Азаматтық процесс

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Азаматтық процесс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы





АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСС

Ата-аналық құқығынан айыру мен шектеуді материалдық құқықтық сипаттамасы

Лесбекова Альбина Муратбековна

Тұран университеті,Алматы қаласы,құқықтану мамандығы 1-курс

Аңдатпа:Берілген зерттеуде ата-аналық құқықтан айыру мен шектеудің құқықтық негіздері жан-жақты талданады.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл шараларды қолданудың материалдық және процессуалдық аспектілері қарастырылады.Сондай-ақ ата-ананың міндеттерін орындамауы немесе баланың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірілген жағдайда қабылданатын құқықтық механизмдер сарапталады. Мақалада қолданыстағы құқықтық реттеудің тиімділігі,заңнаманы жетілдіру қажеттілігі және ата-аналық құқықтарды шектеу мен айырудың әлеуметтік маңызы талқыланады.Зерттеу нәтижесінде аталған институттың құқықтық тетіктерін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар беріледі. Түйін сөздер:ата-ана,бала,ата-аналық құқықтан айыру, азаматтық процесс, құқықтық реттеу,отбасы құқығы. Abstract:This study comprehensively examines the legal foundations of deprivation and restriction of parental rights.In accordance with the legislation of the Kaxakhstan,the material and procedural aspects of applying these measures are analyzed.Additionally,legal mechanisms for cases where a parent fails to fulfill their obligations or harms the child`s rights and legitimate interests are considered. The article discusses the effectiveness of the existing legal regulation,the need for legislative improvement,and the social significance of restricting and depriving parental rights.Based on the research results,concrete proposals for enhancing the legal mechanisms of this institution are presented. Key words:parent,child,deprivation of parental rights,civil procedure, legal regulation,family law. Кіріспе

Қоғамдағы құқықтық қатынастар жүйесінде отбасы құқығы өте маңызды рөл алады.Әрбір бала ата-анасының қамқорлығында өсіп, сүйіспеншілігі мен қолдауын сезінуге құқылы.Алайда,кейбір ата-аналар өздерінің міндеттерін дұрыс орындамай,баланың өміріне,денсаулығына және дамуына қауіп төндіруі мүмкін.Осындай жағдайларда мемлекет баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ата-аналық құқықтарды шектеу немесе мүлдем айыру механизмдерін қолданады. Ата-аналық құқықтан айыру мен шектеу-бұл ең соңғы,төтенше шара,оны қолдану баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда ғана мүмкін болады.Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналық құқықтарды шектеудің нақты негіздерін анықтап,соттардың осы істерді қарау тәртібін белгілейді.Бірақ бұл институттың құқықтық реттелуінде шешуді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер бар.Біріншіден,ата-аналық құқықтарды шектеу мен айыруды қолдану тәжірибесі біркелкі емес,өйткені әрбір істің ерекшелігі бар.Екіншіден,осы шаралардың тиімділігі мен олардың баланың болашағына әсері әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес,ата-аналық құқықтардан айыру немесе шектеу туралы шешімді сот қабылдайды.Мұндай шешімдерге ата- ананың өз міндеттерін орындамауы,ата-ананың балаға қатігездік көрсетуі, маскүнемдік немесе нашақорлыққа салынуы,балаға зиян келтіруі сияқты жағдайларда шығарылады.Сонымен қатар,кейбір ата-аналар балаларын асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тартып,олады қараусыз қалдырады. Мұндай әрекеттер тек баланың құқықтарына ғана емес,қоғамның жалпы мүддесіне де қайшы келеді. Бұл зерттеудің өзектілігі-ата-аналық құқықтарды шектеу мен айыру институтын терең құқықтық талдау жасау қажеттілігінде.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде бұл институттың тиімділігі мен әділеттілігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдануы керек деген мәселе өзекті болып отыр.Осы мақалада ата-аналық құқықтарды шектеу мен айырудың материалдық аспектісі сондай-ақ бұл шараларды қолдану тәжірибесі, құқықтық реттеудің жетілдірілу қажеттілігі жан-жақты қарастырылады. Осылайша,зерттеудің басты мақсаты-ата-аналық құқықтарды айыру мен шектеудің құқықтық аспектілерін жан-жақты зерттеп,оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.Бұл зерттеу балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңнамалық шаралардың қаншалықты тиімді екенін бағалауға және олардың болашақта қалай жетілдірілуі мүмкін екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Негізгі бөлім Ата-аналық құқықтарды шектеу мен айыру-бұл баланың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,бұл шаралар ерекше жағдайларда ғана қолданылатын ең қатаң санкциялар болып табылады.ҚР «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 75-бабы ата-аналық құқықтарды шектеу негіздерін,ал 76-бабы ата-аналық құқықтан айыру тәртібін реттейді. Ата-аналық құқықтан айыру-бұл азаматтық іс жүргізу шеңберінде қарастырылатын және сот шешімі арқылы жүзеге асырылатын құқықтық процедура.Оның күрделілігі мен ерекшелігі бұл істің адамның жеке өміріне,әлеуметтік мәртебесіне және баланың мүдделеріне тікелей әсер ететін ететіндігімен аңықталады. Жалпы бала тәрбиесі ата-анаға байланысты,сондай-ақ,жауапкершілігі мен міндеттері заңмен бекітілген.Егер ата-ана өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаса,яғни баланы қараусыз қалдырса,оған қатігездік көрсетсе немесе тәрбиесіне теріс ықпал етсе,сот тарапынан құқықтық шектеулер қойылуы мүмкін.Мұндай шаралар ең алдымен баланың мүдделеріне қорғауға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.Ата-аналық құқықтарды шектеу немесе олардан айыру мәселесі сот тәжірибесінде жиі кездесетін азамататық істердің бірі болып табылады.Бұл процестің басты мақсаты-баланың дамуына қолайлы жағдай жасау,оның құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.Ата-аналық құқықтарды шектеу уақытша сипатқа ие болса,құқықтан айыру қайтарымсыз,түбегейлі шешім болып есептеледі. Ата-аналық құқықтан айырудың құқықтық негіздері әртүрлі факторларға байланысты айқындалады.Бұл ретте ата-ананың баланы тәрбиелеу міндеттерін ерескел бұзуы,оның денсаулығына немесе психологиялық жағдайына зиян келтіруі,алкогольге,есірткіге тәуелділігі, заңсыз әрекеттері және өзге де теріс мінез-құлқы маңызды дәлел ретінде қарастырылады.Сонымен қатар,ата-аналық құқықтарды шектеу сот тарапынан баланың қауіпсіздігіне мен әл-ауқатына қатысты тәуекелдерді бағалау нәтижесінде қабылданатын уақытша шара болып табылады.Ата-аналық құқықтарды шектеу немесе олардан айыру туралы істердә қарау барысында сот бірнеше аспектілерді ескереді.Біріншіден,баланың мүдделерін басты орынға қою,яғни сот баланың қазіргі және болашақтағы жағдайын жан-жақты талдап,оның өмір сүруіне ең қолайлы шешімді қабылдайды.Екіншіден,ата-ананың тәрбие беру қабілетін бағалау,олардың мінез-құлқы әлеуметтік жағдайы,денсаулық жағдайы және балаға деген қарым қатынасы зерттеледі.Үшіншіден, сот шешімі ата-аналық жауапкершілікті толық көлемде қарастырып,оның салдарынан обьективті түрде бағалауы тиіс. Кейбір жағдайларда ата-аналық құқықтарды шектеу уақытша шара ретінде қарастырылып,ата-ананың түзелуіне мүмкіндік береді.Егер ата-ана өзінің мінез-құлқын өзгерпесе,заңды міндеттерін орындаудан бас тартса немесе баланың құқықтарына қайшы әрекет етуді жалғастырса,онда ата-аналық құқықтардан толық айыру туралы шешім қабылданады.Ата-аналық құқықтарды шектеу мен айыру туралы шешімдер қабылданғаннан кейін олардың құқықтық салдары болады. Құқықтан айырылған ата-аналар баламен қарым-қатынас жасау құқығынан толықтай айырылады, бірақ алимент төлеу міндетінен босатылмайды. Ал шектеу қойылған жағдайда, ата-аналар баламен белгілі бір шектеулі түрде араласуға мүмкіндік алады. Әке болу,ана болу құқықтан айыру мен шектеу шараларының материалдық және іс жүргізу сипаттамалары бар.Материалдық құқық тұрғысынан бұл шаралар ата-ананың баласына қатысты субьективті құқықтарынан айырылуын немесе шектелуін білдіреді.Ал процессуалдық тұрғыда бұл мәселелер сот тәртібімен қаралады және белгілі бір дәлелдемелер мен құқықтық нормаларға сүйенеді. Ата-аналық құқықтан айыру мен шектеу –отбасылық құқықтағы ең қатаң шаралардың бірі.Бұл шаралар тек баланың мүддесін қорғау үшін емес.сонымен қатар қоғамдағы отбасы институнының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін де қолданылады.Құқықтанушылар С.С.Сартаев, З.К.Ахметова,Г.Е.Баймурзина зерттеулерінде ата-аналық құқықты шектеу мен айырудың материалдық-құқықтық негіздері қарастырылады С.С.Сартаевтың пікірінше,ата-аналық құқықтан айырудың басты алғышарты-баланың өмірі мен денсаулығына төнетін тікелей қауіптің болуы.Бұл қағида ҚР НОК-тің 75-бабының 1-тармағында көрсетілген,онда ата-аналық құқықтан айырудың негіздері ретінде ата-ананың өз міндеттерін орындамауы, балаларға қатыгездік көрсетуі , алкогольдік немесе есірткіге тәуелді болуы, қылмыстық әрекеттерге баруы сияқты жағдайлар аталған. Бұл көзқарасты Г.Е.Баймурзина да қолдайды.Ол өз зерттеулерінде баланы қорғау бойынша халықаралық стандарттарға сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы ата-аналық құқықтарды шектеу тетіктерінің әлі де жетілдіруді қажет ететін атап өтеді.Мәселен дамыған елдерде ата-аналарға бастапқыда әлеуметтік оңалту шаралары ұсынылып,тек соңғы қадам ретінде құқықтан айыру қолданылса,Қазақстанда бұл жүйе әлсіз дамыған.Эмпирикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда ата-аналық құқықтан айыру туралы сот шешімдерінің 70%-дан астамы ата-ананың алкоголизмге немесе есірткіге тәуелділігіне,20%-ы ата-аналық міндеттерін орындамауға,ал 10%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланыста қабылданған.Бұл көрсеткіштер ҚР НОК-тің 76-бабы негізінде ата-аналық құқықтарды шектеу институтын одан әрі жетілдіру қажеттілігін дәлелдейді. Ата-аналық құқықтан айыру мен оны шектеу-отбасы құқығының әлеуметтік маңызы зоп институттарының бірі.Дегенмен,қазіргі құқықтық реттеу жүйесіндк бірқатар мәселелер бар.Қазақстандық заңнамада ата-аналық құқықтан айыру мен шектеудің белгілі бір критерийлері айқындалғанымен,сот практикасы әлі де бірыңғай емес.ҚР Жоғары Сотының 2011 жылғы 5 нормативтік қаулысында ата-аналық құқықтан айыру тек соңғы шара ретінде қолданылуы тиіс екені көрсетілген.Алайда сот тәжірибесінде ата-ананың жағдайын толық зерттемей,бірден құқықтан айыру шешімін қабылдау жағдайлары кездеседі. Германияда ата-аналық құқықтан айырудың орнына ата-аналарды қайта әлеуметтендіру және оңалту бағдарламалары қолданылады. Францияда бұл процесс баланың психологиялық жай-күйін кешенді зерттеу арқылы жүзеге асады. Ал Қазақстанда мұндай механизмдер толық жетілдірілмеген.Осыған байланысты, ҚР НОК-тің 76-бабына өзгерістер енгізіп, ата-аналық құқықтарды шектеу институтын күшейту қажет. Бұл балаларды асығыс қабылданған құқықтық шешімдерден қорғауға мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, ата-анасынан айырылған балалардың 75%-ы кейіннен әлеуметтік ортаға бейімделуде түрлі қиындықтарға тап болады. Бұл оларды қылмыстық ортаға тартылу қаупіне, эмоционалдық тұрақсыздыққа және психологиялық жарақат алуға әкелуі мүмкін. Осы себепті ата-аналарды оңалту бағдарламаларын енгізу заңнаманы жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады. Қорытындылай келе,баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау-кез келген құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.Осы мақсатта Қазақстан Республикасының заңнамасында ата-аналық құқықтарды шектеу немесе олардан айыру тетіктері қарастырылған.Бұл механизмдер баланың амандығы мен тәрбиесін қамтамасыз ету үшін қажет және оларды қолдану әрбір нақты жағдайда сот арқылы шешіледі.Ата-аналық құқықтарды айыру мен шектеу-тек құқықтық мәселе ғана емес,сонымен қатар әлеуметтік,психологиялық және тәрбиелік аспектілерді қамтитын күрделі құқықтық институт. Негізгі мақсаты-баланың денсаулығы мен амандағыны сақтау.Сондықтан мемлекет,сот жүйесі және қоғам бұл мәселеде баланың мүддесін бірінші орынға қоюы тиіс



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995.30.08-Алматы қаласы.Жеті Жарғы

  2. Қазақстан Республикасының «Неке (Ерлі зайыптылық) және Отбасы»туралы кодексі-2011ж,Алматы қаласы Жеті Жарғы

  3. Гражданский процесс / В. А. Мусин, Н. А. Чечина, М. Н. Чечота. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. Проспект. 2009

  4. Гражданский процесс. Общая часть: учеб. для вузов / Т.А. Белова, И.И. Верховодко, В.Г. Голованов [и др.]; под общ. ред. Т.А. Беловой, И.Н. Коляко, Н.Г. Юркевича. – Минск: Амалфея, 2000

  5. Назарбаева Г.Т. "Баланың құқықтарын қорғау институтының өзекті мәселелері" – Балалар құқығын қорғау механизмдері мен заңнамалық негіздерді талдайды.

  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 маусымдағы №5 нормативтік қаулысы "Ата-аналық құқықтарды шектеу және айыру туралы сот практикасы жөнінде".

  7. Сартаев С.С. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы: оқу құралы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2019.

  8. Ахметова З.К. Отбасы құқығы: теория және тәжірибе. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020.

  9. Баймурзина Г.Е. "Ата-аналық құқықтарды шектеудің құқықтық реттелуі: халықаралық және қазақстандық тәжірибе" // Құқық және мемлекет журналы, 2021. №2 (76).











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2025
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі