Материалдар / Ата-аналармен жүргізілетін сабақтар. №1 сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен жүргізілетін сабақтар. №1 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анаға бейімделу мәселелері туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2018
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналармен жүргізілетін сабақтар.

1 сабақ
Мақсат: Ата-анаға бейімделу мәселелері туралы түсінік беру

1.Сауалнама

Құрметті ата-ана! Балаңыздың бірінші сыныпқа дайындығын зерттеу мақсатында төмендегі сауалнамаға мүмкіндігінше әр сұраққа толық, әрі ашық жауап күтеміз. Қосымша айтарыңыз болса да қуана қабылдаймыз.

1. Мектепке балаңыз көтеріңкі  көңіл-күймен барады ма?

__________________________________________________________________ 

2.Жаңа күн тәртібін қабылдауы қалай болды?

____________________________________________________________

3. Оқу процесіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін уайымдайды ма?

__________________________________________________________________4. Сізбен мектепте болған жағдайларымен ой бөлісе ме?

__________________________________________________________________

5.Эмоционалды қабылдауы қалай?

__________________________________________

6.Үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарды қалай қабылдайды?

_____________

7. Топтағы балалармен қарым-қатынасы қалай?

____________________________________

8. Оқу жүктемесін (учебная нагрузка) игеріп жүр ме? Қиналмай ма?

______________

9. Қосымша айтарыңыз бар ма?



2.Бейімделу мәселелері туралы

Міне, сіздің балаңыз мектепке бірінші сыныпқа баратын күні жақындады. Сізді мына сұрақтар мазалайды: сіздің балаңыз дайын ба, қалай оқиды, оған қалай көмектесуге болады …

Мектепте бірінші жыл оқу бала үшін өмірдегі ең қиын кезеңдердің бірі, ата-аналар үшін өзінше бір сынақ мерзімі.Біріншіден, баланың өміріне араласуды қажет ететін кезең.

1-ші сыныпта баланың мектепке, оқуға деген көз қарасы қалыптасады. Сол себептен, ата-аналар бала өсы кезеңге дайын болуы үшін күн сайын баланың психологиялық және физиологиялық жағдайын ескеріп, білуі қажет.

Мектеп бірінші күннен бастап баланың алдына зияткерлік және дене күшін жинауды талап етеді. Балалар үшін оқу үрдісінің көп жағынан қиындықтар туады. Балаға сабақ бойы бір қалыпта отыру, көңілін басқаға аудармай мұғалімнің ойын бақылауға, өзі істегісі келген нәрсені істемей, одан талап еткенді істеуге қиын болады, өз эмоциялары мен ойларын ауызша айталмау және өзін-өзі үстау қиынға түседі. Балалар соңымен қатар ересектермен қарым-қатынастағы жаңа ережелерді тез қабылдай алмайды, мектептегі басқа ересек адамдармен қатынаста өздерін қашықтықта ұстайды.

Алдымен, өзіңіздің мектептегі өміріңізді есіңізге түсіріңіз. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «иә» деп жауап бергіңіз келсе қолыңызды көтеріңіз

1.Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін?

2.Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?

3.Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?

4.Кімге ән сабағы ұнайтын?

5.Кімде октябренок белгісі болды?

6.Кімге сыныпта кезекші болу ұнайтын?

7.Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?

8.Кімнің жазуы түзу болды?

9.Кім бір ретте дәптерлерін, оқулықтарын және күнделігін үйге тастап кеткен жоқ?

10.Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?

11.Кім бірінші сыныпқа келгенде оқу білді?

12.Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын?

13.Кімге мектепте сыртқы бейнесі бойынша ескертулер жасаған жоқ?

14.Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?

15.Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?

16.Кім мектепте бағаларын өзі жасап қойды?

17.Кім көрші отырған баланың дәптеріне көз салды?

18.Кім осы уақытқа дейін өз сыныптастарымен қатынасып тұрады?

19.Кім мектепте «В» сыныбында оқыды?

20.Кімнің мектеп формасы қоңыр түсті болды?

Барлықтарыңыз бір жағдайдамыз. Біз сіздер балаларыңызбен бірге мектепке бара жатырсыз деп санаймыз. Мен сіздермен байланыс орнатуға тырыстым. Балалардың ең алғашқы міндеті, мектепте құрбыларымен қарым-қатынасты реттеу. Баланың сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болуы – баланың мектептегі оқуы сәтті болу шарты. Бала мектепте құрбыларымен жаман қарым-қатынаста болса, мазасыз, тез шаршайтын, сыныптастарымен жаман қарым қатынаста болады, мектепке, мұғалімге жағымсыз көз қарасы қалыптасады.

Мектептегі оқуға әлеуметтік немесе тұлғалық дайын болу – баланың қарым-қатынастағы жаңа түріне, өзіне және қоршаған әлемге жаңа қарым-қатынасқа, мектептегі оқу жағдайына дайын болу.

Балалар бір себептермен жүйелі оқуға дайын емес, мұнан былай мектепке бейімделуде, оқу бағдарламасын меңгеруге қиындықтарға тап болады.

Мектепке дайындық жетістіктерге жету қажеттілігі, талаптану деңгейі, өзін–өзі бақылауды дамыту, өзін-өзі бағалау жататын әлеуметтік дайындықпен ғана анықталмайды.

Мектепке дайындық – бұл бала денсаулығына зиян келтірмейтін мектеп бағдарламасын сәтті меңгеру үшін қажетті баланың әлеуметтік, психологиялық, дене деңгейінің дамуы.

Физиологиялық бейімделу. Жаңа талаптармен жағдайларға үйрене келе бала ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:

1.Алғашқы 2 – 3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады.

2.Келесі бейімделу кезеңі - тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады.

3.Бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.

Бірінші сынып оқушыларының физиологиялық бейімделудің қиындығын, көптеген ата – аналар мен мұғалімдер дұрыс бағаламауға бейім тұрады. Сонымен қатар, дәрігерлердің бақылауы бойынша 1 – тоқсанның соңында оқушылардың арықтауы, қан қысымының төмендеуі, ал басқаларында керісінше байқалады. Осы қиындықтардың туындауы балалардың үйдегі еркелігіне әкеп соғады.

Бұның барлығын баланы өз міндеттерінен жалтару және жалқаулықдеп сөкпей тұрып еске түсірген артық болмайды.

Денсаулықтары нашар балалар ерекше назарды қажет етеді. Біріншіден, мүмкіншілігінше психологиялық жүктемені төмендеткен дұрыс. Бұл үшін тәуліктің екінші бөлігін үйде өткізгені дұрыс және 2 сағаттық ұйқы балалар үшін жақсы болады. Екіншіден, денсаулығы нашар балалар үшін күн сайын таза ауада серуендеу қажет және түнгі ұйқы ұзақтығы 11 сағат болуы тиісті. Балаға психолгиялық демеу қажет екенін естен шығармаған дұрыс. Бала мектептегі қиындықтарға қарамастан үйдегілер оны бұрынғыдай жақсы көретінін және құрметтейтінін сезінуі тиісті.

Әлеуметтік – психологиялық бейімделу. 6 – 7 жастағы бала мектепке барғанда жетілуіндегі ерекше кезеңнен өтеді.

Бұрынғы бөбектің мәртебесі өзгеріп, жаңа әлеуметтік «оқушы» мәртебесіне ие болады. Баланың «мен» деген әлеуметтік мәртебесі пайда болды деп есептеуге болады.

Бұрынғы мәнді маңыздылар екінші дәрежелік болады, ал оқуға деген көз қарас құнды бола бастайды. Баланың 6-7 жас кезеңінде сезім саласында салмақты өзгерістер болады. Сәтсіздіктер (оқуда, қарым-қатынаста) балада өзін басқалардан кем деген сезім қалыптасады. Бұл 6-7 жасар балада өзін-өзі бағалауға жағымсыз әсерін тигізеді.   Әлеуметтік-психологиялық бейімделу туралы айтқанда, бала ұжымына бейімделуге тоқталып кету қажет.

Қиыншылық бала бақшаға бармаған және отбасында жалғыз балаларда туындайды. Құрбыларымен қарым-қатынас болмаған балалар сыныптастары мен мұғалімдерден отбасындағы қатынасты күтеді. Сол себептен, бала мұғалімнің барлық балаларға назарды бірдей аударып, балаға ерекше назар аудармаған жағдай оқушыны күйзеліске әкеледі, ал сыныптастары бұл балаларды көшбасшы ретінде қабылдауға асықпайды, олардың айтқанына көнбейді.

Құрбыларымен түрлі қарым-қатынас тәжірибесі жоқ балалардың мектепке барғылары келмей, оларды барлығы ренжітеді, ешкім тындамайды және мұғалімдер жақсы көрмейді деген шағымдар естігенде ата-ана таң қалмаңыз.

Балалардың шағымдарына тән пікір білдіруді үйрену қажет. Балаға оны түсінетіңізді көрсетіңіз, жаныңыз ашитыңызды білдіріңіз, бірақ ешкімді кінәләмаңыз. Бала тынышталғаннан кейін, болған жағдайдың жағдайын, себептерін талдап, болашақта өзін қалай ұстау керек екенін талдаңыз. Кейін жағдайды қалай дұрыстау керек екенін талдап, сыныптастардың көңілін тауып, достармен танысу қажет. Туындаған қиындықтарды жеңуге баланы қолдау қажет, мектепке апарып, баланың мүмкіндігіне сену қажет.

3.Сауалнама

Сіз қандай ата-анасыз?

Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба? 

Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? 

Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба? 

Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба? 

Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? 

Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? 

Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба? 

Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 

Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба? 

Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе? 

Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба? 

Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл. Кейде ғана келісемін – 2 балл. Келіспеймін – 1  балл.

Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

4. Рефлексия

- Мына  гүлсіздердің балаларыңыз сияқты нәзік, сол гүлге баланы танып- білудегі естеболатын жағдайларды жаза қойыңыздар.

- Өзіңіз не алдыңыз?

- Сабақта айтылған мәселелердің сізге пайдасыбар ма?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!