400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауыл аспанындағы менің жұлдызым

Материал туралы қысқаша түсінік
Түн- аспанның терең тыныштығы жер бетін түгел жапқан сәт. Барлық тіршілік ұйқыда, ал менің жаным ояу, себебі дәл осындай сәттерде ғана мен өзімді таба аламын. Түнгі аспан – мен үшін жай ғана табиғат көрінісі емес, жүрегімнің, жанымның бір бөлшегі секілді. Әсіресе ауылда жүргенде бұл сезім ерекше айқындалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ауыл аспанындағы менің жұлдызым



Түн- аспанның терең тыныштығы жер бетін түгел жапқан сәт. Барлық тіршілік ұйқыда, ал менің жаным ояу, себебі дәл осындай сәттерде ғана мен өзімді таба аламын. Түнгі аспан – мен үшін жай ғана табиғат көрінісі емес, жүрегімнің, жанымның бір бөлшегі секілді. Әсіресе ауылда жүргенде бұл сезім ерекше айқындалады.

Ауыл аспаны — мен үшін шынайы сұлулықтың бейнесі. Қараңғылықпен көмкерілген кең далада көз жетпес көкте тізілген жұлдыздар соншалықты көп әрі жарық, кейде олар қозғалып, жымиып тұрғандай көрінеді. Қаладағыдай жасанды жарық жоқ, ештеңе көруді тежемейді. Ауыл іші тып-тыныш, тек шегірткенің әлсіз шырылы мен түнгі табиғаттың жұмсақ үні ғана естіледі. Айнала қараңғы болғанымен, дәл осы қараңғылық мен үшін шынайы жарықтың көрінісі іспетті, ал ауылдың ерекше топырақ иісі мен таза ауасы мені бір сәтке өткенге, бала күндеріме жетелеп апарады.

Мен үшін жұлдыз – жарық қана емес, ой, сыр, сағыныш. Жұлдызға қарап отырып, өзімді, өткенімді, бүгінімді және болашағымды қатар сезінемін. Кейде ойлаймын, әр адамның көкте өз жұлдызы бар ма екен? Мүмкін менің де бар шығар, үнсіз бақылап, мені қолдап жүрген. Оны ешкім айтпайды, бірақ мен кей түндері соны анық сезем. Бұл ішкі сенім емес, ішкі байланыс секілді.

Жұлдыздардың көбісі әлдеқашан өшіп қалған, алайда олардың жарығы бізге әлі де жетіп тұр. Бұл табиғаттың ғана емес, өмірдің де заңдылығы. Адам да солай – өмірден кетсе де, артында қалдырған жылы сөзі, мейірімі, ізі арқылы жарығын сақтап қала алады. Мен де сондай жарық қалдырғым келеді, біреудің жанын жылытар сәуле болғым келеді.

Сол себепті мен ауылға келгенде ең бірінші істейтін ісім – аспанға көз тігу. Себебі менің шынайы тыныштығым сол жерде, менің жұлдыздарым сол аспанда. Және мен мұны ешқашан жоғалтқым келмейді, себебі әр жұлдыз – менің ішкі әлемімнің шынайы жарығы.



Әсел Жексенбай

Астана қаласы, 11 сынып

74 мектеп-гимназия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 шілде
75
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі