Ашық шара Химия ұландары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық шара Химия ұландары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге және оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











Ашық шара


«Химия ұландары»
















Химия пәні мұғалімі: Аманжанқызы.Ш
















2017-2018 оқу жылы

Күні:24.11.17 Сынып: 7а,б,в

Химия пәнінен ашық шара : «Химиялық өрмек»

Мақсаты: 1. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.

2. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.

 Көрнекілік: интерактивті тақта, таратпа материалдар.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен ұйымдастырылып отырған «Химиялық өрмек» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Химия – қиында қызықты пән.

Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, -дей келе ашық шарамызды ашық деп жариялаймыз

Сайысқа түсуші оқушыларға сабырлық пен жеңіс тілей отырып, ұлы Абай атамыздың өлең жолдарымен бастайық

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғалмай.

Ғылымның білім пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай.


Сайысымызды бастамас бұрын оқушылар парталардың үсітіне қойылған үш түсте берілген стикерлерді таңдаңыздар. Бірдей түсті таңдаған оқушылар бір топқа отырыңыздар, дәл солай қалған топтар құрылады.


 Енді сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс  болыңыздар

 1. ____________________________________________________

 2. ____________________________________________________

 3. ____________________________________________________

Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Бүгінгі сайыстың бірінші кезеңі Біліміңді сына.

Қай топ бірінші бастайынтын анықтау үшін қағазға үш сан жазылған, сандарды тартуға әрбір топқа ұсынылады. Бір санын тандаған топ ойынды бірінші бастайды, ал екі санын тандаған топ екінші болып ойынды жалғастырады, ал үш санын тандаған топ ең соңғы ойынды жалғастырады.


Интерактивті тақтада 12 ұяшық берілген, 10 ұпайға төрт сұрақ, 20 ұпайда төрт сұрақ, 30 ұпайда төрт сұрақтан берілген берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтағы ұпайға ие болады, жауап дұрыс болмаған жағдайда қарсылас топтан сұралады.


10 ұпай- Үш түрлі күйде кездесетін зат? Су

10ұпай- Периодтық жүйені ашқан ғалым? Д.И.Менделеев

10ұпай- Денелерді құраушылар? Заттар

10ұпай-Заттардың агрегаттық күйлері? Қатты, сұйық,газ

20ұпай-Құрамындағы бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа? Біртекті немесе гомогенді.

20ұпай-Құрамындағы бөлшектері жай көзбен немесе микроскоппен көрінетін қоспалар? Әртекті немесе гетерогенді.

20ұпай-Бір заттан екінші зат түзілетін құбылыс? Химиялық құбылыс немесе химиялық реакциялар.

20ұпай-Химиялық реакцияның белгілері? Тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, жылу бөлінуі немесе сіңірілуі, түсінің өзгеруі.

30ұпай-Ас пен келетін тамаққа дәм беретін зат? Ас тұзы NaCl

30ұпай-Заттардың молекулалары өзгеріске ұшырамайтын құбылыс? Физикалық құбылыс

30ұпай-Жай заттардан күрделі зат алу әдісі? Синтез

30ұпай-Заттарды жай заттарға жіктеу арқылы олардың құрамын анықтау әдісі?Анализ


Сайыстың екінші кезеңі Ребус шешу.

Барлығы 9 ребсу беріледі. Жауапты қай топ бірінші табады сол топ жауап береді. Интерактивті тақтадан суреті көрсетіледі. Суреттің ішінде орыс тіліндегі суреттерде кездеседі, химиялық элементтің атаулары жасырылған, таңбасын айту, орысша, қазақша, ағылшынша атауларын айту керек. Дұрыс жауапқа 5ұпай.


  1. Радионың суреті берілген [О] –Й қою, Радий-Radium-Ra

  2. Магниттің суреті берілген [Т] – Й қою, Магний-Magnesium-Mg

  3. Шошқаның суреті берілген [ья]- ЕЦ қою, Свинец-Қорғасын-Plumbum-Pb

  4. Араның суреті берілген ' , Осмий –Osmium-Os

  5. Жүректің суреті берілген ''' А, Сера-Күкірт, Sulfur –S

  6. Танкінің суреті берілген ' тал , Тантал-Tantalum-Ta

  7. Жапырақтың суреті берілген ''' тий, Литий-Lithium-Li

  8. НА 3саны Й , Натрий – Natrium-Na

  9. бас әріптері ВА , соңғы әріптері ИЙ- Ванадий –Vanadium-V


Сайысымыздың екінші кезеңі аяқталды қазылар алқасына топтардың екі кезең бойынша жинаған ұпай сандарын сұрасақ.


Сайысымыздың үшінші кезеңі "Жүйрік болсаң шауып көр"

Интерактивті тақтадан жұмбақтар оқылады, жұмбақты шеше отырып, химиялық атауын қазақша, орысша, ағылшынша атау керек , дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топтың жауап беру мүмкіндігі бар. Сайысты ең көп ұпай санын жинаған топ бастайды

1. Иісі, дәмі де жоқ, ұсталмайды,

Ол болмаса, тіршілік те, өмір де жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ.

(оттек, кислород, оксигениум)

2. Ең жеңіл элемент саналады

Периодтық жүйе осыдан бастау алады

(сутек, водород, гидрогениум )

3. Қымбат деп айтатындай емес алтын,

Сонда да тапты игілік одан халқым.

Апарып Айға елімнің туын тікті,

Жемісін ақыл-ойдың, елдің салтын.

(Темір, Железо, Ferrum)

4. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады    

(Қорғасын, Свинец, Plumbum)

5. Табылса бұрын там-тұмдап,

Қазір әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтынан,

Қандай металл ертеде.

(Алюминий, Aluminium )

6. Ертедан белгілі жетеудің бірімін,

Электроника саласында ірімін.

Көптеген құймаларға кіремін,

Әдемілігі жөнінен алтынмен тең жүремін.

(Мыс, Медь,Cuprum)



Төртінші кезең "Өрмекші торы "

  1. Магнитті тақтада өрмек суреті салынып, ретсіз магнитпен 1-ден 12-ге дейін сандары  дөңгелекте жазылып,  бекітіледі.

  2. Екінші сайыстың қорытындысы бойынша әрбір топ өрмектегі санды  таңдап, дөңгелеті санды атайды, Жүргізуші өрмектегі дөңгелекті алып, оның артындағы жасырын тапсырманы оқиды.

  3. Кейбір нөмерлердің астында жасырылады:

«өрмекші» : ойының келесі кезеңіне өту, ұпай берілмейді ;

«Інжу»: бұл топ 5 ұпайды ие болып, ойынды әрі қарай жалғастырады ;

«су тамшысы»: жиналған ұпайларынан 5 ұпай алынып қалады.

  1. Әрбір дұрыс жауапқа топтар 5 ұпайға ие болады, ал егер жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топтар жауап бере алады және дұрыс жауап үшін 5 ұпайға ие болады. 

Сұрақтар:

  1. Екінші периодтағы элементтер саны (сегіз)

  2. Сүттің ашуы қай құбылысқа жатады? (химиялық)

  3. Периодтық кестедегі №12 қай элемент (Магний)

  4. "Өрмекші"

  5. Әртекті қоспаларды қандай әдіспен тазартады? (тұндыру, сүзу)

  6. Атомдық массасы 16 тең қай элемент (оттегі)

  7. "Су тамшысы"

  8. Күміс қасықтың қараюы қай құбылысқа жатады? (химиялық)

  9. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

  10. "Інжу"

  11. Мұнайдан бензин алу қай құбылысқа жатады? (химиялық).

  12. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)

Сайысымыздың төртінші кезеңі аяқталды.


Бесінші кезең «Шытырман»

Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырсаңыздар, химия зертханасында естеріңізде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережесін оқисыздар.

Әр торкөздегі әріп бір — ақ рет оқылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1-топ:
и қ ы я и х м л к т в т е р а и р ң і д ә і д м н ы т а п т ө к р у е г

о б л а й ы д м

Жауабы: химиялық реактивтердің дәмін татып көруге болмайды.

2-топ:

Ұ ж м с а қ ы а т з а, ұ р қ а қ ғ, ү б і н т д ы с ы п й а д л а у н а а ж қ т е

Жауабы: Жұмысқа таза, құрғақ, бүтін ыдыс пайдалану қажет.

3-топ:

Ы қ з ы р д ы л п а ж т а қ н д ы с т р а ғ а ы ң ү л і п і а қ а у ғ а р о б л а й ы д м

Жауабы: Қыздырылып жатқан ыдыстарға үңіліп қарауға болмайды.


Бесінші кезеңіміз аяқталды.

«Химиялық өрмек» ашық шарамыздың қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі.



Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,

Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.

Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан

Ала берің жарыс сайын бас бәйге, — деп бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

Ұту ғана маңызды емес, қатысу да маңызды екенін ұмытпайық.

Бүгінгі ашық шарамыз осымен аяқталды, ден қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!


















БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


КЕЗЕҢДЕР




І  кезең. «Біліміңді сына» ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. 10,20,30 ұпай

 

 


ІІ кезең. «Ребус» шешу. Қазақша, орысша, ағылшынша атау. Әр жауап 5 ұпай

 

 


ІІІ кезең. «Жүйрік болсаң шауып көр» - жұмбақтар шешу орысша, ағылшынша атау5ұпай

 

 


ІV кезең «Химиялық өрмек» жасырын сұрақ. Әр жауап 5ұпай

 

 


V кезең. «Шытырман» - қауіпсіздік ережесі жасырылған5ұпай

 

 

 


Қорытынды

 

 










































1-топ:
и қ ы я и х м л к т в т е р а и р ң і д ә і д м н ы т а п т ө к р у е г

о б л а й ы д м









2-топ:

Ұ ж м с а қ ы а т з а, ұ р қ а қ ғ, ү б і н т д ы с ы п й а д л а у н а а ж қ т е









3-топ:

Ы қ з ы р д ы л п а ж т а қ н д ы с т р а ғ а ы ң ү л і п і а қ а у ғ а р

о б л а й ы д м







1-топ:
и қ ы я и х м л к т в т е р а и р ң і д ә і д м н ы т а п т ө к р у е г

о б л а й ы д м











2-топ:

Ұ ж м с а қ ы а т з а, ұ р қ а қ ғ, ү б і н т д ы с ы п й а д л а у н а а ж қ т е









3-топ:

Ы қ з ы р д ы л п а ж т а қ н д ы с т р а ғ а ы ң ү л і п і а қ а у ғ а р

о б л а й ы д м





Shape2

2





Shape7 Shape6 Shape3 Shape5 Shape4

5

6

3

4

1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі