Ашық тәрбие сағаты Тіршіліктің тірегі сен Жан Ана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты Тіршіліктің тірегі сен Жан Ана

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз мейрамына арналған мерекелік сценари. Бұл материалды мектеп мұғалімдері аналар мейрамына жоспар құрғанда пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіршіліктің тірегі сен - жан Ана»
Мақсаты:
Тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі, олардың қасиеті, құдіреттілігі неде екендігін оқушыларға түсіндіру; Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекелерімен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:
Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты аналар, ұстаздар, ару қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Жүргізуші: Ендеше, осындай әдемі, мәнді мереке қарсаңында өздеріңізге арналған «Тіршіліктің тірегі сен - жан Ана» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне
Сағынбек Айгерімнің орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
қыздарымыздың орындауындағы « » биіне береміз.
Жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Жүргізуші: Қазақ халқы өмір гүлін үздіксіз егетін алтын ананың ақ сүтін айрықша атайды. Мысалы: «Ажалды ана жеңеді, ана жеңбесе бала жеңеді», «Ананың сүті -бал, баланың тілі- бал».

Жүргізуші: Ер жеткен ұл, бойжеткен қыздың ешбір жарғымен бекітілмеген, халық әміршінің өзі шығарған заңында аталған парыз - «Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қасиет» Осы парызды бәрімізде жадымызда ұстап, ақтауға міндеттіміз.

Жүргізуші: Кәне, ендеше ана туралы мақал-мәтел айтып көрейік.

1-оқушы: Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбас.

2- оқушы: Ағайын алтау, ана біреу.

3- оқушы: Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

4- оқушы: Ананың қарғысын алған, ағайынның алғысын алмас.

5- оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, анамның жыртық лашығы артық.

6- оқушы: Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.

7- оқушы: Анадан артық дос болмас, ашудан артық қас болмас.

8- оқушы: Ананың көңілі балада, балның көңілі далада.

Жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей
оқушыларымыздың дайындаған жыр- шумақтарын қабыл алыңыздар!

Ербұлан: Хош, келдіңіз әзіз жан аналар,

Бала үшін саялы жан паналар.

Құтты болсын мейрамыңыз бүгінгі,

Әнімізде сіздер үшін арналар.

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті, аналар!

Сағынбек Айгерім: Жарық әлем сыйладың, аяулы анашым,

Мөлдір бұлақ- тірегім, сая панам.

Бар жылуын аямай -ақ жаратқан,

Айналайын, шебер ғып құя салған.

Әнім болып жүректі тербеттің сен,

«Тұла бойым -тұңғышым!» сөзіңменен.

Гүлдей жайнап шуақтай күн көзіңнен,

Ешқашан да мұң- қайғы сезінбеген.

Жасара түс қызық көріп ұрпағыңнан,

Бұл мереке көп күткен, сен сағынған.

Сағынғанда тұрасың сағымдардан,

Ана деген хас қамал алынбаған.

Еңбегіңді ақтармын тірі жүрсем,

Терім сіңген адар қол еңбегіммен.

Мәпелеп, ақ сүт беріп өсіріп ең.

Мұны қалай жадымнан өшірем мен?!

Гүлерке: Өмірге ана -бұлақ, ана -пана,

Өмірді өркендетер ана ғана,

Өсірген талай көсем, талай дана,

Ана ол -біздің елде ардақты адам,

Кіші де үлкен де оны ардақтаған,

Өзінің аяулысы Отанына

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Гүлдана: Кеудеңде мені тербеттің

Жас шыбық енді көктеді,

Мінеки мен де ер жеттім,

Еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын

Аяулым сенсің, анашым,

Болмасың мейлі зор даңқын,

Мен үшін өзің данасың.

Мейірім көккен нұр жүзің

Тұрғандай сезем жанымда.

«Адал бол , -деуші ең,- жұлдызым»

Сақталды сөзің жадымда.

Қартаймай мәңгі жасай бер,

Мәңгілік Күндей, анашым!

Сұлушаш: Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Жан анам, мені өмірге талпындырдың

Бір тамшы шуағың да жетіп жатыр,

Тірлікте сонымен -ақ шалқып жүрмін.

Анашым, бір өзіңді мақтан етем,

Жол шықсам, қия алмаймын, шаққа кетем.

Санамды сарғайтады жалғыз арман,

Қайткенде ақ сүтіңді ақтар екем?!

Ешкімге ұқсамайды ай қабағың,

Өзіңмен ештеңені байқамадым.

Өзің боп қалса егер арманым жоқ,

Шерткен күй, жазған жырым, айтар әнім.

Өзіңмен Алатаудай еңсем биік,

Өзіңмен шетсіз -шексіз өлшем биік.

Әлемнің жақсылығын берсем жиып...

Жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

Сержанәлі Алибековтың орындауындағы «Ана» әні.

Жүргізуші: Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшаң теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болыуын әрқашан тілейміз.

Жүргізуші: Ендеше аналарымыздың көңілдерін көтеріп ойын ойнасақ қалай қарайсыздар?!

Ойындар ойнату

Жүргізуші: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой, аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейді сізге балалар, - дей келе оқушыларымыздың өз аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстауға рұсат етіңіздер!

Оқушылар ашық хаттарын табыс етеді.

Жүргізуші: Балалар, аналарыңызға арналған өз сәби жүректеріңізден шыққан ақ тілектерімізді айтайық.

1-оқушы: Менің жүрегімнің қайырымдылығына рахмет!

2- оқушы: Менің жүрегімнің мейірімділігіне рахмет!

3- оқушы: Менің жүрегімнің жылылығына рахмет!

4- оқушы: Менің жүрегімнің жақсы көру сезіміне рахмет!

5- оқушы: Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!

6- оқушы: Менің жүрегімнің кең пейілділігіне рахмет!

7- оқушы: Менің жүрегімнің адалдығына рахмет!

8- оқушы: Менің жүрегімнің қамқорлығына рахмет!

Барлығы хормен «Рахмет» деп айтады , жүрекшелерді таратады

Жүргізуші: Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Жүргізуші: Қазағымның керемет сөзі бар «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген. Сондықтан Анамызды ардақтап, сыйлап, көңіліне кірбің түсірмейік. Сол ақ сүтті ақтай алмайтын халге түспейік!

Жүргізуші: Аналар, біз сіздердің алдарыңызда мәңгілік борыштармыз. Осы жарық дүние есігін ашып бергендеріңізге мың алғыс деп, алдарыңызда бас иеміз!   (Барлығы бастарын иеді)

Жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды, – дей келе
Хамза Тұрсынайдың орындауындағы «Мерекелеріңізбен» әнін қабыл алыңыздар!


Жүргізуші:Құрметті қонақтар ,біздің «Тіршіліктің тірегі сен - жан Ана» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалаған дарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен
ен кешіміз аяқталды.

Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз
сөйлеймін деушілерді ортаға шақырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2018
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі