Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Авторлық бағдарлама: Оқушыларға «Футбол» ойынын үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерінің бағдарламасы.
Футбол – тұрғындардың кең
көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің
көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазіргі кезде 3
миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халықтық ойын,
онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.Футбол
– атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың,
ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның
ерік – жігерін шыңдайды.Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің
арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс.
Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара
көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны
кезінде әрбір ойыншы өзінін жеке іс – қабілетін көрсете білуге,
мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық
мақсатқа жетуді талап етеді.Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл
бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың
жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп
және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.Спорттың
басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі
ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің
дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы
дайындыққа септігін тигізеді.
Мақсаты:Футбол ойынында
екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір
ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік
әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді.
Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс-қабілетін көрсете
білуге мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы
командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Міндеттері:Футбол ойыны
жалпы дене дайындығының жақсы бір құрал болып қызмет атқарады.
Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан
әртүрлі сипаттағы дененің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс
жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой – осының барлығы
жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді. Мектепе
футболшыларының дене – күш, техникалық және тактикалық дайындығын
жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы
жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз
байланысты.Футбол ойынындағы
техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы
жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары; Сабақты бекіту
мақсатымен топтық жұмыс жүргізіліп, оқушылар командаға бөлініп
футбол ойыны ойнатылады және жаттығудың қорытынды кезеңінде
оқушылармен бірлесе талдау жасалып, тиісті бағалау
жүргізіле
Оқушыларға қойылатын
талаптар:
Білу
- жалпы
футбол ойынына машықтану барысында ойынның іс-әрекетін,
әдіс-тәсілдерін жаттығу барысын біледі.
Түсіну
- футбол
ойынының басқа спорттық ойын түрлерінен айырмашылығы мен
маңыздылығын түсінеді.
Қолдану
-
спорттық додалар мен жарыстарда жасап, үйреніп жүрген әрекеттерін
пайдаланып қолданады.
Талдау
-
оқушылар теориялық практикалық үйренген жаттығу барысын талдап,
саралайды, жүйеге келтіреді.
Жинақтау
-
жаттығулар кезінде машықтану дағдыларын жинақтап, топтап, біріктіре
алады.
Бағалау
-
оқушылар үйренген, үйреніп күнделікті дайындалып жүрген
жаттығуларын анықтай алады.
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат
саны
15-22.
09.
13-20.
10
17-24
11
15-22.
12
12-19.
01
16-23.
02
09-16.
03
13-20.
04
11-18.
05
1
Футбол ойынының тарихы.
Кіріспе.
1
+
2
Ойынның ережелері туралы
түсінік.
1
+
3
Ойыншының тұрысы, қозғалу
техникалары.
1
+
4
Допты алып жүрудің тактикасы мен
техникасы.
2
+
+
5
Баспен соққы жасау және пас
беру.
2
+
+
6
Орын ауыстыру,
тоқтату және бұрылу техникасы.
1
+
7
Қорғаушының
қарсылығынсыз немесе қарсылық көрсету кезіндегі доппен
қозғалыс.
1
+
8
Қақпашының ойыны
және ойын ережесі.
1
+
9
Доппен және
допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет, допты қағып жіберу және
аяқпен іліп кету.
1
+
10
Шабуыл мен
қорғаныстағы жекелеген тактикалық әрекеттер.
1
+
11
Шабуыл мен қорғаныстағы топтық және командалық
тактикалық әрекеттер.
2
+
+
12
Алаңның сыртынан
допты ойынға қосу.
3
+
+
+
13
Футбол ойыны және теориялық білімін
көтеруі.
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Бағдарламаның негізгі мазмұны:
Бағдарламада оқушылар оқу жоспарларында аз сағат бөлінген
спорттық ойын футбол түрін меңгереді, олар өздері кез-келген
мәселелерді шеше білуге дағдыланады, ұжымдық, топтық мүдделерді
қорғай білетін шыныққан, денсаулығы мықты жас ұрпақ тәрбиелеуге
үлес қосады.
Футбол ойынының тарихы. Кіріспе. 1 сағат
- Футбол
ойынының шығу тарихы жалпы ойын туралы мағлұматтар.
Ойынның ережелері туралы түсінік 1 сағат
-
Спорттық футбол ойынының ережелері, жасап жасауға болмайтын
әрекеттер.
Ойыншының тұрысы, қозғалу техникалары 1
сағат
-
Ойыншының ойын барысында ойыншы тұрысын және қозғалыс техникаларын
меңгеруі.
Допты
алып жүрудің тактикасы мен техникасы 1 сағат
- Допты
алып жүрудегі тәсілдер.
Баспен соққы жасау және пас беру.1 сағат
- Баспен
соққы жасау және пас беру тәсілдері
Орын
ауыстыру, тоқтату және бұрылу техникасы 2 сағат
- Ойында ойыншылардың орын
ауыстыру, допты тоқтату және бұрылу әрекеттері.
Қорғаушының қарсылығынсыз немесе қарсылық көрсету
кезіндегі доппен қозғалыс
2 сағат
-
Қорғаушының қарсылығынсыз немесе қарсылық көрсету кезіндегі
қозғалыстар.
Қақпашының ойыны және ойын ережесі 1
сағат
-
Қақпашының ойыны және ойын барысындағы іс-әрекеті.
Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет,
допты қағып жіберу және аяқпен іліп кету 2 сағат
- Доппен
және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет, допты қағып жіберу
және аяқпен іліп кету қозғалысы.
Шабуыл мен қорғаныстағы
жекелеген тактикалық әрекеттер 1 сағат
- Ойын
кезіндегі ойыншының шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген тактикалық
әрекеттері.
Шабуыл мен қорғаныстағы
топтық және командалық тактикалық әрекеттер 1 сағат
- Шабуыл
мен қорғаныстағы топтық және командалық тактикалық
іс-әрекеттері.
Алаңның сыртынан допты ойынға қосу 1
сағат
-
Алаңның сыртынан допты ойынға қосу.
Футбол ойыны және теориялық білімін көтеруі (әр
сабақта).
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз