Ата-баба дәстүрі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-баба дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы:  Ата-баба дәстүрі-әдептілік негізі

Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, киіз үй, сандық, асықтар.

Барысы:

І. Кіріспе бөлім

*Көңіл-күйлерін жақсарту.

*Қонақтармен амандасу

-Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым

Келді қонақ бізге.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі « Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білуіміз керек.

*Ой қозғау Тақырыпты ашу.

-Ұлттық тәрбие дегеніміз не?

-Халқымыздың сан ғасырлардан келе жатқан ұлттық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп келуі.

-Ұлттық тәрбиеге нелер жатады?

-Туыстық қарым-қатынас, жеті атаны білу, ұлттық намыс, парыз бен қарыз, Отансүйгіштік, салт-дәстүрлер т.б.

-Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

-Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

 -Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

ІІ. Негізгі бөлім

*Бейнебаян: Қазақтың салт-дәстүрлері

-Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет –адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның бүкіл өмірінде салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратыны өмір сабақтары.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.

* Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ.  «Тұмар»

2-топ. « Шашбау»

3-топ.  «Тұлым »


Топ басшысы топтың атын таныстырады.



1-топ.  Тұмар тобы Молдаларға оқытып, үшбұрыштап матаға немесе теріге тігіп кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладын сақтайды деген ұғым.

2-топ. Шашбау тобы Қыз балалардың шашына тағатын әшекей бұйымы

3-топ.  Тұлым тобы -баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым дейді. Тұлым қыз балаға қойылады.


І. « Сан сұрақтар сыры » Әр топқа 2 сұрақтан қою.

1. Тымаққа салу дегеніміз не? (Салт. Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі кездеседі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады.)

2. Жеті атаны ата. 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата )


3. Айтыстың қандай түрлерін білесіңдер. (бәдік айтыс, қайым айтыс, жұмбақ айтысы, жігіт пен қыз айтыс, жар-жар)

4. Бес намаз

1. Таң намазы 2. Бесін намазы 3. Екінді намаз 4. Ақшам намазы 5.Жашиық намазы

 5.Бата беру. /бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында  міндетті  саналатын.  Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. /

6. Құлақ тесу /Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн - құлағын тесу. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен. Қыздың құлағы тесілгеннен кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Ол қолына кесте алады. Ою оюды үйренеді. Қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола теспейді. Бұл да - тәрбиенің бір түрі. Бұл - қыз баланы ісмерлікке, шеберлікке үйретудің басы. /


ІІ.  «Қазақы тыйымдар мен ырымдар» кезеңі

-«Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?»

Ал балалар қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?

1-топ.

-Жуған қолды сілкісе ырыс-несібе кетеді.

-Адамға қол шошайту әдепсіздік болып саналады.

-Саусақты,қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.

-Басты шайқауға, тісті қайрауға болмайды, жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай жасайды.

2-топ.

-Таңдай қағуға болмайды, үй ішінде таңдай қаға беру –жаманшылық шақыру белгісі.

-Ішекті тартуға болмайды. Тырнақты тістесе ырыс-несібе кетеді.

-Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.

-Итті, мысықты, малды тебуге болмайды, өйткені әрбір жануардың киесі болады.

3-топ.

-Күн батар алдында ұйықтауға болмайды, батар күнмен жарысып ұйықтаған жаман ырымға саналады.

-Өтірік жылауға болмайды, бұл-қайғы-қасірет шақыратын жаман ырым.

-Адамның оң көзі тартса қуанады, сол көзі тартса ренжиді.

-Адамның алақаны қышыса ақша ұстайды, табаны қышыса жол жүреді.

ІІІ. «Бірлік бар жерде тірлік бар » топтық жұмыс

1-топ Әдептілік әліппесін құру

2-топ Ұлттық ойындар

3-топ Салт-дәстүрлер

ІҮ. «Мақал-сөздің мәйегі» Қималардан мақал құрастыру, мағынасын түсіндіру.

1-топ

*Ауру қалса да әдет қалмайды.

*Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

2-топ

*Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі

*Қолыңмен істегеңді,

Мойныңмен көтер.




3-топ

* Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

* Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас


ІІІ. Қорытынды бөлім

Мұғалім сөзі:Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Ата баба-дәстүрі-әдептілік негізі» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың  мақсаты –заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2021
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі