Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: Свободный орта мектебі _ Сынып: 6 «А»
Мерзімі: _ 12.2015_________ Ата-аналар саны: 10
Мұғалім: Мұсатай Т.Ә
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі»
Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отыра, отбасы – тәрбиенің негізі екенін ұғындыру. Міндеттері: - Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту; -Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиеде дамыту; -Жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу. |
Ресурстары: материалдары, көздері) интерактивті тақта, слайд, бейнефильм |
Ж Айына бір рет: Зообақ, театр, орманға және т.б. жерлерге бірлескен саяхаттар жоспарлаңыз отбасылық. Отбасылық дәстүрлер жасаңыз
- «Дәйексөз». - Топпен жұмыс. 7. «Балалардың ата-аналарына тілектері» бейнебаян. (алдын - ала жұмыс) 8. Ата-аналардың балаларына тілектері. 9. Хормен ән айту: «Мейірімді болайық» 10. Үйге тапсырма. |
Талдау Ата-аналар баяндаманы тыңдайды. Жағдаяттарды шешеді. бейнебаянды көріп, ойларын ортаға салу. Хормен ән айтады. |
Мұғалім _______________________
Директор ______________________
ТЕКСЕРІЛДІ, Абдраимова А.Б.
Ата-аналар жиналысының сценариі
1.Амандасу
тренингі.
Нұсқау беремін: баспен амандасамыз; құлақпен
амандасамыз; қолмен амандасамыз … Дене мүшелерімен
амандасады.
2.Топқа бөлу.
Ата-аналарға гүл таратып берілді. Гүлдердің түстері бойынша екі топқа бөлінді.
3.Жиналыстан бұрын ата-аналарға сауалнама таратылады.
4.Мұғалімнің сөзі: Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту».
2. Дәйексөз
«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата-аналар соған үлгі».
Себастьян Брант.Егер ата-аналар өз баласына бұдан былай жаман үлгі болғысы келмесе, осы зиянды әдеттен бас тартуға шешім қабылдайды. Оны қалай істеуге болады деп ойлайсыздар?
Баяндама (слайд)
Ежелгі грек ойшылдары: «Өзіңді-өзің таны, сонда бүкіл әлемді танисың!»,-деп шақырған. Өзіңді танысаң өзгені танисың.
Адамгершілік руханилықпен үздіксіз байланысты және де, өзінің мәңгілік рухани негізінен айырылса, тұрақсыз болады. Тәрбиелеуден рухани негізді алып тастау құмға немқұрайды тұрғызылған үйге ұқсайды. Осылайша салынған руханилықсыз адамгершілік бос, осал және уақыт сынағын көтере алмайды. Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік. Осылайша, адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрінісі болып табылады. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды.
Сананың құрылымы.
Сананың құрылымы оның табиғаты адамның рухани мәселелерімен тығыз байланыста болатын психологияның өзекті мәселелерінің бірі.
“Сана -ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалық талдауларға ұстатпайтын сүзгінің тесігінен ағып жатқан су сияқты” – деп зерделейді.
Сана арқылы оқыту: оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.
Түпкі сана. Сезім, эмоция,темперамент, адамның түпкі санасында бекиді де, сонда жинала береді. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде саналық деңгейден тыс) келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге ие болады. Біз эмоциялық уайым, қайғы алған сайын эмоциялық реакцияны бекіте түсеміз. Осы эмоциялық сипаттарды күшетпеу үшін сананы қадағалап отыру қажет екенін аңғарамыз.
Ашу-ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш сияқты барлық эмоцияларымыз біздің түпкі санамызда жатыр. Олар – өткеніміздің бір бөлігі. Оларды құртып жіберуге болмайды. Сондықтан да олармен бірге өмір сүруге тура келеді.
Жоғарғы сана. Жоғарғы сана – бұл біздің жеке тұлғамызға әсер етуші маңызды фактор. Біздің жан дүниемізде ар-ұжданымызды түсінуге бағыт беретін, көмектесетін, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік беретін жоғары рухани табиғатымыз. Санаға ақпарат жоғары санадан интуиция мен ар-ұждан даусы арқылы келеді.
Сананы қалай тазалауға болады?
1.Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тура әдіс.
2.Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.
3.Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөлу.
4.Ашу ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашуыңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
5.Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
6. Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
7. Жақсы компания, орта табыңыз.
8. Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
9. Тыныштықты сақтауға үйреніңіз.
10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз.
11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.
Мысалға біздің көзімізді алайық. Жарық –бұл біздің көзімізге енетін, нерв жүйелері арқылы өтіп, импульске айналатын, сосын миымызға жететін электромагнитті толқын және сана көз алдында өтіп жатқан бейнені қабылдайды. Мына суретке қарайық:
Біз не көріп тұрмыз? Барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмын», -дейді. Суретке тағыда бір рет қараймыз. Дәл сурет мынадай: «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте бар». Мәселе біз басқалардың бойынан тек қана қара нүктені ғана көреміз, ал жан-жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз. Шын мәнінде «ақ» нәрселер өте көп, ал біз оларды байқамаймыз. Біз өзіміздің ғана мәселелеріміз бен қиындықтардан алатын пайдамызды байқамаймыз, солардың арқасында шыңдалатынымызды және өсетінімізді ескермейміз.
Сондықтан да барлығынан да, барлық уақытта да, барлық жерде де жақсыны көре білуге үйренуіміз керек.
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады. Жалпы адамзаттық құндылық дегеніміз- белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар.
Ақиқат, дұрыс
әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық , қиянат
жасамау.
«Өзін-өзі тану» рухани
–адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаева былай деп
жазды: «Біздер, ХХ ғасырдың естен айырылған перзенттері ұзақ
пайдаланған «өркениет әдебі» шарттылығының орнына өмір әдебін қайта
жаңғыртуымыз керек. Өйткені адамдар ғасырлар бойы осы құндылықтарға
ие болып, тиісінше пайдаланып келді ғой. Бейнелі тілмен айтқанда,
руханияттың мөлдір кәусар бұлағынан үнемі сусындап отырды. Соңғы
онжылдықтардың асау ағыстары кезінде осы бастауларға апаратын жолды
замандастарымыз естен шығарып
алды.
-
«Құндылықтар ағашы» Ақиқат-құндылықтың түп тамыры.
Үнемі- түп тамырды сүйіспеншілікпен (су) суарып отыру керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет (ол ағаштың діңі) болады. Дұрыс әрекет болса, ішкі жан дүниемізде тыныштық (оны ағаштың жапырақтарына теңеуге болады) орнайды. Егерде өзіміздің ішкі сезімдерімізді басқара білсек, әр уақытта ар-ұждан даусымен өмір сүрсек, адам еш уақытта ешкімге, ешнәрсеге қиянат жасай (ағаштың жемісі) алмайды.
Бұл құндылықтар өзара бөлінбейді. Бір-бірімен тығыз байланысты.
-
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлі.
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің
іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының
мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге
байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке.
Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен,
жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің
салмақты сөзі таза ауадай
қажет.
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының
тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға
тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс
бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына,
қадірлі ел ағаларына
байланысты.
Әйел адам – отбасының сақтаушысы. Алғашқы махаббат тарихы-ана мен бала махаббаты. Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетін өзгелерге аудара салмауы керек. Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Ананың міндеті – руханилық пен адамгершіліктің негізін салу. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады.Бала тәрбиесінде барлығы өз шекарасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.
Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».Ұлттық салт- дәстүрімізді білу,оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. «Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып,үлгі -өнеге көрсету қажет.
Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді.
3. Видиоролик көрсету «Рахмет, анашым!»
Сұрақтар қойылып,
Осы көріністі біздің тақырыбымызбен қалай сәйкестендіруге болады?
Өз ойларын айтыңыздар
-
Топпен жұмыс: ата- аналармен
I-топ: Бала тәрбиесінің жоғары болуындағы менің ықпалым ..
II -топ: Баланың оқу үлгерімі жоғары денгейде болуына отбасының ықпалы .
Ата-аналар ортаға шығып қорғайды.
Шығармашылық
жұмыс.
Құрметті ата-аналар! Енді осы
балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен,
тілектеріңізді жазып конвертке салыңыздар. Ертең бұл хаттарыңызды
балаларыңыз оқып көңіл күйлері көтеріліп
қалсын.
Сауалнама жүргізу, салыстыру.
7. Хормен ән айту. «Мейірімді болайық»
8. Үйге тапсырма. «Звездочки на земле» фильмін көріп, өз ойларын айту.
Мұғалімнің қорытынды
сөзі:
Ардақты ата -
аналар!
Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз
балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген
балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей
отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау
болыңыздар!