Ата-аналар
жиналысы
«Баланың
болашақ мамандығын таңдаудың маңызы
рөлі отбасында »
.
Чехов
орта мектебінде кәсіптік бағдарлама
беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған
«Баланың болашақ мамандығын таңдаудың
маңызы рөлі отбасында » тақырыбында
мектепте 2019 жылдың 7 қараша күні ата
– аналар жиналысы өтті. Жиналыстың
мақсаты: Жеке
тұлғаның тиімді мамандық тандауда
профессионалды түрде кәсіби кеңес
өткізу керектігі туралы, жеке тұлғаның
тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі
анықтау барысындағы педагог-психологтың
тиімді жұмысының бағыттарымен таныстыру.
Жиналысқа
8 – 11 сынып оқушыларының ата – аналары
қатысты.
Ен алдымен ата-аналарды 3 топқа бөлдік.
«Миға шабуыл»— ой қозғау бөлімінде
«Мамандық дегеніміз не?» деген сұраққа
әр топ жауап берді. «Мамандық» сөзіне
анықтама берілді. Мектеп
психологы Шкаленко С.Н «Мамаңдық таңдай
білесіз бе?» тақырыбында ата-аналармен
тренинг өткізді. Тренингке ата – аналар
белсенді қатысып, мамандақ таңдау
мәселесіне байланысты өз ойларын ортаға
салды, пікір алысты, постер қорғады.
Сонымен қатар мектеп психологы мамандықты
дұрыс таңдау және балаларына көмек
көрсетуге арналған психологиялық
кеңестер беріп кетті. Атап айтсақ:
«Кәсіп
таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес,
ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...» .Бірге
отырып таңдау жасалған кәсіптің «пайдалы»
және «пайдасыз» жақтарын, «не қалаймын»,
«не істей алам», « не керек»
қарастырыңыз. Болашақ мамандық
таңдауда баланың да пікірін
ескеріңіз. Мамандықты таңдағанда
қаржылық жағын ескере бермей, моралдік
жағына да көңіл бөліңіз.
Мамандық
таңдауда балаға қысым көрсетпеңіз,
әйтпесе ол келіспеушілікке әкелуі
мүмкін. Бала арманының орындалуына
барын салып ынталанса, оған сүйеніш
болыңыз. Егер балаңыз таңдауда
қателессе,оны жазғырмаңыз. Қатені
түзетуге болады. Егер балаңыздың
қандай да бір кәсіпке қызығушылығы ерте
ояна бастаса, оны үйірмелерге беріп,
әдебиеттермен білімділігін қолдап
отырыңыз. Есіңізде ұстаңыз, кәмелетке
толған, өзінің таңдауына жауап бере
алатын адам, ақырғы шешімді баланың өзі
жасауы керек!
Ата
– аналар жиналысында мамандық таңдаудың
маңызы туралы жан – жақты айтылды.
Бүгінгі жиналыста ата – аналарға
көмектер көрсетілді. Және де ата –
аналар есіне: ең бастысы мамандыққа
бағыттағанда бала қызығушылығын
ескеріңіздер.Баламен ақылдасып шешу
сұралады.
Жиналыс соңында ата – аналармен
жеміс-жидек рефлексиясы өткізілді.
Сынып
жетекшілері:
Бадильжанова
С.К