Cәлем саған
мектебім!
1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар,
қонақтар!
2-жүргізуші:
Ата-аналар мен ақ жаулықты апалар! Бүгінгі «Сәлем саған мектебім!»
мерекесіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Өсті
міне бойларың,
Өсті міне
ойларың.
Қуанышқа
ортақпыз,
Құтты болсын тойларың – дей
отырып сөз кезегі мектебіміздің қонағы
-------------------------------------- сөз кезегін
береміз.
1-жүргізуші: Арулар
неткен
сымбатты,
Ғажайып нұрға
бөленген.
Көктемдей қыздар гүл
атты,
Мың бұралған билеген.
Би.
«Dimond»
Ортаға Дымбілмес, Білгіш
шығады.
Дымбілмес: Ойхой, мына керемет билеген
кімдер?
Білгіш: Бұл биыл
мектепке келетін бірінші сынып оқушылары. Қарасаңшы, Дымбілмес,
бүкіл мектеп болып қарсы алып жатыр. Сенің Дымбілмес деген атың
өзіңе лайық. Ештеңе білмей жүресің.
Дымбілмес: Сен,
Білгіш, көп білгішсіне берме. Кәне, айтшы, мына оқушылардың бүгін
мектепке бірінші рет рет келді ғой?
Білгіш: Ия.
Дымбілмес: Ендеше оларда мен сияқты ештеңе білмейді
ғой.
Білгіш: Жоқ,
олар дайындық сыныбында болды, көп нәрсені
біледі.
Дымбілмес: Кәне
тексеріп көрейік. Мына кісі кім?
Ы.Алтынсариннің
портретін көрсетеді.
Оқушылар: Ыбырай
Алтынсарин. Жазушы, ұстаз, педгог.
Дымбілмес: Оның
балаларға арналған қандай өлеңдерін
білесіңдер?
Оқушылар: Кел
балалар оқылық.
1-оқушы: Кел
балалар оқылық,
Оқысаңыз,
балалар,
Шамнан шырақ
жағылар,
Тілегенің
алдыңнан,
Із
демей-ақ табылар.
2-оқушы: Бір
Аллаға сиынып,
Кел, балалар,
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық.
3-оқушы: Сиса
көйлек үстіңе,
Тоқуменен
табылған.
Сауысқанның
тамағы
Шоқуменен
табылға.
Өнер, білім бәрі
де,
Оқу менен
табылған.
Дымбілмес: Білгіш, мына оқушылар керемет білгіш қой, тақылдап тұр
өздері.
Білгіш: Көрдің
бе, мен сияқты білгіш балалар.
Дымбілмес: Ендеше тағы бір сұрақ. Мына сендер тұрған әсем үйді қалай
атайды?
Оқушылар: Мектеп.
1-оқушы: Келді,
міне, қоңыр күз,
Келді қағып
қоңырау.
Мектеп – ана жылы
жүз,
Ашты
құшақ-омырау.
Білгіш: Оқушылар
бізге мектеп туралы тақпақ та, ән де айтып берді. Қандай білгіш
балалар.
Дымбілмес: Енді
не істесем екен? Ә, таптым. Мектептегі қызықты оқиғалар болды ма?
Ақылды болсаңдар мені күлдіріңдерші?
«Көңілді тапқырлар
клубына мүше болғысы келген «Бауырсақ» командасын ортаға
шақырамыз.
Білгіш: Көрдіңбе
сені тағыда жеңіп кетті.
Дымбілмес: АА
таптым және маған оқушылардың жартысы ғана тақпақ әндерін айттты,
мен қалған балаларды тыңдамадым ғой.
Ортаға тақпақ айтатын
балалар шығады.
7-оқушы: Қош
келдің деп, балдырған,
Күліп шыққан
алдымнан.
Шексіз сеніп
ата-ана,
Балаларын
қалдырған
Сипап қойып
басымнан,
Кетпей жүрген
қасымнан.
Құрбы –
құрдастарыммен,
Достастырған асыл
жан.
8-оқушы: Жетілткен ой-сананы,
Тәрбие әр
сабағы.
Алғаш сыннан
өткізіп,
Қойған тұңғыш
бағаны.
Ұстаз болу – жүректің
батылдығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындыңы.
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның
алтындығы.
Білгіш: Ортаға
мың бұралған биші қыздарымызды шақырайық қарсы алыңыздар «Шығыс
жұлдыздары» биімен 1 «ә» сынып қыздары
Дымбілмес: Мен
сендім сендердің ақылды оқушы екендеріңе. Рахмет сендерге, бірақ
білгішке ұқсап кеткендеріңе аздар ренжіп
қалдым.
Ерасыл: Тоқта Дымбілмес,
біз саған ән айтып береміз.
Ән:
«Алло»
Білгіш: Сендерге
өте ризамын менің талаптарымның бәрін орындап, жақсы өнер
көрсеттіңдер. Енді сендерді мектептің шын мәнінде 1 сынып болып
қабылдануларың үшін барлығыңды ортаға
шақырамын.
Қазір мектеп ережесін
сақтап, үлгілі оқушы болуларың үшін ант
қабылдаймыз.
-
Мектеп ережесіне
бағынуға
-
Мектептегі қоғамдық
іс-шараларға қатысуға
-
Сабақты жақсы
оқуға
-
Мұғалімнің айтқанын
бұлжытпай орындауға
-
Үлгілі оқушы
болуға
Ант етеміз, ант етеміз, ант
етеміз.
Жарайсыңдар! Сендердің
қабылдануларыңды растау үшін ортаға сынып жетекшісі Тлекова Гүлзат
Тлековнаны ортаға шақырамыз.
Сертификат
таратады.
2-жүргізуші: Бүгінгі
мереке әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге
таралар.
Ырым етіп сондықтан
ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек
айтар, оқушылар.
2-жүргізуші: Қоңырау
үні сыңғырлап,
Естілді жылы
жаныма.
Күкідей әсем
сылдырап,
Бөбекті жиды
маңыма.
1-жүргізуші: Білімнің гүлін ашылған,
Терумен оқып жүр
екем.
Бақытқа бізді
шақырған
Қоңырау дауысы жыр
екен
«Welcome to two school»
әнімен 1 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Қымбатты
ұстаздар, ата-аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Әрбір
қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білекті азамат
болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын –деп бүгінгі ертеңгілігімізді
аяқтаймыз. Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға
рахмет.