Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана мен әлеуметтік ортаның серіктестігін қамтамасыз ету арқылы тұлғаны әлеуметтендіру

Материал туралы қысқаша түсінік
впыпыкпуавп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-ана мен әлеуметтік ортаның серіктестігін қамтамасыз ету арқылы тұлғаны әлеуметтендіру

/ ата-аналар жиналысына арналған баяндама/

Әлеуметтендірудің жетекші және анықтаушы бастауы – тәрбиелеу. Тұлғаны әлеуметтендірудің педагогикалық негіздері бала жасының психологиялық ерекшеліктері мен тығыз байланысты болуға тиіс. Оқушылардың дербестігі мен белсенділігін олардың еңбекке, өздеріне, қоршаған ортаға деген құндылық қатынастарын дамыту, оқыту мен тәрбиелеу процесінде жүзеге асыру арқылы қалыптастыруға болады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, оның көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. Африкада, Үндістанда, Индонезия елдерінің ормандарында түрлі себептерімен аңдардың үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытуды мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардың хабарлауымен аңшылар қасқырдың інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған. Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды. Ендеше бала тәрбиесімен айналысу, оның әлеуметтік ортасын қалыптастыру үшін мектеп ата-анамен, қоғамдық ұйымдардармен,бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелік күшін пайдалану мақсатында әлеуметтік педагогикалық кешенімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Олар:

1. Аудандық білім беру бөлімі

2. Жасөспірім құқығын қорғау ісі комиссиясы

3. Кәмелетке жасы толмағандар ісі бойынша инспекция бөлімі

4. Денсаулық сауықтыру орталығы

5. Жас туристер станциясы

6. Мектептен тыс жұмыс орталығы

7. Мәдени мекемелер

Осы аталаған мекемелермен мектеп үнемі тығыз байланыста жұмыс жасап, оқушыларымыздың қоршаған ортамен байланысын нығайтуда біркелкі жұмыстар жүргізілді. Құқық қорғау органы, денсаулық сақтау,ішкі саясат қызметкерлерімен кездесу кештері, дөңгелек үстелдер өткізіліп, оқушылардың құқықбұзушылқтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы нақты мәліметтер алып, ой түйді. Сонымен қатар оқушыларымыз жас туристер станциясы, мектептен тыс жұмыс орталығы, баллар спорт мектебімен тығыз байланыста жұмыстанып, жоспарлы түрде өткізілген шараларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп, өздерінің қабілеттерін щыңдауда. Мектеп-лицейдің өнерлі оқушылары аудан, Республика көлемінде өткізілілетін шараларға қатысып, өз өнерлерін танытып, мектеп намысын қорғап қошеметке ие болуда. Нәтижелі іс әрекеттер жүйелі жүжұмыстардың негізінде бала жаңа ортаға бейімделеді, жаңа достар табады, еңбек етуге деген құлшынысы артып, белсенділік әрекетінің жоғары деңгейде қалыптасуы жүзеге асырылады. Осы арқылы оқушы өзін әлеуметтік жағынан бейімдей отырып, өмірге деген жаңаша көзқарасын қалыптастырады..

Дәстүр бойынша тәрбиенің басты институты отбасы болып табылады. Бүгінгі бала тәрбиесінде ерекше орын алатын – отбасы, мектеп, қоғам. Ата – ана, мектеп, мұғалім арасындағы ынтымақтастық байланысының маңызы зор. Екі жаққа үнемі қозғау салып отыратын бұл процесс үздіксіз де мәңгілік.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Тәрбие мен оқудың тиімділігі отбасы, мектеп және айналасындағы социумның бірлескен жұмысына да байланысты. Мектеп пен отбасы – балаларды тәрбиелеудегі одақтас. Балаларға өзара құрмет, өзара көмек, сабақтастық және талап бірлестігі негізінде олар тәрбиенің көптеген проблемаларын бірлесе шешеді.

Қазіргі кезде ата-аналар қоғамы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынастары әлеуметтік серіктестік деңгейінде құрылады. Баланы қоршаған ортасы,отбасы,достары,жеке өмірі, айналасының бытыраңқылығын азайтып, баланың тұлға болып даму аясында қиылысу нүктесін табу да қазіргі кезде мектептің құзырына беріліп отыр.

Кейде отбасында байқалмайтын баланың жаңа тұстары мектеп қабырғасында байқалып, ашыла түседі немесе керісінше біз жиі ата-аналардан естіп жатамыз: Үйде сайрап тұрады, не үйде маған тамаша айтып беріп еді деп. Сондықтан отбасы мен мектептің серіктестігі дамуға бағытталған әрекеттер арқылы ұштастырылуы қажет. Ата-аналардың пікірі мен ұстанымын,қажеттілігін тануда психологиялық тренингтер,сауалнамалар жүргізіліп отырады. Осы әдістер арқылы ата-аналар ашық пікірлесуге,өз ойын жеткізуге,бала тәрбиесіндегі қажетті тұстарды түсінуге үйренеді. Бір-бірімен сенімді байланыс орнатып, ортақ мақсатқа жұмыла әрекеттенуге бейімделеді. Ата-аналар арасында жүргізілген «Сіз қандай ата-анасыз?» атты сауалнаманың қорытындысына тоқтала кетсек:

Сауланамаға қатысқан 7-10 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 6 ұпай жинаған ата-аналар кездеспеді. /6-ұпайдан төмен жинасаңыз, бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой. Сіз тез арада жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде өз біліміңізді толықтыруға асыққаныңыз абзал./

7ден 14 ұпайды қатысқан ата-ананың 40 пайызы жинады. / 7-14 ұпайға дейін жинасаңыз сіз бала тәрбиесінде әрине үлкен қателік жасап жүрген жоқсыз, әйтседе сіздің осы бағыттағы “іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз. Алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз. Әрине бұл уақытты ұмыта тұруға тура келеді. Бұл күн демалыс үшін балаңыздың қатты қуанатындығына күмән жоқ./

15 ұпайдан жоғары 60 пайызы құрап отыр. /15 ұпайдан жоғары жинасаңыз, сіз өзіңіздің ата-ана міндетіңізді орынды атқарып келесіз. Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан да жақсарта түсеңіз, құба-құп./

Осы орайда ата-аналарымызға баламен қарым-қатынасты жиі орнатып, соның ішінде бала тәрбиесімен айналысуда әлі де болса белсенділіктеріңізді арттыру қажетін атап кетуді жөн санаймыз.

Көне нақыл былай дейді:

Мен естісем-ұмытамын

Мен көрсем-есте сақтаймын

Мен орындасам- түсінемін, яғни адам өз басынан өткізіп, әрекет етсе ғана мағынасын түсініп, бойына сіңіреді

Адамгершілік-бұл ата-ана мен баланы сақтайтын бекет,біріншісін реніш пен өкініштен сақтаса,соңғысын ар-ожданы алдындағы азаптан сақтайды.

Отбасымен серіктестік барысында жүйелі әрекет қажет, әрбір отбасының қызметін, әлеуметтік-материалдық жағдайын,білімі мен қызығушылығын,ұстанымдарын ескере әрекеттенген жөн. Ата-аналармен ағартушылық және бірлескен әрекеттердің кезеңдері анық нақты айқындалуы қажет. Мектеп тек оқу мен жазуға үйрететін орта емес,тек білім беріп қана қоймай, ең алдымен әр баланың жас ерекшелігіне сай танымдық,адамгершілік,жеке дара ерекшеліктерінің уақытында дамып,қалыптасуына ықпал ететін орта екенін ата-аналарға түсіндіру қажет. Ата-аналар жиналысын “ Ата-ана мен әлеуметтік ортаның серіктестігін қамтамасыз ету арқылы тұлғаны әлеуметтендіру ” тақырыбына арнауымыз жайдан жай емес.

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге және ата – анаға байланысты екені сөзсіз. Әрбір ата - ана қажет етсін, етпесін ол – тәрбиеші. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, айтушы болып табылады.

Кейбір отбасында ата-тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін атқарған еңбегін құрметтетіп, ұрпақтарына үлгі етіп, үйретіп отырған және оны дәстүрге айналдырған.

Отбасымен жұмыстың қалыптасқан әдістерімен қатар,мектебімізде жүйелі түрде өткізілетін отбасымен серіктестік әрекет түрлері биылғы оқу жылында қолға алынып отыр. Ашық есік күндері өткізілетін шаралар арқылы әр ата-ана баласының жетістіктерін байқай отырып, мүмкіндіктерінің, мінезінің қыр-сырын тани бастайды. «Денің сау болған керемет!» атты сыныптар арасындағы өткізілген спорттық сайыста ата-аналар балаларының дене дайындығын ғана байқап қоймай,өздерінің де қабілеттерін көрсету арқылы жақсы эмоционалды байланыс орнатады. «Арулар сайысы», дәстүрлі өткізіліп жүрген «Алтын ұя» сайыстары отбасылық дәстүрді жаңғыртып, отбасымен серіктестікті нығайтуға септігін тигізуде. .

Сондай-ақ, ата – анамен бірлесе істелген жұмыс негізінде көптеген жетістіктерге жетуге болады. Оның дәлелі ата -аналардың қолдауымен оқушыларымен әр түрлі бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізуі.

6-сынып оқушылары арасында өткізілген спорттық жарыс, 7а сынып оқушылары аудандық балалар кітапханасында қызмет атқаратын ата-аналар Хасанова Құралай мен Мурзекеева Гулнардың ұйымдастыруымен кітапхана әлеміне саяхат жасап, көптеген жаңа әдебиеттермен танысып, қызықты да пайдалы мәліметтер алды. «Арай» шаруа қожалығына ата-ана Шукуров Самиғолланың қолдауымен 7 «б» сыныбы барып қайтты. Еңбектің нәтижесінде бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар 600 ақбас сиыр малы бір екенімен таныстырды, төлін көрсетті, шаруашылықтың қыр-сырымен танысты.

8-сынып оқушылары Орал қаласына саяхат жасап, қаладағы көрнекті жерлермен танысып, ұйымдастырылған сапар нәтижесінде оқушылар ұйымшылдық, достық қарым- қатынас сияқты құндылықтарды бойына сіңіріп, күнделікті өмірде естеріне сақтап жүретіндей әсерде болды.

9-cынып ата -аналарының жетекшілігімен әрбір оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырып, жан- жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу мақсатында аудандық мәдениет үйі жанындағы мұражайға және кәсіптік колледжге экскурсия жасады. Онда мұражайдың тарихы туралы мәліметтер алып, колледждің оқу материалдық базасымен, дайындайтын мамандықтарымен жете таныстырылды. Әкелер комитетінің төрағасы Е. Таттыгуловтың ұйымдастыруымен оныншы сынып оқушылары Аудандық педагогикалық психологиялық түзету кабинетіне барып, сол мекемеде арнайы тіркеуде тұрған балалармен өткізілетін сабақ түрлерімен танысып, олармен жұмыс жасайтын мамандардың еңбектерінің қиын екендіктеріне көз жеткізіп, балалардың болашаққа, мүмкіндігі шектеулі жандарға деген рухани адамгершілк сезімдерінің оянуына септігін тигізген жұмыс түрі болды деп санаймыз. Ақпан айында Санкт – Петербург университеті ұйымдастырған физика пәнінен қашықтықтан өткізілген интернет олимпиадасының 1 турынан жүлделі орын алған мектебіміздің оқушылары , ата-аналарының қаржылай қолдауымен Шымкент қаласына өтетін турнирге жолдама алып,жақын арада жол жүргелі отыр.

Алдағы айларда 5-сынып оқушылары ата аналарымен мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап, бұл әрекет оқушының табиғатты аялап, жасыл желекке деген құрметті арттыруды көздеген шара болғалы тұр.

Жалпы осындай шараларды ұйымдастыруда көпшілік ата– аналар белсенділік жағынан жоғары деңгейде. Қорыта келгенде,оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс – әрекетін сараптап, жан – жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдемін.

Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата - аналар арасындағы байланысқа, басқа адамдармен қарым - қатынас орнатуына, отбасы ішіндегі тұрмыс - тіршілігіндегі жағдайларға, барша отбасылық іс - әрекеттерге қатысады. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата - ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты

Қорыта келгенде МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай,

- балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!

Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата – ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

Назарларыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12