Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысының ұйымдастырылуы 2024-2025 оқу жылы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысының ұйымдастырылуы 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысының ұйымдастырылуы 2024-2025 оқу жылы
Материалдың қысқаша нұсқасы








«Ата-аналар академиясы жұмысының» жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстар










2024-2025 оқу жылы, Шиелі










«Ата-аналар академиясы жұмысының» жүзеге асырылуы

бойынша атқарылған жұмыстар


"Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады".

Абай Құнабаев

Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БЕКІТКЕН «ӨРКЕН» БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ- ПРАКТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҒЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беру мақсатында мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» 2024-2025 оқу жылына арналған жоспары жасалып, бекітілді.

Педагогикалық қолдаудың мақсаты:

балалардың әл-ауқаты мен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін оң тәрбие мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық қолдаудың міндеті:

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретін дамыту болып табылады.

АПҚО сабақтарын ұйымдастыру бойынша :

*Сабақтар жиі, айына бір рет өткізілді;

*Бірлескен сабақтар – балалар мен ата-аналарды бірге қатыстыру қамтамасыз етілді;

*Сабаққа келе алмаған ата-аналарға материалдар презентация немесе бейнероликтер түрінде жіберілді;

*Сабақ өткізуге мектеп психологі қатысып, тренингтер өткізіп, кеңестер берді.

*АПҚО-ның сабақтарына ерлер мен әкелер тартылды.

АПҚО сабақтарын өткізу әдістемесі бойынша :

*Практикалық сабақтар, тренингтер, дөңгелек үстелдердің формалары көбірек пайдаланылды;

*«Ата-ананың қалауы бойынша нақты жағдайды талдау», оның ішінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас туралы талданып, сабақтар ойын түрінде өткізілді;

*Тәрбие туралы қосымша бейнероликтер, материалдар пайдаланылды;

*Баланың психологиялық портретін жасау үшін психолог сағаттары ұйымдастырылды;

*Отбасылық қатынастар тақырыбына тренингтер өткізілді.

АПҚО сабақтарының мазмұны бойынша төмендегіше жоспарланды:

*Төтенше жағдайларда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын үйрету;

*Бала үйде жалғыз қалғанда,балаланың қауіпсіз мінез-құлық алгоритмдерін меңгеруге, қалай көмектесу жөнінде ата-аналарға үйрету;

*Балалардың денсаулығын дамыту тақырыбын кеңейту;

*Баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру бойынша сабақтарға енгізу;

*Балалардың психикалық қабілеттерін дамыту үшін қажетті сабақтар;

*Есте сақтау, назар аудару, ойлау, қиял жасау, көп мөлшерде деректермен жұмыс істей білу, оңтайлы шешімдерді табу қабілетін дамыту үшін психикалық математика негіздері бойынша сабақтар енгізу;

*Өзiн-өзi бағалауды дамытуға көңiл аудару.

Өркен балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық-ғылыми практикалық институтының ҚР білім беру ұйымдарында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ” қызметін ұйымдастыру бойынша мектеп ұжымы нұсқаулықпен таныстырылып, бұйрығы шықты.

Мектеп ұжымы мен сынып жетекшілеріне «Ата-аналарды педагогикалық
қолдау орталығы» жұмысын жүзеге асыру тетіктерін үйлестіру мақсатында әдістемелік көмек берілді.
Ата-аналардан олардың балаларының тәрбие процесіне қатысу дегейін анықтауға арналған сауалнамалар алынды. «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасының 1-4 сынып ,5-9, 10-11 сыныптарға жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша әр айда ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. АПҚО-ның сабақтарына ерлер мен әкелерді тартуға баса назар аударылды. Бірлескен сабақтар ұйымдастырылды. /балалар мен ата-аналардың бірге қатысуымен/ Ата-аналардың баласын тәрбиелеуде баланың бойынан дамытқысы келетін басым бағыттар анықталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ата-ана мен бала, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынас нығайды.

Ата-аналардың білім беру процесіне қатысуы артты. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызы арта түсті. Кейбір отбасылардағы бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас тұрақталды. Ата-аналарға жүйелі түрде психологиялық-педагогикалық білім берілді, позитивті ата-ана болу мәдениеті қалыптаса бастады. Нақты ситуацияларда дұрыс шешім қабылдауға бағыт-бағдар берілді. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігі - үштікодақ қызметінің маңызы зор екенін көрсетті.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметінің жұмысы бала тәрбиесінің ұйытқысы ата - ана мен мектеп ынтымақтастығын арттыру болып отыр. Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - деген ұлағатты сөзін ескере отырып, ұлтымыздың қанындағы ізеттілік қайырымдылық , жомарттық, адалдық, парасаттылықты ұл - қыздарымыздың бойына саналы тәрбие мен нақты білім арқылы сіңірту-басты міндетіміз. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы-мұғалім мен ата-ананың баламен үйлесім табуының басты кепілі болмақ.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2025
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі