Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама "Сауат ашу пәнінен жиынтық бағалау" 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы........................................
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.............................................
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут. Оқылым -20 минут. Жазылым -20 минут. Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. Балл саны – 18 балл.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
4. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
5. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
3-ТОҚСАН БОЙЫНША САУАТ АШУ ПӘНІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ №1
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым, айтылым және жазылым
Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім?не?) туралы айтылғанын анықтау.
1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну. Қолдану.
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді.
Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады.
Қала, стадион, театр сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Орындау уақыты: 25 минут
І-нұсқа
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Бiз қалада тұрамыз. Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi. Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаламыз өте таза. Қалада стадион, театр, саябақ бар. Мектептің қасында қаламыздағы ең үлкен кітапхана орналасқан. Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Мен өз қаламды жақсы көремiн.
-
Мәтінің не туралы екенін анықтап, ат қойыңыз. __________________
Сөйлемдерді оқыңыз. Сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз. Жауабын қоршап сызыңыз.
Мектептің қасында үлкен саябақ орналасқан. Ақиқат Жалған
Қаланың тұрғындары қонақжай. Ақиқат Жалған
2. Өзіңіз тұратын жерді мәтінде сипатталған қаламен салыстырып, әңгімелеңіз ________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Суреттегі заттардың атауын жазыңыз және сөздің дыбыстық сызбасын көрсетіңіз.
4. Қала, стадион, театр сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-ТОҚСАН БОЙЫНША САУАТ АШУ ПӘНІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ №1
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым, айтылым және жазылым
Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім?не?) туралы айтылғанын анықтау.
1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін анықтайды.
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді.
Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады.
Кітапхана, көшелер, тұрғындар сөздеріне дыбыстық талдау жасайды
Орындау уақыты: 25 минут
ІІ-нұсқа
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Бiз қалада тұрамыз. Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi. Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаламыз өте таза. Қалада стадион, театр, саябақ бар. Мектептің қасында қаламыздағы ең үлкен кітапхана орналасқан. Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Мен өз қаламды жақсы көремiн.
-
Мәтінің не туралы екенін анықтап, ат қойыңыз. __________________
Сөйлемдерді оқыңыз. Сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз. Жауабын қоршап сызыңыз.
Мектептің қасында үлкен саябақ орналасқан. Ақиқат Жалған
Қаланың тұрғындары қонақжай. Ақиқат Жалған
2. Өзіңіз тұратын жерді мәтінде сипатталған қаламен салыстырып, әңгімелеңіз ________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Суреттегі заттардың атауын жазыңыз және сөздің дыбыстық сызбасын көрсетіңіз.
4. Кітапхана, көшелер, тұрғындар сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі І-нұсқа |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін анықтайды. |
1 |
мәтіннің тақырыбын анықтайды; |
1 |
мәтінге ат қояды; |
1 |
||
мәтінге сәйкес ақиқат ақпаратты табады; |
1 |
||
мәтінге сәйкес жалған ақпаратты табады; |
1 |
||
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді. |
2 |
әңгімелеу барысында өзі тұратын жерді сипаттап айтады; |
1 |
әңгімелеу барысында салыстыра сипаттап айтады; |
1 |
||
Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/ жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады. |
3 |
«айдаһар» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді; |
1 |
«барабан» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді. |
1 |
||
Қала, стадион, театр сөздеріне дыбыстық талдау жаса. |
4 |
Қала сөзіне дыбыстық талдау жасайды; |
1 |
стадион сөзіне дыбыстық талдау жасайды; |
1 |
||
театр сөзіне дыбыстық талдау жасайды; |
1 |
||
Барлығы |
11 |
Бағалау критерийі ІІ-нұсқа |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін анықтайды. |
1 |
мәтіннің тақырыбын анықтайды; |
1 |
Мәтінге ат қояды; |
1 |
||
мәтінге сәйкес ақиқат ақпаратты табады; |
1 |
||
мәтінге сәйкес жалған ақпаратты табады; |
1 |
||
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді. |
2 |
әңгімелеу барысында өзі тұратын жерді сипаттап айтады; |
1 |
әңгімелеу барысында салыстыра сипаттап айтады; |
1 |
||
Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/ жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады. |
3 |
«зымыран» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді; |
1 |
«әтеш» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді. |
1 |
||
Кітапхана, көшелер, тұрғындар сөздеріне дыбыстық талдау жаса. |
4 |
кітапхана сөзіне дыбыстық талдау жасайды; |
1 |
көшелер сөзіне дыбыстық талдау жасайды; |
1 |
||
тұрғындар сөзіне дыбыстық талдау жасайды; |
1 |
||
Барлығы |
11 |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША САУАТ АШУ ПӘНІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ №2
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты: 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.5.1Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну. Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды.
Тірек сөздердің/сызбалардың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады.
Тірек сөздерді ертегі қаһармандарына сәйкестендіреді.
Орындау уақыты: 25 минут
І - нұсқа
Тапсырма
1. Ертегіні түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Аю, түлкі, қасқыр үшеуі жа-рыс-ты. Қор-баң-да-ған аю араның ұ-я-сын бұзып кетті. Аралар а-ю-ды талай бас-та-ды. Араға та-лан-ған аю тез жү-гір-ді.
О-сы-лай-ша аю бә-рі-нен о-зып кетті.
Ертегі не туралы? ______________________________________________________________
Аюдың басқалардан озып кетуіне не себеп болды? ___________________________________
2. Суреттердің орнына тиісті сөзді қойып оқыңыз және сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Айдынның әкесі __________________. Ол теңізге __________________ шығады .
Балаларына ______________ туралы қызықты әңгімелер айтып береді.
3.Сөздерді оқып, ертегі қаһармандарына сәйкестендіріңіз.
үлкен кішкентай көңілді ақылды
3-ТОҚСАН БОЙЫНША САУАТ АШУ ПӘНІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ №2
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым.Жазылым
Оқу мақсаты: 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.5.1Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну. Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды.
Тірек сөздердің/сызбалардың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады.
Тірек сөздерді ертегі қаһармандарына сәйкестендіреді.
Орындау уақыты: 25 минут
ІІ - нұсқа
Тапсырма
1. Ертегіні түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ит, мысық, тышқан үшеуі жа-рыс-ты. Тышқан құ-мырс-қа-ның ұ-я-сын бұзып кетті. Құ-мырс-қа-лар тыш-қан-ды тал-ай бас-та-ды. Құмырсқаға та-лан-ған тышқан тез жү-гір-ді.
О-сы-лай-ша тышқан бә-рі-нен о-зып кетті.
Ертегі не туралы? ______________________________________________________________
Тышқанның басқалардан озып кетуіне не себеп болды? ___________________________________
2. Суреттердің орнына тиісті сөзді қойып оқыңыз және сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Алмастың әкесі __________________. Ол ғарышқа __________________ ұшып барады.
Балаларына ___________________ туралы қызықты әңгімелер айтып береді.
3.Ертегі қаһармандары не істеді? Сызық арқылы көрсетіңіз.
масаның ізінен қуды
баланы шағып алды
а дамдарға көмектесті
қан іздеуге шықты
Бағалау критерийі І-нұсқа |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды. |
1 |
сөздерді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқиды; |
1 |
мәтіннің тақырыбын анықтайды; |
1 |
||
мәтіндегі оқиғаның себебін анықтайды; |
1 |
||
Тірек сөздердің/сызбалар дың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады. |
2 |
тиісті сөзді жаза отырып, бірінші сөйлемді құрастырады; |
1 |
тиісті сөзді жаза отырып, екінші сөйлемді құрастырады; |
1 |
||
тиісті сөзді жаза отырып, үшінші сөйлемді құрастырады. |
1 |
||
Тірек сөздерді ертегі қаһармандарына сәйкестендіріп сызады. |
3 |
Айдаһарға сәйкес үлкен сөзін сызып көрсетеді. |
1 |
Айдаһарға сәйкес көңілсіз сөзін сызып көрсетеді. |
1 |
||
Қарлығашқа сәйкес кішкентай сөзін сызып көрсетеді. |
1 |
||
Қарлығашқа сәйкес ақылды сөзін сызып көрсетеді. |
1 |
||
Барлығы |
10 |
||
Бағалау критерийі ІІ-нұсқа |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды. |
1 |
сөздерді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқиды; |
1 |
мәтіннің тақырыбын анықтайды; |
1 |
||
мәтіндегі оқиғаның себебін анықтайды; |
1 |
||
Тірек сөздердің/сызбалар дың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады. |
2 |
тиісті сөзді жаза отырып, бірінші сөйлемді құрастырады; |
1 |
тиісті сөзді жаза отырып, екінші сөйлемді құрастырады; |
1 |
||
тиісті сөзді жаза отырып, үшінші сөйлемді құрастырады. |
1 |
||
Тірек сөздерді ертегі қаһармандарына сәйкестендіріп сызады. |
3 |
масаның ізіне түскен ертегі қаһарманын анықтайды;
|
1 |
баланы шақыл алған ертегі қаһарманын анықтайды; |
1 |
||
адамдарға көмектескен ертегі қаһарманын анықтайды; |
1 |
||
қан іздеуге шыққан ертегі қаһарманын анықтайды; |
1 |
||
Барлығы |
10 |
«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым
Ертегіні мұқият тыңдап және тапсырмаларды орындаңыз.
Түлкі мен тырна (Ертегі)
Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырып: – Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, – дейді.
Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі оның алдына табаққа салынған ботқаны қойыпты да:
– Кел, қымбаттым, қысылма. Тамақ же, – депті.
Тырна ұзын тұмсығымен жалпақ ыдыстағы ботқаны жей алмапты.
Келесі күні тырна енді түлкіні қонаққа шақырыпты. Ол түлкіге арнап салқын көже дайындайды. Көжені мойны тар құмыраға құйып береді. Түлкі қанша әуреленсе де, құмырадағы тамақты жей алмайды. Түлкінің басы құмыраға сыймады. Ал тырна ұзын тұмсығымен өз тамағын өзі жей беріпті. Түлкі тамақ жей алмай, үйіне аш қайтады.
Осылайша түлкі мен тырна достықтарынан ажырапты.
1. Ертегінің кейіпкерлерін жазыңыз _______________________________________
2. Тыңдаған ертегіге сәйкес суретті тауып, белгілеңіз.
А) В) С) D)
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертегі неден басталды? _________________________________________________
Ары қарай не болды? __________________________________________________
Ертегі немен аяқталды? _________________________________________________
4. Берілген сөздерді тиісті орынға жазыңыз.
Көйлегің, тақиясы, қамшым.
Менің ___________ Сенің ___________ Оның ___________
5. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тауып жазыңыз.
Көңілді - _____________ Аласа - ______________
Бағалау критерийі |
Тапсырма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Ертегіні мұқият тыңдап және тапсырмаларды орындаңыз.
|
1 |
Ертегінің кейіпкерлерін жазады. |
1 |
2 |
Оқыған ертегіге сәйкес суретті тауып, белгілейді. |
1 |
|
Сұрақтарға жауап беріңіз. |
3 |
Ертегі неден басталғанын жазады. |
1 |
Ары қарай не болғанын жазады. |
1 |
||
Ертегі немен аяқталғанын жазады. |
1 |
||
Берілген сөздерді тиісті орынға жазыңыз. |
4 |
Менің қамшым. |
1 |
Сенің көйлегің. |
1 |
||
Оның тақиясы. |
1 |
||
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тауып жазыңыз. |
5 |
Көңілді - көңілсіз. |
1 |
Аласа – биік |
1 |
||
Барлығы |
10 |