Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету
түрлері
Техникалық қызмет көрсету
атқарылатын жұмыстарының мерзімділігі, тізімі және күрделілігіне
қарай келесі түрлерге бөлінеді: күнделікті (КҚК), алғашқы (ТҚК-1),
екінші (ТҚК-2) және маусымдық (МҚК).
Бірінші техникалық қызмет
көрсету (тқ-1)- көлік құралдарын
тораптарындағы ақауды кезінде орындау бақылау-диогностикалық,
майлау, бекіту, реттеу және басқада жұмыстарды белгілі уақыт
аралығында немесе белгілі жүрістен соң ақаулар мен істен шығуды
анықтауға арналған техникалық қызмет.
Екінші техникалық қызмет
көрсету (тқк-2) - техникалық қызмет
көрсету; бірінші техникалыққа ұқсас, бірақ біршама жұмысы күрделі,
негізінен біріншіге қарағанда төрт есе сирек
өткізіледі.
Күнделікті техникалық қызмет
көрсету (ктқ
к) - жол
қауіпсіздігі және сыртқы қалпын
сақтау, жанармайын қарау, майлау,
салқындатқыш сұйықты толықтыру көлік құралдарының жалпы бақылау
техникалық қызмет көрсету.
Автокөлікке ТҚК негізгі
мақсаты – шекті қалпынан асып кету сәтінің алдын алу және оған жету
мерзімін ұзарту. Ол,
-
біріншіден, автокөліктердің (агрегаттардың, механизмдердің)
техникалық қалпы параметрлерін бақылау және номиналды немесе оған
жақын мағынаға дейін жеткізу арқылы тоқтап қалу оқиғаларын
болдырмау;
-
екіншіден, тоқтап қалу сәтін майлау, реттеу немесе бекіту және өзге
де жұмыстарды жүргізу арқасында техникалық қалпының өзгеру
жылдамдығын азайту, қосалқы бөлшектердің тозу қарқынын
төмендету.
КҚ
негізгі мақсаты – автокөліктің техникалық
қалпына жалпы бақылау жүргізу; КҚК қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, тиісті сыртқы қалпын сақтау, жанар-жағармай мен
салқындатқыш сұйықтық құю, сондай-ақ кейбір көлік түрлері үшін
санитарлық тазалау жұмыстары.
КҚК жылжымалы құрамның жұмыс
уақытынан кейін және ол линияға шықпас бұрын жүргізіледі. ТҚК-1
және ТҚК-2 белгілі жүріс мөлшеріне жету сәтінен кейін жүргізіледі
(көлік құралының түрі мен үлгісіне қарай ТҚК-1 – 2...4 мың шақырым,
ал ТҚК-2 – 6...20 мың шақырым өткен соң). ТҚК-1 барысында қозғалыс
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерге диагностика және қызмет
көрсету, ТҚК-2 барысында – автокөліктің күш-экономикалық сиппатарын
қамтамасыз ететін элементтерге диагностика және қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізу.
Маусымдық техникалық қызмет
жылына
екі мәрте жасалатын МҚК негізгі мақсаты – автокөлікті жылы және
суық маусымға дайындау.
Жалпы ауа райы жағдайында МҚ
көбінесе негізгі қызмет түрінің еңбек шығынын ұлғайту арқасында
ТҚК-1 немесе ТҚК-2 қоса атқарылады.
ТҚК операциялары алдын-ала
бақылаумен жасалады. Бақылау жұмыстарын орындаудың негізгі әдісі
болып табылатын диагностика автокөліктің, оның агрегаттарының,
тетіктері мен жүйелерінің техникалық қалпын оларды шашусыз
анықтауға арналған және техникалық қызмет көрсетудің технологиялық
әдісі болып табылады.
Негізгі техникалық қызмет
көрсету жұмыстарымен қоса ТҚК құрамына автокөліктің тиісті сыртқы
келбеті мен санитарлық тазалығын сақтау жұмыстары, яғни оны жинау,
жуу және кептіру жұмыстары кіреді.
Автокөліктерге ТҚК барлық
түрлері көрсетілген техникалық қызмет көрсетудің негізгі
операцияларының үлгілі тізімі көлемінде жүргізіледі.
ТҚК барысында реттеу арқылы
жойылмайтын ақаулар анықталса, тиісті бөлшектерді (тетіктерді)
жөндеу немесе ауыстыру жұмыстары жасалады.
Күнделікті техникалық қызмет
көрсету (КҚ) келесі жұмыс түрлерін
қамтиды: Бақылау жұмыстары. Автокөлікті қарап, сыртқы зақымдауларын
анықтау, оның жиынтықтығын, кабина, платформа (кузов), терезелерін,
артқы көрініс айнасы, қозғалтқыш пен жүк салғыш капоттарын,
аспалары, дөңгелектері, шиналарының қалпын
тексеру.
Автокөліктің жарықтандыру және дабыл құрылғыларының
жарамсыздығын бақылау; меңгерік дөңгелегінің, тежегіш
қосқыштарының, қозғалтқыш жүйелерінің, агрегаттар, тетіктер,
жүйелер әрі бақылау-өлшегіш құралдарының жұмысын орнында тұру және
қозғалу кезінде тексеру жүргізіледі.
Жуу-тазалау жұмыстары –
кабина (салон) және платформа (кузов) ішін жинауға бағытталған
жұмыстар.
Автокөлікті жуу және
кептіру, қажет болған жағдайда – санитарлық тазалау жұмыстары:
артқы көрініс айнасын, фара және оның асты, бұрылыс белгілерін,
артқы шамдарын және тоқтау белгілерін, кабина әйнектерін және
нөмірлерін сүрту.
Майлау, тазалау және май құю
жұмыстары. Қозғалтқыш ішіндегі май деңгейін тексеру (толтырып
құю).
Салқындату жүйесіндегі
сұйықтық деңгейін тексеру (толтырып құю); отын деңгейін тексеру
(жанар-жағармай құю).
Алғашқы техникалық қызмет көрсету
(ТҚК-1) келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
Бақылау-диагностикалық, бекіту және реттеу жұмыстары. Олар, өз
кезегінде, специализиация бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
трансмиссия және артқы белдік. Қажет болған жағдайда, кардан
білігінің фланецтерін бекіту үшін ажырату басқышының
байланыстырылмаған жүрісін, кардандық берілістің топсалы және
оймакілтек қосылыстарындағы люфтын тексеру (реттеу); меңгерікпен
басқару.
Меңгерікпен басқару
күшейткішінің, шар тәрізді сұққылардың бекіткішін, меңгерік
дөңгелегінің люфты мен бекіткішін, меңгерік тартқышының топсаларын
және т.б. бітеулігін тексеру; тежеуіш жүйесі. Тежеуіш жүйесінің
тиімділігін, тежеуіш педалінінің байланыстырылмаған жүрісі мен
жұмыс кезіндегі жүрісін, сондай-ақ тұрақ тежеуіш жүйесінің жұмысын
тексеру (реттеу); жүрістік бөлігі.
Тораптар мен аспалар
бөлшектерінің жай-күйін, шиналардың жағдайы мен ауаның қысымын
тексеру; кабина, платформа (шанақ) және тіреуіш. Кабинаның
құлыптарын, ілмектерін және есік тұтқаларын тексеру және басқа да
жұмыстар; қуат беру жүйесі.
Қуат беру жүйесіндегі
құралдар мен жетектерінің жай-күйін, қосылыстардың бітеулігін
тексеру; электр жабдықтары.
Аккумулятор батареясын,
генераторды, құралдарды және электр сымдар жүйесін тазалау және
тексеру. Майлау және тазалау жұмыстары. Үйкеліс түйінін майлау және
майлау картасына сәйкес автокөліктің агрегат картерлеріндегі және
сужетек тенектеріндегі май деңгейін тексеру.
Арнаулы автомобильдер және
жүк тартқыштары бойынша салмақ түсетін элементтердің, қосылыстар
мен байланыстардың жай-күйін тексеру, платформа көтеру механизмі
тенегіндегі май деңгейін тексеру және т.б. талап етілетін қосымша
жұмыстар.
Екінші техникалық қызмет көрсету
(ТҚК-2) келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
Бақылау-диагностикалық, монтаждау және реттеу жұмыстары:
қозғалтқыш, салқындату жүйесі (жылыту) және
майлау.
Салқындату (жылыту)
жүйелерінің бітеулігін тексеру;
-
қозғалтқыш
цилиндрлі-поршенді тобының жай-күйін тексеру;
-
құбыр желісінің және
бәсеңдеткіштің қабылдау құбырының бекітілуін, қозғалтқыш және
ажырату картерлерінің тұғырығын тексеру;
-
трансмиссия және артқы
белдік.
Ажырату серіппесінің
әрекетін, педалінің байланыстырылмаған жүрісі мен толық жүрісін,
ажырату жұмысын тексеру;
-
кардандық берілістің топсалы және оймакілтек қосылыстарындағы
люфтын тексеру, жетекші белдемесі картерлерінің жай-күйін тексеру;
меңгерікпен басқару және алдыңғы білік.
Алдыңғы
дөңгелектердің түйіспелілігін, ыдырауын, кіндік темірдің, алдыңғы
дөңгелектердің бұрылу бұрышының бойлай және көлденең көлбеуін,
сондай-ақ олардың теңдестіруін және т.б. реттеу;
Тежеуіш атанақтарының немесе
дискілерінің тозу дәрежесін, қалыптың, қаптаманың, тежеуіш
педалінінің байланыстырылмаған жүрісі мен жұмыс кезіндегі жүрісін,
серіппелердің, мойынтіректердің, дөңгелектердің жай-күйін және т.б.
тексеру.
Қажет болған жағдайда,
түйіндер мен бөлшектерді ауыстыру; жүрістік бөлігі.
Тежеуіш жүйесі құбыр
желісінің жайкүйін және бітеулігін тексері, оларды
реттеу;
- тежеуіш
жүйесі жұмысының параметрлерін тексеру, автокөліктің тежеу
қасиеттерін қамтамасыз ететін басқа элементтердің жұмысын
тексеру.
Салмақ
түсетін және автокөлік элементтерінің жайкүйін, артқы белдіктің
орналасуының дұрыстығын тексеру;
-дөңгелек
дискілері мен дөңгелектердің бекіткішінің, шиналардың жай-күйін
тексеру. Қажет болған жағдайда, реттеу операцияларын жүзеге асыру;
кабина (салон), платформа (шанақ) және тіреуіш.
Кабинаның, корпустың,
тіреуіш бетінің жай-күйін тексеру;
-салонның
желдеткіш және жылыту жүйелерінің жай-күйін, сондай-ақ есік
тығыздағыштарын және желдеткіш люктерін тексеру.
Шанақтың барлық сыртқы және
ішкі бекітпелерін, шашыратқыш бекіткіштерін тексеру. Қажет болса,
косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу; карбюраторлы
қозғалтқыштардың қуат беру жүйесі.
Бекіткіштер, қосылулар мен
жауапты элементтер мен байланыстардың бітеулігін тексеру, олардың
жұмыс жасау дұрыстығы.
Дайындалатын жанармай
қоспасының сапасын тексеру және, қажет болған жағдайда, жүйенің
элементтерін реттеу;
-
дизельді қозғалтқыштардың қуат беру жүйесі.
Жанармай шанының, құбыр
желісінің, жанармай сорабының, форсунканың және т.б. жауапты
элементтер мен байланыстардың бітеулігін және жұмыс жасау
дұрыстығын тексеру.
Қажет болған жағдайда,
ақаулықты жою және басқа жұмыстар; аккумаккумулятор
батареясы.
Аккумулятор батареясының
функционалдығын тексеру (қалпына келтіру); генератор, стартер және
реле-реттегіш. Байланыс элементтердің (түйіспелі сақиналардың,
қылшақтардың) жайкүйін тексеру, қажет болған жағдайда, генераторды
бөлшектеу және тозған бөлшектерді (қылшақтарды, баспа серіппелерді)
ауыстыру.
Стартер мен реле-реттегіштің
жұмысын тексеру, жыл уақытын ескере отыра, реле-реттегіштің
кернеуін реттеу (егер бұл оның конструкциясы бойынша көзделсе);
тұтандыру құрылғылары. Тұтандыруды білтесін және катушкасын,
сөндіргіш- таратқышын тексеру.
Қажет болса, ақаулықтарды
жою; жарықтандыру және дабыл құрылғылары. Құрылғылардың жұмыс
істеуін тексеру және реттеу.
Майлау және тазалау жұмыстары.
Үйкеліс
түйінін майлау, қозғалтқыш элементтеріндегі май деңгейін тексеру,
сүзгі элементтерін тексеру және жуу (ауыстыру). Арнаулы
автомобильдер және жүк тартқыштары бойынша қосымша жұмыстар. Бұл
автомобильдердің конструкцияларының ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі бойынша
мамандандырылған жұмыстар жүргізу алдында, автомобильді жалпы
байқаудан өткізу қажет.
Техникалық қызмет көрсетудің
барлық түрлерінде, белгіленген жұмыс түрлерінен басқа, автобустар
мен жеңіл автокөліктер бойынша айрықша жұмыстардың орындалуы
ұйғарылады.