№63 «Әсем - Ай» балабақшасы «Алпамыс» ,
«Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна
Тақырыбы:Әз Наурызым Армысың.
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні
туралы мағлұмат беру.Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден
айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Наурыз мейрамы туралы түсінік
беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары,
дастархан.
Жүргізші: Жер әлемді жайнатып,әнші
құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстын ұлы күні келді
ағайын.Той құтты болсын !
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз,
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы
мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда
денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл
болсын!
Ортаға екі ауылдын қонақтарын шақырайық.Көрісу рәсімін қарсы алайық.
Жүргізуші: Тойдын көркі ән дейді
халқымыз
Ән: «Қош келдің төрлет
наурызым».
Тақпақтар:
1-Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.
Ол жылы-ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжаң мол болар.
2-Алақай аулада наурыз
Күлімдеп келіп тұр.
Бәріне базарлық беріп тұр
Бақшаға еніп тұр.
3-Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
4-Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын.
Ырыс тасып берекелі,
Өмір сүрсің бақытты елім!
Көктем келді,Наурыз келді
Жер көгерді, ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылықпен бақыт ашқан.
5-Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
Наурыз келді-жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
6-Қуанайық халайық!
Келді міне жар салып
Жаңа жылды тойлайық
Би билейік, ән салайық.
7-Наурыз келсе құт келгені халайық!
Берекелі ұлыстың ұлы күнің
Шашу шашып,
Қуанышпен қарсы алайық. Олай
болса, тойымызды «Шашу » биімен ашайық.
Би : «Шашу биі »
орындалады
Жүргізуші: Балалар наурыз мерекесінде үйді-үйді аралап жүретін кім еді?
Балалар: Қыдыр ата,қыдыр ата.
Жүргізуші:дұрыс айтасындар балалар Қыдыр ата бізге несін әкеледі?
Балалар: молшылығын,бақыт байлық батасын әкеледі.
Дұрыс айтасындар олай болса Қыдыр атамызды ортаға қошеметпен шақырыйық.
Қыдыр атасөзі:
Наурыз құтты болсын халайық!
Наурыз тойы келе берсін.
Барлық халық бақыты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жала жерге енсің.
Жүргізуші:Қош келдіңіз ата төрлетіңіз Қыдыр ата қазақ айтады ғой
«Жаңбырмен жер көгерер» , «Батамен ел көгерер» демекші бүгінгі мерекеге арнап
алап келген батаныз да бар шығар?
Қыдыр ата сөзі:
Азамат боп өсіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер.
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Жас ұлан болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан-жақты
Осы айтқанын бәрі қабыл болып
Алла берсің сендерге зор баққты .Аумин
Жүргізуші:
Салт дәстүрім жарасса
Қайта түлеп жаңаша
Жараса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша.
Көрініс: Сүйінші сұрау,Азан шақырып ат қоюу.Тыштырма жасау, Бесікке салу рәсімдерін
көрсету.
Жүргізуші:
Құлақтаң кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй.
Ән: «Ата дәстүрі әні » орындалады.
Би: «Батырлар биі» орындалады.
Тақпақтар:
1-Арпа бидай бастаған
Жетті дәмнен аспаған
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.
2-Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізег нұр болып
Шуақ шашып ақ жүзің
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын.
3-Жасасын деп ұлысты наурыз
Құтты болсын деп айтты атамыз
Барлық үйге кіріп шығып
Барлық ұйден дәм татамыз.
4-Қанаттары желбіреп
Келе жатыр құс қайтып
Нәзік үні елжіреп,
Наурыз келді қуантып
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жала алыс кетсін.
5-Наурыз келіп еліме
Нұрға толды айнала.
Жүздерінде қуаныш
Шаттанып жүр бар бала.
Дала гүлге оранды
Құстар елге оралды
Бүршік жарып ағаштар
Шашын өріп таранды.
6- Көктем келді,Наурыз келді
Жер көгерді, ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылықпен бақыт ашқан7
7-Құмшекер және сары май
Қуырған тары түйілген.
Қойылса қайнап балыңдай
Жент осы тілді үйірген
8- Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын.
Ырыс тасып берекелі,
Өмір сүрсің бақытты елім!
Жүргізуші:
Асатаяқ, дауылпаз сыбызғыдан
Төгілген күй толқиды домбырадан
Жырлайды қазағымның сырын шертіп
Назды әуен ,сиқырлы күйі, сырлы сезім..
Ән: «Домбырасыз ән қайда»орындалады
Ойын: «Орамал тастамақ».
Жүргізуші:
Ұлы тойда әдемі
Әннен шашу шашады.
Мың бұралған биші қыздар
Бипыл биін бастайды.
Би: «Бипыл биі» орындалады.
Жүргізуші:
Айтыссыз мына өмірдің несі көктем
Айтыс десе қазекемнің есі кеткен.
Ақының тауып айтқан өткір сөзі
Көкейін тындаушының тесіп өткен.
Қыз бен жігіт айтысы.
1-Қыз Ақ көңіл ағызайын ,әннің майын
Болса егер әнімізге сөзін дайын
Қ-сы
Ахау Гүлдерайым күн мен айым
Ұшарға қанатым жоқ неғылайын.
2-Жігіт Өлең деген немене өнерпазға
Өлең түгіл сөз қиын ақылы азға
Қ-сы
Үкілімай қыздарай
Сағындым сәулем
3-Қыз Жігітім қай ауылдың серісіедің
Жаныңа жан жуымас тегі сенің
Қ-сы
Ахау Гүлдерайым күн мен айым
Ұшарға қанатым жоқ неғылайын.
4-Жігіт.Қыздар деген қызыл гүл қырмызыдай
Қыздар сөзі жағады бізге майдай.
Қ-сы
Үкілімай қыздарай
Сағындым сәулем
Бір сені ойлай.
Жүгізуші:
Атынан айналайын қазақ әні
Көрінген көмейінең таза жаны
Көтерген көңілімді көкке тіреп
Халық әні халқымнын аманаты.
Ән: «Қазақы дастархан» орындалады.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жасымнан жақын маған бәрі
Теңгермесем оларға мен
Ешбір асты ғаламдағы
Құрт
Томпайтып ұртты
Сорамыз құртты.
Тандыр нан.
Ұнатар бар балдырған
Жұқа жұмсақ тандыр нан.
Шалап
Бойыңа қуат таратты
Бір сімірсең шалапты.
Қымыз
Сары дәмді қымызым,
Бұрқыраған иісі
Мұрыныңан кетпес күнұзын.
Шелпек
Ата бала жейтұғын
Әжеміздің асықпай
Майға піскен шелпегін.
Айран
Үйдің ұйтқан айраны
Асқазанға пайдалы.
Сөк
Тарының сөгін,
Майға шылап жегін.
Қаймақ
Пісіріп сүтті қайнатты
Кілкіп ап жедік қаймақты.
Жент
Опырып үгіп-үгіп жейтін
Қазақ жасар жентің.
Шұбат
Ішіп көрген шұбатты
Дәмін бірден ұнатты.
Денсаулыққа падалы
«Зәм», «зәм» суы сияқты.
Бауырсақ
Бізге ғана тән
Қызыл-күрең бауырсақ
Дастарқанға сән.
Талқан
Жесең бидай талқанды
Кептіреді аңқанды.
Ірімшік
Дастарқанды жайнатқан
Ірімшікті қайнатқан.
Құйрық-бауыр
Құйрық-бауыр жасап
Тұз сеуіп жедік асап.
Кілегей
Тәуір ас қой бірегей
Сүттен тарқан кілегей.
Қазы
Әрі-дәрі,
Әрі-дәм,
Жұрт сүйсінген таныған.
Қазыға ас жоқ тең келер,
Дастарханға өң берер.
Осымен біздің тойымыз аяқталмайды тойды дастархан басында жалғастырамыз.Наурыз көжедең ауыз тиеміз.Қош сау болыңыздар Көріскенше күн жақсы болғай.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әз наурызым ,армысың"
"Әз наурызым ,армысың"
№63 «Әсем - Ай» балабақшасы «Алпамыс» ,
«Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна
Тақырыбы:Әз Наурызым Армысың.
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні
туралы мағлұмат беру.Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден
айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Наурыз мейрамы туралы түсінік
беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары,
дастархан.
Жүргізші: Жер әлемді жайнатып,әнші
құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстын ұлы күні келді
ағайын.Той құтты болсын !
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз,
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы
мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда
денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл
болсын!
Ортаға екі ауылдын қонақтарын шақырайық.Көрісу рәсімін қарсы алайық.
Жүргізуші: Тойдын көркі ән дейді
халқымыз
Ән: «Қош келдің төрлет
наурызым».
Тақпақтар:
1-Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды.
Ол жылы-ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжаң мол болар.
2-Алақай аулада наурыз
Күлімдеп келіп тұр.
Бәріне базарлық беріп тұр
Бақшаға еніп тұр.
3-Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады.
4-Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын.
Ырыс тасып берекелі,
Өмір сүрсің бақытты елім!
Көктем келді,Наурыз келді
Жер көгерді, ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылықпен бақыт ашқан.
5-Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
Наурыз келді-жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
6-Қуанайық халайық!
Келді міне жар салып
Жаңа жылды тойлайық
Би билейік, ән салайық.
7-Наурыз келсе құт келгені халайық!
Берекелі ұлыстың ұлы күнің
Шашу шашып,
Қуанышпен қарсы алайық. Олай
болса, тойымызды «Шашу » биімен ашайық.
Би : «Шашу биі »
орындалады
Жүргізуші: Балалар наурыз мерекесінде үйді-үйді аралап жүретін кім еді?
Балалар: Қыдыр ата,қыдыр ата.
Жүргізуші:дұрыс айтасындар балалар Қыдыр ата бізге несін әкеледі?
Балалар: молшылығын,бақыт байлық батасын әкеледі.
Дұрыс айтасындар олай болса Қыдыр атамызды ортаға қошеметпен шақырыйық.
Қыдыр атасөзі:
Наурыз құтты болсын халайық!
Наурыз тойы келе берсін.
Барлық халық бақыты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жала жерге енсің.
Жүргізуші:Қош келдіңіз ата төрлетіңіз Қыдыр ата қазақ айтады ғой
«Жаңбырмен жер көгерер» , «Батамен ел көгерер» демекші бүгінгі мерекеге арнап
алап келген батаныз да бар шығар?
Қыдыр ата сөзі:
Азамат боп өсіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер.
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Жас ұлан болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан-жақты
Осы айтқанын бәрі қабыл болып
Алла берсің сендерге зор баққты .Аумин
Жүргізуші:
Салт дәстүрім жарасса
Қайта түлеп жаңаша
Жараса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша.
Көрініс: Сүйінші сұрау,Азан шақырып ат қоюу.Тыштырма жасау, Бесікке салу рәсімдерін
көрсету.
Жүргізуші:
Құлақтаң кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй.
Ән: «Ата дәстүрі әні » орындалады.
Би: «Батырлар биі» орындалады.
Тақпақтар:
1-Арпа бидай бастаған
Жетті дәмнен аспаған
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.
2-Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізег нұр болып
Шуақ шашып ақ жүзің
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын.
3-Жасасын деп ұлысты наурыз
Құтты болсын деп айтты атамыз
Барлық үйге кіріп шығып
Барлық ұйден дәм татамыз.
4-Қанаттары желбіреп
Келе жатыр құс қайтып
Нәзік үні елжіреп,
Наурыз келді қуантып
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле жала алыс кетсін.
5-Наурыз келіп еліме
Нұрға толды айнала.
Жүздерінде қуаныш
Шаттанып жүр бар бала.
Дала гүлге оранды
Құстар елге оралды
Бүршік жарып ағаштар
Шашын өріп таранды.
6- Көктем келді,Наурыз келді
Жер көгерді, ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылықпен бақыт ашқан7
7-Құмшекер және сары май
Қуырған тары түйілген.
Қойылса қайнап балыңдай
Жент осы тілді үйірген
8- Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын.
Ырыс тасып берекелі,
Өмір сүрсің бақытты елім!
Жүргізуші:
Асатаяқ, дауылпаз сыбызғыдан
Төгілген күй толқиды домбырадан
Жырлайды қазағымның сырын шертіп
Назды әуен ,сиқырлы күйі, сырлы сезім..
Ән: «Домбырасыз ән қайда»орындалады
Ойын: «Орамал тастамақ».
Жүргізуші:
Ұлы тойда әдемі
Әннен шашу шашады.
Мың бұралған биші қыздар
Бипыл биін бастайды.
Би: «Бипыл биі» орындалады.
Жүргізуші:
Айтыссыз мына өмірдің несі көктем
Айтыс десе қазекемнің есі кеткен.
Ақының тауып айтқан өткір сөзі
Көкейін тындаушының тесіп өткен.
Қыз бен жігіт айтысы.
1-Қыз Ақ көңіл ағызайын ,әннің майын
Болса егер әнімізге сөзін дайын
Қ-сы
Ахау Гүлдерайым күн мен айым
Ұшарға қанатым жоқ неғылайын.
2-Жігіт Өлең деген немене өнерпазға
Өлең түгіл сөз қиын ақылы азға
Қ-сы
Үкілімай қыздарай
Сағындым сәулем
3-Қыз Жігітім қай ауылдың серісіедің
Жаныңа жан жуымас тегі сенің
Қ-сы
Ахау Гүлдерайым күн мен айым
Ұшарға қанатым жоқ неғылайын.
4-Жігіт.Қыздар деген қызыл гүл қырмызыдай
Қыздар сөзі жағады бізге майдай.
Қ-сы
Үкілімай қыздарай
Сағындым сәулем
Бір сені ойлай.
Жүгізуші:
Атынан айналайын қазақ әні
Көрінген көмейінең таза жаны
Көтерген көңілімді көкке тіреп
Халық әні халқымнын аманаты.
Ән: «Қазақы дастархан» орындалады.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Жасымнан жақын маған бәрі
Теңгермесем оларға мен
Ешбір асты ғаламдағы
Құрт
Томпайтып ұртты
Сорамыз құртты.
Тандыр нан.
Ұнатар бар балдырған
Жұқа жұмсақ тандыр нан.
Шалап
Бойыңа қуат таратты
Бір сімірсең шалапты.
Қымыз
Сары дәмді қымызым,
Бұрқыраған иісі
Мұрыныңан кетпес күнұзын.
Шелпек
Ата бала жейтұғын
Әжеміздің асықпай
Майға піскен шелпегін.
Айран
Үйдің ұйтқан айраны
Асқазанға пайдалы.
Сөк
Тарының сөгін,
Майға шылап жегін.
Қаймақ
Пісіріп сүтті қайнатты
Кілкіп ап жедік қаймақты.
Жент
Опырып үгіп-үгіп жейтін
Қазақ жасар жентің.
Шұбат
Ішіп көрген шұбатты
Дәмін бірден ұнатты.
Денсаулыққа падалы
«Зәм», «зәм» суы сияқты.
Бауырсақ
Бізге ғана тән
Қызыл-күрең бауырсақ
Дастарқанға сән.
Талқан
Жесең бидай талқанды
Кептіреді аңқанды.
Ірімшік
Дастарқанды жайнатқан
Ірімшікті қайнатқан.
Құйрық-бауыр
Құйрық-бауыр жасап
Тұз сеуіп жедік асап.
Кілегей
Тәуір ас қой бірегей
Сүттен тарқан кілегей.
Қазы
Әрі-дәрі,
Әрі-дәм,
Жұрт сүйсінген таныған.
Қазыға ас жоқ тең келер,
Дастарханға өң берер.
Осымен біздің тойымыз аяқталмайды тойды дастархан басында жалғастырамыз.Наурыз көжедең ауыз тиеміз.Қош сау болыңыздар Көріскенше күн жақсы болғай.
шағым қалдыра аласыз













