«Сырда түлеген дархан
дарындар»
/Ақын,сыншы,аудармашы, публицист Ә Жәмішев
пен жазушы,драматург
Қ Мұхамеджановтың
туылғанына – 90 жыл/
4 оқушы: «Бала болып
кетемін» (Оқушылар гул алып шығады
өлең оқылып болғасын Ақынның қыздарына
береді)
Би: /Қазақ
биі/
1-жүргізуші:
Қазақ поэзиясының биігіне
айналған біртума асқақ үнді ақын,сыншы,аудармашы, публицист Ә
Жәмішев пен жазушы драматург Қ Мұхамеджановтың 90 жылдық мерей
тойына арналған : «Сырда түлеген дархан
дарындар» атты еске алу кешіне қош
келдіңіздер.
2
жүргізуші: Әбіраш ақынның адамгершілік,
азаматтық парыз төңірегіндегі толғаныстары, көңіл күйін шертер әсем
өрілген ойлары мен сергек сезімталдығымен баурайтын өлеңдері мен
поэмалары «Арай», «Төскей», «Дүрия дәурен», «Көңілімнің іңкәрі»,
«Күміс кірпіктер», «Сағым толқын», «Менің бұла дәуренім» деп
аталған кітаптарында жырланды. Жақсыны да, жаманды да көп көрген.
Бірақ сол тіршілікте Әбіраш ақынның ту етіп ұстағаны-адалдық. Ол
оның өміріне өзек, шығармашылығына тұғыр, ұрпағына өнеге болды. Бұл
туралы өзі былай дейді:
Құштарым-көркем сұлулық,
Аңсарым-жанға жылулық.
Жүрсе екен деймін адамдар
Адалдықты тұғыр ғып!
Бүгінгі кешіміздің қонақтары:
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: «Әбіраш Жәмішұлы қазақ қауымына әуелі майталман
журналист-публицист ретінде танылды. Бірақ ол әдебиеттің бір ғана
жанрының шеңберінде тұтқын болып қалмады. Құдай берген
қабілетдарынын еркін қолданып, төрт салада бірдей жемісті жұмыс
жасады. Оларпоэзия мен әдебиет сыны, жоғарыда аталып өткен
публицистика және аудармашылық өнері.
2-жүргізуші:
Ә.Жәмішев өлеңдерінің басым бөлігі өзінің туған
жері, ондағы еңбек адамдарына арналған. Ауылым-алтын бесік, ұя
маған, Осында шыққан даусым іңгәлаған. Түндігін қараша үйдің түртті
ме үнім: Дегендей: «Тыңда, далам! Тыңда, ғалам!»,- деп өз ауылы
Шіркейліні жырға қоса отырып, ондағы өз еңбегімен елге танымал
болған тұлғаларды бүкіл жұртқа паш етеді. Осы арқылы келер ұрпаққа
еңбектің қадір-қасиетін үлгі қылады. Дүниеде адамзат баласы айрықша
қадір тұтатын нәрсе еңбек екендігін айта келе, еңбекпен тапқан
мал-мүліктің ғана игілік әкелетініне назар
аударады.
Солардың бірі болды Жаңабай да,
Біраздан мекендеген қала-жайда.
Оралды, өзі туып өскен жерге,
Әлдекім таңданар ма, табалар ма?- деп елге
танымал тұлға Жаңабай Азаматов туралы айтса, кезінде Республиканың
Жоғарғы Кеңесіне депутат болған Қызкенже Пірішова
жайлы:
Қызкенже міндет жүгін атқарды
да,
Көрсеткен ел сенімі ақталды да.
Дақ түспей абыройына
ардагердің,
Еңбектен зейнет тауып, бақ жанды да-десе, оның
еңбеккеш сіңлісі Бексұлу Синяева туралы: Бекіген берік іспен
іргелері,
Саңлақтар сапта тұтас бір
келеді.
Суырылып солардан да озып
шыққан
Бексұлу болды абыройдың
жүлдегері.
Ал, Социалистік Еңбек Ері Балдырған Мұстафаева
жайында былайша тебіренеді:
Бұл ауыл кіл осындай ерлер еді,
Табыстың тай қазанын өңгереді.
Тағы бір таудай болған мерейі
бар,
Балдырғаны атанған еңбек ері.
Ақын осылайша өз елінің еңбек
ерлерін мадақтап жырға қосады. Өзіне-өзі сенген, туған жерді шексіз
сүйген перзент ақын ғана былай деп айта алса
керек:
Ән: Туған өлке
1-жүргізуші:
Шын өнер жайшылықта емес, жан
дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын Алланың айрықша
мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана
сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі,
тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол
нұр иесін қайталанбас тұлға ғып қалыптастырады. Біздің қазақ елі
киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі –Қалтай Мұхамеджанов
болатын.
2-жүргізуші:
Біз Қ Мұхамеджановты қазақтың қалтайы дейміз Ал
атақты Ш Айтматовтың өзі « ол неге қазақтың
ғана Қалтайы., Қалтай Мұхаметжановты кезінде, сонау жылы-ақ
«Қалыптасқан үлкен суреткер… Ол – творчестволық қуаты толыққан
әйгілі драматург» демеп пе еді? ендеше, Қалекеңді бүкіл әлем таниды
деген екен.
Сонда да, ол
қазақтың Қалтайы!
Иә, Қалтай
Мұхамеджан қазақ драматургиясына таза комедия жанрын алып келді.
Комедия – екінің бірінің қолынан келе бермейтін қиын жанр. Өйткені
адамды жылатудан гөрі күлдіру өте қиын. Қоғамның дертін сахнадан
күлкі, әжуамен жеткізу үлкен талантты қажет ететіні
анық.
«Өзіме де сол керек»
пьессасынан үзінді
(Ләззат,Ораз,Бағдат)
Ән: «Шіркейлім» Биболат
1-жүргізуші:. Ақындық
арқаның шын қозуы, шабыттың арнадан шалқуы, көкірек көрігінде
балқыған ой-сезімдердің кесек-кесек жыр-толғауларға, циклдарға
айналуы шын мәнінде қазақ поэзиясындағы ерекше құбылыс
секілді болды. Тың образдар, соны теңеулер, тосын ырғақтар, бірде
ерке, бірде адуын келетін саздар, сарындар толқыны… Мұның барлығы
ақын Әбіраш Жәмішевтің Атажұртқа деген лапылдап жанған Сағынышынан,
шын перзенттік аңсаудан туған телегей теңіздей терең сезімдері
болатын.
2-жүргізуші:
Әбіраш Жәмішев – ешқашан
ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Арамызда
ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары
қалды. Енді сөз кезегін соларға
берейік.
-
Биболат «Бәріңде жүрегімнің
төріндесің»
-
Ләйла «Бүгінгі сөз бүгінгі
ұран»
-
Гүлдана «Жанарыңнан жас көрдім»
-
Оразалиева «Жылы сөз»
Көрініс: «Ана қасіреті»
Ән: «Анама» Биболат
1-жүргізуші: Қалтай Мұхамеджанның тағдыр-талайы мен
шығармашылығын бес топқа бөліп қарастыруға
болады:
Туған жерінде танылған
талант;
Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов
негізін қалаған қазақ драматургиясына Қалтай Мұхамеджан комедия
жанрын алып келді;
Қалтай Мұхамеджан қазақ драматургиясын әлемдік
деңгейге көтерді;
Қалтай Мұхамеджан – ұлт мүддесінің
күрескері;
Қалтай Мұхамеджан – Ислам әлемінің жарық
жұлдызы.
2-жүргізуші: Әбдіраш
Жарасханның
Қасарысқан әркімнен
Қалар жерде ұтылып
Қалтай аға қалжыңмен
Кетуші еді құтылып
«Қалтайдың әзілдері»
1-жүргізуші: Алаштың анасы атанған Сыр елі ұлт тарихы мен
руханиятымызда ерекше орны бар, талай қайраткерлер мен зиялыларды
туғызған қасиетті топырақта, Сырда түлеген дархан дарындардың шығармашылық тойы мәңгілік
тарқамасы анық.
2
жүргізуші: Асылдардың артын күту –
азаматтық белгісі. Ерте кеткен ерлерді ескеру – елдік белгісі.
Алтынды жылтырауықтан ажырата білетін азаматтар ақын,жазушы
мұрасын дәріптеуді доғарған емес. Жер бетінде қазақ деген ел бар
да, қазақ тілі мен жыры бар да жыр жұлдыздары,
ешуақытта ұмытылмақ
емес. Осымен ауылымыздың мақтанышы,
қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтуге сүбелі үлес
қосқан «Сырда түлеген дархан
дарындарға» арнаған жыр кешімізді осымен
қорытындылаймыз.
Ән: «Сыр елім» А Алдашова
Қатысқан оқушылар сахна төріне шығады
Сөз Мектеп директоры
Назаров Жанболат Опабекұлына
беріледі
Ақынның қызымен сыр-сұхбат
бөлімі
Келесі сөз қонақтарға
жалғасады:
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------