Қостанай облысы, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Валерьянов НМ» КММ
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Адам болам десеңіз».
Сыныбы: 5 – 7 «Ә» сынып
Өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімі
Өмірзақ Айсәуле.
Сыныптан тыс сабақ: «Адам болам десеңіз».
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Өмірзақ А.
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Оқушыларды қарапайымдылыққа, адамгершілікке, әдептілікке,
кішіпейілділікке үйрете отырып, жаман әдеттерден, теріс
мінездерден аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз
қылықтарды ажырата білуге үйрету;
Ә) Адам бойына әдеп әліппесін дарыту, тіл байлығын, таным
белсенділігін арттыру;
Б) сыпайылыққа, сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға
тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын, пікірін айту, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы
І Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Тәрбие сағаты: «Адам болам десеңіз».
-
Балалар, бұл сөз кімнің өлеңінен алынған.
-
Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен алынған.
-
Қанекей, еске түсірейік, осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім мәнерлеп айтып береді.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
-
Ой толғау:
Неден жирену керек?
Неге үйрену керек?
-
Бірінші өткел. «Надандықты жеңу үшін».
«Жалғасын тап» ойыны.
1.«Оқусыз білім жоқ, ...
2. Еңбектің наны тәтті, ...
3. Күш – білімде, ...
4. Қына тасқа бітеді, ...
5. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ...
6. Кітап – білім бұлағы, ...
7. Ғылымның шырағы – Күн, ...
Екінші өткел. «Еріншектікті жеңу үшін».
«Не істер едің?» Жағдаяттар.
-
Ерлан байқамай Анарды итеріп қалды. Анар қатты ашуланды да, жағымсыз сөздер айтып тастады. қалай ойлайсың, кімдікі дұрыс?
-
Сабаққа кешігіп қалдың, орның бос емес. Артқы партада бос орын тұр.Орныңа отыруың керек пе?
-
Сен велосипедпен жарысқа қатынасып жатырсың. Жарысып келе жатырғанда жолдың шетінде жолдан өтпек боп тұрған қарияны көрдің. Жол беріп өткізіп жіберсең, жолдастарыңнан қалып қоясың. Сен не істер едің?
-
Сен сыныптасыңмен бірге автобусқа мініп, алдыңғы орындыққа отырдың. Себебі артқы орындықта орын жоқ. Келесі аялдамада бір үлкен кісі мінді. Сен үлкенкісіге орын бересің бе, әлде жолдасыңнын тұрып орын бергенін күтесің бе?
-
Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап қойыпты. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
Сергіту сәті:
Үшінші өткел. «Залымдықтан бойды аулақ ұстау үшін».
Сұрағыма зейін сал!
-
Онсыз өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Оны адамдар бір-біріне тілейді. Әсіресе, құттықтау хатқа «бірінші байлық» деп жазамыз. Ол не? (Денсаулық).
-
Өмір жақсы болу үшін оны әр адам армандайды. Ешкім оны қайдан іздеу керектігін білмейді. және былай айтады: "Өзің сол үшін күрес, сонда саған өзі келеді". (Бақыт).
-
Ол бізге әрдайым қажет, сондықтан оны жол жүретін адамға тілейміз. Ол кімге серік болса, сол бақытты болады. Ол болған кезде «О, сәті түсті!» - деп қуанады. (Сәттілік).
-
Ол ешкімге сыйлық сыйлауды, ешкіммен бөлісуді ұнатпайды. Одан ештеңе сұрауға болмайды, бәрібір ол бермейді. Ол не? (Қызғаныш).
-
Ол барлық адамда болуы тиіс. Біреуді ренжітсең немесе істі дұрыс
орындамасаң ол сені қинайды. Ол нағыз адам болып қалыптасуға көмектеседі. (Ұят).
-
Барға риза болып, місе тұтып, Алла Тағаланың бергеніне шүкір етіп жүретін адамды қандай адам дейміз? (Қанағатшыл).
Маңдайдағы сұрақ (ойын). Біз қандай болуымыз керек.
Оқушылардың басында сөздер жазылған қағаз болады. Соны жасырып ымдап, тұспалдайды. Оқушы өз басындағы жазудың не екенін айтып беру керек.
Үйге тапсырма:
Адам бойындағы жақсы қасиеттерге байланысты мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
Сау болыңдар!
Адамгершілік – рухани тәрбие:«Адам болам десеңіз» (5-7 сынып)

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық тәрбие сағаты "Адам болам десеңіз" 5-7 сынып

шағым қалдыра аласыз