Материалдар / Ашық тәрбие сақаты «Аулақ бол жаман әдеттен!» 5 а сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сақаты «Аулақ бол жаман әдеттен!» 5 а сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет, сурет салу. Салауатты өмір салтына байланысты суреттер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3779
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1 Мақтарал ауданы

Атакент кенті

В.Комаров атындағы ЖОМ



ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы:

«Аулақ бол жаман әдеттен!»







5 «а» сынып жектекшісі:

Кульназарова Б.А









\



2017-2018 оқу жылы. Picture 1

Мақсаты: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет, сурет салу. Салауатты өмір салтына байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
1.1. Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен: 
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені./ оқушылар иіліп сәлемдеседі/
Жүргізуші: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Аулақ бол жаман әдеттен » тақырыбы аясында өткізілмек.
Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
1.2 Шаттық шеңбері.
Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) 
1.3.Сұрақ қою.
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
/Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./
Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі: 
1.4. Мұғалім: 
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
1.5. Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді. 

Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт-”Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес”

1.6. Түйіндеме: 
Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану-
салауатты өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы. 

1.7. Әр топ көшбасшысы зиянды заттардың атын таңдап, топ мүшелерімен тақырыпты қорғау:
1-топ: Темекі

2-топ: Есірткі 
3-топ: Ішімдік
1.9. Назар аударайық!
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?
2. Темекі құрамындағы заттар»
Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Қорытынды:
Темекі шайыры ми мен жүрек тамырларын бұзады, өкпенің көпіршіктерін зақымдайды. Сондықтан да темекіге жол жоқ .
3. Шылым шегу барысында не нәрсе болады?
Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері және басқада сол сияқты химиялық заттар бар.
Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.(Қортындылау)
Есірткі
4.
Есірткі- ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді.
Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.(Қортындылау)
Ішімдік
5.
Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты.
Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы. (Қортындылау)

6.Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »
Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымыздыжерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.
- Бала жаттығулар жасаса;
- Бала ағашқа өрмелесе;
- Бала ауыр заттарды көтерсе;
- Бала басқа баланы итеріп жіберсе;
- Бала сіріңкемен ойнаса;
- Бала терезені сындыратын болса;
- Бала қолын жуса;
- Бала күнге қыздырынса;
- Бала мұз балмұздақты көп жесе;
- Бала балаларға қарай жөтелсе;
- Бала тамақ үстінде күлсе;
- Бала табиғи суға шомылса;
- Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді
жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.

7. Сергіту сәті: «Көңілді күн»


8. Жағдаяттар:
Зиянды әдеттердің алдын алу

1-топ спикері:
Қозғалыс белсенділігі-денсаулық кепілі.
2-топ спикері:
Дұрыс тамақтану.

3-топ спикері: Гигиеналық талаптарды сақтау.Күн тәртібі.

9.Көрініс: « Үш пәледен аулақ »
(Екі бала ойнап жүр)

Асқат: - Азамат, екеуміз дос емеспіз бе?
Азамат: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?

Асқат: -Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді)
Азамат: - Оны қайдан алғансың?..

Асқат: -Әкемнен алдым (риза болып)
Азамат: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.

Асқат: -Қалайша? Соншалықты жаман болса әкем неге тартады?
Азамат: -Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.

Асқат:-Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Азамат: - Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал.Одан да ойынымызды жалғастырайық.

(Осы кезде бөлмеге арақ, темекі, есірткі кіреді)

Балалар: Ассалаумағалейкум! Сіздер кімсіздер?

Арақ:
Мен арақпын,арақпын,
Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.

Темекі:
Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.



Есірткі:
Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап тұрғанда,
Алшаңдап яқ басамын

Азамат:
- О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.
- О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де ауыр дерт,
Бүкіл әлем алаңдар!

(Екі бала бірігіп)
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!

9. Әдеби-монтаж

Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден бойын аулақ салуы тиіс.Біздің оқушылар әдепті болудың қыр-сырын мына өлең шумақтары арқылы жеткізбек. Қарсы алыңыздар!

1-оқушы:

Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.

2-оқушы:

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай мақтанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге ғашық бол

Адам болам десеңіз

Өтірік, өсек, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпанды білсеңіз:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

.


3-оқушы: 

Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.

4-оқушы:

Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.

5-оқушы: 

Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді





10. Жұмбақ шешу.

1)Қол ұшын беріп, 
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып, 
Ренжи қалса , жұбататын

адамды кім дейміз? (дос)


2)Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын, 
Үйді таза сақтайтын, 
Кітаптарды шашпайтын

баланы кім дейміз? (ұқыпты)


3)Түймесін де қадайтын, 
Сабақтан да қалмайтын, 
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін

баланы кім дейміз? (еңбекқор)


4)Ән де айта алатын, 
Би де билеп беретін, 
Домбырада күй ойнап, 
Сурет сала білетін

баланы кім дейміз? (өнерлі)


5)Жаны үнемі жадырап, 
Күлімсіреп қарайтын, 
Жылы сөздер айтатын, 
Жүрегі жұмсақ адамды

кім дейміз? (мейірімді)


6)Үлкеннің жолын кеспейтін, 
Сәлем беріп жүретін, 
Кішіге ізет білдіріп, 

Қамқоршы бола білетін

баланы кім дейміз? (әдепті)

7-оқушы: 

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

8-оқушы:

 Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Біз қазір оқушы болғандықтан, ата-ана, ұстаздар қауымы да біздің болашағымызға алаңдайды. Мемлекетіміз оқушылардың тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп, тырмысып жатады. Ал, біздің деніміз сау, дене мүшелеріміз бүтін. Осы денсаулығымызды зиянды әдеттермен улап, өз болашағымызға балта шаппайық.Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жанымызға серік етейік.
11. Қорытынды:
- Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?
Жүректен – жүрекке

12. Сынып жетекшінің сөзі: 
Презентация соңы: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер жеке өміріндегі сәтсіздіктерден, ата-аналарымен шиеленіскен қарым-қатынастан, жолдастарына сеніп, олардың айтқанына көнгеннен темекі шегіп, арақ ішіп және есірткі қабылдаудың керегі жоқ. Әрбір адам таңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі үшін өзі жауап тартады. Сондықтан қазірден бастап өмірдің шынайы қызығын көріңдер. Ол үшін салауатты өмір салтын қадағалау керек. Оның негізгі компоненттерін өздерің де білесіңдер: дұрыс дем алу, дұрыс және рационды тамақтану, қозғалу белсенділігі, жақсы эмоциялар, шынығу, табиғатқа деген сүйіспеншілік, жаман әдеттердің қалыптасуынан арылу. Сендер қазір Қазақстан Республикасының азаматтарысыңдар, сендерге болашақта сәтілік тілеймін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!