Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақтың тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мұрасы және ұлттық құндылықтары»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы»ММ
«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері Директордың оқу ісі ______А.С.Керимкулова жөніндегі орынбасары
«_____»______2022ж ______Л.С.Байсеитова
. « _____ »______ 2022ж.
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мұрасы және ұлттық құндылықтары»
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
оқытушысы Досанова К.Л.
Т.Рыскулов 2022ж
-
-
-
«Жалпы білім беру» пәндік
циклдік комиссия төрағасы
_________Г.А.Ахметова
Хаттама №
«____»________2022 ж
-
-
«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК
Ашық сабақ жоспары
Ашық сабақтың тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мұрасы және ұлттық құндылықтары»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
-
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұмат бере отырып, шығармаларының мазмұнымен таныстыру.
-
Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолын,ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады,қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі.
Дамытушылық:
-
студенттердің ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсінігін, өз ойларын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алуын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
-
Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын ашу арқылы студенттерді ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясымен әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі хабарлау, «РОМБ» әдісі, «ПТМС» әдісі, «Ой қозғау» тәсілі, «Жеке жұмыс» әдісі, Өзін-өзі бағалау, «Түртіп алу» стратегиясы, «Plickers» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Студенттің өзін-өзі бағалауының мақсаты – бұл тұлғаның өзіне, оның қабілеттеріне, субъективті қабілеттеріне, мінез-құлық қасиеттеріне, жеке қасиеттеріне, әрекеттеріне деген көзқарасы және оқудағы табысы.
Пәнаралық байланыстар: Қазақстан тарихы
Бастапқы білім: Қазақ зиялы қауымы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын анықтай біледі.
Бағалау критерийлері
-
Тарихи мәліметтерге сүйене отырып тұлғаны табады.
-
«ПТМС» әдісімен А. Байтұрсынұлы – «Ұлт ұстазы» екендігін дәлелдейді Ахмет Байтұрсынұлының қазақ лингвистикасының негізін салушы, қоғам қайреткері ретіндегі рөлін сипаттайды.
-
Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын анықтап, дәлелдейді.
-
Ахмет Байтұрсынұлының қоғам қайреткері ретіндегі рөліне баға береді.
Ұйымдастыру кезеңі
« Ой қозғау» сұрақтары
1. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы негізгі мәселе?
2. Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен мұражайы қай жерде орналасқан?
3. Әкесі мен анасының, балаларының есімдері кім?
4. Ахмет Байтұрсынұлы қай рудан шыққан?
5. 1998 жылы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына неше жыл болды?
6. Ақынның қандай өлеңдері бар?
7. Марапаттары мен сыйлықтарын ата?
Топтық жұмыс Әдісі: кластер
Шарты: Ахмет Байтұрсынұлы -тіл білімінің негізін салушы екенін сипаттайды және
оның қоғамдағы орны мен еңбегі туралы не білетіндерін анықтайды.
Сұрақтар
1.Бұл кімнің фото суреті?
2.Ол туралы не білесіздер?
3.Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін атап беріңіздер?
4.Ахмет Байтурсынұлының қоғамдағы қызметі туралы не білесіздер?
Интербелсенді тақтада А.Байтұрсынұлының портреті ұсынылады
Жаңа сабақ
Ахмет Байтұрсынұлының өміріндегі кезеңдердің мазмұнын «РОМБ» әдісі арқылы баяндау.
-
Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келді.
-
1891 жылы Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі.
-
1909 жылы Семей түрмесіне жабылды.
-
1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады.
-
1918 жылы Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды
6. 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады
7. 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту
комиссары қызметінде жұмыс жасады
8. 1923 жылы Байтұрсынұлының 50 жасқа толғаны Орынборда салтанатты түрде атап өтілді
9. 1929 жылы Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді.
Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді.
Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Байтұрсынұлы публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз.Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.
Қысқа ғана ғұмыры күрес пен азапқа толы болды Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды. Оны 1934 жылы Максим Горький мен оның бірінші әйелі Екатерина Пешкова Қызыл Крест ұйымы арқылы шығарып алады.Ахмет Байтұрсынұлының қолында әйелі мен асырап алған екі бірдей кішкентай бала болды. Отбасын асырау салмағы тұрмыстағы қызы Шолпанның иығына түсті. Шолпан - Ахмет Байтұрсынұлының асырап алған қызы Алматыға 1934 жылы оралған Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады.
«ПТМС» әдісі арқылы тапсырма орындау
А. Байтұрсынұлы – «Ұлт ұстазы» екендігін дәлелдейді.
-
Позиция (Мен солай санаймын,....)
-
Түсіндіру (....себебі...)
-
Мысал (Мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
-
Салдар (Айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
Бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау.
Шығармашылық жұмыс
Шарты:Мысалды мәнерлеп оқу барысында дауыс ырғағына, екпін қоюына көңіл бөлінеді.
«Аққу, шортан һәм шаян» мысал өлеңі
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір
күн,
Жегіліп, тартты үшеуі
дүркін-дүркін.
Тартады Аққу
көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға
қарай Шортан шіркін.
Бұлардың
машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына
кеп мәз болмады.
Тартса да бар
күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк
орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк
артық ауыр емес,
Құр сырттан
«пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында
тұр,
Бырыңғай тартпаған соң
бәрі тегіс.
* *
*
Жігіттер, мұнан ғибрат
алмай болмас,
Әуелі бірлік
керек, болсаң жолдас.
Біріңнің
айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген
ынтымақсыз ісің оңбас.
Жеке жұмыс Әдісі: «Тарихи диктант»
Шараты: Ахмет Байтұрсынұлының жазған еңбектері туралы мәтінді оқып, нүктелердің орнына қалып қойған сөздерді жаз.
1.А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту ...... негізін салушы болып табылады.
(әдістемесінің)
2.Ахмет Байтұрсынұлының «оқу құралы әліппесі ...... тілінде жазды. (қазақ)
3.А.Байтұрсынұлының мемлекеттік қызметпен қатар ............ қызметпен де айналысты. ( педагогикалық)
4. Үш кітап тұратын «Фонетика», «Марфология», «Синтаксис» ........жазды.
(«Ана тілі бойынша оқу құралы»)
5. А.Байтұрсынұлы қазақ тілтануының негіздерін, қазақ грамматикасын белгілеуге арналған ғылыми .......әзірлді.
( терминологияны)
Бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау.
Әдісі «дайын жауап үлгісі»
Қорытынды:Бүгінгі «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық мұрасы және ұлттық құндылықтары» атты ашық сабағымды келесі өлең жолдарымен және «Plickers» әдісі арқылы сабақты қорытындылағым келеді.
Алыстан, «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын, «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
«Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керекпіз.
«Plickers» әдісі
Бірінші қазақ әліпбиінің авторы
+
Тұңғыш қазақ қыздарына арналған мектеп ашты
-
Барлық түркі тілдес халықтарға жазудың жақсы үлгісін көрсетті
+
Қазақ АКСР құрылғаннан кейін 1920-1921 жылдары халық ағарту комиссары қызметінде болды
+
"Кел, балалар, оқылық!" өленінің авторы
-
Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалы
+
Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы
+
Шолпан - Ахмет Байтұрсынұлының асырап алған қызы
+
Бағалау түрі: Өзін-өзі бағалау.
Бағалау парағы «10» балдық жүйе
« Ой қозғау» сұрақтары
|
Топтық жұмыс Әдісі:кластер
|
«ПТМС» әдісі арқылы тапсырма орындау
|
Шығармашылық жұмыс «Аққу, шортан һәм шаян» мысал өлеңі
|
Жеке жұмыс Әдісі: «Тарихи диктант» |
«Plickers» 770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |