Материалдар / Авторлық бағдарлама дегеніміз не_
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама дегеніміз не_

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама дегеніміз не_
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2024
177
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторлық оқу бағдарлама дегеніміз не?

Оқушылардың білімге деген түрлі сұраныстарына байланысты мұғалімдер оқу бағдарламаларын құрастыруға немесе типтік оқу бағдарламаларын өзгертуге ниет білдіреді. Оқу бағдарламасы – нормативтік құжат,сондықтан автордың жоғар білікті маман болуын талап етеді. Авторың оқу бағдарламасын құрастыруға толық дайындықпен келмеуі көптеген кемшіліктерге апарады. Олардың негізгілері:

  • мектептің мақсат,міндеттері есепке алынбайды;

  • бағдарламаны құрастуры негіздемесі толық емес; мысалы: білім,икем,дағдыға қойылатын талаптар, курстың мақсат,міндеттері т.б

  • ұсынылған бағдарламаны керекті оқу - әдістемелік кешенмен жабдықтау қарастырылмайды;

  • білім аумағандағы өзге бағдарламалармен сабақтастық принципі сақталмайды;

Оқу бағдарламасы дегеніміз не?

1. Әр жеке пәнге байланысты білім,икем,дағды көрсетілген нормативтік құжат. Оқытылуға тиісті тақырып, әр тақырыпқа мерзім, жыл беріледі. Бағдарлама талабын толық меңгеру – оқу үрдісінің табыстылығы, тиімділігі межесі.

2. Оқу пәніне сәйкес оқу курсының мазмұнды негізін, мақсатты талаптарын, оқыту технологиясын таңдау принципі, бақылау әдісін көрсететін құжат.

3. Білім, тәрбие,дамыту мақсаттарын орындайтындай білім беру процесі құрамын анықтайтын қысқаша жүйелі баяндалған ақпарат.

Оқу бағдарламаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

Өзгертілген бағдарлама дегеніміз не?

Оқу бағдарламасы негізінде жасалып, бірақ мазмұнына өзгеріс енгізілген, толықтырылған бағдарлама. Мысалы: тақырыпты оқыту реті,сағат саны, оқыту түрі т.б.

Авторлық бағдарлама дегеніміз не?

Өзіне сәйкес түрі жоқ оқыту бағдарламасы. Пән бойынша оқу курсы мазмұнына авторлық концепцияны басшылыққа алады.

Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:

1. Рецензия алу.Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау.Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан р. алу.

2. Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.

3. Рецензия берілі, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.

Оқу бағдарламасының құрылымы


1

Титул беті


Басқарушы ұйым атауы, мектеп атауы. Пән. Сыныптар. Құрастырушының аты – жөні. Бекітілуі жөнінде мәлімет. Қала. Жыл.

2

Түсініктеме

Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат,,міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру.

3

Оқыту пәнінің мақсат – міндеті


Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады.Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін.

4

Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Курсты аяқтағаннан кейін білім, компетенттілік деңгейі. Білім кешені, икем – дағды тізімі, оқушы шеше алатындай мәселелер тізімі.

5

Тақырыптық жоспар


Курс тақырыбы, оқытылу реті, оқыту формасы, сағат саны./толық курс және жеке тақырып/ Таблица түрінде беруге де болады.

6

Оқу курсының тақырып мазмұны

Тақырып. Сағат. Негізгі сұрақтар. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б. Пәнаралық байланысты көрсету. Бақылу түрі,сұрақтары.

7

Тәжірибелік бөлім


Икем,дағдыны бекіту. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б.

8

Оқу деңгейін бақылау


Қорытынды,жартыжылдық,тоқсандық, тақырыптық.. Бақылау жұмысы, тесті, сынақ,емтихан.

9

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1.Автор. Аты. – Баспа,жыл.-бет

2. –мақала: автор.Мақала аты.//Журнал.-жыл.-№. – бет..

10

Пәнді оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету

Оқыту - теориялық : оқулық, пособия, лекция.

Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау жұмысы, тесті, жинағы, тәжірибелік,сарамандық жұмыстар жинағы.

Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, бақылау жұмысын орындауға кеңес, реферат,зерттеу жұмысын суреттеу.Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама. Оқыту – көрнекілік: альбом,атлас.

Оқыту – библиографиялық.



АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Қолданбалы және таңдау курстарына қойылатын  негізгі талаптар

            Қолданбалы  курстар дегеніміз бағдарлы  пәндер  бойынша  оқушылардың  білімін  тереңдетуге, кеңейтуге,  олардың  қандай-да  қолданылуы  жайлы  оқушыларда  білім  қалыптастыруға  арналған  курстар  және  оқушының  қатысуға  міндетті  және  таңдауға  құқылы  пәндер.

            Таңдау курстары оқушылардың  талап-тілегін,  қызуғышылығын қанағаттандыруға  арналған.  Олар  таңдалған  сыныптың  бағыты  мен  бағдарына  байланысты  болуы да,  болмауы да мүмкін.

Жалпы білім беру мекемелерінің базистік оқу жоспарының мектеп компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқу процесінде маңызды орын алатын қолданбалы және таңдау курстарын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктеріне соңғы уақытта үлкен мән берілді. Аталған курстар бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы ретінде қарастырылады. Қолданбалы курстар бағдарлы пән бойынша берілетін теориялық білімнің қолданбалы сипатын ашып көрсетуге бағытталғандықтан, оларға барлық оқушылардың қатысуы  міндетті. Таңдау курстары оқыту бағдар аясында тыс жүзеге асыратылатындықтан, оларға бір сынып оқушыларының барлығы қатысуы міндетті емес. Қолданбалы курстар жарнамалық сипатты және олардың мазмұны «пән тұрғысынан емес, оның практикалық пайдалығы тұрғысынан» құралады.

Жалпы бұл курстар бағдарлы пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін де оқытылуы мүмкін. Алайда оларға бөлінген уақыт оқу бағдарламасы бойынша меңгертіп үлгермеген материалды оқуға жұмсалуы тиіс. Сондықтан қолданбалы курстарға қажетті материалдарды таңдауға бағдарлы пәндерден сабақ беретін мұғалімдер өздерінің бағдарламаларын құру жұмыстарын «Оқушыға қолданбалы курс несімен пайдалы және оны оқып-үйренуге қалай қызықтыруға болады?» деген сұраққа жауап бере алатындай етіп жүргізуі қажет.

Бағдарлы оқу пәні бойынша жасалатын қолданбалы курс бағдарламасы бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы. 10-11 сыныптарда берілетін білім сапасы осы қолданбалы курс бағдарламасының мазмұнына тәуелді және оны тек бағдарлы пәнінен сабақ беретін мұғалім өзі жасайды. Соған байланысты бағдарлы оқыту мақсаты мен міндеттерінен туындайтын қолданбалы немесе таңдау курстары бағдарламасын жасауда басшылыққа алатын негізгі талаптарды тұжырымдайық.

Авторлық  оқу  бағдарламасы – педагогикалық  құндылық  пен  жаңалықтардан  хабардар  ететін  авторлық  педагогикалық  шығармашылықтың  нәтижесі.  Ол  оқу  пәнінің  білім  беру  мазмұнын  анықтайтын  мемлекеттік  білім  беру  стандартының  негізінде  жасалады.  Авторлық  бағдарламаның  мазмұндық  құрылымы  мен  тұжырымдамасы  жалпы  білім  беру  стандартына  сай  келуі  тиіс.

Авторлық  әдістемелік  жүйені  құрастыру  процесі  ұзақ  уақытты  қамтиды және  нәтижесі  тұлғаны дамытуға  бағытталған.  Авторлық  бағдарлама  мазмұнының  негізінде  әдістемелік  жүйені  құрудағы  мұғалімнің  өзіндік  тұлғалық  тәжірибесі  мен  оның  қызметінің  даралық  стилі  жатыр. Авторлық  бағдарламаны  құрастыру  технологиясын  ұстаздың  педагогикалық  қызметінің  белгілі  алгоритмі,  автордың  өз  теориялық  әдіснамалық  ұстанымын  негіздеуі  мен  таңдауынан  тұратын  технологиялық  тізбек  деп  түсінуге  болады:

Кез-келген  бағдарламаның  құрастырылуына  қойылатын  талаптар  бар  және кейбір  міндетті  атрибуттар  болуы  тиіс.  Мектеп  пәнінің  кез-келгені  бойынша    авторлық  бағдарлама  жасауға  болады.

            Алғашқы  міндетті  шарт – бағдарлама  құрылымы  мен  мазмұны  жағынан  орта  білім  беру  саласындағы  оқу  бағдарламасымен  сәйкес  болуы  тиіс. Сонымен  қатар,  авторлық  бағдарлама  келесі  талаптарға  жауап  беруі  керек.

  • қазіргі  ғылымның  педагогикалық  практикалық  жағдайымен  сәйкес  келуі,  жаңалығымен  даралануы;

  • оқушылардың  жеке  қабілетін  дамытуға  бағытталуы,  оның  интеллектуалды  эмоционалды

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!