз: мемлекеттің
қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданатын ------ немесе ----------
әсер етудің жағымсыз шаралары.
«Санкция»
тобына:
1. Қылмыстың негізгі төрт
белгісі
бар:----------------------------,-----------------------,---------------
және
-----------------------------.
2. Қылмыстық құқық-
құқықтың ------------- және ------------------ салаларының бірі
болып табылады.
«Диспозиция»
тобына-
1. Қылмыстық құқықтың басты
міндеті- --------------------.
2.Қылмыстық жауаптылықтан --------------- бір түрі рақымшылық
немесе кешірім жасау.
«Жинақтау»
Топтастыру
Қылмыстық
құқық
1. Қазіргі таңда Қазақстанда қылмыстың алдын-алу үшін қандай
шаралар жасалынып жатыр?
2. Қылмыстық құқықтың формальды
қайнар көзіне нелер
жатады?
3. Қандай қылмыстарды
білесің?
4. Рецидивист дегеніміз
не?
5.Қылмыскер деп кімді
айтамыз?
6.Жасөпірімдер арасында қылмыс көп
пе?
7. Оның себебі
неде?
8. Қылмысқа қатысу дегенді қалай
түсінесің?
«Бағалау» Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған
әсерім....
Көп жаңа мағлұмат алдым,
білімім толықты
Білімім орташа жетілдіруім
керек
Сабақтан ештеңе
түсінбедім
Бағалау.
Үйге тапсырма: тақырыпты
оқу, «Қылмыстың түрлері» тақырыбында қысқаша эссе
дайындау
Қорытындылау
Қазақстан Республикасы көп этносты және халық саны аз мемлекеттер
қатарында. Қылмыстың алдын-алу мақсатында елімізде іс-шаралардың
бірнеше түрі өтіп жатыр. Қылмыстың алдын алу, азайту болашақ – мына
сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан жақсы білім алып, сол
білімдеріңізді Қазақстанымызды көркейтуге жұмсаңыздар дегім
келеді.
Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
№1 мектеп
Тарих-құқық пәні мұғалімі: Сарсенова
Самал Сенгалиевна
Үй адресі:
Атырау облысы
Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
2 ауыл 38 «а» үй
Ә.Молдағұлова көшесі
Тел:8778-474-80-80