Тақырыбы: «Алтын аймақ
мекенім»
Сынып: 6
«А»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға туған
өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет беру.
Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары ардагер ағалар
ерлігін, өнегесін үлгі ету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін. Белсенділігін арттыру
мақсатында қосымша өлкетану материалдарын пайдалануға
дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Отанын, елін сүюге, ұлтжандылыққа, туған жерін
қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, альбом, бүктеме Мақтарал ауданының
тарихы туралы кітаптар, газеттер.
Сабақтың түрі: Әдеи кеш
Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, география, музыка,
кітапханааралық байланыс
1-ж. Армысыздар, ұстаздар мен кітап сүйер
оқырман қауым!
2-ж. Туған жердей жер
болмас,
Туған елдей ел болмас,- деп бабаларымыз бекер
айтпаған.
1-ж. Бүгін біз сіздермен «Алтын аймақ
мекенім» тақырыбында кездесу сәтін өткізбекпіз. Сабағымыздың алғы
сөзін мектебіміздің кітапханашысы Рапишева Райхан апайға
береміз.
2-ж. Мақсатымыз жас буын өкілдеріне соңғы
жылдардағы Мақтаарал ауданының жетістіктері мен мақтан тұтар
азаматтарын таныстыру.
1-ж. Ендеше, ұстаздар, ән сүйер қауым
кешімізді «Туған жер» әнімен бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ән. «Туған жер» орындайтын трио: Кауымбаева
Мөлдір, Ескел Алтынай, Шора
Арайлым
2-ж.
Мырзашөл аймағындағы шөл
даланы игеру мақсатында 1928 жылдың 3 қыркүйегінде Иіржар ауданы
құрылған. Ал 1930 жылдан бастап Мақтаарал ауданы болып өзгертіледі.
Осы Мақтааралдан шыққан мақтан тұтар азаматтарымыздың бірі – «Атажұрт
Мейірімі»Халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының басшысы Өмірзақ
Толыбаев.
1-ж. Ол 1942 жылы 4-мамырда Оңтүстік
Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындағы «Социалистік құрылыс»
ұжымшарына қарасты «Бағара» елдімекенінде, шаруа диқанның отбасында
дүниеге келген.
2-ж. Осындай Мақтааралда туылғанына қуанатын
оқушылармыздың тамаша өнерін
тамашалайық.
Қазақ биі. Шора Арайлым, Кеттеш Ақнұр,
Бақберген Жасмин, Серик
Назерке.
1-ж. Өмірзақ Толыбаев зейнеткерлік жаста
болса да, қоғамдық істер мен жастар тәрбиесінен қол үзбеген. Ол
өткен өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде «Өмір өткелдері» атты
кітап жазды.
2-ж. Біздің сыныпта да Өмірзақ аға жолын қуар
балалар бар. Оларды өздерінің Мақтааралға арнап жазған өлеңдерін
оқуға шақырамыз.
Өркенбай Асылхан, Құрбан Жанета, Қадыр Мирас
, Қауыс Әбдіғаппар өз шығармашылықтарынан өлең
оқиды.
1-ж. Мақтаарал ауданының құрметті азаматы,
5-шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты, «НұрОтан» партиясы,
Мақтаарал аудандық төрағасының 1-орынбасары Әбдіманап Әбдіқалықұлы
Байдуллаев.
2-ж. Әбдіманап Әбдіқалықұлы Байдуллаев
«НұрОтан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының қоғамдық бөлмесі
2010-2017 жылдары қатарынан 7 мәрте «Ең үздік қоғамдық қабылдау
бөлмесі» республикалық байқауында жеңімпаз
болған.
1-ж. Кұрметті көрермендер, ауданнан шыққан,
елімізге танымал әнші Асан Пердешовтың орындауында айтылып жүрген
«Мақтааралым» әнін Жамбыл Назеркенің орындауында қабыл
алыңыздар.
Ән. «Мақтааралым» Жамбыл
Назерке
2-ж. Әбдіманап аға атқарған еңбек жолындағы
жеткен жетістіктерімен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
алғыс хаты, мемлекеттік наградаларымен
марапатталады.
1-ж. Әбдіманап аға қай қызметті атқарса да,
өзін іскер басшы ретінде көрсете білді. Мақтаарал ауданының
экономикасы мен әлеуметтік дамуына, көркеюі мен ауыл мәдениетінің
өркендеуіне мол үлес
қосты.
2-ж. Кезекті жергілікті ақындарымыздың өлең
шумақтарына берейік.
-
Оспан Абылайхан: «Ақ тілекті
халықпыз»
Көрмесе көрсем
дейтін,
Көре берсем
дейтін.
Мақтааралдың халқы
бұл.
Жолыңды
көркемдейтін,
Жүрегінен орын
беретін,
Мақтааралдың халқы
бұл.
Жатын да бауыр
көретін,
Сағынбасаң сағынып
келетін,
Сағынсаң табылып
келетін,
Мақтааралдың халқы
бұл.
Ақ тілегі ағылып
келетін,
Алдында аппақ пейіл
тұратын,
Жамандығы жақсылығынан
келетін,
Мақтааралдың халқы
бұл.
Жақсылық жасауға бейім
тұратын.
Мұхтар Құралов Мақтаарал 7.ХІ.08
7-бет
-
Алданияз
Мирас:
90 жылдық
тойыңмен,
Елдің шеткі
аймағы.
Оңтүстіктің
қаймағы,
Мақтааралым аман
бол.
Халқы сұлу
жайдары,
Канал қазған
ертеде,
Ақ алтынды
өлкеде,
Туып-өскен
қызыңмын.
Қуанбаймын мен
неге?
90 жылдық
тойыңмен.
Құттықтаймын туған
ел.
Балалықтың бал
ізгі,
Топырағында тұрған
жер.
Өс, өркенде,
шарықта,
Жағдай жасап
халыққа,
Дәйім алдан
көрінгін,
Ұқсай бергін
алыпқа.
Сапаркүл Айдарова Мақтаарал, 07.ХІ.08ж
7-бет
-
Паташ
Ардана:
-
Айтқұл Диана: Жыр шашу. Өзіңді мәңгі жыр
етем.
-
Мақтаарал – Мырзашөлде
шежіресің,
Жәннаттың төріндей боп
көрінесің.
Ақ мақта жайнап өскен кең
алқапта,
Ауданға қосып жатқан көп
үлесің.
Мақтаарал – өзіңе мен құмар
басым,
Көңілімнің бұрдым саған мың
арнасын.
Достық пен ынтымақтың арнасы
деп,
Ақының өлең жазып, жыр
арнасын.
Мен өзіңді Мақтаарал мақтан
етем,
Ақ алтынды ақтарған ақ
тауымен.
Әсем-әнім, терме, өлең,
сағынышым,
Өзіңнің атыңды мен жаттап
өтем.
Сырым жоқ Мақтааралдан
жасыратын,
Кезім бар сағынышпен
ағытатын.
Төлеген, Қыстаубай, Нармұрат,
Әбекең
Көргенде көзіме оттай
басылатын.
Ырысың, құтың,
берекең,
Мақтааралдық алып
бауырлар.
Құтты болсын
90жыл,
Құтты болсын
мерекең!
Өзіңді мәңгі жыр
етем!
«Көзайым» ауыл қаламгерлері туындылары. –
Алматы «М-Талант» фирмасы 1996ж. 267,
110-бет
-
Тұтқабай Гүлназ: «Мақтаарал-менің
мекенім»
Мақтаарал-менің
мекенім,
Мақтааралда еңбек
етемін.
Мақтааралға теңеу таба
алмай,
Өлең-жыр самғап
жүремін.
Мақтааралда алдым сусын
білімді,
Мақтааралда әсерленген әнім
де.
Мақтааралда өнер-өлең
үйреніп,
Мақтааралда жыр жазамын
қазірде.
Мақтааралда жүрегімді
сергіттім,
Мақтааралда маңдайымнан тер
төктім.
Осы ауданда тәрбиелеп
ұл-қызды,
Қолдаса құдай қызықтарын
көрмекпін.
Мақтаарал – туған
мекенім,
Мақтааралдан қуат алам
сөнбейтін.
Мақтааралым – сүйінішім,
ғажапсың,
Мақтаарал – қасиеттісің,
анамсың.
Мақтааралым айналайын
атыңнан,
Мақтааралым қымбатсың
алтыннан.
Мақтаарал деп жүрегім жиі
соғасың,
Мақтааралда тау жасалған ақ
алтыннан.
Мақтааралдың перзентімін,
гүлімін,
Арқа сүйер ақынымын,
ұлымын.
Мақтааралға аямаймын,
жұмсаймын,
Ғұмырымның мағыналы
шырынын.
Мақтаарал – құт
мекенім,
Ауасын жұтып
келемін.
Мақтаарал – көріктісің,
жемістісің,
Жырлайтын менің
жырымсың.
М.М.Ерімбетов «Көзайым» ауыл қаламгерлерінің
туындылары Алматы- «М.Талант» фирмасы 1996ж. 267, 123
бет
1-ж. Ал енді Мақтаарал ауданының географиялық
орналасуына да көз жүгіртсек. Мақтаарал ауданы оңтүстік Қазақстан
облысының қиыр оңтүстігінде
орналасқан.
2-ж. Ауданның, солтүстігін түгелдей алып
жатқан Шардара бөгені арқылы Шардарамен шекаралас, шығысы
Сарыағашпен көршілес, ал батыс шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен
шектеседі. Ендеше өзбек биін
тамашалайық.
Өзбек биі. Кеттеш Ақнұр, Кауымбаева Мөлдір,
Ескел Алтынай, Паташ Ардана, Құрбан Жанета, Жамбыл
Назерке
1-ж. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер,
жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан
түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде
ақбөкендер болған.
2-ж. «Достық» каналы — ауданның басты су
көзі. Жер асты суының мол қоры. Кезекті қойылымды көрініске
берейік.
Көрініс.
1-ж. Мақтаарал ауданының егістігі. Аты айтып
тұрғандай , шаруашылқтың басым бөлігін мақта шаруашылығы
құрайды.
2-ж. Аудан бойынша 60% -н мақта өнімі болса,
қалған бөлігін жеміс-жидек, яғни қауын-қарбыз, жүзім сияқты бақша
өнімдері өсіріледі.
1-ж. Келесі кезекте Мақтааралдан шыққан әнші
Роза Әлқожаның «Мақтааралым – мақпал әнім» әнін орындаушылар:
Бақберген Жасмин мен Құрбан Жанета
2-ж. Бөрі Иса – ауданның құрметті азаматы,
күйші. Ол 1945 жылы дүниеге келген.
1-ж. 1963 жылы Шымкент қаласындағы музыкалық
училищенің домбыра класын, Алматы мемлекеттік консерваториясын
домбыра дирижер класын бітірген.
2-ж. Бөрі Иса атамызға ұқсағысы келетін күйші
оқушыларымыз да бар екен. Ортаға қошеметтеп
шақырайық.
Күй. Қадыр Мирас, Бегали
Балкерім
1-ж. Мақтааралда диагностикалық орталық, 6
аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, халық игілігіне жарап
тұр. «Сырдария» университеті,
гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес
колледждері және 2 кәсіптік-техникалық мектеп мамандар дайындап
оқытуда. Сондай-ақ ауданда 130 мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2
музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат жұмыс
істейді.
1-ж. Мақтааралды мақтан ететін аудан
жастарының заманауи әніне құлақ
түрсек.
Рэп ән. Қауыс Әбдіғаппар, Сағынбек
Ақарыс
2-ж.
Алла қазақ халқына Ұлан ғайыр атырапты
сыйлады. Осынау Алтай мен Атырау, Арқа мен Қаратаудың арасын алып
жатқан қазақ даласының жер көлемі әлем бойынша тоғызыншы орынды
иеленеді.
1-ж. Кешіміздің соңында жалпы қазақ елінде
тұрып жатқандығымызды мақтанышпен айта отырып, Роза Әлқожаның
«Туған жер» өлеңімен аяқтағымыз келіп
отыр.
Бәрі хормен: Қазақ елі
жасасын!