Ата- аналарға психологиялық кеңес, тренинг

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата- аналарға психологиялық кеңес, тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата- аналарға психологиялық кеңес беру мақсатында ата- аналармен тренинг өткізілді. Тренинг барысында түрлі жаттығулар жасалынып, психологиялық- педагогикалық кеңес берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата- аналарға тренинг кеңес



Мақсаты:

Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу.


Тренинг барысы:

Барысы:

1. Сәлемдесу.

Құрметті ата-аналар, сіздермен бірге «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» тақырыбында сөз қозғаймыз. Трениг сабағымызға қош келдіңіздер дей отырып, тренингті «Ойыннан» бастағым келіп отыр.

«Сағат тіліндегі достар» ойыны

Ата- аналарға сағаттың суреті таратылады. Әр ата- ана тақ сандарға осы бөлмеде отырған бір- бір ата- ананың есімін жазуы керек.

1 санындағы ата- ананың қолын қысыңыз;

3 санындағы ата- ананың арқасынан қағыңыз;

5 санындағы ата- анаға комплимент айтыңыз;

7 санындағы ата- анаға көзіңізді қысыңыз;

9 санындағы ата- анаға бір тілек айтыңыз;

11 санындағы ата- анамен орын ауыстырыңыз.


2. Ойын «Қоқыс жәшігі»

Адамға қоқыс жәшігі не үшін керек?

Не үшін қоқысты лақтырамыз?

(ата-аналар жауабы)


Сезімдермен де солай болады. Керексіз, пайдасыз сезімдер жиналғанда, олардан да арылу қажет. Арылғыңыз келген сезімдеріңізді қағазға жазыныздар. Енді, балаларыңыздыңда жағымсыз қылықтарын жазамыз (алдарыңызда таблицасы бар ақ парақ тұр, соны толтырамыз)

Музыка қосу

1. «Мен ренжимін»

2. «Мен ызаланамын»

3. «Мен қорқам»

Енді, қағазды қатты бар күшімізбен умаждап, қоқыс жәшігіне бар күшімізбен лақтырамыз.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыз?


«Әдемілікті көре біл» жаттығуы

  • Алдыңыздағы қағазды жыртыңыз;

  • Қиындылардан әдемі бір бейне құрастырыңыз;

Әр нәрседен тек жақсылықты көре біліңіз! Әр неативті позитивке аударыңыз. Бәрі адамның қабылдауынан .

3. «Үй, жол, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңызбен еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

Сурет салу барысында: Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. Жылдамдатып саламыз.

Ата-аналарға: «Үй», «Жол», «Шалбар» және «Әйелдердің бас орамалын» кезекпен саламыз. (5-10 сек)

Ата-аналар салынып біткен суреттерін қандай мағына білдіретіндігін слайдқа назар аударамыз.

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата-ана – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда отбасындағы өмірде ер адам әйелінен жоғары тұрады, отбасындағы әкенің беделінің көрінісі

  1. "Ретімен қой" жаттығуы (Тақтаны пайдалану)

    Қатысушыларға ақ қағаз беріледі. Сол ақ қағазға олар мыналарды реттеп қою керек.

  • Бала

  • Жұмыс

  • Жолдасым

  • Мен

  • Достар, туыстар.

Дұрысы:

  • Мен

  • Жолдасым

  • Балалар

  • Жұмыс

  • Достар, туыстар.

Ата- аналарға кеңес

  • Ата- ана- бала үшін тұтас бір әлем. Баланың қырсық болуы, мінез көрсетуі т.б – түбі отбасынан. Баланың тұлғасы, қаңқасы отбасында қалыптасады. Ата- ана баланың ойымен, пікірімен санаспайды.

Баланы тәрбиелеу құралымыз қандай ? Айтып жіберіңіздерші.

Жақсы көру- ол тәрбие құралы емес. Біз сезім болған соң жақсы көреміз. Жақсы көру- ол сезім.

Ең бірінші тәрбие құралымыз- қорқыту. Бала 2- 3 жасқа келгеннен соң- ақ біз, яғни ата- аналар балаларымыз тыңдамаса қорқытамыз. Мысалы: тыныш отырмасаң, ана тәте қазір саған укол салады. Поезда отырсақ, тыныш отырмасақ жолсерік (проводник) бізді жолдан түсіріп тастайды.

Бала жаңадан дүниеге келді. Ол тап- таза.Балаға қорқынышты еңгізетін ата- әже, ата- ана. Қазіргі балалар белсенді, сондықтан көптеген ата- аналар шыдамайды. Екі- үш жасар баланың жасаған қимылын, біз жасай алмаймыз. Шаршап қаламыз.Шыдамымыз жетпейді. Содан соң, қорқыту құралын қолданамыз. Қорқытудың салдарынан жасық, өз ойын айта алмайтын, жасқаншақ тұлға қалыптасады. Қорқытудың орнына алдау немесе алдарқату керек. Баламен қосылып ән айтыңыз, ертегі айтыңыз.

Біз ана затты алма, мына затқа тиіспе дейміз. Ананы алма, мынаған тиіспе деп 10 рет айтқанша, ол затты баланың көзіне көрсетпей тығып қоюға немесе баланың қолы жетпейтін жерге қойып қоюға болады.

Мысалы: менің қолымдағы қағазды көріп тұрсыздар ма ?! Мен сіздерге мына затқа қарамаңыздар десем, қалай болады ? Сіздер бәрібір қарайсыздар. Сол сияқты, косметиканы қойып қойып тиіспе, тиіссең жаныңды шығарамын дейміз. Бала әрнәрсені ұстағысы келеді.

Баланы көп шектейміз. «Болмайды!» деген біздің кілт сөзіміз. Бала дүниеге келгенде шектеу болмайды. Біз барлық затқа шектеу қоямыз. «Аяғыңды айқастырып отыруға болмайды!», «Қонақ келеді, оны жеуге болмайды!», «Үйде ойнауға болмайды!», «Көршінің үйіне кіруге болмайды!» т.б. Біздің шектеу қоятынымыз соншалықты, бала ненің болатынын, ненің болмайтынын білмей қалады. Содан, ненің болатынын білмейтін, сенімсіз бала қалыптасады.

Кішкентай кезінен бастап, баланың «Менін» қалыптастыру керек. Ненің болатынын нақты айту керек.

  • Жерге емес, диванға отыр!

  • Аяқтарыңды жинап отырыңдар! Т.б

Балалармен үлкен адамдарша сөйлесу керек. Әр нәрсенің себебін түсіндіре білу керек.

Мысалы: Диванға отыру керек. Жерден гөрі диванның үсті жылы. Әйтпесе, әже сияқты белің ауырып қалады. т.с.с

Салыстыру- өте үлкен қате. Ата- ана өз баласын өзге баламен салыстырғанда мотивировать етемін деп ойлайды. Салыстыру арқылы комплекс неполноценности қалыптастырады. «Елдің баласы не жеп өседі, осы. Қашан барсаң үйі тап- таза. Ана көршінің баласы пысық, күнде мал қарайды» т.с.с. Баланың ойында ол ақылды, мен ақылды емеспін. Ол сұлу, мен әдемі емеспін деген ой қалыптасады. Миға қалыптаса береді. Салыстырудан өз- өзіне көңілі толмайтын, өзін төмендетіп тұратын тұлға қалыптасады.

Мысалы: сізге балаңыз «Ана балаға анасы телефон алып берді. Ана баланың анасы жақсы» деп сізге күнде салыстырып айта берсе сіз қандай боласыз ? Жолдасыңыз сізді көршінің жұбаймын салыстырса, сіз мотивация аласыз ба ? Ол кемсіту. Үнемі сен кемсің, ол биікте.

Баланы өзімен өзін салыстырамыз.

Мысалы: Бұрынғыға қарағанда жазуың әдемі болыпты. Бұрынғыға қарағанда ыдысты жақсы жуатын болыпсың. Бала мотивация алады.

Егер, жолдасыңыз сізге «Бұрын тамақты жақсы жасайтын едің, қазір тіпті жақсы жасайтын болыпсың!» десе сізге жағымды ма ?

Бала өзінің қайталанбайтын тұлға екенін білуі керек.

Кінәлау- қателік.

«Осы сен неге сабақ оқымайсың! Сенде бәрі бар ғой. Телефоның бар, барлық жағдайыңды жасадық!» т.б.

Кінәлау- өзін кінәлі сезіну сезімін қалыптастырады (чуство вины). Кінәлі сезімі бар адам монипулятордың жемі. Ондай адамның өзіндік ойы, принципі болмайды.

Мысалы: бойында кінәлілік сезімі бар адамға «Егер сен мынаны істемесең, мен сенің досың болмаймын» десе, ол адам сол адамның айтқанын істейді.

Кінәлілік сезімі бар адам ақтала береді.

Мысалы: мен 0,5 кг печенье алып келдім. Сосын айтамын: «Естеріңізде ме, өткенде мен жақсы печенье алып келіп едім ғой, тағы сондай алайын десем жоқ екен.

Мен не істеп жатырмын ?

Ақталып жатырмын. Менен ешкім сұраған жоқ, мен ақталып жатырмын. Мен ақпын, тазамын (белая, пушистая). Ондай адамдар бір жерге барғысы келгенде, сұранғанда үлкен мәселе (проблема) айтып ақталады.

Кешірім сұрай береді. Кінәлілік сезімі бар адам, сұрамаң да ақтала береді. «Неге ?» деген сұрақты көп сұрамауға тырысамыз . «Бәрі жақсы ма ?» деп сұраймыз. Сіз кінәлап тұрған жоқсыз, түсінуге тырысып тұрсыз. Балада кінәлілік сезімі қалыптаспайды.

Тықпалау, навязывание

Ата- ана балалардың ойымен санаспай тықпалайды.

Мысалы: Қазір мына киімді киесің! Ертең мынаны киесің! Бір жерге кетсек, қазір мынаны же. Сабаққа кетерде мынаны же! Сонда сіз баланың асқазагына да бастықсыз ба ? Бала, мүмкін тамақ емес, нанға май жағып жегісі келіп тұрған шығар. Біз баланы бос қапшық етіп аламыз да өзіміздің ойымызды, пікірімізді тықпалаймыз. «Менен сенен бұрын өмірді көргенмін. Менің айтқаным болады» дейміз. Сөйтіп, баланың «Менін» қалыптастырмаймыз. Өзіндік пікірі жоқ, көнбіс адам қалыптастырамыз. Мысалы: мына қызбен араласпа дейміз! Бірақ, онымен неге араласпау керек екенін айтпаймыз! Біз үйде балаға гайшник сияқты бағыт- бағдар көрсетіп отырамыз. Ертең, бала жалғыз өзі үлкен қалаға барғанда бағыт- бағдар көрсетіп отыратын адам жоқ, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей қалады. Балаға кішкентайынан өзінің пікірін айтуға дағдыландыру керек. Біз баланың қолына ескек пен қайық бермей, оны өмір деген үлкен мұхитқа жібере саламыз.

Баланың жетістігін сатып аламыз. «5»- ке бітірсең велосипед, телефон алып береміз дейміз. Осылай , біз ешкіммен дос бола алмайтын, бауырмашылдық сезімі жоқ, робот адам қалыптастырамыз.

Мысалы: бір ада үйінде бала өзінің төсегін жинаса – 100 теңге, мусор төксе- 100 теңге, үй жинасаң- 200 теңге деп прайс жасап қойған. Бұл дұрыс емес.

Баланы мектеп емес, ең алдымен ата- ана қалыптастырады.

Мысалы: балаңызбен балаңызға киім алуға бардыңыз. Балаңыз өзіне ұнаған сапасы нашар киім таңдады. Сізге сапасы жақсы басқа киім ұнап тұр. Сіз, мына киімді алсаң, ұзақ киесің, бір жуғаннан түсі шығып, созылып кетпейді. Енді өзің таңдау жаса. Бұл менің ойым» десеңіз бала өзі таңдау жасайды.

«Мен былай ойлаймын, сен қалай ойлайсың» , «Мынандай вариант бар, бірақ өзің шеш » деп кез келген жағдайда өзіңіздің ойыңызды ұсыныңыз, бірақ шешімді баланың өзіне қалдырыңыз.

Осы жағдайларды біз үнемі орындасақ, өзіндік пікірі бар, өзінің «Мені» қалыптасқан тұлға қалыптастырамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.03.2025
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі