Материалдар / Авторлық бағдарлама "Сәкентану"

Авторлық бағдарлама "Сәкентану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 5-6 сыныптарға құрылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2024
119
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СМАГУЛ АСЕМ ЖАРЫЛГАПҚЫЗЫ





«СӘКЕНТАНУ»









АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА












Өспен ауылы- 2021жыл


Құрастырған; Қарағанды облысы, Шет ауданы,Сәкен ЖББ мектебі , Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А Смагул



Пікір білдіргендер:


«Сәкентану» авторлық бағдарламада жоғары сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруға байланысты әдіс-тәсілдер мен Сәкен туралы қызықты ақпараттар жаңа технологияға негізделіп ұсынылған.

Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен педагог-мамандарға, оқушыларға арналған.

Смагул Асем Жарылгапкызы































© А.Смагул, 2021

Түсініктеме жазба



1. Жалпы ақпарат


Бағдарлама (курс) тақырыбының атауы: «Сәкентану»

Бұл курста Алаш жұртының аймаңдай ұлы, ұлтымыздың мақтанышы, ақиық ақын, көрнекті жазушы, драматург, ірі сазгер, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығы қамтылған. 6-сыныптың оқушылары ақынның өмірі мен біраз шығармалары туралы мағлұмат алады. Бұл сыныптарда тек поэзиялары оқытылады. Сынып жоғарылаған сайын ақынның прозалық туындыларын тереңірек біле түседі.

Кемедейін айдында жүзіп арман,

Шақырды ма, әлде оны қызық алдан,

Мәңгі бақыт емес пе, біздер үшін,

Бұл Өспенде Сәкеннің ізі қалған.

Мектебіміз Сәкен атымен аталғандықтан мектептің әр оқушысы ақын туралы деректерді білуге міндетті. Қай кезеңде болмасын, ақын шығармалары өзінің құндылығын жойған емес, қайта заман жаңарған сайын, жаңашыл бағытта өз орнын тауып жатыр. Кейінгі ұрпақ осындай ұлтжанды ағаларымыздың тәуелсіздік жолындағы еткен ерен еңбектерін танып білуі тиіс, танып білмей үлгі-өнеге алғаны дұрыс. Сәкен- жаңалыққа жаны құштар, қазақ халқының жаңашыл жолға қадам басуына зор үлесін қосқан ақын. Біз, оқып-өскен мектебі дәріптемесек, толық танып-білмесек, ақын рухына тағзым етпесек, онда біздің тарих алдындағы борышымызға үлкен сын деп білемін. Сондықтан, Тәуелсіздіктің туын тіккен Қазақ ұрпағына ақынның өрелі өнегесі, үздік үлгісі өте керек.

Бұл бағдарламада ақынның шығармашылығы, өмір өткелдері, оған қатысты айтылған сындар да қалыс қалмаған.



2. Курстың сипаттамасы

Курстың маңыздылығы

Қазіргі кезде әлемде технологиялық өзгерістер болып жатыр. Жаңа ақпараттық қарқынды ағыны,

Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді».

Осыған орай «Сәкентану» атты авторлық бағдарламасын ұсынамыз.



Бағдарлама мақсаттары:

1.Өскелең ұрпақаққа ақын өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру;

2.Азатшыл рухынан тағылым алу,Сәкеннің үздік үлгісі мен өрелі өнегесін ұрпақ санасына жеткізу;

3.Сәкен шығармаларын насихаттау арқылы оқушыларды ұлтжандылық пен батылдыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

4.Поэзияға деген құштарлығын арттыру, шығармашылыққа баулу, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.

Ерекшеліктері: Оқушылар ақын өлеңдерін жаңашыл бағытта талдайды. Замануи технологияларды қолданып ақын шығармаларын жан-жақты ашады. Бүгінгі күндегі өзектілігін анықтайды. Өзіндік пікірлерін, өзіндік көзқарастарын дамыту арқылы үлкен ғылыми бағыттардағы жұмыстар жасауға мүмкіндік алады.

Болжамы: Егер «Сәкентану» курсы жүргізіліп отырса, болашақта мақтанышпен айта алатын қазақтың Сәкен сынды сырлы ,қырлы ұлтжанды азамматтары қалыптасуы әбден мүмкін.

Объектісі: Курс 6-сынып оқушыларына арналған. Аптасына бір рет өткізіледі. 34 сағатқа есептелген.

Күтілетін нәтиже:

Жас ұрпақ ақын өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұматтармен қамтылады, жан-жақты тұлға қалыптасады ,жас буынның тарихи танымдары мен болашаққа айқын көзқарас қалыптасады.Эстетикалық сезімі қалыптасқан,сөздің алуан түрлі сырына үңіле алатын, ішкі рухани қазынасы бай тұлға дамиды.








































«Сәкентану» бағдарламасының тақырыптық жоспары

(аптасына - 1 сағат, жылына- 34 сағат)


Р/с

Бөлім атаулары мен тақырыптар

Сағаты

Күні

1

Ақынның өмір жолы, өскен ортасы

1/2


2

Оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері

3/4/5


3

Туған жер, Туған ел тақырыбындағы өлеңдері

6/7/8


4

Патриоттық тақырыбындағы өлеңдері

9/10


5

Достық тақырыбындағы өлеңдері

11/12/13


6

Әлеуметтік-тұрмыстық тақырыбындағы өлеңдері

14/15/16


7

Ақынның әндері

17/18


8

Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

19/20


9

Ауыз әдебиетіне қосқан үлесі

21/20


10

Шығармашылық жұмыстар

23/24/25/26/27


11

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

28/29


12

Мәнерлеп оқу сайысы

30/31


13

Сынақ

32/33


14

Рефлексия

1


Барлығы

34

















Оқу-тақырыптық жоспары

6-сынып


Р/с

Бөлім атаулары мен тақырыптар

Сағаты

Күні

1

Ақынды қоршаған орта

1


2

Ақын поэмаларымен таныстыру

2


3

Поэмаларының тақырыбы мен идеясы

3


4

«Көкшетау» поэмасы


4/5/6/7/8/9/10/11/


5

«Аққудың айрылуы» поэмасы

12/13/14


6

«Ақсақ киік» поэмасы

15/16/17


7

«Қызыл ат» поэмасы

18/19


8

«Альбатрос», «Экспресс поэмалары

20/21/22/23


9

Поэмаларының құрылымдық сипаты

24/25/26


10

Шығармашылық жұмыстар

27/28/29


11

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

30/31


12

Мәнерлеп оқу сайыстары

32/33


13

Сынақ

34


Барлығы

34















«Сәкентану» қолданбалы курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат 5-сынып


Р/с

Бөлім атаулары мен тақырыптар

Сағаты

Күні

1

«Ор», «Аба» «Қарашілік» жерім еді» ақынның туған жері, өскен ортасы.

2


2

«Оқы,інішегім, алға бас» ақынның шығармашылық жолының басталуы.

1



Ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы.

1


4

Ақынның туған жер ,ел тақырыбындағы өлеңдері.

1


5

«Дала» «Туған ел» өлеңдерін талдау

1


6

Шығармашылық жұмыс «Ауылым-алтын бесігім»

1


7

Ақынның оқу-білім туралы өлеңдері.

2


8/9

«Ғылым үйрен,нұрға толсын кеудең жас» ойтолғау

1


10

Патриоттық рухта жазылған өлеңдері

1


11

«Азамат, жүнжіме, жүрме бос» дебат сабақ

1


12

Сәкеннің досқа арнап жазған өлеңдері

1


13

«Сыр сандық» өлеңінің шығу тарихы

1


14

Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу

1


15

«Досқа сыр» шығармашылық жұмыс

1


16

«Бабаларыма, қамыққан көңілге, Жұмыскерлерге» өлеңдерінің шығу тарихы

1


17

Ақын өлеңдеріндегі кейіпкерлер портреті

1


18

Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері

1


19

Тест жұмысы «Ақын туралы деректер»

1


20

Ақынның қызметтік жолының басталуы

1


21

Өнердегі достары туралы мәлімет

1


22

Махаббат тақырыбындағы өлеңдері

1


23

Ақынның жары-Гүлбаһрам

1


24

Сәт сайын Сәкен жыры саңқылдайды» ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сайыс сабақтар

2


25/26

Сәкеннің сырлы әндері

1


27

«Біздің жақта» «Тау ішінде» әндері

1


28

«Асау тұлпар» өлеңінің шығу тарихы

1


29

Сәкеннің ауыз әдебиетіне қосқан үлесі

1


30

Шығармашылық жұмыс. « Ақынға жыр арнадым жүрегімнен»

1


31

Сәкен туралы өнер адамдарының пікірлері мен ойлары

1


33

Ғылыми жұмыс. «Сәкеннің алғашқы өлеңінің шығу тарихы»

1


34

Қорытынды сабақ. Рефлексия

1


Барлығы

34































«Сәкентану» қолданбалы курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат 6-сынып


Р/с

Бөлім атаулары мен тақырыптар

Сағаты

Күні

1

Сәкенді қоршаған орта

1


2

Ақынның поэмалары

1


3

Позмаларының тақырыбы мен идеясы

1


4/5

«Көкшетау поэмасы-терең теңіз, тіл жетіп жырлаған тек Сәкен деңіз

2


6

Поэмадағы табиғат көрінісі

1


7

Абылай образының берілуі

1


8/9

Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен салыстыру ғылыми конференция

2


10

Поэмадағы кейіпкерлер портреті

1


11

Поэманың көркемдік ерекшелігі

1


12/13

Дастанның тараулары


2


14

Дастандағы әнші-сазгерлер

1


15/16

Ойтолғау «Қазіргі Көкше көрінісі»


2


17/18

«Аққудың айрылуы» поэмасы

2


19

Тақырыбы мен идеясын ашу

1


20-21

«Ақсақ киік» поэмасының мазмұнымен таныстыру

2


22

Дастандағы киік портреті

1


23

«Табиғатты аялайық» дөңгелек үстел ұйымдастыру

1


24/25

«Қызыл ат» поэмасының шығу тарихы

2


26

Дастандағы көтерілген әлеуметтік мәселелер

1


27/28

«Альбатрос» «Экспресс» поэмалары


2


29

Тақырыбы мен идеясын ашу

1


30

Позмаларын мәнерлеп оқу сайыстары

1


31/32

Ғылыми –конференциялық жұмыстар. Поэмалары бойынша қорғау жұмыстары

2


33

Тест жұмысы «Позмалары бойынша»

1


34

Рефлексиялық есеп, эссе жазғызу

1


Барлығы

34



Оқушылардың іскерліктері мен біліктерін бағалауға арналған нұсқаулықтар:


Оқу - мұғалімнің басшылығымен орындалатын оқушы әрекеті. Сабақ бекітілген кесте бойынша жүргізілуге тиіс. Жұмыстың бұл түрінің басты мақсаты – оқушыларды арнайы жоспарланған тақырыптар бойынша ғылыми-ізденіс жұмыстарын орындай отырып, теориялық білімдерін тереңдетуге, өз беттерімен ізденіс жұмыстарын жүргізуге баулу.

Жұмыс жоспарын құрастыру және оны пайдалану барысында мына міндеттер ескерілуі тиіс:

  • Алынған тақырыптың өзектілігі және оқушының іздену мүмкіндігіне сай келуі;

  • Оқушының алған білімі нәтижелі болу үшін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету.

  • Жеке және ұжымдық түрде жүргізілетін жұмыс түрлерін жоспарлау

  • Әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне сәйкес жұмыстың жүргізілу әдіс- тәсілдерін (тренингтер, дискуссия, пікір сайыс, т.с.с ) жұмыс түрлерін белгілеу.

  • Қажетіне қарай үлестірмелі материалдар даярлау

  • Оқушылардың білімін бағалауды жүзеге асырудың тиімді жолдарын дұрыс таңдап алу.

  • Тақырып бойынша жұмыс істеуге қажетті әдебиеттерді іріктеу, тапсырмалар мен сұрақтарды беру.

  • Инновациялық білім туралы материалдарды сараптап, талдай отырып өзіндік ой-пікірлерін жинақтап бере білуі керек. Олар берілген бағдарламаны басшылыққа ала отырып еңбектенеді, өзіндік ғылыми тұжырымдамаларын баяндайды. Жұмыстың негізіне оқушының өзіндік бақылауы, ізденіс нәтижесі жатады.

  • Бағдарлама қарастырылатын сұрақтар, тапсырмалар және әдебиеттер тізімі беріледі.

  • Пән 1 ғана кезең оқытылады, ағымдық бақылау және шектік бақылау тапсырмалары бар. Осы талаптарды орындаған оқушы емтиханға жіберіледі.

  • Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау, жоспар құру.

  • Бақылау түрлері – ауызша баяндау, бақылау, пікір жазу.











Қосымша


Қосымша мәлімет ретінде 2010 жылы басылып шыққан Сәкен Сейфуллин энциклопедиясын қолдануға болады. Энциклопедия-Алматы: «Темірқазық» баспасы-2010.


Мазмұны:

  1. Сәкентанушылар сөйлейді

  2. Энциклопедияның әліпбилік сөзтізбесі

  3. Суреттер сөйлейді (Сәкен альбомы)

  4. Сәкеннің өмірі мен өнердегі белестері

  5. Сәкен шығармаларының библиографиясы

  6. Энциклопедиядағы негізгі қысқартуларға түсініктеме


Сәкен Сейфуллин туралы қызықты 20 дерек


Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/4352



























Тест «Сәкен Сейфуллин»


1.Сәкен Сейфуллиннің өмір сүрген жылдары

А) 1897 1955 В) 1775 1838 С) 1894 1938 Д) 1900 1938 Е) 1899 1938

2. Туған жері

А) Қостанай облысы В)Қарағанды облысы С)Семей облысы Д) Ақмола облысы Е) Алматы

3. Үш класстық қалалық училищеде қай жылдары оқыған

А)1903 1907 В)1917 1920 С) 1907 1916 Д)1908 1913 Е)1906 1909

4. Тұңғыш өлеңдер жинағы

А) «Өткен күндер» В) Домбыра С)Көкшетау Д)Экспресс Е)Батырлар

5.Бұл кітаптағы шығармалар туған даласын , айдын щалқарын,елге деген құштарлағын жырлауға арналған

А)Көкшетау В)Экспресс С)Альбатрос Д)Маржан Е)Қамаудан

6)Ақындық дарының ашылуына кімнің өлеңдері ықпал етті

А)Абайдың В) Сәкен Сейфуллиннің С)Жамбылдың Д)Ахметтің Е)Әуезовтың

7) Өмір сүрген жылдары

А) 1897 1955 В) 1775 1838 С) 1894 1938 Д) 1900 1938 Е) 1899 1938

8)Қай жылы репрессия құрбаны болған

А) 1955 В)1838 С) 1894 Д) 1900 Е) 1937

9) 1925 жылы Мәскеудегі қандай институтқа оқуға түседі

А) Журналистика В)Педагогикалық С)Медикалық Д)Биология Е)Тарих

10) Қай жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып

А)1933 В)1918 С)1938 Д)1935 Е)1932


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ