« Береке» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі
Калиева Зияда
Османовна
Ауылымыздың ардақты
азаматы,елінің адал перзенті-Алдыбаев!
Алдыбаев Уразгали Алдыбайұлы
1920 жылы 18 маусымда Ақтөбе облысы Табын ауданы №2 ауылында
дүниеге келген. Өз кезеңіне лайық жеті жылдық білім ала отырып,
оразғали бейбіт мамандық – ұстаздықты қалады. 1941 жылы Түркістан
педучилищесін аяқтаған жас жігіттің бұл ізгі арманына тұтқиылдан
басталған Ұлы Отан соғысы кедергі жасады. Мұғалім жігіт 1942 жылы
мамыр айында Сталинград түбінде алғаш рет артиллеристер сапында
ұрысқа кірісті. Осы соғыста ауыр жарақат алған Алдыбаев одан әрі
Курск доғасында, Ленинград майданында ерлікпен соғыса отырып,
туысқан Украинаны, Молдованы, Венгрияны азат етуге қатысты.
Соғыстағы ерліктері үшін Қызыл жұлдыз, І-дәрежелі Отан соғысы
ордендермен, «Ерлігі үшін» т.б медальдармен
марапатталды.
1946 жылы қаңтарда телге
қайтқан гвардияның аға серженты Алдыбаев Уразгали ерлік істерді
бейбіт күндердегі қажырлы еңбекке ұштастыра білді. Соғыстан елге
оралған сауатты да, өжет жігітті елі сенім білдіре Сондай-ақ отырып
«Бірінші Май», «Граждан» ауыл кеңестеріне басшылыққа сайланады.
Сондай-ақ аудандық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімін,
«1Май» колхозын, «Славян» совхоздарында басшылық қызметте болып,
1958 жылдан Одақ дәрежесіндегі дербес зейнеткерлікке шыққан. 1986
жылға дейін үздіксіз «Алғабас» колхозын
басқарды.
Осы кезеңдерде Алдыбаев
Уразгали өзінің ұйымдастырғыш, білгір басшы қабілетін айқын көрсете
отырып, өзгелерге үлгі бола білді. Қай салада, қай шаруашылықта
болмасын ел экономикасын, халықтың әл-ауқатын өсіруге , Мақтарал
ауданының жан-жақты дамуына өз үлесін қоса білді. Бұл ерен еңбек
сол кезеңнің лайықты бағасын ала білді. Уразгали Алдыбайұлына ең
жоғары Социолистік Еңбек Ері атағы беріліп, екі рет Ленин орденімен
, медальдармен марапатталды. «Қазақстан ауыл шаруашылығының еңбегі
сіңген қызметкергі» атағы, Бүкілодақтық колхозшылар кеңесінің
председателі болуымен қатар, мақта шаруашылығындағы жоғарғы өнімді
еңбегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы ж
етістіктері көрмесінің алтын ( 1976), күміс ( 1973) медальдарымен
марапатталды. Мақтарал ауданының құрметті азаматы Алдыбаев Уразгали
Алдыбайұлына 1986 жылы ұзақ жылғы жемісті еңбегі ескеріле отырып,
Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлік тағайындалды. Ол бірнеше рет
Бүкілодақтық парттия съезінің, конференциялардың делегаты болып
қатысты.
«Ер есімі- ел есінде» яғни
атап айтқанда, бүкіл ғұмырын елі, халқы үшін аянбай еңбек етуге
жұмсаған Алдыбаев Уразгали Алдыбайұлы 1998 жылы 3 маусымда қайтыс
болды. Бұндай ұлы тұлға мәңгі ел есінде
қалмақ..
Мақсат-42
центнер.
Отанға мақта сату жөніндегі
тоғызыншы бесжылдықтың тапсармасын үш жылда орындап шыққан ауыл
ұаруашылық артеліміз мақташыларының еңбек календерында қазір 1976
жыл! Оныншы бесжылдықтың бірінші да қысқа мерізімде өтелді.
Міндеттеме есебінен мақта сату қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылы су
тапшылығы барлық жерде айқын сезіледі. Бірақ табиғатқа жалбарынып
тұруға болама? Білгір дихандарымыз көлді бар мүмкіндіктерді толық
іске қосып, 946 гектар жерде толық мақта өсірді. Барлық қожалыққа
сапалы дефолиация жасалды, Машинамен жинауға толық мүмкіндік туған
кезде қолда бар «көгілдір кемелерді» іске қостық. Алғашқы күндер
3-5, бір-екі күннен соң тапсырудың күндік көрсеткішін 8-9 процентке
жеткізді.
С.Құлшықов басқаратын №1
бригада коллективі жоспары мен міндеттемесін шаруашылықта бірінші
болып орындады. Қазір бұл бригада мүшелері әр гектар жерден 45
центнерден асырып өнім жинады. Сондай-ақ Ш.Тұрсынханов басқаратын
бригада да қазірдің өзін де әр гектар дан 42 центнерден өнім жинап
үлгерді. Ал А.Ахметов пен М.Мырзабековтер басқаратын бригада
мүшелерінің әр гектардан жинаған мақтасы 34-38 центнерге жетті. Әр
гектардың түсімі шаруашылық бойынша алғанда 38 центнергден асып
отыр.
Ж.Қарақұлов, И,Швейгерт №1
бригададан, №2 бригададан Т.Қорғанбаев, Ш.Жұмаев , Бесінбаев Аяз,
Қ.Жораев, №3 бригададан, Сүлейменов, Қ.Абаев №4 бригададан және №5
бригададан С.Дүйсебаев пен И.Мысырғалиев секілді «көгілдір кеме»
капитандарының бүгінгі жинаған мақтасы 120-150 тоннадан асты.
Отанға өткізілген жалпы өнімнің сәл кем 95 процентін машинмен жинап
алуда жоғарыда аталған механизаторларымыз іскерлік көрсетіп
келеді.
Мемлекеттке мақата тапсырудың
социалистік міндеттемесін де қысқа мерзімде орындадық. Әзірше
қабылдау пунктіне өткізілген мақта 3600 тоннадан асты.
Мақташыларымыз гектар сайынғы өнімділікті 42 центнерден асыру үшін
қажырлы күрес жүргізуде. Мақталық алқапта қызу еңбек ортасында
жүрген жоғарыда аты аталған механик- айдаушыларымыз, әр қайсы
300-450 тоннадан мақта тасып үлгерген Сапаров Байрам, Баймағамбетов
Әбділда, Шындалиев Берік, Тұрұсов Қуанышбек, Қонради Виктор секілді
транспорт моральдық және материалдық ынталандырудың әр түрлі
формаларынан листік жарыс қорытындылап отырылады. Жарыс
жеңімпаздарына бригада аралық бір қызыл Ту, механизаторлық 5 жалау,
оған қоса 5 сомнан 15 сомға дейін ақшалай сыйлық қоса беріліп
отырылды. Сондай-ақ жыылдық жоспарын бірінші болып орындаған
коллективке 300 сом ақшалай сыйлыық берілді. Социалистік
міндеттемесін алдымен орындаған бригада коллективіне 1000сом, әр
гектардан ең жоғары өнім жинаған бригадаға да мың сом көлемінде
сыйлық беріледі. Қазір №5 Б.Жұмабае басқаратын бригададан өзге
коллектив екінші терімге кірісті. Әзірше көрсеткіш ойдағыдай
биіктей түсуде.
Қолда бар қалдық, көсек
жинағыш агрегаттарды да жақын да іске қосып, барлық өнімді толық
жинап алып, әр гектардан кемінде 42 центнерден асырып өнім жинауға
жетіспек мақсатымыз алда тұр. Ол сөзсіз орындалады
да.
Уразгали
Алдыбаев
«Алғабас» колхозының
председателі,
Социалисті Еңбек
Ері.