Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

автомобиль жолының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Автомобиль жолының даму тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Автомобиль жолының дамуы

Автомобиль жолдары - Қазақстанның көлiк-коммуникация кешенiнiң маңызды бөлiктерiнiң бiрi, қазiргi жағдайда оның тиiмдi қызметi және ұдайы дамуы экономиканың өрлеуінің, елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң, халықтың өмiр сүру деңгейiн көтерудiң және жақсартудың маңызды факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасында саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тұрақтану жағдайында пайдаланудағы жолдарды қалыпты жағдайда күтіп-ұстау маңызды мәселелердің бірі болып саналады.

Қазақстандағы қарқынды автожол құрылысы өткен ғасырдың орта шеніне, пайдалы қазба кендерін игеру мен тың жерлерді көтеру кезеңіне сәйкес келеді.Біршама аз уақыт аралығы ішінде 100мың км-ден астам автомобиль жолдары жөнделді және салынды.Нақ сол кезде Қазақстан Республикасының қазір де жұмыс жасап жатқан автожол желісі құрылды.

Республикада автомобиль жолдарын салу және оларға жөндеу жұмыстарын өткізу - жоғары шығындарды қажет ететін күрделі сала. Осыған байланысты Қазақстанның автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру ауқымды инвестицияларды тартуды қажет етеді . Автомобиль жолдары құрылысы мен жөндеу жүмыстары және оларды күтіп-ұстау алдыменен мемлекет тік бюджет есебінен қаржыландырылады. Демек, осы салага бөлінген қаржылар- дың дұрыс пайдалануын мемлекеттік бақылау органдары тарапынан қатаң бақылауға және реттеуге алған жағдайда саланың дамуы жоғарылай түседі.

Көлік инфрақұрылымын дамыту елдің экономикалық өсуінің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Қазақстан көлік кешенінің халықаралық көлік жүйесіне ықпалдасу процестерін жеделдету және елдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көлік қызметтерін көрсетудің бәсекелі ортасы құрылды. Қазақстанның көлік секторы экономика салалары мен өңірлердің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, республиканың халық шаруашылығының салалық кешендерін қалыптастыруды ескере отырып дамытылуда.

Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың ілгері қарқыны болмайынша, елдің экономикалық өсуінің орнықты қарқынын, оның қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, әлемдік экономикаға ұтымды ықпалдасуын және тиісінше әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 30 елінің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ойдағыдай шешу мүмкін емес.

Жолдардың транспорттық-эксплуатациялық сапасын қажетті деңгейде сақтау үшін тасымалдың өзіндік құнын төмендету, жолдарды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу шығындарын азайту, жүк және жолаушы тасымалдарының уақытын үнемдеу, жолдарға жақын аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыру, жол сапарларының жағдайын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады. Осы мақсатта, жолдардың техникалық деңгейін неғұрлым жақсартпай және олардың қызмет істеу жағдайын бір қалыпты ұстап тұрмай жолдарды салу және жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығындарды тиімді пайдалану мүмкін емес.

Жолдарды қажетті деңгейде сақтамау жол шаруашылығына салынғын салымдарды жоққа шығарады. Сондықтан, автомобиль жолдары шаруашылығы- ның экономикалық тиімділігін жоғарылату үшін жөндеу мерзімдерін қатаң сақтай отырып, жалпы пайдаланудағы жолдарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын дер кезінде сапалы түрде жүргізіп отыру қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бекмагамбетов М.М. Автомобильный транспорт Казахстана: этапы становления и развития. - Алматы: ТОО "Ргіпт-8", 2003. - 456 с.

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 725 Жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы»

  3. Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңы // Заң газеті. - 2001. - 8 тамыз.

  4. Кеулімжаев К.К., Нұрқашева Н.С. Автокөлік жолдары құрылысында өндіріс шығын дарының қалыптасу ерекшеліктері. // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинагы. - Алматы: Экономика, 2004.-3-1366.



И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі,

арнайы пән оқытушысы,техника ғылымдарының магистрі ;К.О .Майханова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2021
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12