Материалдар / Ауыз суының адам денсаулығына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауыз суының адам денсаулығына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Су – адамдардың байлықтарының бірі болып саналады. Онсыз өмірді елестетуімыз қиынға соғады. Тіпті адам денесінің 65 пайыздан астамы судан тұратынын ескерсек, судың сапасы денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Ғалымдардың айтуынша, адам сусыз өмір сүре алмайды . Бұрын адамдар судың тазалығына онша мән бермейтін.Қазір оның сапасына міндетті түрде назар аудараылып жатыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2022
500
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ауыз суының адам денсаулығына әсері



«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»

Ақпараттык технологиялар факультетінің

6BO5311-тобының изика " білім бағдарламасының 4 курс

студенті Балматова Айдин balmatova00@mail.ru

Ауыз суының адам денсаулығына әсері

Түйіндеме: Cу – адамзаттың басты байлықтарының бірі болып табылады. Судың ластануы Жер шарының экологиясын нашарлатып, сонымен қатар ауыз су тапшылығын туғызып келеді. Тұщы су және оның тазалығы ғаламдық деңгейдегі мәселе болып келелі, біздің елімізде де осы бағытта біршама шаралар атқарылып келеді.Қазақстан өзендер ағынының көлемі бойынша сумен ең аз қамтамасыз етілген елдер қатарына жатады деп айтуға болады.

Кілтік сөздер:Ауыз су,өзен,ғаламдық,қөлем,деңгей

Су – адамдардың байлықтарының бірі болып саналады. Онсыз өмірді елестетуімыз қиынға соғады. Тіпті адам денесінің 65 пайыздан астамы судан тұратынын ескерсек, судың сапасы денсаулыққа әсер етпей қоймайды. Ғалымдардың айтуынша, адам сусыз өмір сүре алмайды . Бұрын адамдар судың тазалығына онша мән бермейтін.Қазір оның сапасына міндетті түрде назар аудараылып жатыр .Адамдар таза судың қаншалықты маңызды екенін білмегендіктен,суды колдана алмайды .Су адамның дене мүшелеріне әсер етіп, дене қызуын тұрақтандырады. Мұнымен қатар, зат алмасу процессін ретке келтіріп, ағзаға пайдалы заттардың тез сіңірілуін қамтамасыз етеді. уақытта тұрғындардың жартысынан астамы сапалық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз суын пайдалануда және таза судың қажетті мөлшері бойынша пайдалануы керек. Жоғары сапалы қорларда бүкіл әлем бойынша сулар азайып келеді, ал халық саны және сәйкесінше суды тұтыну тұрақты өсіп келеді. Қазақстанда су тапшылығы мәселесі көптеген елдердегідей өткір жағдай болып тұр.Жалпы адам ағзасының қалыпты жұмысы үшін тағамның, судың, ауаның қажеттілігі белгілі болып келеді. Мысалға, адам тамақтанусыз 2-3 аптаға дейін шыдай алады, ал су тапшылығына тек 1 апта, ал ауа тапшылығына 5 минут қана шыдай алады. Осыдан адам тіршілігіндегі ауа мен судың алатын орнын, олардың салыстырмалы түрде көп мөлшерде тұтынылатынын ескеріп, олардың сапасының да маңызды Қазіргі болатындығын көруімізге болады. Жер бетіндегі су ресурстарының азаюы тұрақты түрде жалғасып келеді, сондықтан бұл мәселені ірі өнеркәсіптер, мемлекеттер деңгейінде, сондай-ақ кіші өлшемде – жекелеген тұрғын үй, шаруа қожалықтары, әрбір адам деңгейінде де шешу қажет. Жекелеген адамның ірі масштабтағы үрдістерге әсер ету ммкіндігі шектеулі болса да, өзі тұтынатын суды, тыныс алатын ауаны тазарту немесе залал келтіретін факторларды шектеу мүмкіндігіне ие. Мысалы, ауыз суды, яғни ішуге және тамақ әзірлеуге пайдаланылатын суды арнайы құралдарды пайдаланып, біршама тазартуға болады. Судың халық шаруашылығында пайдаланылу мақсаттарына ауыз су ретінде ішуге, тамақ, қағаз, тоқыма, былғары өнеркәсіптерінің техникалықкалық су ретінде ауыл шаруашылығы  дақылдарын суаруға және оның физикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жиынтығы.[1]] Судың сапасы - судың сапа көрсеткіштерінің адамдардың қажеттеріне технологиялық талаптарга сай келу дәрежесі. Олар ауыз сумен жабдықтау, тынығу, барлық шаруашылығының мүқтаждары, ирригация, әр түрлі өнімдер өндіру секілді максаттарда пайдаланылатын су үшін белгіленетін нормативтік талаптар түрінде білдіріледі. Тікелей адам тұтынатын судың сапасы және табиғи суқоймалардағы судың сапасы болып сараланады. Соңғылары сапробтылык (қоректік затгектердің, организмдер топтамаларының болуы, судың мөлдірлігі) дәрежесі бойынша бағаланады. Мысалы, олигосапробтық суқоймалар, әдетте, таза не аз ласталған деп есептеледі, қоректік заттектер аз, мөлдір болады, ал эвтотрофтық суқоймалар барынша ластанған, қоректік заттектері мол және лай болады.[2]

Соңғы онжылдықтағы ең маңызды ғаламдық мәселелердің бірі болып және ауыз судың сапасы мен қол жетімділігі болып саналады. Жоғары сапалы қорларда бүкіл әлем бойынша сулар азайып келеді, ал халық саны және сәйкесінше суды тұтыну тұрақты өсіп келеді. Қазіргі таңда минералды заттары аз суды қабылдау, сұйықтың бөлінуін күшеюіне әкеп соғатын, гомеостаздың механизміне және ағзадағы су мен минералды заттардың алмасуына зиянды әсер ететіні дәлелденген. Қалалық орындарда денсаулықты нығайту үшін жүгіру мезгілін дұрыс таңдау қажет, жүгіргенде тыныс алу жиілеп, лас ауа өкпеде қарқынды түрде сүзіле бастайды. Бұл кезде денсаулық нығайды ма, әлде кері әсер көп болды ма беймәлім болып қалады.

Mектеп оқушыларының, студенттердің қыс мезгілінде ашық ауада өткізілетін денешынықтыру сабақтарын ауа-райына, ауаның тазалығына байланысты реттеп отыру қажет. Осылайша ауа таза емес кезде сыртта жүруді шектеп, есік-терезелерді ашу, бөлмені желдету шараларын тоқтату қажет. Ауарайының осындай қолайсыз жағдайында қарапайым медициналық масканың өзі айтарлықтай септігін тиігізеді. Бөлме ауасын баптауда арнайы құралдарды пайдалануға болады, олар ауаны жуып, заттардан тазартып, хош иіс беріп, зиянды бактерияларды өлтіріп отырады . Құрамы белгісіз энергетикалық сусындар, арақ-шарап, сыра ішу мәселесі болған кезде таза су мәселесі екінші орында қалып қояды. Сол сияқты темекі шегу, насыбай ату, шылымдық қоспаларға үйір болу таза ауамен дем алу мүмкіндігін саналы түрде бұзу, денсаулыққа мақсатты түрде нұсқан келтіру болып табылады. Осындай, адам өзін-өзі саналы түрде улап отырған жағдайда экологияны жақсарту қажеттілігі, таза су, ауа мәселелері әр адамның жеке таңдауы, өз ісі тәрізденіп қалады. Адам ассыз 20 күн өмір сүре алады, бірақ сусыз бір апта да жүре алмайды, өйткені біздің ағзамыз 70-80% судан тұрады.Судың адам денсаулығы мен ағзаның қалыпты жұмыс істеуіндегі рөлін айтып тауысу мүмкін емес, су өте пайдалы.Су – ең әуелі организмде табиғи процесті жандандырып, асқазанның жұмысын белсенді етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар  бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Немесе фильтр сүзгісінен өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді.

Қорытынды.

Қорытындыла келе судың адам денсаулығына әсері білдік . Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 65 пайыз судан тұрады екен.Судың адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен. Күніне 2литр су ішу керек деген кеңестерді жиі естиміз, бірақ оның зиянды әсері де бар. Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады.Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен. Суды аз ішетін адамдар әр түрлі ауруларға бейім болады. Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі.


Пайдаланылған Әдебиеттер.

  1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

  2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!