Ата- аналар жиналысының хаттама үлгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата- аналар жиналысының хаттама үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиналыс хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кішішыған орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5 «Б» сынып 2024-2025 оқу жылы 1 тоқсан қортындысы бойынша ата-аналары жиналысының хаттамасы

Өткізілген күні 04.11.2024 жыл

Қатысқандар:26 Алаев Дильшат,Нурахметова Назгуль,Қурманғали Медина,Садыкова Гулбақыт,Садыкова Динара, Қызайбай Ұлбосын, Бақтыбай Арайлым,Текесбай Бұлбұлхан,Әнуар Фарида,Кенжебек Жаңагуль,Тосканова Маржан,Турабаева Айдана,Якупова Фаридам,Сулейменова Меруерт,Мырзаш Жайна, Даурова Гулнара Орусбекова, Жадра Баязитова Жазира ,Рақымжан Мадина Аманжолова ,Мейрамгуль Ивтай Раушан, Абахрим Мадина Бекботрова Айнур, Айтпаева Айгуль Қусайнова, Торған Маямерова Куралай.

Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. І тоқсан қорытындысы. /Г.А.Имамбекова/
2. Ата-аналарға буллинг жайлы түсінік беру
3.Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздігі.
4. «Бала- ата-ананың баға жетпес құндылығы » тақырыбында баяндама

Тыңдалды :

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе туралы сынып жетекшісі Г.А.Имамбекова ата-аналарға түсінік беріп өтті. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.

Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер

Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Г.А.Имамбекова ата-аналарға 1-тоқсан қорытындысы айтып өтті.1-тоқсанда сыныпта 15-ұл бала және 12-қыз бала,барлығы 27 оқушы.1-тоқсанның қорытындысы бойынша сыныпта 6-үздік ,10-озат оқушы болды.Сынып оқушыларының үлгерімі 100 пайыз.Жазу каллиграфиясы нашар,оқу жылдамдығы төмен,БЖБ ,ТЖБ қорытындысы төмен оқушылардың ата-аналарына балалардың сабағын қадағалау тапсырылды.

Үшінші мәселе бойынша оқушылар 25.10.-04.11.2024 ж аралығында күзгі демалысқа шығатындарын хабарлады. Каникул кезіндегі қауіпсіздік туралы ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама (видео,слайд) көрсетілді. Ата-аналар мен оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Каникул кездеріндегі қауіпсіздік шараларын және де санитарлық талаптарды да сақтауға шақырды.

Төртінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Г.А.Имамбекова «Бала- ата-ананың баға жетпес құндылығы » тақырыбында баяндама жасады. Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез –құлқы, әдет-дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, бала сапалы азамат болып қалыптасуы үшін мектеп, мұғалім,тәрбиеші жауапты зор міндет атқарады. Адам азса , тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса, адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам болып атсалысу қажеттігін айтты.

Сөйледі : Тосканова Маржан,Турабаева Айдана,Якупова Фаридам,Сулейменова Меруерт бала біздің болашағымыз дей келе, балалардың сабағын күнделікті қадағалап, жақсы оқуына көмектесуге шақырды.

  1. Айнур Айтпаева: Каникул кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып,баласының өмір қауіпсіздігіне жауап беретіндігін мәлімдеді.Каинкул уақытында балалардың уақытын тиімді пайдалануға ата-аналарды шақырды.

  2. Бекботрова Айнур: . Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.Сондықтан балаларымызға отбасында дұрыс тәрбие берейік деп айта кетті.

Қаулы:

1. Буллинг туралы қауіпсіздік шаралары ата-аналардың назарына алынсын.

2. 1 - тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың сабақтарын,тәртібін қадағалау жауапкершілігі ата - аналарына жүктелсін.

3. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың өмір және техника қауіпсіздігі ата-аналарға жүктелсін.

4.«Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында оқылған баяндама назарға алынсын.



Сынып жетекшісі: Г.А.Имамбекова

Хатшы : А.А.Бекботрова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі