Материалдар / Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы 2024-2025 ж

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы 2024-2025 ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы 2024-2025 жыл
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




Жадынама “5+”

«Біз де»

«Бином» ойыны

«ВЕЕР»

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші ата- ана бір бөлігіне бүгінгі дәріске қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші ата- ана екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Соңында сұрақтар мен жауаптар оқылады.


«ВЕЕР»

әдісі

3.4-сабақ

Өнерлі өрге жүзеді. Креативтілікті ынталандыру

Сабақтың мақсаты: жас ұрпақты креативті ойлауға бейімдеудің тиімді жолдарын ұсыну.

Сабақтың міндеті:

  1. 10-11-сынып оқушыларының креативті ойлауын дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну;

  2. Креативті ойлауды меңгертуде қолданылатын дәстүрлі әдістер мен инновацияны тоғыстырған амал-тәсілдерді көрсету;

  3. Креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруда нақты әдістер мен стратегияларды игеру.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: шығармашылық ойлау арқылы жаңа идеялар , концепциялар ойлап табуға бейімділік


Жоспары

  1. Кіріспе бөлім

    • Жоғары сынып оқушыларының жетістіктеріндегі креативті ойлаудың маңыздылығы

    • Ақпараттық блок

  1. Негізгі бөлім

    • «Достармен кездесу уақыты» жаттығуы

    • Жеке жұмыс "Биопоэма" әдісі

    • Топтық жұмыс «2К» әдісі

    • Креативті ойлауды дамытуға ықпал ететін дағдылар

    • Креативтілікке апаратын жол:әдістер мен тәсілдер

  1. Қорытынды бөлім

    • Креативті ойлауды дамытатын практикалық кеңестер


Күтілетін нәтиже:

    1. Жоғары сынып оқушыларының дамуы мен жетістікке жету жолында креативті ойлаудың маңыздылығын түсінеді;

    2. Shape1

      DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7

      Отбасында қолайлы жағдайды қалыптастыру арқылы балалардың креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдарын біледі;
    3. Креативті ойлау дағдыларын қалыптастыруда нақты әдістер мен стратегияларды игереді.

Дәріс уақыты: 1 сағ



Уақыты

Мазмұны

Ресурстары


І. Кіріспе бөлім

Жоғары сынып оқушыларының жетістіктеріндегі креативті ойлаудың маңыздылығы



Мұғалімнің кіріспе сөзі


5 мин.

Білім беру мазмұнын жаңартудың іргелі қағидаларының бірі - оқушылардың креативтік қабілеттерін дамытуды, шығармашылық іс-әрекеттің қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып, олардың білімін даралауға көздейтін жеке бағдарлау. Бүгінгі философиялық парадигмалардың аясында

«көне» мен «жаңаның» бірлігінен туындаған ізгілендіру, тұлғалық-бағдарлылық, мәдени- диалектикалық, прагматикалық, постмодернистік бағыттардың кең өріс алуы кездейсоқ емес. Оқыту үнемі адам тәрбиелеу міндетімен тығыз бірлікте жүретіндіктен, білім беру үдерісінде тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастырудың мәні артпаса, кемімейтіні анық. Бұл тұжырымды жас ұрпақты креативті ойлауға үйрету арқылы өзгеше шешім жасай білу іскерлігіне қол жеткізе алуы сол адамның жеке басына ғана емес, бүкіл қоғамға пайда әкелуімен бағалы болатыны анық. Креативтіліктің өзектілігі шығармашылық ойлауды дамыту қажеттілігінде, өйткені қазіргі қоғамға білімді, шығармашылық шешімдер қабылдауға қабілетті,өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғалар қажет. Ал оларды осы бағытқа даярлау мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысының нәтижесінде орындалады.

















Достармен кездесу уақыты»


Ақпараттық блок



Мұғалім: Қымбатты ата-аналар! Креативті ойлау балалардың өмірінде қандай маңызды роль атқаратыны



жөнінде бүгінгі дәріс сабағымызда айтқымыз келеді. Осы бағыттағы жұмыстар бойынша біріге отырып, сіздерді жұмыс жасауға шақырамын. Балаларының дарынды, талантты да талапты болғанын әрбір ата-ана қалайды. Қалау мен шындықтың арасында алшақтық болмауы үшін бүгінгі дәрісте жоғары сынып оқушыларының креативті ойлаудың маңыздылығы туралы сөз етейік.

Кез келген таным мен білімнің ара жігін анықтау үшін айналаны тану, өзіңді тану, туысыңды тану қажеттігі туындайды. Осыған орай, ата-аналарға «Биографиялық поэма» жазуға кеңес беремін. Себебі бүгінгі дәрісте бір-бірімізден үйреніп, алатын ақпараттарымыз пайдалы болуы үшін ашықтық қажет болады. Жақсылыққа ашық болайық!


10 мин

II. Негізгі бөлім

«Достармен кездесу уақыты»

Ата-аналарға осындай карточка беріп, аудиторияны аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып, әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы: сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген ата-аналар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. Келесі кезекте ата-аналарға парақша ұсынылады.

«Биографиялық поэма» (Биопоэма)

Тақтаға немесе әрбір ата-анаға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:

Есімім (Өз есіміңізді жазыңыз)

Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім жазыңыз).

Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби)

Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз)

Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз)

Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын- жазушыларды ұнатасыз?)

Биопоэма




«Биография лық поэма» (Биопоэма)






Топтық жұмыс.

«2 К» әдісі»

Shape2

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7


Shape3 Shape4 Shape5 Shape6

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7

Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)

Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, жұмыста қандай жетістіктер бар?)

Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз) Тегім

Бұл тапсырманы орындауға ата-аналарға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл аудиторияға (егер де адам саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді. Биопоэмаларды оқығаннан кейін, ата-аналар бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.

Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған топ мүшелерімен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар таныстар мен достар, туыстар, отбасы мүшелері арасында бұрын ескерілмеген жайттар жаңа бір қырынан ашылады.

Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына «Мен қандай туыспын?» деген сұрақты қосуға болады, мысалы балалар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,бауырымын» деген секілді).

Осындай топтар арасында өзгеше ойлайтын адамдардың әдемі сөздері мен көркем мінездері ата- аналар қауымына оң әсер етіп, ары қарай жұмыс жасауына ықпал етеді.

Топтық жұмыс. «2 К» әдісі» креативтілігі көп- креативтілігі жоқ екі тұлғаның қалай дамитындығы жөнінде өз ойларын суреттегі бейнеге жазу арқылы топтық жұмыс жасайды. Креативті жан қандай болуы қажет, оның өмір көкжиегінде алар жетістігі қандай екені туралы болжам жасау, креативтілігі төмен адам қандай жетістіктерге жете алмайтыны туралы болжам жасау тапсырылады.


Креативтілік адамның жаңа идеяларды ойлап табуы, ерекше шешімдер қабылдауы мен қалыпты, таптаурын ойлау жүйесінен алшақтауы, бір сөзбен айтқанда, шығармашылық іс-әрекетке бейімділік сипатында түсіндіріледі. Ішкі мүмкіндіктеріне қарай саралай келгенде, креативті тұлға қабілеттерінің ең түпкі негізінде адамның интеллектуалдық әлеуетіне қойылатын талаптар жатыр. Креативті ойлау табысты ойлау. Креативтілік шығармашылық ойлаудың жоғары деңгейі болып саналатындықтан, онда адам нақты бір кеңістік пен уақыт арасында еш кедергісіз, өзі мақсат еткен түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Креативті тұлға – кез келген заттан, мәліметтен, құбылыстан тың идея көре білетін адам. Онда тұлғаның ойлауы мен сөйлеуі жоғары деңгейде көрініс табады.

Креативті ойлауды дамытуға ықпал ететін дағдылар:

Креативтілік – тың идеялар туғызатын, дәстүрлі, қалыптасқан ойлау жүйесінен бөлек, проблемалық жағдайларды тез шешетін қабілеттілік; креативтілік қабілеттің қалыптасуы үшін қажетті шығармашылық ойлау мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы:

Шығармашылық – қоғамдық-әлеуметтік мәні бар, жоғары сападағы талантты аңғартатын, жаңа іске бағыт-бағдар беретін тың әрекет.

Ойлау - психиканың ең жоғарғы көрінісі, тұлғаның танымдық бейнесі, сана арқылы сыртқы ортаны қабылдау процесі: талдау, синтездеу, әр түрлі жағдайларды шешу жолындағы пайымдық ізденіс.

Конвергентті ойлау – проблеманың бір типінің шешімін анықтауға бағытталған ойлау.

Дивергентті ойлау – қиялдауға сүйене отырып, көптеген мүмкін болатын шешімдерді біріктіру.

Креативті ойлау – қандай да бір жаңалықты тәжірибеге енгізетін, жаңа проблемаларды шешу және қою жағдайында өзіндік идея туғызатын, кемшіліктер мен қайшылықтарды сезініп, жағдайдың жетіспейтін элементтерін салыстырмалы түрде болжауды қалыптастыратын ойлау түрі.

Э.П.Торренс «Егер шығармашылықты ойлаумен байланысты процесс ретінде қарастырсақ, онда







































«5+»

жадынамас ы

Shape7

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7




































40минут





10 минут

шығармашылықпен ойлайтын тұлға болу үшін не істеу керек, қандай ортада өмір сүру қажет, оның түпкі нәтижесі қандай болады деген сұрақтарды, яғни шығармашылыққа жетудің барлық жолын біріктіріп қарауымыз қажет» деп тұжырымдайды. Ол креативтіліктің төрт критерийін анықтап берді:

  • ойдың еркіндігі (уақыт бірлігінде пайда болатын идеялар саны);

  • ойдың икемділігі (бір идеядан екіншісіне ауысу мүмкіндігі);

  • даралық (жалпы қабылданған көзқарастардан ерекшеленетін идеяларды шығару мүмкіндігі);

  • дамытушылық (идеяларды, қосымша детальдарды тұжырымдау). Бұл пікірлерден шығатын қорытынды креативтілік шығармашылыққа апаратын тұлғаның ішкі әлеуеті мен қабілеті, ал шығармашылық тұлғаның жаңаны ойлап табу қабілеті көрінетін процесс(үдеріс) болып табылады. Осы бағытта ата-анасы мен баласы бір-біріне құлақ асып, тыңдай алатындығын білуі үшін немесе дәріске қатысып отырған ата-аналардың назарын шоғырландыру үшін “Біз де” деп аталатын ойын ойнауды ұсынамын.

«Біз де» ойыны

Ойынның шарты: Әкесі немесе анасы дастархан басында қызықты әңгімесін бастайды. Әңгімені зейін сала тыңдап отырған ойыншы бұрыс пікірге қосылмауы керек.

  1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»

  2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!

  3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған ойыншылар ойыннан шығады.

Ойыннан ұтылған қатысушыға тағы бір тапсырма беріледі.Бұл ойын қатысушының шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.

Креативтілік бірнеше танымдық процесті бойына жинақтайды. Оны адам қажет кезінде жаңа өнім ретінде ұсынады. Яғни креативтілік интеллект ұғымымен ұштасады. Олай болса, келесі ойын түрі осы бағыттқа ұсынылады.

«Бином» ойыны


Shape8

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



Би- 2 деген сөзден шыққан .Топ мүшелеріне екі сөз беріледі.

Мысалы-“Тәрелке”- “балерина” “Дүкен”- “полиция”

халат”- “орындық” “бақша”- “тақта”

Топ мүшелерінен екі сөзді қатыстыра отырып, 10 сөйлем құрауы сұралады.10 варианттың алғашқы үш- төрт нұсқасы қарапайым жай сөйлемдерден құрылуы мүмкін.

Тәрелкені көрген балерина сатып алды. Балерина тәрелкеден тамақ ішті.

Тәрелке үстелде тұр,балерина орындықта отыр. Балерина тарелкені жинады.

Осы сөйлемдерден кейін ойлау деңгейі тоқырағандай, ойлану басталады. Бұл сәтте мидың креативті ойлауы іске қосыла бастайды. Ата-ана 10 вариантты толықтай орындап шығуы үшін шығармашылыққа қарай ойысуы керек.

Балерина күрсініп, тарелкесіндегі екі салат жапырағына қарады.

Театр сахнасына алғаш шыққан балеринаның екі көзі тәрелкедей болды.

Ұшатын тәрелке театрдың жанынан ұшып бара жатып,балеринаны үйіне жеткізіп салу үшін тоқтады.

Ыдыстар үйінде балериналарға арналған тарелка сатылымға шықты.

Балеринаның үйіндегі тарелкаларға “Аққу көлі” балетінің суреті салынған.

Балеринаны балеттен соң, қарны тойған отбасы мен жуылмаған тәрелкелер күтіп тұр.

Бұл да балаңыздың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған қарапайым болғанмен тиімді тәсіл.

Креативтілікке апаратын жол: әдістер мен тәсілдер

Отбасында ата-ана да баланың ойы мен ішкі уәжімен санасып отырғанда креативті ойлай алатын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туындайтынын атап өткіміз келеді.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау және көрнекті мұғалім-


Shape9

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



дердің педагогикалық тәжірибесін зерттеу негізінде балалардың

креативті ойлауын дамытудың келесі шарттарын «5+» жадынамасы арқылы назарларыңызға ұсынамыз:


  1. Жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі көрсете білуіне, бастамашыл болуына қолайлы мейірімді атмосфераны мектепте де, үйде де құру. Оқушы өзін еркін сезініп, қысымға ұшырамауы керек.

  2. Ата-анадан алуан түрлі эмоцияны бала мен ата- ананың қарым-қатынастында бала да сезінуіне ықпал жасау қажеттілігі туындап отыр.Себебі бала үнемі

«бұзық болма, жай ғана тыныш отыршы сабағыңда, сабағыңды оқы!»деген бұйрыққа тән тапсырмаларды қабылдағаннан гөрі оған ойша «қарсылық акциясын» жасап алады. Сол себепті сырласу арқылы балаға болашағы мен өзіне пайдалы болатын тұстарын түсіндіру арқылы ойлауына, шығармашылық еркіндігіне жол ашылады.

  1. Балаларды өз пікірін айтуға, қателік жасаудан қорықпай өз көзқарасын қорғауға ынталандыру - ата-ананың парызы. Әр бала өзінің пікірі маңызды екенін сезінуі керек. Сонымен бірге отбасында біреудің ұсыныстары, жауап нұсқалары туралы қатаң сыни пікірлер болмауы керек. Барлық даулы жағдайлар пікірталас, пікірлесу,

келісу арқылы шешілгені абзал. Біреуге артылған кінә мен айыптаулар баланың өзіне айтылғандай, түсінігін қалыптастырып алуына әсер етеді.

  1. Балалардың белсенділігінің нәтижесін ғана емес, сонымен бірге

жұмысты өзі орындау процесін бағалау да маңызды. Осылайша, ата-ана

балаға мәселені шешуге әдеттенбеген тәсілі үшін ресурстық сыйақы бере алатыны секілді, ата-ана да өзі біліп тұрған шешімді мәселені де баласының талқысына салу арқылы ойлау мен креативті шешімдерді табу қабілеттерін дамытуына ықпал


Shape10

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



жасап,сол арқылы оларды стандартты форматтан тыс ойлауына ынталандырады.

  1. Оқушыларды жаңа шешімдер іздеуге және сыныптастарының

шешімдерін талдауға ынталандыру мектепте жүргізілгеніндей, отбасында да мәселені ұсынып, оның шешу жолдарын бірлесіп табуға үйрету, дағдыландыру маңыздылыққа ие тәрбиенің бір тәсілі екенін біліңіз! Бұл баланы дамытуға ғана емес, балалардың қызығушылығын, танымдық, креативтілік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Тапсырманың мақсаты: оқушыларды мәтіндегі ой тұжырымдарды таратып айтуға үйрету, дайын үлгі негізінде креативті ой түюге және оны шеберлікпен жеткізе білетін тапқырлыққа баулу.

Тапсырманы орындау талаптары:

    • ғұламаның әрбір тұжырымының мәнін түсіндіруі керек;

    • үлгі бойынша өзі таңдаған тақырыпта мәтін құрап жазуы қажет.

Қазіргі заманғы педагогикада жоғары сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал ететін әр түрлі әдістер мен тәсілдер және тапсырмалар бар.Сондай тапсырмалар мен ойындардың біршамасын назарларыңызға ұсынамын.

Бір күні қарақшылар ғұлама әулие Әзірет Әліні ұстап алып:

    • Егер сен «Ғылым артық па? Мал артық па?» деген сұраққа он түрлі жауап айта алсаң, біз сені босатамыз. Ал айта алмасаң, біз сені өлтіреміз,»- дейді. Сонда Әзірет Әлі былай деп жауап беріпті:

    • Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым әулие- әнбиелердің мұрасы, мал перғауын мен Қарынбайдың мұрасы.

Екіншіден, ғылым сені сақтайды; малды сен сақтайсың.

Үшіншіден, ғылымның досы көп; малдың дұшпаны көп.

Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң көбейе береді; малды жұмсасаң, азая береді.


Shape11

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді; мал сараң деген атқа қалдырады.

Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды; малды үнемі бағып, күтуің керек.

Жетіншіден, ғылым қиямет күні шапағатын тигізеді; мал иесіне сансыз жауап бергізеді.

Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды; мал өледі, жоғалады.

Тоғызыншыдан, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады; мал адамды масаттандырады, дүниеқоңыз етеді.

Оныншыдан, ғылым құдайға ғибадат қылғызады; мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады.

Қарақшылар таң қалып, Әзірет Әліні еріксіз босатады («Шешендік шиырлары» кітабынан)

«Домино»

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен сызылады. Топтағы бірінші ата- ана оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі ата-ана келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі адам өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруды ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс құрастырған топ жеңіске жетеді. Бұл ойынды үй жағдайында балаларымен ойнағанда баланың ішкі уәждері мен сұрақтарын креативті формада біліп алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Қате пікір»

Талқылау үшін қате жауаптарды қолданыңыз. Қате болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының қате бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз. Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.

«Мен бұл жауаптың қате екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік...». Осылай айта отырып, ата- аналардың балаларына қателесуге мүмкіндік беруіне,


Shape12

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



оны түзетуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға жол ашады.

«Егер ..., онда не болар еді?»

Ата-аналардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,

«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»

«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»

«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда ...»

Бұл тәсіл балаларлардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.

«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

Ата-аналар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:

Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «- ова/-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Балаңызбен жақсы қарым –қатынасты одан ары нығайту барысында екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = ойын ойнау барысында оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсеге деген ұсынысы.

Креативті ойлауды дамытатын практикалық кеңестер Білім беруді жаңарту жетістіктерінің негізі - креативті ойлауды дамыту. Бұл білім мен тәрбие беру процесінде ата-анаға баланың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуды жоспарлауға, болашақты құруға, салыстырмалы талдауға, синтездеу және өзіндік тұжырым жасау қабілетін дамытуға бағытталған сабақ


Shape13

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7


Shape14

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



үлгісі. Оқушы өзінің танымдық қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының логикасын түзету мақсатында ата-анаға практикалық тұрғыда кеңес беру арқылы оқушылардың креативтілік қабілетіне бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін дәріс болмақ.

«Ассоциацияның көмегімен көрініс»

Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім – Күміс, ұнататын сусыным – қымыз; Есімім – Жанар, ұнататын жемісім – анар т.с.с.

«Цифрлар сиқыры»

Қатысушыларға мұғалім қалаған 0-9 дейінгі сандарды ұсынады. Топ мүшелері сандарды креативті ойлау арқылы белгілі бір заттың, жан-жануардың бейнесіне келтіріп өзгертеді. Мысалы, «2» санын жүзіп бара Берілген парқшаны бүлдірмей, бір мәрте ғана пайдалану ұсынылады. Қатысушыларға тез шешім қабылдау, ойдың жүйріктігі мен өзгеше ойлау қабілеттерін дамыту ұсынылады.

III. Қорытынды бөлім

Креативтілігі жоғары дамыған әр баланың отбасында, қоғамда, мектептен білім алу процесінде тілдік дағдылары сәтті дамиды, оқушы өзінің іс-әрекетінде өз мүмкіндіктерінің «шыңына» жиі жетеді және біртіндеп осы «төбені» тіл байлығы мен логиканы ұштастырып, жоғарылатады.

Әр пәннен креативті ойдың тәуелсіздігін, парасаттылықты, өзіндік және тапқырлықты қажет ететін стандартты емес шешімдерді шығара отырып, ойлау процесінің шыңына жетеді. Оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік қабілеттерін және проблемалық мәселелерді креативті түрде шеше білу қабілетін дамытуға әсер ету үшін оқу-тәрбие үдерісінде, отбасында шығармашылық әрекетті ойдағыдай ұйымдастыру үшін педагогикалық тәсілдермен оңтайлы жағдай, отбасында қолайлы орта құру қажет. Жоғары сынып оқушыларының қоғамда әлеуметтенуі белсенді түрде даму жағдайында оның тәжірибесінің байи түсуіне, табысты білім алуына, өзіне,


Shape15

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



қоғамға, мемлекетке пайдалы азамат болуына көмектеседі. Өмірде креативтілік арқылы логикалық ойлауды дамыту - жеке тұлғаның қоршаған ортамен және оның әртүрлі креативтік іс-әрекеттерін ынталандыратын қатынастар жүйесімен

жоғары деңгейге ұмтылу процесі үнемі орын алып отырғаны абзал.

Сонымен, бұл сабақтың барысында креативтік қабілеттерді оятатын логиканы ойдағыдай дамытудың өте маңызды шарты - оқушының табиғатынан туындайтын креативтік күштің максималды деңгейін сәтімен жетелей білу екендігі көрсетілді.

Мұғалім: назар қойып тыңдағандарыңызға, белсенділік танытып, ойын элементтерін іске асыру арқылы тәжірибеден өткендеріңізге алғыс айтамын.

Келесі кездескенше!



ЖИ арқылы жасау
02 Ақпан 2025
219
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі