Сабақтың
ортасы
20
мин
|
Мағынаны
тану
1.ЖЖ-T. Оқушылар екі
қадамды кестемен жұмыс жасайды.
1-топ
Автор
бейнесі
|
Өлеңнен
үзінді
|
Себебі
|
Ақын – өз елінің
патриоты
|
Қашықтасың туған жер – қалың
елім,
Не бір жүйрік
болдырып жарау деген.
Шаршадым
мен.Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға
сарылып қарауменен.
|
Ақын шет жерде
көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын,
ыстық сезімін жырға қосады.
|
2-топ
Автор
бейнесі
|
Өлеңнен
үзінді
|
Себебі
|
Ақын басқаларға сын
көзбен қарайды
|
Зиялы
аз бір тұтам
тіршілікте,
Әкімдікке
күллісі жүгіреді.
Көкірекпен
сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің
түршігіп, түнереді.
|
Ақын кейбір билікке
құмар, көкірегі саяз адамдардың ісіне күрсініп, жанының
түңілгендігін жасырмай, өлең жолына
қосады.
|
3-топ
Автор
бейнесі
|
Өлеңнен
үзінді
|
Себебі
|
Ақын өзіне сын
көзбен қарайды
|
Қайтейін мен
көкжиек кеңдігімді,
Келер күнге
үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен
өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді
болашағым.
|
Ақын өзі білімді
адам болғанымен, келер күннен үмітін үзбей ғылыммен айналыса
отырып, шарапты да ішетіндігін
жасырмайды.
|
4-топ
Автор
бейнесі
|
Өлеңнен
үзінді
|
Себебі
|
Ақын болашағынан
үміт күтеді
|
Қайтейін мен
көкжиек кеңдігімді,
Келер күнге
үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен
өткіздім өмірімді,
Соны медет
етеді болашағым.
|
Ақын өзінің еңбекпен
өткізген өмірінің келер ұрпаққа үлгі болатындығын сөз ете келіп,
болашағынан үмітін үзбейтіндігін
жырлайды.
|
2-тапсырма
Метафора (грек metaphora – ауыстыру)
– троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар
мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада
қолданылуы. Мысалы, кілт— есіктің кілті,
мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық
бастау т.
б.
Кейіптеу–
әр түрлі жануарларды, табиғат
құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп
суреттейтін көркемдік тәсіл. Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс
мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде
бейнеленген.
Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан
атау) – троптың (құбылтудың) бір
түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды
қолдану, құбылыс орнына оның
ерекше қасиетін көрсету. Мысалы, әйелді –
“ақ
жаулық”, әскерді –
“қол” т.б.
Әсірелеу , гипербола (грек,
hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр
түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра
суреттеу тәсілі. Мысалы,
«Аққан жасы сел болған,
Етегі толып, көл болған...»
|
Литота (гр. λιτότης - қарапайым, қораш),
немесе кішірейту — заттың не құбылыстың
қасиетін кішірейте суреттейтін
көркемдік құрал.
Мысалы, "От орнындай тұяқтан,
оймақтайы қалыпты".
Аллегория (көне
грекше: allёgorіa — пернелеп
айту), пернелеу — оқырманның не
көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың
бейнелеуші құралы, көркемдік
тәсіл.
Абайдың “Қарға мен түлкі”
мысалындағы Түлкі мен Қарға бейнесі арқылы адам баласының бойындағы
қулық пен аңқаулық, даңғазалық сияқты мінез табиғаты пернелей өткір
мысқылмен шебер берілген.
Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs —
қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды,
образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя
отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге
ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын
көркемдік әдісінің бірі. Мысалы, Шашың — қара, денең — ақ бұлт,
жүзің — Ай, Тісің — меруерт, көзің — сәуле, құралай
(М.Жұмабаев).
Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің,
алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші
құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Мысалы, «Биік
мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп
ұшып қыран да шығады...»
Берілген троп түрлерін
оқушылар «Үштік әдісі» арқылы талқылайды.
3-тапсырма
«Әл-Фараби өлеңдерінен
көркемдік ауыстыруларды табу, талдау».
«Өрмекші»
әдісі
|
Таратпа
материал
|