Ата-аналармен күш жігерді біріктіріп, балаларға үлкен адамдық бағыт беру әрбір ұстаздың мақсаты болуы керек
-
Ата-аналарды мектеп ережелерімен, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру
-
Ата -аналардың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы
-
Әлеуметтік, шығармашылық, спорттық және мерекелік шаралар
-
Ата-аналардың тарапынан жүргізілетін кәсіби қолдау
-
Ата-аналар университеті жобасы мен сыныптық Редх конференциялары
Ата-ананың тәрбиесі ол бала мінезінің іргетасы болып табылады. Отбасындағы махаббат пен үйлесімділіктің болуы өте маңызды. Оқушы өзін бірінші кезекте қайда болмасын қауіпсіз сезінуі қажет. Оқушы өмірінің басым бөлігін мектепте өткізетін болғандықтан, қоршаған ортаның тәрбиесі де әсер етпей қоймайды. Бұл қоғамдық тәрбиенің бір саласы іспеттес.
Мектеп қабырғасына келген күннен бастап, алғашқы кезекте біз оқушылар мен олардың ата-аналарын мектептің ережелерімен, құндылықтарымен, алға қойған бағдары мен мақсатымен таныстырамыз. Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы, академиялық адалдық саясатын ұстану қағидалары. Әр оқушыны жан-жақты көшбасшы ретінде тәрбиелеу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Өткізілетін шаралардың түп мақсаты - оқушы бойына құңдылықтарды сіңірту болып табылады.
Оқушылардың ұйымшыл болуы ол
әрине бірінші кезекте ата-аналардың ұйымшыл болып, өзара сыйласуы.
Ата-аналар арқылы оқушыларды тәрбиелеу, ата-аналарға да дұрыс
бағыт-бағдар беру біздің жұмысымыздың басым бөлігін құрайды. Өз
өзіне сенімді, психологиялық жағынан тұрақты оқушылардың білім
алуға деген ынтасы да жоғары болатыны анық.
Әр оқушының отбасын зерттеп, әр ата-анамен жайлы қарым-қатынас
орнатуға тырысамыз, оқушыларды зерттеп, кіріс диагностикасы
өткізіледі. Оқушылардың мінезі, темпераменті, қабылдау каналдары
зерттеледі, одан кейін сынып кураторлары бұл ақпаратпен кіші
педагогикалық кеңестер өткізу арқылы, ұстаздарды
таныстырады.
Ата-аналар барлық іс-шараларға
белсене араласады, ата-аналар комитеттерінің осы кезекте атқаратын
ықпалы өте үлкен. Жыл басындағы жиналыстарда, ата-аналар жұмысының
жоспары құрылып, өткізілетін шаралардың қысқаша мазмұны анықтылады.
Жоспарға сәйкес ата-аналар барынша әлеуметтік жәрменкелерге,
мерекелік және спорттық шараларға қатысады. Мәселен, ұстаздар
мерекесіне ата аналар комитеті өкілдері
құттықтау сөздерін, алғыстарын, шығармашылық туындыларын арнап
жатады.
Қоғамға қызмет ету жобасы
аясында өткізілетін шараларға ең бірінші кезекте ата-аналар
қатысады. Әр шанырақ ұжымы өз әлеуметтік жобасы аясында жұмыс
жасайды. Ата-аналар әлеуметтік жобаға белсене араласып, көмектерін
көрсетеді. Мысалы, «Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында
ата- аналар тарапынан қомақты қаражат жиналып, әрбір мұқтаж оқушыға
көмек көрсетілген болатын. Әлеуметтік көмек беру мақсатында
өткізілетін жәрменкелер мен концерттерге, қойылымдарға
ата-аналардың қосатын үлесі зор. Мектептің дәстүрі болып табылатын
айнымас шаралар, Қайырымдылық Вена Балы мен Наурыз мерекесін тойлау
шаралары өтеді. Наурыз мерекесінде ата-аналар өздері киіз үйлерін
құрып, оқушыларды қазақ ұлтының негізгі салт- дәстүрлерімен
таныстырады. Бұл шаралар арқылы ата-аналар тек сөзбен емес, жасап
жатқан істері арқылы оқушыларды мейірімділікке, ұйымшылдық пен
жауапкершілікке, адалдыққа үйретеді.
Ата-аналар топтары арасында өткізілетін зияткерлік ойындар мен спорттық ойындар, балалар бойында жағымды бәсекелестік, талапшылдық, мақсат қоя білу, топта жұмыс істеу, бірлікке ұмтылу қасиеттері мен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
Ата-аналар өскелен ұрпаққа дұрыс бағдар беру, өмірлік жолын табуға да өз көмектерін тигізеді. Кәсіби бағдар беруде оқушылардың жас ерекшеліктері назардан тыс қалмайды. Бұған дәлел жаз мезгілінде өткізілетін әлеуметтік жобалар және кәсіби бағдарлау жобаларының аясында, 9 және 10 сынып оқушылары ата-аналарының жұмыс орындарына барып, биология пәнін таңдаған оқушылар медицина саласымен, ал физика пәнін таңдап алған оқушылар зауыттар мен өндірістік мекемелерге экскурсияға барады. «Мәдениет» жобасы аясында, туған өлкенің белгілі жерлеріне саяхаттап ақпарат алса, «Бақытты отбасы» жобасының аясында, бақыттың мәні мен отбасындағы жағымды қарым-қатынастар орнату тақырыбында мағлұмат алады.
Сонымен қатар, мектебімізде «Ата-аналар университеті жобасы жүзеге асырылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты ата-аналардың бойында балаларымен жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру, ата- аналардың ойлауы мен көзқарастарын дұрыс бағытта қалыптастыру жатыр. Ата-ананың позициясы тек балаға ғана емес, отбасына, қоғамға және жалпы мемлекетке әсер ететіндіктен, ата-аналарға тәсілдер мен технологиялар туралы ақпарат беріп, тәжірибе алмасу, үй жұмыстарын беру арқылы, білімдері мен ақпаратты дұрыс нәтижелі түрде қабылдату өте маңызды.
А
та-аналар
өз білімдерімен, ата-аналарға арналған РЕДх конференциялары мен
семинарларда бөлісіп отырады. Қазіргі беделді тәрбие жайлы жазылған
кітаптар мен мақалаларды талқыға салады. Анна Быкова, Шалва
Амонашвили, Николай Некрасов сынды авторлардың кітаптарын оқуға
өзара кеңес береді.
Ата-аналармен жұмыс өте ауқымды болғанымен, өте қызықты. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана біз нәтижеге жете аламыз, осы қағиданы әрқашан ата-аналармен талқылаймыз. Тәрбие жұмысының нәтижесі жайлы ата- аналардан әр айдын сонында, не болмаса шара сонында кері байланыс алынып отырады. Болашақта «Әкелер күні» мен ата-аналарға арналған конференция өткізу жоспарымызда бар.

Сексенбаева Аклима Мэсовна
Ата-аналармен жұмыс бойынша координатор
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-аналар қауымдастығының мектеп өміріндегі орыны

шағым қалдыра аласыз