Материалдар / ата-анаға кеңес "Бір отбасындағы ЕБҚ бар және дені сау бала тәрбиесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ата-анаға кеңес "Бір отбасындағы ЕБҚ бар және дені сау бала тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тек мектеп төғңрегінде емес жалпы ата-ана немесе қамқоршы болып отырған ересектерге зор көмегін тигізеді,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Новопавлов жалпы орта білім беретін мектебі













Shape1

Тақырыбы: «Отбасындағы дені сау бала мен ерекше күтімді қажет ететін бала арасындағы өзара түсіністік»

Дефектолог-мұғалім: Бекболат Айым Нұрболатқызы























2017-2018 оқы жылы





Ата-аналарға өз отбасындағы дені сау бала мен ерекше күтімдегі бала арасындағы ерекшелік пен түсіністікті қалай реттеп отырғандарын анықтауға арналған сұрақтар

(пікірлесу және практика алмасу)


  1. Ерекше күтімдегі бала диагнозымен қаншалықты таныссыз?

  2. Ерекшеліктерін, белгілерін айтсаңыз?

  3. Дені сау неше балаңыз бар?

  4. Арасында көбіне қандай мәселелер туындайды?

  5. Қате көбіне кімнен кетіп отырады?

  6. Сіз қалай әрекеттенесіз, қайсын сабырға шақырасыз?

  7. Егер ерекше күтімдегі балаңыз тым күшейтіп жатса, қандай қателіктер жіберіп алдым деп ойлайсыз?

  8. Өзіңіздің тәжірибеңізден кеңесіңіз болса...






























Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

  • үздіксіздік;

  • тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;

  • тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;

  • тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);

  • қарым-қатынастың жекелігі;

  • өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;

Ата-ананың міндеті – ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасау.

«Жекеше» қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.

Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.

Салыстырмалы түрде жеке болатын балаларды тəрбиелеуде бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз баласының тəрбиесіне ықпал етеді.

Біріншіден, қолдау: ересектер баланың дұрыс деп санайтын əрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін əдетке сай əрі ішкі қажеттілік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала атаанасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның мəселелеріне көңіл бөліп, ата-ана баласының санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады.

Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі. Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.

Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу  əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:

  • сендіру;

  • тіршілікті ұйымдастыру;

  • түзету;

  • марапаттау жəне жазалау;

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).

Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың  дене  бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.

Түзету дегеніміз – педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді.

Балаларды тəрбиелеуде ата-ананың стилі де  маңызды  рөл  ойнайды.   Атап   айтқанда, А. Болдуин ата-аналық тəрбие тəжірибесінің екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық жəне қадағалаушы.

Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мəселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы.

Қадағалаушы стильде ата-ана баласының əрекеттерін едəуір шектеп отырады: балаға шектеудің мəнін анық түсіндіру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы.

Тəрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар жетекшілік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады, ал балалардың өзі сырттан қадағалауға қиын көнеді, алайда оларға альтруизм, эмпатия тəн емес.

Тəрбиелеудің қадағалаушы стилі қолданылатын балалар көнгіш, қорқақ, шабуылдаушы емес болып келеді. Тəрбиелеудің аралас стилі қолданылған балаларға іштей тыну, шабуылдамаушылық, қызығушылықтың болмауы, ойлаудың айрықшылығы, қиялшылдық тəн емес.

Отандық педагогтар ата-аналық тəрбие стилінің келесідей топтамасын ұсынады: босаң (либералдық), авторитарлық жəне демократиялық.

Біріншісі қандай да бір қарым-қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөтенденуі, бір-бірінің істері мен сезімдеріне немқұрайлы болуы. Келесі екеуі – авторитарлық жəне демократиялық стильдер – өзіндік шкала құрайды, оның бір жағында қатаң авторитарлық сипат басым болады, яғни отбасы мүшелерінің шағымдануға жатпайтын, ешкіммен санаспайтын қарым-қатынасы, қатыгездігі, шабылдаушылығы орын алса, екінші бөлігінде – ынтымақтастық, өзара көмек, сезім мен эмоция дамыған мəдениет,  сондай-ақ  отбасылық  одақтың  барлық мүшелерінің шын мəніндегі толық тең құқықтылығы орын алатын алқалы демократия. Авторитарлық стиль – баланың отбасында мəнсіздігі мен керексіздігі салдарынан ол атаанасынан алшақтайды.

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді. Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын жəне осы үрдістің нəтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады. Олардың нəтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тəрбиелік əсер едəуір төмендейді.

Балалардың екі педагогикалық үрдіске қатысуы отбасындағы тəрбие жұмысының жағдайын білу, ата-ананың педагогикалық мəдениетін көтеру, отбасындағы педагогикалық үрдістің оң жəне теріс жақтарын ескере отырып, мектептегі педагогикалық үрдісті жасау қажеттігін туындатады.

Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету (кең мағынада алғанда тəрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.

Ата-ананың отбасы – əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т.б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі.

Əйел мен еркектің əлеуметтік рөлдері жүйесінде  алға  түпкілікті  қадамдар жасалды.

Əйелдің еркіндік алуы жəне оның өндірістік қызметке араласуы оның қоғамдағы жəне отбасындағы рөлін көтерді, сонымен бірге ана мен əке рөлдерінің дəстүрлі бөлінісін жойды. Қазір отбасында рөлдердің бөлінуі жұбайлардың жынысына емес, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жалпы алғанда, бұл алға аяқ басу – биархатты отбасы тұрақтырақ жəне ондағы психологиялық климат жақсы. Алайда бұл да келіспеушілік туғызады. Əсіресе қазіргі күні балаларды тəрбиелеуде əкенің рөлі күрделі болып отыр [1].

Барлығына белгілі, отбасы адамзатты бірегей əлеуметтік құрушы болып табылады. Болашақ əлеуметтік білім ретінде, отбасының белгілі əлеуметтік функциялары бар, оның өмір сүруінің қоғамдық қажеттіліктері ретінде, сондай-ақ отбасы мүшелерінің дербес қажеттіліктері де бейнесі болып табылады. Отбасының бейнесі əлеуметтік институт ретінде, əлеуметтік нормаларда, жұбайлардың, ата-аналардың, балалардың жəне басқа да туысқандардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші санкциялар мен ұстаным үлгілерінде тұжырымдалған.

Соңғы онжылдықта ата-ана мен балалардың қарым-қатынастары терең жəне бір-біріне бауыр басқандықпен анықталады, себебі көптеген адамдар үшін балалар негізгі құндылықтардың бірі болып келеді. Бірақ, бұл қазіргі отбасының қарым-қатынасын қиындатады. Мұндағы себептер, ата-аналардың əдеттегі мінезқұлқы өзгеруде. Əке – экономикаға қатысты отбасының басшысы емес, бұл қызметтерді анасы жиі орындайды, жұмыс істемейді, бұрынғыдай ата-ана билігінің беделі емес. Оған ауысымға ата-ананың жеке беделі келеді. Қазіргі уақытта балалар ата-аналарынан гөрі жақсы  білім алған, уақытының көп бөлігін отбасынан тыс өткізуіне мүмкіндігі бар, демек, өмір сүрудің басқа саласында. Барлығы аз бақыланатын жəне жүзеге асырылатын ата-аналарының қарсылығы болды. Кейде ата-аналар өздері де нені болатынын, неге тыйым салу керектігін білмей қалады. Бұл балаларға қатысты əкесі мен анасының тəрбиедегі əлеуетін жиірек драматикалық жасайды.

Тəрбиенің жоқтығы да – тəрбиеге жатады. Қараусыз қалу, қараусыз қалғандағы жағымсыз əсерлер де тəрбиелейді. Өзіне деген назарды сезінбегенде, бала басқаларға немқұрайды немесе долданғыш, қарсы келгіш болады. Бағытталған тəрбиелеуші əсері жоқ, бірақ та жанама түрде бар. Бала отбасында тұрғандықтан жəне оған оның үлкен мүшелерінің өмір сүру салауаты əсер етеді. Егер олардың барлығын жасыратын болса жəне егер ата-анасының өмірі ашық болса, егер отбасында көп сөйлесе жəне көп сөйлемейтін болса, сол жағдайда оларды тəрбиелей бастайды. Мұның барлығы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына əсер етеді. Егер жұмыс жəне басқалар туралы айтып отырса  жəне оларды қалай айтқаны; егер ұрысса немесе табысса; егер отбасы бірлікте немесе əркім өзөзімен болса; егер отбасында біреуді бүйірлесе жəне егер əкесі «пəтер жалдаушы» сияқты болса: кеш келеді, үндемей теледидар көрсе, оқыса, ұйықтаса жəне таңертен білдірмей жұмысқа кетіп қалатын болса, бұл əсерлер де балаларды тəрбиелейді. Мұның барлығы да тəрбие [2].

Жоғарыда айтылған факторлардың өзара қарым-қатынасы негізінде (физикалық қасиеттер, ата-аналардың дербес тəжірибесі, отбасындағы мəдеиеттің ерекшеліктері мен т.б.) қайталанбас тұлғаның қалыптасуы ойдағыдай жүреді.

Балаға бəрі əсер етеді: қайырымды немесе ата-анасы жоқ; олар өміріне қанағаттанады ма немесе   барлығына   немесе   əрбіріне  қызғана қарайды ма; оптимист пе немесе  əрқашан «өлгенше шаршаған» жəне оларға «бəрі пəле болды» ма? Ол үшін олардың мінездерінің алуан түрлігі, олардың неге ұмтылғандары, не қажет екендігі жəне нені жақсы көретіндіктері, неге қуанатындықтары, неге көңілдерінің түсетіндіктері, неге ашуланатыны, неден қорғанатындары немқұрайлы емес. Бала бəрін көреді, естиді, өзінше қабылдайды жəне өңдейді, оған барлығы əсер етеді жəне мұның өзі де тəрбие. Жауап тек біреуін талап етеді: мұның бəрі қалай тəрбиелейді?

Балаларды тəрбиелеу барысында оларды тек экономикалық жəне психологиялық əсерлерден ғана қорғап қоймай, олардың сапалы денсаулығы мен физикалық дамуы үй-тұрмыстық, көліктік сұрақтарды шешуге, олар өмір сүретін ортаның, орталықтың урбанизациясына, индустриализациясына тəуелді [3














Хаттама

Күні: 3.10.2017ж

Өткізілген іс: кеңесу, пікірлесу

Тақырыбы: «Отбасындағы дені сау бала мен ререкше күтімді қажет ететін бала арасындағы өзара түсіністік»

Контингент: Коррекциялық түзету тобы оқушыларының ата-аналары

Қатысқандар саны: 5 ата-ана

Шараның өткізілу мақсаты: Ата –аналарға ерекше күтімді қажет ететін балалармен дұрыс, ұтымды жұмыстануға нұсқау беру, жеке психологиялық ауыртпалықтарын жеңуге кеңестер беру.

Өту барысы: жиналу себебімізді, пікірлесу барысындағы алатын кеңестерімізді болжап хабарладым. Жалпы ескере кететін балаларына қатысты жетістіктер мен әлі де бағындыра алмай келе жатқан белестерімізді, жұмыстануымыз керек тұстарыды әр қайсысына қысқаша ескерттім.

Әрі қарай ата-ана тәжірибелерін тыңдадық. Сұрақтар қою арқылы ерекше күтімдегі балалардың отбасындағы рөлі, маңыздылығын анықтауға тырыстым.Әр ата-ана бала тәрбиесіндегі өз қиыншылықтары мен үйлесімді шешімдерін өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы ортаға салды.

Негізгі бөлім мәселесі отбасындағы балалар арасындағы түсіністік, ерекшеліктер жайында баяндама оқыды. Өз балаларының бойындағы ерекшелік немесе өзгерістер жөнінде 2 ата-ана сұрақ қойды. Тараптардан қойылған сұрақтар «Егер өзгеріс байқасақ, баламен қалай қарым-қатынас жасауымыз керек?» деген сауал болды. Көңілге қонымды жауаптарын алған ата-аналар жалпы сыныптық, ата-ана мен әр бала арасындағы мәселелер бойынша өздері түсінгісі, білгісі келген тақырыптарын сөз етті. Бірлесіп, екі жақты тәрбиелеу, балалар арасына теңдей рөлде әрекет ету тиімдірек екеніне келісті.

Қорытынды: жауаптарын алған ата-аналар жалпы сыныптық, ата-ана мен әр бала арасындағы мәселелер бойынша өздері түсінгісі, білгісі келген тақырыптарын сөз етті. Бірлесіп, екі жақты тәрбиелеу, балалар арасына теңдей рөлде әрекет ету тиімдірек екеніне келісті.



Дефектолог- мұғалім: Бекболат А.Н.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!