жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ата-анамен сынып жетекшінің бірлескен әркетін ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...............................................................................................................3
І Сынып жетекшісінің оқу тәрбие процесіндегі жұмыс жүйесінің
теориялық және әдістемелік негіздері
1.1.Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі сынып жетекшісінің алатын
орны..................................................................................................................
1.2.Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесінің негізгі мазмұны мен
міндеттері.......................................................................................................
ІІ Сынып жетекшісінің ата-анамен бірлескен жұмыс технологиясы
2.1. Сыныптағы сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі.......................................
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналарымен атқаратын жұмыстарының
мазмұны мен міндеттері.............................................................................. 2.3.Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының
әдістемелік сипаты.........................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................... ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытын сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларга көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әр бір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтерудің онда жағымды психологиялық жағдай туғьгзуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танын, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көніл бөлінеді. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Зерттеудің мақсаты: Ата-ана мен сынып жетекшісінің бірлескен әрекетінің ерекшелігін анықтау
Зерттеудің міндеті:
- Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
-
Оқушылардың
ата-аналарымен үнемі байланыс
жасап,
отбасындағы
бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық
оқу,
насихат
жұмыстарын жүргізу;
- Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету
Зерттеу нысаны: Сынып жетекші мен ата-аналардың бірлігі негізінде тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеудің пәні: Сынып жетекші мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті арқылы оқушыларды жан-жақты дамыту.
Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір—біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірін ұйымдасыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында,
- балалың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенін бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеуметтік-дедактикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда; балаға мектеп пен мектеіпен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;
- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы тануын білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер еіуде күш-жігерді бірігтіру үшін;
- сынын жетекішсі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсінігі пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.
І. Сынып жетекшісінің оқу тәрюие процесідегі жұмыс жүйесінің теориялық және әдістемелік негіздері
Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі сынып жетекшісінің алатын орны
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізті буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетің ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осытан сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіңдегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы; өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу;
Сыныптагы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру;
Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылар-дың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету;
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
5. Оқушылардың
ата-аналарымен үнемі байланыс
жасап,
отбасындағы
бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық
оқу,
насихат
жұмыстарын жүргізу;
Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету;
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету;
9. Тәрбиенің
негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені
сынып
жетекшісі қызметінің маңызды
бір саласы ретіңде қарастыру т.б.
Сыньш жетекшісінің негізгі міндеттерінен толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінін жұмысы туралы'" методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардын тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілді.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалык Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсуйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде "күтушілер"/няньки/, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жьглғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылал, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды тандау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажетгігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалардың тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды кадагалаушыларға да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-құлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болды, сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпқа сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекетгік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.
Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысьшен айналысуға уақыттары да аз болды.
ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; ұй тапсырмасын орыңдату т.с.с.
ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әр түрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жана формамалары пайда бодды: тіддік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағыда негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады. Негізгі міндет коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметгер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
1930 жылдары отандық мектепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы "Жалггы еңбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабыддануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтан оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілж қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітгі. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісшің кызметі де бекітілді
1947 жыла сынып жетекшісі туралы жаңа Ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспардау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережені" үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.
Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі тандағы әлеуметгік өмірдін барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қазынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске өндіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.
Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
- пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
- сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;
- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуте қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымьшда өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытын сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларга көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептен өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әр бір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтерудің онда жағымды психологиялық жағдай туғьгзуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танын, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көніл бөлінеді.
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1.Педагогикалық және әлеуметтік - гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұжалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың таньгмдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қаіынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамьпу.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Нақтамалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогиқалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекше.тігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау — бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогакалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиіімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден - бір нетізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В. А Сухомлинский де "тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші — сауатсыз күтушіге, педагогика — балгерлікке айналар еді" — дейді. Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді
Сынып жетекшісінің оқытушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетін отыруы — бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдірін отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінін мазмұнын анықтайды.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы /октябряг, шюнер, комсомол/ жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшілері үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.
Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесінің негізгі мазмұны мен
міндеттері
Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады:. оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с.
Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті — тәрбие жұмысы деп атаймыз.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастыру-шылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушывың жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытга жүзеге асады.
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:
- оның дара даму ерекшелігін, қызьгғушылығын, қоршаған ортасын танып білу;
-тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
-жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
-тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2.Тәрбиелеу
ортасына жағдай тудыру:
-оқушылар
ұжымын қалыгггастыру;
-онда
жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
-оқушыларды
әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
-оқушылардың
өзін-өзі басқаруын дамыту.
3. Баланьщ әлеуметтік катынасына ықлал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау:
-отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
-мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалиқ әрекетіне қолдау көрсету;
-бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
-мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау
4. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы
Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсаты анықтау негізгі мәселенің бірі Себебі, қаңдай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз яағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болып, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әр тұрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда оқушылар мен ата -аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,
а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
б) қол жеткізетін нәтижені алдын-ала жобалауды бірінші кезекте ескерілуі қажет.
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.
Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезенңен тұрады:
1.Педагогикалық процесті алдьш-ала болжау.
2.Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.
3.Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.
4. Мақсатлы анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.
Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттерше саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де айқындалады. Оны жобалау негізінен мынандай кезең арқылы жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай боп белгіленді.
Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар.
Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.
Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді
5. Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.
6.
Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы
міндеттерді
шешуге даярлық дәрежесі
қандай.
Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын, әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді. В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің мадызына ерекше назар аударып "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріпіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін", - дейді. Олай болса, отбасы мектепден бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикадық әрекетте мектетің жалпы міндетгерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие просысынің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясын көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзкарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектегі басқару ісі біртіндеп демократиялыық бағытты ұстануда. Яғни педатогикалық әрекетгегі үшбұрыш — оқушы - ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиалық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшішк-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.Бүгінде мектепің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар легториясы мен университтетіері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді "шешуде мұғалімдер оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.Сондықтан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастық жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкды ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастқты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір—біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де атааналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірін ұйымдасыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында,
- балалың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенін бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеуметтік-дедактикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда; балаға мектеп пен мектеіпен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;
- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы тануын білуі үшін;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер еіуде күш-жігерді бірігтіру үшін;
- сынын жетекішсі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсінігі пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.
ІІ Сынып жетекшісінің ата-анамен бірлескен жұмыс технологиясы
2.1. Сыныптағы сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі
Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке түлғасы оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар ме аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның қүндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектепгегі оқу және тәрбие жұмыс-тарының стратегиясі және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуда әсрер етуде.
Мұндай жағдай балалрдың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.
Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде. Ол, бір жағдайда үлкендер алдында өздерінің түйықтылығымен әсер қаддырса яғни ата-аналары мен ұстаздары алдында бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа түрде болып көрінуте тырысады.
Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке түлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған. Олар педагогакалық, психоло-гиялық, әлеуметтік, этикалық т.с.с болып келеді. Бүгінгі таңда олар әрбір ұстаздың педагогикалық әрекетінде пайдалану мүмкіндігіне ыңғайлы. Әсіресе, мектеп өміріне психологиялық қызметті енгізуге байланысты оның маңзы ерекше болып отыр.
Ол сынып жетекшісіне әрбір оқушынын өзіндік ішкі жан дүниесінің жағдайын бұрынғыдан да жетік танып-білуғе мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісін әдетте мектеп басшысы немесе мектептің педагогикалық кеңесі тәжірибесі мол мүғалімдерден тағайындайды. Сынып жетекшісін тағайындау қызметі негізігіен оқушылардың бастауыш сыныпган кейінгі кезендегі оқу-тәрбие жұмысымен байланысты жүргізіледі.
Жаңа жағдайдағы оқушылар тобын, жан-жақты үйлесімді дамыған оқушылар ұжымына айналдыру үшін сыныптағы әрбір жеке тұлғаның талап-тілектері мен жеке дара ерекшеліктерін танып білу, тәрбие үрдісіндегі сынып жетекшісінің ең бастапқы жұмыстарының бірі болып есептеледі. Себебі, сьнып жетекшісі жұмысының қай саласың алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты - оқушыларды жан-жанқты білуі.
К. Д. Ушинский: "Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс" - деген.
Н. К. Крупская: "Педагогтар педагогиканың негізгі ережесін жиі үмыта береді: баланы тәрбиелеу үшін жалпы балаларды және соның ішінде тәрбиелеп жүрген балаларды өте жақсы білу керек... Балаларды осылайша білместен тек қана тәрбие емес, сонымен бірге оқу жұмыстарын ұйымдастыруға болмайды, балаларды білместен балалар ыңғайын табуда жаттандылық, теңгермешілік жолына кету оңай", - деп мектеп өміріне қатысты шындықты жазады.
Сыныпты түңғыш рет кабылдай отырып, жетекшісі окушыларға жақсы тәрбие беру міндеттерін қоғамдық мақсатқа сай жүргізуде жүйелі түрде жұмыстарын ұйымдастырады, соның барысында ол деректер жинайды. Онда оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне, жалпы дайындық дәрежесіне маңыз бере отыра, сыныптағы оқушылар құрамын мұқият танып біледі. Сонымен бірге сыныпта оқушыларды орналастырып отырғызу, олардың бойы мен көзінің көру дәрежесін құлағының есту қабілетін, тәртіптілігі мен байланыстарын, мінез-құлықтарын, темпсраментінің ерекшеліктерін, ұйымшылдығы мен белсенділігін, м әдениеттілігін, сыныптағы саяси-моральдық жағдайдың сипатын т.б. мәселелерді анықтайды. Оның нәтижесі оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруда берері мол.
Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысуды бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты аныктамалармен толық танысып, өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.
Оқушының жеке басын танып білуде, оқу әрекеті мен коғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу әрекетінде оның оқу ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) жетекішісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс үйымдастырумен ғана шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын көздейді. Оқушылардың қоғамдық пайдалы істерін ұйымдастыру барысында оқушының кандай нәрсеге қызыға қарайтынын, қандай нәрсеге икемі барлығын, нені қалайтынын зерттеп біледі.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу - оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасындағы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсеңділігі мен жауапкер-шілігін анықтап білуге ыкпал етеді.
Сынып жетекшісінің өз оқушыларының үй жағдайларымен танысуы, сонымен бірге ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың педагогикалық білім дәрежелерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Ендігі кезекте зерттеу жұмысын мектеп жағдайында әртүрлі тәсілдерді қолдану барысында оқу жылының өн бойында жүргізу қажет. Ол үшін сынып жетекшісі күнделік дәптерін ашып, онда эрбір оқушыға жеке бірнеше парақтар арнап, зерттеудің нәткжесін үнемі жазып, талдап отырады. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жүмысының алдына қойылған мақсатқа байланысты.
Зерттеудің нәтижелерін қорытындылау барысында оқу- шыларың әрқайсысына жеке-дара психологиялық мінездеме жазып, соның қорытындысы негізінде тәрбие жоспары, оның міндеттері мен бағьттары, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері анықталып, оқу-тәрбие үрдісіне қатысты шаралар белгіленеді.
Окушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуіе арналған үлгі мен зерттеу әдістерін 2-3 - косымшадан қарап, осы жұмысқа қатысты біліміңізді толықтыруға болады.
Зерттеу жұмысын үйымдастыруға байланысты қандай педагогиялық талаптар қалыптасқан:
1. Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.
2. Зерттеу барысында оның жоспары кұрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.
3. Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.
4. Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.
5. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.
6.Зерттеу барысында оқушының жеке басыныңкұлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.
7.Зеттеу барысында жазба және талдау жұмыстары атқару.
8. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды окушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.
Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық-психологилық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналарымен атқаратын жұмыстарының
мазмұны мен міндеттері
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жүмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы онын, мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспар объективтік түрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар - ұжымдык еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысыңда, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға. сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі нәтижелі ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оку - тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен карым-катынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды кызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол окушылар үжымын күруға кері әсерін тигізеді. Мектеп жағдайында мұндай көрініс көптеп кездеседі. Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі - бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әрбі баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын-сауықты, үшіншісі спорты төртіншісі мәдени жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді. Мұндай жағдайда тәртібі балалардың да басынан табылатын осындай қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден-бір педагогикалык тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Мектептегі сынып жетекшілерінің тәжеібиесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сондай-ақ тәрбие жоспарлаі бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарыі: жылы кайта көшіріп коя салатын сынып жетекшілері де бар.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың жан-жақты үйлесімді тасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұ- ны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке-дара, үздік-үздік әрекетте} болыл келеді. Өткенмен - бүгінгіні салыстыра отыра шығармашылықпен, ғымыми тұрғыда нақтылы міндеттерді белгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма-жыл тәрбие жоспарына көшіріп отырады.
Тәрбие жоспары - сынып жетекшісшін шығармашылық лабораториясы. Олай дейтініміз, жоспар бір күннің немесе оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен үштастыра құру- одан да қиндық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшесінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.
Мектеп тәжірибесінде бүгіні күні тәрбие жоспары-ның түрлері көп. Олардын, ішінде сынып өміріне тиімдісі де,тиім-сізі де бар. Кеңестік дәуірде жұмысының мазмұны коммунистік тәрбиенің сала непзделген (ақыл-ой, адамгершлік, эстетикалық, дене т.б.) Бүгінгі күні олай емес. Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім. Олай болса, тәрбиенің мазмұын оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы олардың сан алуан әрекетін түлерімен байланысты.
Мектептегі қолданып жүген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен журналдар шыққан еңбектердегі жоспрадың түлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегідей түін ұсынып отырмыз.
Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата- аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұстағы мен тиімділігін арттыруда әрі қарпайым әрі ыңғайлы формасы деп есептейміз.
1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалар-дың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылық-ты мекен-жайы туралы кысқаша сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген төрбие жүмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4.Сынып
жайлы мәлімет, өткен оқу жылында
атқарылған тәрбие
жұмыстарынын нәтижесіне талдау, жаңа
оқу жылына
арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының
міндеттері негізінде оқушылармен,
ата-аналармен, қоғамдық
ұйымдар және пән мұғалімдерімеи
бірлесе
атқарылатын іс-әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын
тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары
төмендегідей
бөлімдерде көрсетіледі.
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру; (формасы – сынып сағаты), тақырып-тық әнгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікір-талас, сұрақ-жауап кеші, олимпияда көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН), еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.
2.Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастырубелгіленеді (Ұйымдастыру формасы сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді,сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстаының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл -:кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей катынасынкөрсетеді. 3.Сол сыныпта істейтінбарлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелері- нің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгшеніл, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекетгері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енізіледі.
4.Отбасыжәнежұртшылықпенжүмыс;оқушылардың ата-аналары мен байланыс орнату,ата -аналар лекториясыныңтақырыптарын бел- гілеу. Мектеп ата-аналар комитеті жоспарынан: ата-аналар жина- лыстарының тақырыбы, мерзімін ,олардың отырыстарын т.с.с.шара-ларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді.
5. Жеке окушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір окушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбі жоспарын құру барысында оқушылардың 6елсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқыи болсын.
Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін мүмкіншіліктерін ескеру.
Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
Тәрбие жоспарындағы атқарылатын щаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапты және әржақты болуын ескеру керек.
Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтатауды қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен қүрылуы тиіс.
10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеруі қажет.
Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
Жоспарлау. Оқушыларды немесе олардың белсеңділерін жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау жөне бекіту.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекетер барысы жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.
Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу Мектептсгі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міңдеті - оқушылардың жеке басын қоғадағы талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орыңдау, әдепті оқушылар ұжымының қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы - оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдағы бірлескен енбекпен топтасқан түрақты бірлестігің пайдалы ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірлестігі, іскерлігі, жауапкершілігі т.б. сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлаудың шешуші саласы балалардың достығын жариялау, тәтті іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы қажет. Сынып ұжымының өмірін қызықты –ұйымдастырмайынша алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес. Сынып ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығын мектеп кабырғасынан шыққаннан кейін олар әр түрлі ұжымға тап келеді. Сондыктан да олардың сынып және мектеп ұжымдарьшда жеке бастарының қаншалықты үйлесіп қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттарда психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достык жағдайында болып келеді. Олар негізінен ұжым болып қалыгггасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады.
Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның организмі болғандыктан, тек қоғамда ғана ол өзін табигатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әртүрлі әрекетке қатысты білім пен дағды қасиеттерін меңгереді, коршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзі де бейімделеді.
Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым - қатынасы — тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен орайласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас құбылыстарын бағалау өлшемін және ақикат, жақсылық, өсімдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық карым - қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкін туады. Ол үшін адамға қолайлы жағдай жасау кажет. Оқу-тәрбие процесінде мұндай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Мұндай қарым-қатынастағы балалар тобын — окушылар ұжымы деп атауға болады.
Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, сынып ұжымы арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып келеді.
2.3.Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының
әдістемелік сипаты
Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі.Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогакалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сынып сабақ беретін пән мұғалімдерін мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-анатарды таныстырады.
2. Ата-анатрмен педатогогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жіекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологяялық бімімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүкіейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық, ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды: балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданылады:
- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жарық саяхат, кеш, спорпық жарыстар, т.с.с);
- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (иектеп білдірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардын ашық есік күніне т.б.;
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);
- өздерінің мамандықтарына сай факультативік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
- мектешін; және сынып кенестерінің жарыстарына;
- мектешін; немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;
- мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.
4.Отбасы тәрбиесіне хатысты тая-аналарын иедеясын-қалыптастыру кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиелік қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата- аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, шыншылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың көшпетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағьпта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұймыдасгыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларынын сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спортгық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүшсіндшнше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағьттағы жұмысына жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәседелерді ортақ таса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар көшітеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.)
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және білімдерін ұдайы көтеріп отыруы қажепілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағатын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде "ата-аналарды тәрбиелеу" деген ұғым пайда болуда. Ондағы көздеген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогакалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуында, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүршілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында, айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-ашларға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі қоғамның дамуы осы бағьпта жана талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бар тәрбиесінде, бірішіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінід тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғаліндердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығуы мен бейімділігі, отбасы мұғаімдерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагоппсалық кеңес береді.Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазыұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жаксы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескеріу, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.
Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездрсіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің мұғалімдердің, мектеп басшыларының, борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетгі педахогикалық кеңестер алады.
Ата-аналар жиналысы
Ата-анадар жиналысы мекпеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшіжрімен бірдей жауап береді Ата - аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі залалдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудын зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын ескеріп, жиналысты сол жерге барып өткзуге де болады. Ол үшін, мектеп ұжымы алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет ететін оқушылардың ата-аналарымен өткізілетін жиналыстарды жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақыръпггарға, халықаралық жағдай туралы дәрістер оқыды, әңгімедер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс.Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар — көркем-өнерпаздар үйірмесінін мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары: ( 7-9 сынып)
Мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасында тепе-тең достық қарым-қатынас құру, оқушы мен сынып жетекші арасындағы ынтымақтастықта жұмыс жүргізу.
№ |
Іс-шаралар |
мерзімі |
жауаптылар |
нәтижесі |
|
1. |
Тақырыбы: «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі» Күн тәртібі: 1.Өткен оқу жылына талдау, жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастыру 2.«Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі» баяндама 3. «Қауіпсіз мектеп!», Жолда жүру қауіпсіздігі. 4. «Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою» |
қыркүйек |
Сынып жетекшілері |
Хаттама |
|
2. |
Тақырыбы: «Ата-ананың құқықтық сауаттылығы» 1. «Құқықтық тәрбие қалыптастыруда ата-ана ролі» дөңгелек үстел 2.Тоқсан қорытындысы. |
қараша |
Сынып жетекшілері |
хаттама |
|
3. |
Тақырыбы:«Агрессивті балалармен жұмыс істеу ерекшелігі». Күн тәртібінде: 1.«Қиын бала қайдан шығады?» тренинг 2.«Бала жүрегіне жол» Психолгиялық ақыл кеңес |
Ақпан-наурыз |
Сынып жетекшілері |
хаттама |
|
4. |
Тақырыбы:«Қоғамның жат әдеттерінен ұрпақты қорғайық» Күн тәртібінде: 1.«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» 2.Діни экстремизмнің алдын алу 3.«Жасыл ел» бағдарламасының орындалуына ата-аналарды жұмылдыру. |
Сәуір |
Сынып жетекшілері |
хаттама |
|
|
Тақырыбы: «Оқушылардың білім сапасын бағалау жүйесі 1. Емтихан алу ережелері 2.Мамандықты дұрыс таңдау – өз келешегіңді дұрыс бағыттау |
мамыр |
Сынып жетекшілері |
хаттама |
|
Ата - аналарға арналған сауалнама.
1.Балаңыздың аты-жөні._____________________________________
__________________________________________________________
2.Балаңыздың туған жылы,күні ______________________________
__________________________________________________________
3.Әкесінің аты-жөні.________________________________________
__________________________________________________________
4.Туған жылы,күні._________________________________________
5.Жұмыс орны._____________________________________________
6.Анасының аты-жөні.______________________________________
__________________________________________________________
7.Туған жылы, күні._________________________________________
8.Жұмыс орны._____________________________________________
9.Мекен жайыңыз, телефон _________________________________
__________________________________________________________
10.Жанұядағы бала саны.___________________________________
11.Қай сабақтарды нашар меңгереді? ________________________
__________________________________________________________
12.Қай сабақты сүйіп оқиды? _______________________________
__________________________________________________________
13.Үйде сабақты қадағалайсыз ба? ___________________________
__________________________________________________________
14.Балаңызды қандай үйірмеге қатысқанның қалайсыз? ________
__________________________________________________________
Ата-ананың аты-жөні _____________________________________
Жауабыңызға рахмет.
Ата- аналарға арналған сауалнама.
«Сіздің балаңыздың қызығушылығы»
1.Балаңыздың аты-жөні._____________________________________
__________________________________________________________
2.Балаңыз қандай ойындарды қалайды? ______________________
__________________________________________________________
3.Спроттық ойындардың қандай түрлерін жақсы көреді? _______
__________________________________________________________
4.Кіммен жиі ойнайды? ____________________________________
__________________________________________________________
5.Балаңыз ұжымда өзін қалай ұстайды? ______________________
__________________________________________________________
6.Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? ______________
__________________________________________________________
7.Сізді бала тәрбиесіндегі қандай жақтары қинайды? ___________
____________________________________________________________________________________________________________________
8.Тәрбиенің қандай әдісін қолдайсыз? _______________________
____________________________________________________________________________________________________________________
/көндіру, түсіндіру, қатал тәртіп қою, мадақтау, жазалау т.б. /
Ата-ананың аты-жөні _____________________________________
Жауабыңызға рахмет.
Ата- аналарға арналған сауалнама
1.Сіз өз балаңызды көбіне қалай атайсыз? _____________________________
__________________________________________________________________
2.Қалай ойлайсыз,сіздің қалай атайтыныңыз балаңызға ұнайды ма? ________
__________________________________________________________________
3.Әдетте балаңыз мектептен нешеде келеді? ___________________________
_________________________________________________________________
4.Балаңыз бос уақытында немен айналысады? __________________________
__________________________________________________________________
5.Балаңыздың достары кім екенін білесіз бе? __________________________
__________________________________________________________________
6.Балаңыз бұл балалармен бұрыннан дос болып келе ме? _________________
__________________________________________________________________
7.Неліктен сол балалармен дос болып жүр? _____________________________
__________________________________________________________________
8.Балаңыздың сүйікті ісін атаңыз. ____________________________________
__________________________________________________________________
9.Балаңызға ұнайтын түсті атаңыз. ____________________________________
10.Қандай киноларды көргенді ұнатады? _____________________________
__________________________________________________________________
11.Қандай кітаптарды оқиды? _______________________________________
__________________________________________________________________
12.Кім болғысы келеді? _____________________________________________
__________________________________________________________________
13.Сіз балаңызбен бірге болуға қанша уақыт бөлесіз? ___________________
__________________________________________________________________
14.Сіз балаңыздың қандай екенін айтып бере аласыз ба? _______________
__________________________________________________________________
15.Сіз балаңыздың өз бойында нені өзгерткенін,түзегенін қалар едіңіз? _____
__________________________________________________________________
16.Сіз балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз? _________________
__________________________________________________________________
17.Сіз бір айға , балаңызға шамамен қанша ақша қажет екенін білесіз бе? ___
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Ата-ананың аты-жөні _____________________________________
РАХМЕТ.
Ата-аналарға арналған сауалнама.
№ |
Сұрақтар |
иә + |
кейде 0 |
жоқ - |
1 |
Сіз жанұяның барлық мүшелері толық құқықты болуы керек деп санайсыз ба? |
|
|
|
2 |
Балаңыз сізбен бірге үй шаруашылық істеріне араласа ма? |
|
|
|
3 |
Баланы физикалық жазалау-тәрбиелеу әдісіндегі ең қолайлы (эффективті) әдіс дегенге келісесіз бе? |
|
|
|
4 |
Баланы жиі мадақтау пайдалы ма? |
|
|
|
5 |
Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтармен және жанұялық мәселелерді жиі талқылайсыз ба? |
|
|
|
6 |
Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба? |
|
|
|
7 |
Сіздің ойыңызша педагогтар сіздің балаңызға әділетсіз қарай ма? |
|
|
|
8 |
Сіз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба? |
|
|
|
9 |
Баланың ата-анасын сынауға құқығы бар ма? |
|
|
|
10 |
Балаңыздың жанұялық кеңестің шешімін бұзуғы құқысы бар ма? |
|
|
|
11 |
Жанұяның әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқысы бар ма? |
|
|
|
12 |
Балаларыңыз сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты сізден кеңес сұрай ма? |
|
|
|
13 |
Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін принциптерге жүгінесіз бе? |
|
|
|
14 |
Баланың өткен қателіктерін есіне түсіру беру пайдалы ма? |
|
|
|
15 |
Жанұямда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп ойлайсыз ба? |
|
|
|
Ата-ананың аты-жөні: _______________________________________________
Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.
1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?
а) оған айғайлайсыз;
ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;
б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;
в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;
г) желкесінен ұрасыз;
д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;
е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________
2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?
а) жиі;
ә) сирек;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________
3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:
а) тәрбиелеуге ұмтылу;
ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;
б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;
в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;
г) балам мені ренжіткенде;
д) ұрып-соғу үшін;
е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;
ж) түсіндіре алмаймын;
з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________
4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?
а) иә;
ә) жоқ;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқа (қандай) _______________________________________________________________
5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?
_____________________________________________________________________________
6. Жазып көрсетіңіз:
Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________
Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________
Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________
7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:
а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;
ә) үндемейтін;
б) желкемнен соғып қалатын;
в) ұрып-соғатын;
г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;
д) басқаша ____________________________________________________________________
Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3. Келіспеймін - 1 ұпай
0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Соңғы екі сауал бойынша зерттеу барысының нәтижесі
көрсеткіш
|
Ата-ана мен баланың қарым- қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.
|
Сіз қандай ата-анасыз? Сауалнама
|
|
Саны: 15 |
Саны:15 |
деңгей |
10% |
12%
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, сыныптағы тәрбие жұмысы, яғни, тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру про-цесінін педагогикалық компоненті ретінде карастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамнын, әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көз қараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылықка алынады: оку, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с. Сыныптағы тәрбие жұмысы сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерің ұйым-дастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердін кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педа-гогикалық әрекетті — тәрбие жұмысы деп атаймыз. Сыныптағы тәрбие жұмысы сынып жетекшісінің, тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушы-лық және педагогикалық міндеттерді шешуді карастырады. Ол оқушыңың жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін-таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
1. Оқушыға тікелей ыкпал жасау: - оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып, тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау; - жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
-тәрбие ықлалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелсу ортасына жағдай тудыру: - оқушылар ұжымын қалыптастыру; - онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру; - оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру; - оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі
субъектілерге көмектесу, бақылау жасау: - отбасына әлеуметтік колдау көрсету; -мұғалімдер ұжымының өзара педагоги- калық әрекетіне қолдау көрсету; - бұқаралық акпарат құралдарының балаға ықпал бақылау; - мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара іс- қимыл жасау барысында жүзеге асып отырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ІДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Абдумаев М. «Баланың ақыл ойы мен парасатын тәрбиелеу» А, 2000ж
2. Арын Мұхтар «Бес анық» тәрбие туралы толғаулар. А, -1996ж
3.Арғынбаев Халел «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» А,-2005ж
4. Ақназаров Б. «Класс жетекшісі» Алматы: Мектеп, 1973 ж.
5. Айтмамбетов Б. Р. «Коллективті қалыптастыру және оқушылардың
(жеке басына оның ықпалы». Алматы, 1991 ж.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж
7. Әбиев Ж «Педагогика тарихы» Алматы, 2006ж.
8. Әбенбаев С.Ш. «Сынып жетекшісі» Алматы, 2004ж.
9. Әбиев Ж., А.Құдиярова «Педагогика» Дарын – Алматы 2004
10. Әкбар Қажы Мәстүра Әшірбайқызы «Қазақтың салт дәстүрлері»
Алматы, 1999ж
11.Әдібай Табылдиев «Тағылым» Алматы-1995ж
12. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.
13.Болдырев Н. И. «Класс жетекшісі» Алматы – Мектеп, 1980 ж
14.Болдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы»
Алматы: Мектеп, 1987 ж.
15. Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы, 1995ж.
16. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері» Алматы, 2001жыл
19. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.
21. Қазақ тәлімдік ойлар антологиясы 1 том, Алматы, 2005ж.
23.Қозыбаев М.Қ. және т.б. «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт- санасы: өтккендегісі мен бүгіні.» Алматы «Ғылым» –2001ж
25. Икіманова Г. «Саулық пен сымбат» Алматы, 1991ж.
26. Илина Т. А. «Педагогика». Алматы «Мектеп», 1984 ж.
27. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» Алматы, 1995ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген