Тақырыбы:
«Отбасым- алтын
діңгегім»
Мақсаты:Отбасы туралы ұғымдарын
кеңейту, әке-шеше,бауырдың қадірін түсіндіру. Ата-анасын құрмет
тұтатын, адал да, парасатты ұл мен қызы болуға
тәрбиелеу
Көрнекілігі: тақырыпқа сай слайд, нақыл
сөздер,шарлар.
Сабақ
барысы:
Тәрбиеші сөзі: Бүгін біз
«Отбасым-алтын діңгегім» тақырыбындағы тәрбие сабағымызда бала
тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз.Отбасы-адам баласының тұп қазығы,алтын ұясы.Адам баласы
шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына
бейімделіп, ықпалына көніп осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.
Әйел-отбасының ұйтқысы. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім
алады.Тәртіпті де,тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу -отбасы мен мектептен
алған үлгі өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде
өтеді.
Сайысқа үш топ қатысады.1-топ-
АНА, 2-топ-ӘКЕ, 3-топ-БАЛА тобы.Сайыс болғасын жерде Әділқазылар
алқасын сайлап аламыз. 1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
Сабақтың барысымен таныстырып
кетейін.
І.Таныстыру
II.
Топтық жұмыс.
.
ІІІ. Туыстық қарым- қарым
қатынас атаулары.
(Сұрақ-жауап)
ІV. Мақалды
жалғастыр.
V. «Ән-жұмақ» (әнді
табу)
Ал, ендеше сайысымызды
бастаймыз. 1- кезеңде топтар өздерін таныстырады. Сөз кезегін
1-2-3- топқа берейік.
2 кезеңіміз «Топтық
жұмыс»
1-топқа.Отбасындағы Әкенің
орны.
2-топқа.Отбасындағы Ананың
орны.
3-топқа. Ата-аналарың
сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай бала
болуларың керек?
3 кезеңде «Туыстық қарым-
қарым қатынас атауларын» табуларыңыз
керек.
Сұрақтары:
І-топ
1. Үлкен әпкесінің күйеуі...
(жезде)
2. Күйеу мен қалыңдықтың
шешелері және әжелері бір-біріне кім болады?
(құдағай)
3.Туған кезде кіндігін кескен
әйел. (кіндік шнше)
4. Жиеншар деген кім ?(жиен
шар)
2 -
топ.
Ұзатылған қыздан туған бала
(жиен)
Күйеуге атастырып қойған қыз
(қалындық)
Әйел адамдардың жасы кіші
туыстары (балдыз)
Бір адамның және ағайынды
кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
(бажа)
3 -
топ.
Бірге. туған қыздардың балалары бір-біріне кім
болып келеді ? (бөле)
Тұрмысқа шыққан қыздардың
әке-шешесі мен оның туып өскен ортасы. (Төркін
)
Шөбереден
кейін…(Шөпшек)
Ағайынды адамдардың әйелдері
(Абысын)
4. Мақалды
жалғастыр.Экранда мақалдар көрсетіледі
соларды жалғастырып аяқтауларыңыз керек.
Абысын тату болса
…
Інісі бардың тынысы бар, апасы
бардың
Қарындасың...-
қарлығашым
Балалы
үйдің...
Балалы үй
базар...
Балаң жаман
болса,..
Балам –
балым...
Балаға пышақ берсең бір
жылар...
Ата- ана қадірін
...
Ағайында өкпе бар
да...
Немере етін
жеп...
Ағаның үйі
...
5.
«Ән-жұмақ» (әнді табу)
Жасырылған әуеннің атын ,орындаушысын табуларыңыз
керек
Адам баласы бақытты болуы үшін
он екі мүшесі сау болып, өмірдегі бар жақсылықты бойына жинап,
білім алу керек. Бұған аяулы ата-анасы, қоғам көмектеседі.Осы
жасалған жағдайды пайдаланып өмірден өз орнымызды табуға
міндеттіміз.Отбасы - ол алтын діңгек демекші бүгінгі тәрбие
сабағымызда өз мәресіне жетті.Қатысқан оқушыларымызға рахмет. Сау
болыңыздар
Ән:
«Әке-ана»