Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Атың шықпаса, жер өрте"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барша жас буын, өскелен ұрпаққа керек. Баланың танымал болу үшін неге жақын, неден алысболуына, қандай әрекеттерді жасамауға көмек береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атын шықпаса жер өрте. Tik-tok-тың жас буынға әсері.

Қазіргі заманда танымал болу үшін үлкен қаражаттын, асып бара жатқан таланттын, өнер жолында тер төгіп, жетістікке жетіп, еңбек етудін керегі жоқ. Кез-келген тақырыпты қозғап, ойына келген дүниені жасап, әлеуметтік желіге жүктесен болғаны. Желіні жарып шығып трендке кірсен, халықтың талқысына түсесін. Дүниен Instagram, tik-tok, youtube сынды желілерде шулап жатады. Дегенмен бұл біздің жеңіл жолға түсуімізге алып келді. Соның ішінде үлкен зардабың тигізген - Қытайдың tik-tok платформасы. Мақаламда осы бағдарлама жайында болмақ.

Tik-tok – қазіргі таңда ең танымал әлеуметтік желі. Бұл желіні жүктегендер саны әлдеқашан 1 миллиардтан асып кеткен. Бұл бағдарлама басында тек Қытай нарығына ғана бағытталған еді. Атауы да басқа болатын. 2014 жылы қытайлық бағдарламашылар Алекс Чжу мен Луис Янг Musical.ly бағдарламасын жасады. Онда 15-тен 60 секундқа дейінгі музыкалық видеолар жасап, өзгелермен бөлісуге болатын. Халықаралық нарыққа бағытталып 2016 жылы 100 миллион қолданушы межесін бағындырды. Кейін 2016 жылдың қыркүйегінде қытайлық ByteDance компаниясы Douyin әлеуметтік желісін халыққа ұсынды. 2017 жылдың қыркүйегінде ByteDance Douyin-нің халықаралық нұсқасы, TikTok-ты жарыққа шығарды. 2017 жылдың қарашасында

Шегі жоқ қысқа видеолардан құралған лентасы қолданушыны тик ток әлеміне бас-аяқ кіргізіп жібереді. Карантин кезінде жұмыссыз отырған халыққа керемет уақыт өткізу ермегіне айналды. Дегенмен 15 секундтық видеороликтерден қандай зиян келуі мүмкін? Осы сұраққа тоқталайық.

Әрине, көңіл көтеруге, уақыт өткізуге керемет бағдарлама. Одан басқа дым жоқ. Қазіргі жастар танымалдылықтын артынан қуамын деп, өз болашақтарын тик токпен байланыстыруда. Жақсы нәрсе түсірсе, жасаған дүниесінде бір астар жатса мақұл көрер ем. Ең болмаса ардан аттамай, намысын жерден төмен қылмаса ғой. Кей трендтерді көріп ішім ашиды. Трендтың артынан қуамын деген жалаңаш қыздардын биін, жігіттердің арсыз қимылдарын көрсем қаным басыма шығады. Ол былай тұрсын, тіпті тарихымызда болмаған ЛГБТ, жыныс ауыстыру сынды нәрселер өзіміздің қазақ халқында сәнге айналып бара жатыр. Былайша алғанда тума таланттардын орнын қума таланттар басып алды. Әрине, заманымен адамы дейді ғой, дегенмен бұндай нәрсе қай заманда болсын жат қылық. Осындай дүниелер өзімізден шыққан соң, «Борат» дегендерге не деп режиміз. Дамыған 30 мемлекет, болашаққа бағдар деп сайрап жүрміз, қартайған әке-шешемізге пранк деп беттеріне көрінген нәрсе жақсақ, жануарлырды жарылғыш затқа байлап, оны видеоға түсіріп, қарқылдап күлсек, жігітің қыз, қызың ұл болса, ас атасы нан деп қастерлеген асымызды табанымен басып трендке шығып жатқан кезде дамымай-ақ қойдым. Дарвин маймылдан адам пайда болды деп еді, қазіргі таңда адамнан маймыл пайда болып бара жатқан сияқты. Осындай аурудан емдейтін вакцина болса ғой деп армандаймын кейде.

Енді неліктен осындай, көрсе жүрек айнытар дүниелер трендке шығып жатыр?

Бұл ең бірінші адамның ойлау қабілетінің төмен болуы. Ақылының аздығы. Ақылы болса ондай нәрсеге уақытын кетіре ме? Өзгені қойшы, өзіміздің қазақ халқын алып қарайықшы. «Қалаулым» бағдарламасы шыққан кезде, қаншама адам бір ауыздан жабылсын, ондай бағдарлама бізге қажеті де жоқ деген еді. Алайда ол бағдарламаның рейтінгісі өте жоғары болды. Тіпті қазір бір емес бірнеше түрі шығып кетті. Барлығы қарсы болған бағдарламнын қалай рейтінгісі жоғары болады? Ал біреу ойландыратын, тәрбиелік мәні бар дүние жасап шығарса оны қарайтын адам аз. Себебі оны көру үшін миды іске қосу керек. Ондай дүние бізді жалықтырып жібереді. Қызықтырмайды. Бүреудің ардан безгені, намысының тапталып жатқаны, ажырасқаны, айқай-шу шығарып біреуді балағаттап, бетін қан-сорпа қылдырып жатқаны бізге майдай жағады. Кейін осыны отырып, ыстық шәймен талқыға салуды айтсайшы. Барлығы деп көпке топырақ шашпаймын, дегенмен ондайлар өте көп. Аз болса бұндай дүние арамызда болмас еді. Білімнің аздығы – халықтың азғыруына алып келіп отыр.

Қорытындылай келе қәзіргі заман бір орында тұрған жоқ. Әрбір күн жаңалыққа толы. Актер боласын ба, мұғалім болсын ба, журналист боласын ба барлығы өз қолында. Танымал болу үшін де мықты талант болудың керегі жоқ. Ең бастысы еңбектену керек. Дегенмен жеңіл жолды таңдасан, өз-өзіне ор қазумен тең. Алған атағын лапылдаған оттай жанады да сөнеді. Ал ауыр, дұрыс жол ұзақ перспективаға алып келеді. Бұл дегеніміз отқа отын салумен тең. Ал отын - ол сенің ақыл-білімің, жасап жатқан еңбегін, өз-өзіне сенімділгін мен алдыға деген ұмтылысын. Ахмет Байтұрсынов атамыз айтпақшы «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек, осы керектердің жолында, жұмыс істеу керек». Азғантай ғана қазағымыздың абыройын жерге таптамай, дамытуға ат салысайық!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2021
434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12