Материалдар / Ашық ұйымдастырылған іс әрекет, балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған іс әрекет, балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасату.Сөйлеу арқылы лексико-грамматикалық тұлғаларын дамыту. Фонетико-фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Есте сақтау,ойлау және зейін қабілеттерін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Психолог, логопед және мен»

Мақсаты:

  1. Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасату.

  2. Сөйлеу арқылы лексико-грамматикалық тұлғаларын дамыту.

  3. Фонетико-фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.

  4. Есте сақтау,ойлау және зейін қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық ойындар.

Әдіс -тәсіл: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,,ойын, жұмбақтар жасыру.

Әлеуметтік инклюзия:Ясмина, Әділет, Жәңгірхан


Логопед: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық!

Балалар:- Сәлеметсіздер ме!

Психолог:-Енді бәріміз шеңберге тұрып, дене мүшелерімізбен амандасып, ұйқыдан оятайық.

Психожаттығу: «Қайырлы таң!»

Қайырлы таң, көздерім! (көздерін сипалайды)

Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,құлақтар! (құлақтарын сипалайды)

Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,қолдарым! (қолдарын сипалайды)

Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,аяқтар! (аяқтарын сипалайды)

Ояндыңдар ма?

Көздеріміз көреді! (дүрбі жасау)

Құлақтарымыз естиді! (қалқанқұлақ болу)

Қолдарымыз соғады! (алақандарын соғу)

Аяқтарымыз тарсылдатады! (аяқтарын тарсылдату)

Біз ояндық!


Логопед:-Жарайсындар, балалар.Бүгін біз екі топ болып жарысамыз!

Бірінші топ «Қарлығаштар».

Екінші топ «Көгершіндер».

Психолог: -Бүгінгі жарысымызда қай топ зерек, жылдам, шапшаң екені байқалады!

-Ол үшін біздің ойынымызды бағалайтын әділқазы мүшелерін сайлайық!

Әділқазы мүшелері:

Логопед: -Ойнымызды бастамас бұрын артикуляциялық ертегіні тыңдап тілімізді жаттықтырайық:









Артикуляциялық ертегі «Ата әжемізде қонақта!»

Атамыз бен әжеміз өмір сүріпті.
Оларға толық немелері қонаққа келіпті(ұрттарын томпайтады),
арықтары да келіпті (ұрттарын жинаймыз).



Атасы мен әжесі оларға күлімсіреді (астыңғы, үстінгі тістерімізді кқрсетіп , күлімсірейміз).


Оларды сүйуге ұмтылды(ерінімізді алдыға қарай созамыз).
Таңымыз күлкімен атты(тағы да күлімсіреу).


Жуынамыз, жоғарғы тістерімізді тазалаймыз(тіліміз жоғарғы тістердің артында) ,
оңға, солға; сыртқа ,ішке.

Төменгі тістерімізді де тазалаймыз (осы қимылдарды қайталау).




Әжеміз бізге құймақ пісірді( жалпақ тіліміз астыңғы еріннің үстінде).

Біз құймақты тістеп жейміз
( жалпақ тілді тістеп ,ұрамыз).


Тосапты құймақты да жақсы көреміз (жоғары және төменгі еріндерімізді жалаймыз).
Енді біз кесемен шәй ішеміз(жалпақ тілімізді кесе тәрізді майыстырамыз ).
Құймағымыз да , шәйіміз де тәтті болды (тіліміздің ұшымен еріндерімізді айналдыра жалаймыз).




Ата немелеріне алтыбақан құрды («Алтыбақан»),


Атамыз атпен жақсы шабады («Ат»),
оның аты кейде жәй,кейде тез шабады.




Әне сарайдан күркетауық көрінді.Ашуланып, «бла, бла бла» деді. («Күркетауық»)

Осымен күніміз батты,балалар ұйқыға жатты.


Психолог:Ендеші ойнымызды бастайық!

1тапсырма: Логикалық ойын:«Сөйлемді аяқта!»

«Көгершін» тобы

  1. Қияр ол көкөніс, ал алма ол..........(жеміс)

  2. Үстелдің үстінде дастархан, ал еденде...........(кілем)

  3. Тәрбиеші тәрбие береді, ал дәрігер...........(емдейді)

  4. Адамда қол бар, ал құста.........(қанат)

  5. Лимон қышқыл, ал қант......(тәтті)

«Қарлығаш» тобы

  1. Алмұрт ол жеміс, ал қызанақ......(көкөніс)

  2. Жылан жорғалайды, ал балық.....(жүзеді)

  3. Сатушы сатады, ал тігінші...........(тігеді)

  4. Аттың төрт аяғы бар, ал торғайдың.....(екі)

  5. Аю орманда тұрады , ал қой..........(қорада)


Логопед: 2-ші тапсырма,фонетикалық жаттығу: «Логопедиялық қосымшалар».

-Буындарды дұрыс айтып, сөйлемді аяқта.

«Көгершін» тобы

  • Лек –лек- лек,

Гүлге қонды (көбелек).

  • Ра-ра-ра,

Бал жинайтын (ара)

  • Аз-аз-аз,

Келіп қалды (жаз).

  • Ер-ер-ер,

Жемістерді (тер).

  • Қа –қа- қа –

Еңбекші жәндік (құмырсқа)


«Қарлығаш» тобы

  • Қа-қа-қа,

Бақылдайды (бақа).

  • Ла-ла-ла,

Біз соғамыз (аққала) .

  • Са- са- са,

Жазда көп (маса).

  • Ын- ын- ын ,

Ызындайды (шыбын).

  • Ші –ші- ші ,

Тор тоқиды (өрмекші).


Көңілді үзіліс : «Қарлығаш».

Қарлығаш керілді, (қолымызды жоғары көтереміз)

Қолдарын жазды, (қолды екі жаққа жазамыз)

Еңкейді , (төмен қарай иілеміз)

Шайқалды , (екі жаққа қарай теңселеміз)

Кілтін тапты, (қолымызды айқастырамыз)

Үйіне қайтты. (орындарына отырады)


Психолог: 3-ші тапсырма: «Бесінші артық. Қалғандарын бір сөзбен ата».

Балалар, суретке қарап артық затты тауып, қалғандарын бір сөзбен атау керек.


Саусақ жаттығуы: « Біз үйде нешеуміз?»

Біз үйде нешеуміз. (алақанды жаю)

Кел, санайық екеуміз. (қолды бұлғау)

Бас бармақ - атам, (бас бармағын бүгу)

Балаң үйрек - әжем, ( сұқ саусақты бүгу)

Ортан терек - әкем, ( ортанғы саусақты бүгу)

Шылдыр шүмек - анам, ( аты жоқ саусақты бүгу)

Кішкентай бөбек - мен. ( кішкентай саусағын көрсету)

Біз үйде нешеуміз. (алақанды жаю)

Біз үйде бесеуміз. ( бес саусағын жазып , көрсету).


4-ші тапсырма : «Кім жылдам?»

Логопед: -Мына қиындылардан сурет құрастырып, бір сөзбен атау керек.


Сергіту сәті.

Балалар әуенменен қимыл-қозғалыс жасайды.


Психолог: 5-ші тапсырма: «Ортақ белгілерін тап».

Балалар суреттердегі ортақ белгілерді тауып, сызық пен қосу керек.


Психологиялық ойын: «Пантомимо».

Мақсаты: Қиялды және шығармашылық қабілетті дамыту.

Барысы: Баланы дене қимылдарымен, ыммен, дыбыстармен қандай да бір затты (поезд, машина, шәйнек) немесе іс - әрекетті (жуыну, шаш тарау, сурет салу, жүзу) бейнелеуін сұраймыз. Егер бірінші жолы орындай алмаса, қалай жасауға болатынын өзіміз көрсетеміз. «Ойлан тап!» ойанймыз. Біздің не бейнелегенімізді бала ойлап табады, содан соң керісінше, баланың не бейнелегенін біздер табуымыз керек. Күлкілі нұсқалар ойлап табуға тырысамыз.


Логопед: 6-ші тапсырма: «Жұмбақтар әлемі».

«Көгершін» тобы

1.Гүл ұшып гүлге қонады, 
Гүл бақшам гүлге толады. 
( Көбелек )

2.Үстінде екі тауы бар,

Кезікті бір жануар.

(Түйе)

3.Бұлттар менен көктегі,

Мен боламын туысқан.

Озып шығам құстарды,

Қанат қақпай ұшамын.

(Ұшақ)


«Қарлығаш» тобы

1.Теңізді жүздім балықтай,

Дүниені кездім жалықпай

Көліктердің бір түрі,

Мен боламын қайықтай.

(Кеме)

2.Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.

(Көлік)

3.Ызыңдап ән салады,

Жұп жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

(Шыбын)


Психорелаксация: «Бұлттар».

Көзімізді жұмып жаздың жылы күнін елестетейік. Көк шөптің үстінде жатып, аспандағы жұмсақ бұлттарға қарап жатырмыз. Терең дем аламыз. Дем алған сайын аяқ, қолдарымыз жеңілденіп жоғары қарай бұлттарға көтеріліп барамыз. Міне бұлттар біздің денелерімізді сипап жатыр (аяқ, қолдарымызды сипалаймыз).

Денеміз босап, жағымды әсер алудамыз. Міне, бұлт біздерді көк шөптің үстіне әкеліп түсірді.Бұлтқа қарап күлімдейік. Созылып, үшке дейін санап көздерімізді ашамыз. Бұлттың үстінде жақсы дем алдық.


Әділқазы алқаларына сөз берейік.










































«Астана» балабақшасы










Лого-психологиялық

іс-әрекет:

«Психолог, логопед

және мен»

















Логопед: Джафарова Ш.Э.

Психолог: Курманова М.Т.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!