Ата-аналармен серіктестік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналармен серіктестік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен серіктестік

Анарбекова Айжан Съездовна

Мекеме (жазылуы керек)

zannatkanatbaeva@mail.com

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы. «Бота» балабақшасы


Аңдатпа. Бұл жұмыс мектепке дейінгі мекеме ұжымы мен ата – аналар арасындығы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын меңзейді. Оның тиімді тұстарына тоқталып, серіктестіктің оң нәтижелеріне талдау жасайды.


Түйін сөздер: балабақша, ата -ана, бала, серіктестік, жұмыс, білім.


Жас ұрпақ көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін, олардың ой -өрісін кеңейтіп, ақыл -парасатын арттырудың маңызы зор. Білім мен тәрбиені ұштастыра отыра, жан -жақты жетілген азамат тәрбиелеп шығару заманның басты талабы.

Бала тәрбиесінің алғашқы баспалдағын, алтын қазығын қағатын орта - өз отбасы, жанұясы. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», деген тамаша сөз бар. Бала үлкендердің көргенін қайталап, айтылған сөздерге еліктеп өседі. Сол себепті, оның шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, тәрбиесіне, жетілуіне, адамдармен қарым -қатынасына, ата -ана тарапы өте мұқият болуы тиіс. Балабақша табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап, сол себепті біз, тәрбиешілер тек баланы басты назарға алып қана қоймай, кішкентай бүлдіршіннің ата -анасымен тығыз қарым -қатынас орнатуға тырысамыз. Себебі, отбасындағы үлгі -өнеге мен мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі тәрбие қатар ұштасып жатуы тиіс. Сондықтан, да ата -ана мен педагогтың серіктестігі өте маңызды. В.А.Сухомлинский: «Тек қана ата -аналармен бірге, жалпы күш -жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін», -деп айтқан болатын. Бұл сөздердің жаны бар. Себебі, біздің берген тапсырмаларды, бүлдіршіндердің дұрыс орындауына, шығармашылығын арттыруға ата-аналардың көмегі зор. Мәселен, «Алтын күз» атты ертеңгіліктер ұйымдастырған сәттері, мен балалар мен ата-аналарға бірлесе отырып, гербарий, көкеністерден фигуралар, суреттер салуға ал, қыс мезгілінде қар бейнесінде түрлі пішіндер жасауға кеңес беремін. Ал, көктем мезгілінде ашықхаттар жасауға баулып, оны отбасы мүшелерімен бірлесе отырып, жанұының әр мүшесіне жасауға нұсқаулық көрсетемін. Бұл тәрбиеші, бала және ата-аналар арасындағы ортақ ынтымақсаттықтың нәтижесінде өз жемісін беріп, жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Себебі, бала отбасындағы адамдармен бірлесе жұмыс жасау барысында өзін үлкен адамдарша сезініп, жауапкершілікпен, асқан қызығушылықпен орындайды. Бұл дағды балабақшада одан әрі көрініс тауып, өз қатарластарынан кем түспейтін, алғыр бүлдіршін осыдан шығады.

Әсіресе, ата -аналардың өлең шумақтарын жаттату барысында да маңыздылығы зор. Біріншіден, мектепке дейінгі білім беру ұйымында топтағы бала саны көп, оған қоса уақыт жағынан шектеу болғандықтан, бұл міндет ата -аналарға жүктеледі. Тәрбиешілердің берген тақпақтарын таңдайлары тақылдап тұрып айтуы, олардың есте сақтау қабілеттері, көпшілік алдында ұялмау, білімге деген көзқарастарын қалыптастырады. Сол себепті ата -аналамен тығыз қырым -қатынас ортану әсте қажет-ақ.

Отбасы мен педагогикалық ынтымақтастық – бүлдіршіндердің дағдысын арттырып, тәрбиешілердің жұмыс сапасын жақсартады. Әлемге деген көзқарас енді қалыптасып, өмірге бейімделіп келе жатқан кішкентай балалар үшін, өзара сыйластық, өзара сапалы қарым – қатынас орнату өз сапасын береді. Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызы зор. Сол себепті ата – аналарға да педагогикалық білім беру артық етпейді. Өйткені, тәрбиешінің берген нұсқаулығын толық түсінбеген ата – ана , өз баласының дұрыс дамуына кедергі болуы мүмкін. Осы тұрғыда, балабақша ұжымы, біз, тәрбиешілер ата -аналарды бірлескен әрекетке үнемі тартуды басты назарға аламыз. Және өзара әрекет байланысының жұмыстарын міндетке асыру үшін:

-ата – аналардың педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру;

- ата – аналарды білім мен білік дағдыларымен қаруландыру;

- бала тәрбиесіне ата -аналарды белсенді баулу;

Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін ата -ана тарапынан асқан жауапкершілік қажет. Бұл жұмыстардан төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

-өзіндік жұмыстың артыруы;

-жауапкершілікке дағдыландыру;

-мақсатқа жетудің айқындылығы;

-берілген білімді біріге отыра қолдану.

Міне, бұл қағидалардың бәрін қаперден тыс қалдырмайтын болсақ, тал шыбықтай енді өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің таудай болып өсуіне ықпал ететін боламыз. Бала тәрбиесі үнемі назардан тыс қалмауы қажет. Оның білімін, біліктілігін жетілдіру мақсатында тәрбиеші ретінде барымды салмақпын. Және ата – аналармен үнемі тығыз қарым – қатынас орнатып, толыққанды тұлға тәрбиелеп шығуды басты мақсатым деп білемін.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселе.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі